Цифрлар сөйлесе не дейді?

5 Желтоқсан 2012, 12:26

Цифрлар сөйлесе не дейді?   Партия мен үкіметтің басшылығы арқасында, Ленин-Сталиннің ұлттық саясатының жүзеге асуының арқасында Қазақ республикасы өнер-білімі өскен елге айналды. Қазақ халқы 20 жылдың ішінде түрі ұлттық, мазмұны социалистік мәдениетін өркендетіп алды. Бұл 20 жылдағы мәдениет табысы — қазақ халқы талай ғасырлардан көшіп өтсе де, талай шарқ ұрып іздесе де бұрын таба алмаған, бұрын жете алмаған мәдениет еді. Түнек басқан ғасырлардан қазақ халқы өнер-білім туралы, мәдениет туралы ащы арманды ғана ойына сақтап келген еді. Сол арман орындалды, көсегесі көгерді. Бұны фактыдан көріп отырмыз. Сөзді цифрға берейік:   1914—1915 жылдары Қазақстанда барлығы 2011 мектеп болған екен. Оның ішінде орта, орталауы 53 екен. Ол кезде қазақ мектебі ныспы болмапты. Ал революция орнағаннан кейін мынадай жайды көреміз. 1920—21 жылдары яки қазақ республикасының жаңа құрылған кезінің өзінде-ақ 2410 мектеп ашылған. Оның ішінде 590 қазақ мектебі. 1927-28 жылы Қазақстанда барлығы 3944 мектеп бар екен. Оның 1527 қазақ мектебі екен. Одан аттап, қазіргі жайға келсек, 1939—40 жылдары Қазақстан 8381 мектепке ие болды. Оның ішінде орта, орталауы 2244, бұлардың 1443 қазақ мектептері. Бастауыш, мынандай және орталау мектептердегі оқушылар санының өсу жайы мынадай: Қазақстанда 1914—15 жылдары мектепте оқитын балалар саны 105239 екен, ал 1939 — 40 жылдары мектепте оқитын балалар саны 1132326-ға жеткен. Солардың ішінде 446765 қазақ балалары. Жоғары, орта дәрежелі оқу орындарының хал-жайы мынандай: революциядан бұрын Қазақстанда бірде-бір ВУЗ болмаған, қазақ республикасы құрылған жылдары да ВУЗ жоқ еді, тек 1927—28 жылы ғана бір ВУЗ ашылды. Бұның өзі де толық мағынасындағы ВУЗ емес, жоғарыдан төмендеу оқу орны бар еді. Оны ағарту институты[1] дейтін, бұнда сол жылдары 119 студент болған. Ал 1932 — 33 жылдарға келсек, ВУЗ-дың саны 10 жетті, ондағы оқушылар саны 2659 жетті. Қазір Қазақстанда 19 ВУЗ бар, бұнда 8432 студент оқиды. Революциядан бұрын Қазақстанда техникум сияқты 7 оқу орны болған, онда 302 бала оқыса керек, қазір Қазақстанда 120 техникум бар, онда 26331 бала оқиды. Революциядан бұрын Қазақстанда бірде-бір рабфак жоқ еді. Қазақ республикасы құрылысымен екі рабфак болды, қазір 11 рабфак бар да, оқушысы 2574.   Оқу орындары мен оқушылар санының өсуі осындай. Бұл цифрлар Қазақ республикасында оқу-ағарту ісінің жыл сайын ілгерілеп бара жатқанын көрсетеді. Революциядан бұрын оқу-білімге жұрдай болған қазақ халқы қазір өнерлі, білімді жұрт болып алғанын көрсетеді. Бұл цифрларға үлкендер институты, курстар, сауатсыздықты жою орындары кірмей отыр. Ол орындар да Қазақстандағы оқу-ағарту ісінде келелі орын алды. Партия мен үкімет сауатсыздықты жою мәселесіне соңғы жылдарда аса шұғыл кірісті. Қазақстан халқын жаппай сауатты ел етуге күш салды. Соның нәтижесінде қазір, 1939 жылы жүргізілген халық санағы бойынша, Қазақстан халқының 76,3 проценті сауаттанды. Халқының сауаттылығы жағынан Қазақстан Республикасы Союзда 5 орын алды. Республиканың XX жылдық мерекесін бүкіл жұртшылығымыз жаппай сауатты ел болып мерекелемекші. Оқу, білім орындарымен бірге Қазақстанда түрлі мәдени-ағарту орындары да өсіп-өнді. Революциядан бұрын Қазақстанда бірде-бір детсад жоқ еді. Қазір 514 детсад бар, онда 17903 бала тәрбиеленеді. Революциядан бұрын 146 кітапхана бар екен (оның бірде-бірі қазақтікі емес), қазір 3304 кітапхана бар. Революциядан бұрын бірде-бір клуб жоқ екен, қазір 5237 клуб бар, революциядан бұрын 2 музей бар екен, қазір 25 музей бар, революциядан бұрын 2 театр бар екен, қазір 38 театр бар, революциядан бұрын 20 кинотеатр бар екен, қазір 1275 кинотеатр бар. Бұл цифрларға қарағанда революциядан бұрынғы мәдениет-ағарту орындарының көлемі саусақпен санарлықтай аз екенін көреміз, — оның өзі де қазақ халқыныкі емес еді. Олар патша чиновниктері мен даланың көпес-байларының игілігі үшін жасалған орындар еді.   Баспасөзге келсек, революциядан бұрын 11 газет, 3 журнал бар еді. Қазір Қазақстанда 322 газет, 28 журнал шығады. Бұл көрсетілгендердің бәрі әншейін цифр емес, өмір фактылары. Бұл цифрлар қазақ республикасының өнер-білім жағынан, мәдениет-ағарту жағынан өсіп-өркендеген салтанатты ел болғанын көрсетеді. Түрі ұлттық, мазмұны социалистік мәдениет жасағандығын көрсетеді.   Бұл табысқа, бұл игілікке қазақ халқы Ленин-Сталиннің кемеңгер ұлт саясаты арқасында, халықтардың ұлы көсемі, қазақ халқының жан досы, данышпан Сталиннің аталық қамқорлығының арқасында жетіп отыр8. Мұхтар Әуезов   [1] Казинпрос — Ташкентте ашылып, кейін Қызылордаға көшкен оқу орны.

Цифрлар сөйлесе не дейді?

 

Партия мен үкіметтің басшылығы арқасында, Ленин-Сталиннің ұлттық саясатының жүзеге асуының арқасында Қазақ республикасы өнер-білімі өскен елге айналды. Қазақ халқы 20 жылдың ішінде түрі ұлттық, мазмұны социалистік мәдениетін өркендетіп алды. Бұл 20 жылдағы мәдениет табысы — қазақ халқы талай ғасырлардан көшіп өтсе де, талай шарқ ұрып іздесе де бұрын таба алмаған, бұрын жете алмаған мәдениет еді. Түнек басқан ғасырлардан қазақ халқы өнер-білім туралы, мәдениет туралы ащы арманды ғана ойына сақтап келген еді. Сол арман орындалды, көсегесі көгерді. Бұны фактыдан көріп отырмыз. Сөзді цифрға берейік:

 

1914—1915 жылдары Қазақстанда барлығы 2011 мектеп болған екен. Оның ішінде орта, орталауы 53 екен. Ол кезде қазақ мектебі ныспы болмапты. Ал революция орнағаннан кейін мынадай жайды көреміз. 1920—21 жылдары яки қазақ республикасының жаңа құрылған кезінің өзінде-ақ 2410 мектеп ашылған. Оның ішінде 590 қазақ мектебі. 1927-28 жылы Қазақстанда барлығы 3944 мектеп бар екен. Оның 1527 қазақ мектебі екен. Одан аттап, қазіргі жайға келсек, 1939—40 жылдары Қазақстан 8381 мектепке ие болды. Оның ішінде орта, орталауы 2244, бұлардың 1443 қазақ мектептері. Бастауыш, мынандай және орталау мектептердегі оқушылар санының өсу жайы мынадай: Қазақстанда 1914—15 жылдары мектепте оқитын балалар саны 105239 екен, ал 1939 — 40 жылдары мектепте оқитын балалар саны 1132326-ға жеткен. Солардың ішінде 446765 қазақ балалары. Жоғары, орта дәрежелі оқу орындарының хал-жайы мынандай: революциядан бұрын Қазақстанда бірде-бір ВУЗ болмаған, қазақ республикасы құрылған жылдары да ВУЗ жоқ еді, тек 1927—28 жылы ғана бір ВУЗ ашылды. Бұның өзі де толық мағынасындағы ВУЗ емес, жоғарыдан төмендеу оқу орны бар еді. Оны ағарту институты[1] дейтін, бұнда сол жылдары 119 студент болған. Ал 1932 — 33 жылдарға келсек, ВУЗ-дың саны 10 жетті, ондағы оқушылар саны 2659 жетті. Қазір Қазақстанда 19 ВУЗ бар, бұнда 8432 студент оқиды. Революциядан бұрын Қазақстанда техникум сияқты 7 оқу орны болған, онда 302 бала оқыса керек, қазір Қазақстанда 120 техникум бар, онда 26331 бала оқиды. Революциядан бұрын Қазақстанда бірде-бір рабфак жоқ еді. Қазақ республикасы құрылысымен екі рабфак болды, қазір 11 рабфак бар да, оқушысы 2574.

 

Оқу орындары мен оқушылар санының өсуі осындай. Бұл цифрлар Қазақ республикасында оқу-ағарту ісінің жыл сайын ілгерілеп бара жатқанын көрсетеді. Революциядан бұрын оқу-білімге жұрдай болған қазақ халқы қазір өнерлі, білімді жұрт болып алғанын көрсетеді. Бұл цифрларға үлкендер институты, курстар, сауатсыздықты жою орындары кірмей отыр. Ол орындар да Қазақстандағы оқу-ағарту ісінде келелі орын алды. Партия мен үкімет сауатсыздықты жою мәселесіне соңғы жылдарда аса шұғыл кірісті. Қазақстан халқын жаппай сауатты ел етуге күш салды. Соның нәтижесінде қазір, 1939 жылы жүргізілген халық санағы бойынша, Қазақстан халқының 76,3 проценті сауаттанды. Халқының сауаттылығы жағынан Қазақстан Республикасы Союзда 5 орын алды. Республиканың XX жылдық мерекесін бүкіл жұртшылығымыз жаппай сауатты ел болып мерекелемекші. Оқу, білім орындарымен бірге Қазақстанда түрлі мәдени-ағарту орындары да өсіп-өнді. Революциядан бұрын Қазақстанда бірде-бір детсад жоқ еді. Қазір 514 детсад бар, онда 17903 бала тәрбиеленеді. Революциядан бұрын 146 кітапхана бар екен (оның бірде-бірі қазақтікі емес), қазір 3304 кітапхана бар. Революциядан бұрын бірде-бір клуб жоқ екен, қазір 5237 клуб бар, революциядан бұрын 2 музей бар екен, қазір 25 музей бар, революциядан бұрын 2 театр бар екен, қазір 38 театр бар, революциядан бұрын 20 кинотеатр бар екен, қазір 1275 кинотеатр бар. Бұл цифрларға қарағанда революциядан бұрынғы мәдениет-ағарту орындарының көлемі саусақпен санарлықтай аз екенін көреміз, — оның өзі де қазақ халқыныкі емес еді. Олар патша чиновниктері мен даланың көпес-байларының игілігі үшін жасалған орындар еді.

 

Баспасөзге келсек, революциядан бұрын 11 газет, 3 журнал бар еді. Қазір Қазақстанда 322 газет, 28 журнал шығады. Бұл көрсетілгендердің бәрі әншейін цифр емес, өмір фактылары. Бұл цифрлар қазақ республикасының өнер-білім жағынан, мәдениет-ағарту жағынан өсіп-өркендеген салтанатты ел болғанын көрсетеді. Түрі ұлттық, мазмұны социалистік мәдениет жасағандығын көрсетеді.

 

Бұл табысқа, бұл игілікке қазақ халқы Ленин-Сталиннің кемеңгер ұлт саясаты арқасында, халықтардың ұлы көсемі, қазақ халқының жан досы, данышпан Сталиннің аталық қамқорлығының арқасында жетіп отыр8.

Мұхтар Әуезов

 



[1] Казинпрос — Ташкентте ашылып, кейін Қызылордаға көшкен оқу орны.

Бөлісу: