Шыңғыс хан империясы

5 Желтоқсан 2012, 12:32

Шыңғыс хан империясы Тайвань мұражайындағы Шыңғыс хан суреті.   Моңғол империясы кезіндегі Еуразия картасы, c. 1200. Шыңғыс хан империясы – Шыңғыс хан құрған мемлекет. 1189 – 1206 ж. аралығында болған қиян-кескі соғыстардан кейін Шыңғыс хан Алтайдан Қытай қорғанына дейінгі аймақта тіртұтас мемлекет құрды және ол өз мемлекетін әрі қарай кеңейте бастады.XII ғасырдың аяғы — XIII ғасырдың басында Орталық Азия мен Қазақстан далаларындағы саяси жағдай күшті көшпелі тайпалар одағы билеушілерінің арасында басқа тайпаларға өз үстемдігін орнату жолындағы күрестің күшеюімен сипатталады. Осы күрестің барысында монғол тайпасының өкілі Темучин (Шыңғысхан) Орталық Азия тайпаларың біріктірді, сөйтіп ол Орталық Азия даласындағы ең құдіретгі жаулап алушыға айналды. Керейіт- тер ханының наймандармен, монғол тілдес татар және меркіт тайпаларымен соғыстарында Темучиннің атағы шыға бастады, ол соғыстарға Ван-ханның вассалы ретінде болашақ Шыңғысхан белсене қатысты. 1207 ж. ол Сібірдегі орман жұртын бағындырғаннан кейін, 1207 – 09 ж. Таңғұт (Си Ся) мемлекетіне үш дүркін шабуыл жасап, жаулап алды. Шығыс Түркістандағы ұйғырлар мен қарлұқтар Шыңғыс ханға қарсылықсыз бағынды. 1211 ж. өзінің ежелгі ата жауы Алтын (Цзин) еліне қарсы аттанып, бес жылдың ішінде бұл елдің басты бекіністерін басып алып, мол олжаға батты. Алайда бұл жорық соңына дейін жеткізілмеді. Жалайыр Мұқылай ноян бастаған 60 мыңдық әскерді Қытайға қалдырып, Шыңғыс ханның өзі 1216 ж. Қарақорымға қайтып оралды. Көп ұзамай батысқа қарай жорықтар ұйымдастырылды. Жебе ноян бастаған әскер найман ханы Күшлікті өлтіріп, Іле, Жетісу аймағын билеп тұрған Қарақытайлар мемлекетін бағындырды. 1211 жылы Жетісуға монғолдардың алғашқы келуі сол оқиғалардың салдарынан болған еді. Бірақ олар ұзақ уақыт болған жоқ, ейткені Шыңғысхан оларды солтүстік Қытай жеріндегі Цзинь империясымен соғысуға кері шақырып алды. 1216 жылы бұл науқан ойдағыдай аяқталғаннан кейін монғолдар Батысқа қарай жылжуын қайтадан бастады. Шыңғысхан өзінің үлкен ұлы Жошыға қыпшақтарға қашып барған меркіттерді қыруға, ал сенімді қолбасшыларының бірі Жебе-ноянға Күшлік-ханды жазалауға бүйырды. 1218 жылы Күшлік-хан талқандалды да, монғолдар оның Жетісудағы иеліктеріне кірді, оларды христиан наймандар мен буддистердің қысымынан қатты зардап шеккен жергілікті мұсылман тұрғындары қуана қарсы алды. Күшліктің иелігіндегі жерлердің шегіне кіргеннен кейін монғол қолбасшысы Жебе-ноян жаршылар арқылы хабарлатып әскерлерге бейбіт тұрғындардың мүлкіне тиісуіне тыйым салынсын, ал мүсылмандарға найман билеушілерінің тоқтатқан жария түрде құдайға құлшылық ету құқығы қайтарылсын деп бұйрықберді. Қашып кеткен Күшлікті монғолдар Бадах- шанда қуып жетіп, басы алынды. Сөйтіп, Шыңғыс иеліктері Хорезмшах мемлекетіне таяп келді. Жошы-хан Қазақстанның Торғай далаларында меркіттермен шайқасып, оларға күйрете соққы бере ыдыратып жіберді. Бірақ келесі күні оған Хорезм шахы Мұхаммедтің 60 мындық әскері шабуыл жасады, ол Сырдарияның төменгі ағысындағы Женттен қазіргі қазақ далаларында мекендеген көшпелі қыпшақтарға жорыққа шыққан әскер болатын. Бұл шайқаста ешқайсысы жеңіске жеткен жоқ. Бірақ жалпы алғанда бұл кездейсоқ қақтығыс хорезмшахқа қатты әсер етті, В. В. Бартольдтің пікірінше, Шыңғысхан 1219-1221 жылдары хорезмшахтардың мемлекетін шапқан кезде оның монғолдармен ашық шайқаска неліктен шықпаған себептерінің бірі осы болған. Ал бұдан әрі монғол-хорезм қатынастары барған сайын шиеленісе берді де, соғысқа әкеп соқты.Шыңғысханның жеткен жеңістері туралы хабар Орта Азияда алуан түрлі пікірлер туғызды. Хорезмшах Монғолияға бірінен соң бірін - екі елшілік аттандырды. Өз тарапынан Шыңғысхан да елшілік жіберді. 1218 жылдын көктемінде хорезмшах Мұхаммед осы елшілікті қабылдады. Отырар шайқасы Содан көп кешікпей Шыңғысхан Орта Азияға сауда керуенін жіберді. 500 түйеден тұратын керуенде монғол жансыздарын қоса есептегенде барлығы 450 адам болатын. Көп адамы бар керуен 1218 жылдың жазында Отырарға келіп жетті. Отырардың билеушісі қыпшақ Ғайыр-хан Иналшық көпестерді тыңшылық жасады деп күдіктеніп, оларды өлтіруге бұйырып, керуенді тонап алды. Шыңғысхан Қайыр-ханды ұстап беруді талап етті, бірақ хорезмшахтың бұл талапты орындамағаны былай тұрсын, сонымен бірге елшілерді өлтіруге әмір етеді. Бұл Шыңғысханның Хорезмге қарсы соғысына себеп болды. Тіпті хорезмшах Ғайыр-ханды монғолдарға ұстап бергісі келсе де, оның мұны жүзеге асыруы екіталай еді. Ан-Нисавидің айтуынша, «ол оған (Шыңғысханға) жөнелте алмайтын еді, өйткені әскердің көп бөлігі мен жоғары дәрежелі әскербасылар соның (Иналханның) қыпшақ туыстары болатын. Онын кестесіндегі өрнекті және оның түйінінің негізін солар жасап, оның мемлекетінде толық билік жүргізді». Хорезмшахтың мемлекетінде орта ғасырлардағы Қазақстан далаларынан шыққан қыпшақтар осындай ықпалға ие болған. Шыңғысханның хорезмшахпен соғысу үшін жинаған әскерінін дәл саны белгісіз, одақтастарымен - Жетісу қарлуқтарымен және Шығыс Түркістан ұйғырларымен қосып алғанда 150 мың жауынгер деген сан жобаға келеді. Жорық 1219 жылдың қыркүйегінде Ертіс жағалауынан басталды. Деректемелердегі мәліметтерге қарағанда, Шыңғысхан әскерін Ертістен Сырдарияға дейін бұрынғы жаулап алушылар жүрген жолмен — Жетісу арқылы алып өткен. Отырарға таянғанда Шыңғысхан оны қоршауға ұлдары Шағатай мен Үгедей баскарған әскерлерді қалдырып, Жошы-ханды Сырдарияның төменгі ағысына - Жент жөне Жанкент қалаларына жіберді, үшінші топ Сырдарияның жоғарғы ағысындағы қалаларды бағындыруға кетті, ал Шыңғысханның өзі негізгі күштерімен Бұхараға аттанды. Отырардың билеушісі Қайыр-хан бар күшін салып ең соңғы мүмкіндігін пайдалана отырып қорғанды. Отырарды коршау бес айдай уақытқа созылды. Қаһармандық қорғаныстың бесінші айы бітуге айналғанда хорезмдік әскербасы Қаража-хаджиб он мындық колымен монғолдарға беріліп, оларды қалаға кіргізіп жіберді. Алайда Отырар сонда да табандылықпен қорғана береді. «Арыстандай айбарлы» әскерлер тобымен Ғайыр-хан берік қамалға бекініп алды да, монғолдарға оны алу үшін тағы бір ай уақыт керек болды. Қамалды қорғаушылар түгел қырылғаннан кейін ғана ол 1220 жылғы ақпанда алынды. Ғайыр-хан қолға түсіп, Шыңғысханның алдына апарылған жерде қатал жазаланып өлтірілді. Шыңғыс хан басып алынған жерлерді өз ұлдарына: қыпшақ даласын Жошыға, Іле, Жетісу, Мауераннахр өлкелерін Шағатайға, Шығыс Түркістан, Алтайды Үгедейге бөліп берді. Батысқа қарайғы жерлерді басып алуды Жошыға тапсырып, өзі 1225 ж. Қарақорымға қайтып оралды. 1226 ж. таңғұттарға қарсы соңғы жорығын жасады. Шыңғыс хан империясы Ляодун түбегінен Кавказға, Байкалдан Тұрпанға дейінгі алып кеңістікті алып жатты. Шыңғыс хан өлерінде балаларына Корея түбегіне дейінгі өлкені жаулап алу мен батысқа қа-райғы шабуылдарды жалғастыра беруді өсиет етті. Әкесінен кейін “ұлы хан” тағына отырған Үгедей Алтын елін біржолата жаулап алды. Мөңке Қытайға қарсы жорыққа аттанды, Төленің тағы бір ұлы Хулагу Иранды бағындырды. 1235 ж. Бату бастаған қол батысқа қарай жорық жасап, Шығыс Еуропаның көпшілік бөлігі мен Русьтің шығысын жаулап алды. Нәтижесінде 1245 – 46 ж. әйгілі Жошы-Қыпшақ (Алтын Орда) державасының негізі қаланды. Бұл держава шығысынан батысына дейінгі аралығы шамамен 6160 км, солтүстігінен оңтүгіне дейінгі аралығы 4400 км алып өлкені қамтыды. Қытайға қарсы аяқталмай қалған жорықты Құбылай одан әрі жалғастырды. Бұл жорық 30 жылға (1260 – 90) созылды.    1227 жылы Шыңғыс хан өлгеннен кейінгі Азия картасы. Нәтижесінде бүкіл Қытай мен Оңтүстік-Шығыс Азияның көптеген елдері Моңғол империясы билігіне өтіп, Құбылай Қытайда Юань әулетінің негізін қалады. Ол империя астанасын Қарақорымнан Кайпинге (Пекин) көшірді. 1271 ж. жаңа астана салғызып, оны “Хан қаласы” (Ханбалық) деп атады. Бірақ көшпелілердің ат жалында жүріп күшпен жаулап алынған қоғамдық, экон. даму дәрежесі әр түрлі елдер мен халықтарды бір орталықтан басқару оңай емес еді. Моңғолдар жаулап алған елдерінде өздерінің ұлыстық әскери-бюрократ. билік жүйесін орнатты. Осыған байланысты ұлыс билеушілері өздерін орталықтан дербес, жеке билік иесі ретінде сезіну үшін жергілікті ақсүйектермен жақындасып, солардың салт-дәстүрлерін қабылдады. Бұл өз кезегінде империяның ыдырауын тездетті. Дегенмен, Шыңғыс хан империясы арқылы Батыс пен Шығыс арасындағы қарым-қатынастар дамып, Ұлы Жібек жолы қайта жандана бастады. Сонда да жаулап алынған әрбір халық, әрбір аймақ мүдделерін бір орталықтан реттеп отыру мүмкін болмады. Империя астанасы Кайпинге көшірілгеннен кейін онда бір-бірімен терезесі тең үш ортаға: Юань, Жошы-Қыпшақ және Ирандағы ильхандар мемлекеттері пайда болды. Юань билігі 108 жылға, ильхандар билігі 120 жылға созылса, Жошы-Қыпшақ державасы 240 жылға жуық өмір сүрді. Кейіннен бұл державалардың орнында көптеген ұлттық мемлекеттер өсіп шықты. Солардың бірі Алтын Орда, Ақ Орданың тікелей мұрагері – Қазақ хандығы болып табылады.  

Шыңғыс хан империясы
Тайвань мұражайындағы Шыңғыс хан суреті.
 
Моңғол империясы кезіндегі Еуразия картасы, c. 1200.

Шыңғыс хан империясы – Шыңғыс хан құрған мемлекет. 1189 – 1206 ж. аралығында болған қиян-кескі соғыстардан кейін Шыңғыс хан Алтайдан Қытай қорғанына дейінгі аймақта тіртұтас мемлекет құрды және ол өз мемлекетін әрі қарай кеңейте бастады.XII ғасырдың аяғы — XIII ғасырдың басында Орталық Азия мен Қазақстан далаларындағы саяси жағдай күшті көшпелі тайпалар одағы билеушілерінің арасында басқа тайпаларға өз үстемдігін орнату жолындағы күрестің күшеюімен сипатталады. Осы күрестің барысында монғол тайпасының өкілі Темучин (Шыңғысхан) Орталық Азия тайпаларың біріктірді, сөйтіп ол Орталық Азия даласындағы ең құдіретгі жаулап алушыға айналды. Керейіт- тер ханының наймандармен, монғол тілдес татар және меркіт тайпаларымен соғыстарында Темучиннің атағы шыға бастады, ол соғыстарға Ван-ханның вассалы ретінде болашақ Шыңғысхан белсене қатысты. 1207 ж. ол Сібірдегі орман жұртын бағындырғаннан кейін, 1207 – 09 ж. Таңғұт (Си Ся) мемлекетіне үш дүркін шабуыл жасап, жаулап алды. Шығыс Түркістандағы ұйғырлар мен қарлұқтар Шыңғыс ханға қарсылықсыз бағынды. 1211 ж. өзінің ежелгі ата жауы Алтын (Цзин) еліне қарсы аттанып, бес жылдың ішінде бұл елдің басты бекіністерін басып алып, мол олжаға батты. Алайда бұл жорық соңына дейін жеткізілмеді. Жалайыр Мұқылай ноян бастаған 60 мыңдық әскерді Қытайға қалдырып, Шыңғыс ханның өзі 1216 ж. Қарақорымға қайтып оралды. Көп ұзамай батысқа қарай жорықтар ұйымдастырылды. Жебе ноян бастаған әскер найман ханы Күшлікті өлтіріп, Іле, Жетісу аймағын билеп тұрған Қарақытайлар мемлекетін бағындырды. 1211 жылы Жетісуға монғолдардың алғашқы келуі сол оқиғалардың салдарынан болған еді. Бірақ олар ұзақ уақыт болған жоқ, ейткені Шыңғысхан оларды солтүстік Қытай жеріндегі Цзинь империясымен соғысуға кері шақырып алды. 1216 жылы бұл науқан ойдағыдай аяқталғаннан кейін монғолдар Батысқа қарай жылжуын қайтадан бастады. Шыңғысхан өзінің үлкен ұлы Жошыға қыпшақтарға қашып барған меркіттерді қыруға, ал сенімді қолбасшыларының бірі Жебе-ноянға Күшлік-ханды жазалауға бүйырды. 1218 жылы Күшлік-хан талқандалды да, монғолдар оның Жетісудағы иеліктеріне кірді, оларды христиан наймандар мен буддистердің қысымынан қатты зардап шеккен жергілікті мұсылман тұрғындары қуана қарсы алды. Күшліктің иелігіндегі жерлердің шегіне кіргеннен кейін монғол қолбасшысы Жебе-ноян жаршылар арқылы хабарлатып әскерлерге бейбіт тұрғындардың мүлкіне тиісуіне тыйым салынсын, ал мүсылмандарға найман билеушілерінің тоқтатқан жария түрде құдайға құлшылық ету құқығы қайтарылсын деп бұйрықберді. Қашып кеткен Күшлікті монғолдар Бадах- шанда қуып жетіп, басы алынды. Сөйтіп, Шыңғыс иеліктері Хорезмшах мемлекетіне таяп келді. Жошы-хан Қазақстанның Торғай далаларында меркіттермен шайқасып, оларға күйрете соққы бере ыдыратып жіберді. Бірақ келесі күні оған Хорезм шахы Мұхаммедтің 60 мындық әскері шабуыл жасады, ол Сырдарияның төменгі ағысындағы Женттен қазіргі қазақ далаларында мекендеген көшпелі қыпшақтарға жорыққа шыққан әскер болатын. Бұл шайқаста ешқайсысы жеңіске жеткен жоқ. Бірақ жалпы алғанда бұл кездейсоқ қақтығыс хорезмшахқа қатты әсер етті, В. В. Бартольдтің пікірінше, Шыңғысхан 1219-1221 жылдары хорезмшахтардың мемлекетін шапқан кезде оның монғолдармен ашық шайқаска неліктен шықпаған себептерінің бірі осы болған. Ал бұдан әрі монғол-хорезм қатынастары барған сайын шиеленісе берді де, соғысқа әкеп соқты.Шыңғысханның жеткен жеңістері туралы хабар Орта Азияда алуан түрлі пікірлер туғызды. Хорезмшах Монғолияға бірінен соң бірін - екі елшілік аттандырды. Өз тарапынан Шыңғысхан да елшілік жіберді. 1218 жылдын көктемінде хорезмшах Мұхаммед осы елшілікті қабылдады.
Отырар шайқасы

Содан көп кешікпей Шыңғысхан Орта Азияға сауда керуенін жіберді. 500 түйеден тұратын керуенде монғол жансыздарын қоса есептегенде барлығы 450 адам болатын. Көп адамы бар керуен 1218 жылдың жазында Отырарға келіп жетті. Отырардың билеушісі қыпшақ Ғайыр-хан Иналшық көпестерді тыңшылық жасады деп күдіктеніп, оларды өлтіруге бұйырып, керуенді тонап алды. Шыңғысхан Қайыр-ханды ұстап беруді талап етті, бірақ хорезмшахтың бұл талапты орындамағаны былай тұрсын, сонымен бірге елшілерді өлтіруге әмір етеді. Бұл Шыңғысханның Хорезмге қарсы соғысына себеп болды. Тіпті хорезмшах Ғайыр-ханды монғолдарға ұстап бергісі келсе де, оның мұны жүзеге асыруы екіталай еді. Ан-Нисавидің айтуынша, «ол оған (Шыңғысханға) жөнелте алмайтын еді, өйткені әскердің көп бөлігі мен жоғары дәрежелі әскербасылар соның (Иналханның) қыпшақ туыстары болатын. Онын кестесіндегі өрнекті және оның түйінінің негізін солар жасап, оның мемлекетінде толық билік жүргізді». Хорезмшахтың мемлекетінде орта ғасырлардағы Қазақстан далаларынан шыққан қыпшақтар осындай ықпалға ие болған. Шыңғысханның хорезмшахпен соғысу үшін жинаған әскерінін дәл саны белгісіз, одақтастарымен - Жетісу қарлуқтарымен және Шығыс Түркістан ұйғырларымен қосып алғанда 150 мың жауынгер деген сан жобаға келеді. Жорық 1219 жылдың қыркүйегінде Ертіс жағалауынан басталды. Деректемелердегі мәліметтерге қарағанда, Шыңғысхан әскерін Ертістен Сырдарияға дейін бұрынғы жаулап алушылар жүрген жолмен — Жетісу арқылы алып өткен.

Отырарға таянғанда Шыңғысхан оны қоршауға ұлдары Шағатай мен Үгедей баскарған әскерлерді қалдырып, Жошы-ханды Сырдарияның төменгі ағысына - Жент жөне Жанкент қалаларына жіберді, үшінші топ Сырдарияның жоғарғы ағысындағы қалаларды бағындыруға кетті, ал Шыңғысханның өзі негізгі күштерімен Бұхараға аттанды. Отырардың билеушісі Қайыр-хан бар күшін салып ең соңғы мүмкіндігін пайдалана отырып қорғанды. Отырарды коршау бес айдай уақытқа созылды. Қаһармандық қорғаныстың бесінші айы бітуге айналғанда хорезмдік әскербасы Қаража-хаджиб он мындық колымен монғолдарға беріліп, оларды қалаға кіргізіп жіберді. Алайда Отырар сонда да табандылықпен қорғана береді. «Арыстандай айбарлы» әскерлер тобымен Ғайыр-хан берік қамалға бекініп алды да, монғолдарға оны алу үшін тағы бір ай уақыт керек болды. Қамалды қорғаушылар түгел қырылғаннан кейін ғана ол 1220 жылғы ақпанда алынды. Ғайыр-хан қолға түсіп, Шыңғысханның алдына апарылған жерде қатал жазаланып өлтірілді.

Шыңғыс хан басып алынған жерлерді өз ұлдарына: қыпшақ даласын Жошыға, Іле, Жетісу, Мауераннахр өлкелерін Шағатайға, Шығыс Түркістан, Алтайды Үгедейге бөліп берді. Батысқа қарайғы жерлерді басып алуды Жошыға тапсырып, өзі 1225 ж. Қарақорымға қайтып оралды. 1226 ж. таңғұттарға қарсы соңғы жорығын жасады. Шыңғыс хан империясы Ляодун түбегінен Кавказға, Байкалдан Тұрпанға дейінгі алып кеңістікті алып жатты. Шыңғыс хан өлерінде балаларына Корея түбегіне дейінгі өлкені жаулап алу мен батысқа қа-райғы шабуылдарды жалғастыра беруді өсиет етті. Әкесінен кейін “ұлы хан” тағына отырған Үгедей Алтын елін біржолата жаулап алды. Мөңке Қытайға қарсы жорыққа аттанды, Төленің тағы бір ұлы Хулагу Иранды бағындырды. 1235 ж. Бату бастаған қол батысқа қарай жорық жасап, Шығыс Еуропаның көпшілік бөлігі мен Русьтің шығысын жаулап алды. Нәтижесінде 1245 – 46 ж. әйгілі Жошы-Қыпшақ (Алтын Орда) державасының негізі қаланды. Бұл держава шығысынан батысына дейінгі аралығы шамамен 6160 км, солтүстігінен оңтүгіне дейінгі аралығы 4400 км алып өлкені қамтыды. Қытайға қарсы аяқталмай қалған жорықты Құбылай одан әрі жалғастырды. Бұл жорық 30 жылға (1260 – 90) созылды.
 
 1227 жылы Шыңғыс хан өлгеннен кейінгі Азия картасы.

Нәтижесінде бүкіл Қытай мен Оңтүстік-Шығыс Азияның көптеген елдері Моңғол империясы билігіне өтіп, Құбылай Қытайда Юань әулетінің негізін қалады. Ол империя астанасын Қарақорымнан Кайпинге (Пекин) көшірді. 1271 ж. жаңа астана салғызып, оны “Хан қаласы” (Ханбалық) деп атады. Бірақ көшпелілердің ат жалында жүріп күшпен жаулап алынған қоғамдық, экон. даму дәрежесі әр түрлі елдер мен халықтарды бір орталықтан басқару оңай емес еді. Моңғолдар жаулап алған елдерінде өздерінің ұлыстық әскери-бюрократ. билік жүйесін орнатты. Осыған байланысты ұлыс билеушілері өздерін орталықтан дербес, жеке билік иесі ретінде сезіну үшін жергілікті ақсүйектермен жақындасып, солардың салт-дәстүрлерін қабылдады. Бұл өз кезегінде империяның ыдырауын тездетті. Дегенмен, Шыңғыс хан империясы арқылы Батыс пен Шығыс арасындағы қарым-қатынастар дамып, Ұлы Жібек жолы қайта жандана бастады. Сонда да жаулап алынған әрбір халық, әрбір аймақ мүдделерін бір орталықтан реттеп отыру мүмкін болмады. Империя астанасы Кайпинге көшірілгеннен кейін онда бір-бірімен терезесі тең үш ортаға: Юань, Жошы-Қыпшақ және Ирандағы ильхандар мемлекеттері пайда болды. Юань билігі 108 жылға, ильхандар билігі 120 жылға созылса, Жошы-Қыпшақ державасы 240 жылға жуық өмір сүрді. Кейіннен бұл державалардың орнында көптеген ұлттық мемлекеттер өсіп шықты. Солардың бірі Алтын Орда, Ақ Орданың тікелей мұрагері – Қазақ хандығы болып табылады.
 

Бөлісу: