Үзінділер

5 Желтоқсан 2012, 12:19

Үзінділер Дәл қазіргі күндеріміз күншуақты, әдемі бір әдебиет көктемі сияқты сезіледі. Шағырмақ күні маужырап, тусыған даласы өнбек-өспекті тілеп, ыңыранып, бусанып, ерекше бір еңбекке шақырып тұр. Дағдылы көктемде тракторын, соқасын МТС сайлайды. Көлік, аспап, азаматын колхоз қамдайды. Еңбек елі науқанын қарсы алуды біледі. Науқанымызда біз не етер екенбіз? Бошалаң колхоз, сылбыр МТС болмау — дәмеміз. "Дәме бар да дәрмен жоқтың" кебін кимесек дейміз. Одақ әдебиетінің биылғы жылы ерекше жыл болды. Өзіміз де жүрдік, көрдік. Ой-сезімімізді жел желпіп, күн еміренткендей. Дәл бүгінгі күннің құлақ күйіне барлық ішек-пернеңмен әзірленген сияқтысың. Көрген мен сезгеннің бәрін терінейік, іріктеп екшейік. Сонда социалдық жаңа мәдениет белгісіндей, заман белгісіндей боп, пролетариат стилінің бүгінгі көрнекті бір тұрғылары сияқтанып үш нәрсе ойға келеді. Бұның бірі — Мәскеудегі метро. Кеңес еңбекшісі Мәскеу қаласының астындағы саз, құмтас пен керішті ғана үңгіп жатқан жоқ. Ескі Россияның ғасырларын үңгіп, Иван Грозный Мәскеуіне шейін баратын тарих тоңын аударып жатыр1. Қат-қат шөккен ғасырлардың ауыр, қалың қатпарларын пролетариат балғасы мен шапқысы:2 "олай жатпа, былай түсесің!" деп, ырқына көндіріп, бұрып салып, баурап отыр. Миллиондар тілегі, мындар еңбегі. Мағына, сана көп — заман стилі. Бұрынғы "Ресей жүрегі" болған Мәскеу3 "Социалдық Отан жүрегі" боп қайта тумақ. Бұл — социалдық құрылыстың еңбек майданындағы қорытынды бір тұрғысы. Ой-сана майданында осы миллиондардың қол еңбегінің жалғасы сияқтанып бір ғана кітап ойға келеді. Ол — Алексей Толстойдың "Бірінші Петрі"4. Сырт көзге шалғай жатқан нәрселер. Бірақ Ленинград жазушыларының съезіңде Ленинград обкомынан келген жолдас Позерин өз сөзінде: "Бірінші Петр" романының жұмысшы ортасындағы қадірі ерекше. "Красный Путилов" сияқты заводтарда сол кітапқа жұмысшы оқушыдан күніне 50 адам өшіретке жазылып отырады", — деді. Қуанатын да, қызықтыратын да бейіл емес пе? Бұл қалайша? Себебі екеуінің тамыр-түбірі нық байланысты. Пролетариат еңбегі ойсыз еңбек емес, Саналы даналық бар еңбек. Ол бір жерде әзірлер тамырын қолынан құлдап, тауып танып, үңгіп келе жатса, екінші жерде тарихты ой сана, сезім, қиялмен де пролетариатша танымақ. Өрлей, құлдай үңгімек. Ондағы тоңдарды да аударыстырмақ, Петр Рессйін буржуазия мәдениеті бұлдыр сағымға орап, көп даттаған еді. Мына кітап "миллион еңбегіне сыр қосылса, осындай үнмен қосылсын" дегенді ойлатады. Пролетариаттың артқы тарихты шолған білім, сезім, санасының бір алуан қорытынды тұрғысы сияқты. Бұнда да заман стилі соқталы жота көрсетіп отыр. Осы бағаны жұмыскер оқушы өзі берді. Осылардай, үлкен тұрғыдай боп ойды алатын үшінші бір белгі – съездегі Горький сөзі5; сөзінің жекеше ерекшелігі мен тақырыбы емес, ұлы аңғары мен ұраны. Барлық баяндамасынан аңқып ескен ұлы сарын жаңағы екі белгімен ұштасады. Мұнда түсау кесіп, бұғау үзген миллиондардың жүрісі мен әуені шықты. Сол миллиондар кәрі тарих пен буржуазия мәдениетіне Горький үнімен, бар дауыспен өзінің "Мен келемінін" айтты. Дәуірден дәуір, тарихтан тарих ауысқанда, сонда бір айтылатын сөз. Социалды мәдениеттің стилі осы аңғармен асады дегендей қып, мұз биіктің басына СССР туын желбіретіп, қадап өткен сияқты болды. Жалпы әдебиетімізді алмай, Горькийдің өз жолын ғана алғанда да сонау қара күндерде пролетариаттың дауылпазы атанып, беймезгіл шақта шарқ ұрып ұшқан шағаласы боп бастап, аяғы яғы бүгін кеп тарихы мен ескілік дүниесін жаңғырықтыра соққан мына сарын, мынау ұлы дүбір қандай әдемі, нендей атой! Осы үш белгіден көп ғибрат алып, айқын бағыт тануға болатындай. Үшеуінде де жаңа стильдің даналығы бар. Енді қазақ жазушысы боп еңбекке отырамыз. Бұл күнге шейін жер қорақтау боп, жасаң соғып келгендік бар. Бойдағы азды-көпті үлкенге салмай, соныға беттетпей, мейір қандыратын белгі тудыра алмай келеміз. Бізде үлкен проза кешеуілдеп тұр. Шынында, үлкен прозасыз үлкен әдебиет жоқ. Сонымен, бір-бір романның соңындамыз. Мен осы жұмысыма жалпы әзірлік есебінде, бір жағынан, жоғарыдағы үш белгі сияқты өзіміздің құрылыстан, әдебиеттен, салт-санадан негізгі бағыт алудан басқа, биыл жалпы мәдениет дүниесінің екінші бір шетіне де көз салған едім. Оным — Француз бен ағылшынның ерте кездегі шебер романшылары: Поль Бурже,6 Шатобриан,7 Альфред де Мюссе,8 Бенжамен Констан,9 Бульвер Литтон сияқтылардың шығармалары еді10. Романдарын тақырып ретінен әңгіме қылу жөнінен, жалпы техника жағьгаан зерттей қарастырған едім. Техникадағы үлгі боларлық ерекшелік, жеке бір жердегі айрықша шеберліктер, жалпы классик әдебиетінің бізге бағалы қасиеті ғой. Онысын көру, тану, үйрену керек. Бірақ пролетариат стилімен қабыспай, оған жақындастырмай тұратын бір ерекшелік — әңгіме құрудан байқалады. Мүмкін жазушыға жеңіл де жол болар. Қалайда көп классик романы, ең алдымен, аз кісінің басына құрылады. Бенжамен Констан "Адольф" деген романын екі-ақ кісіден роман құрауға болады деген бәспен жазады. Дүние классигінде кісісі көп келетін екі ұлы жазушы — Шекспир11 мен Толстой12. Бірақ батыс романшыларынан Толстой екі жерде, екі үлкен жазушыдан үлгі алдым дейді. Бірі — Стендаль, екіншісі — Диккене13. Осылардың өзі де көп кісілі емес. Шынында, Шекспир, Толстой өзгенің бәрінен қара үзген асқарлардай көрінеді. Және солардың үлкендік сапасы, ең алдымен, сол көп-көп адамдарды біріне-бірі ұқсамайтын ерсі, қайшы, қым-қиғаш ерекшеліктерімен алып көрсетіп кеп, бір шығармада бәрінің басын қосқанда, көп кісіден құралған әдемі қордың бүтіндік жарастығындай көрік табады. Молдан пішілген, кеннен қашалған сұлулық сияқты. Бірақ буржуа мәдениетінің стилі — бұл емес. Көпшілік бұл аңғармен жүрмеген де. Сондықтан жаңағы жоғарғы саналған жазушылар әңгіме жібін ылғи бір ұршыққа орай беріп, бір ғана қазыққа шалып отырумен үлгі қалдырған сияқты. Ұзынды күн баққан-қаққаны екі-үш адам немесе көп болса, он адам болғандықтан, сол адамдардың ішіне түсіп ап, жазы-қысы жайлап ішек-қарынын қырнай беруден стиль құралады. Әрине, психологияға біз мүлдем қарсы емеспіз. Бірақ жазған еңбегімізден төңкерістік стиль күткенімізде, бұл үлгі жол емес. Өмір кенін күрт қопарып, қарбыға күреп алатын классиктер Шекспир, Толстой, өз заманымызда тұтас колхозды тегіс алатын Шолохов14 және мыңдаған қолмен метроны салып жатқан еңбек армиясы, миллиондар үнінен ұран құрайтын Горький жолдары аналарға ұқсамайтын жаңа, соны жол боп нығая түседі. Шынында, барлық социалдық отан, барлық құрылысымыз бен бастан аяқ бар адамдарымыз ескі қоныстан кетіп, бұрын адам баспаған соныға ауысқан қоғамбыз. Роман боларлық адамдарымыз бірлі-жарым, бесті-онды ғана емес. Бірі ілгері, бірі кейін болғанмен барлық қауымымыз сонау үлкен Мәскеуден, қайта туу, шын түлеудің дәуірінде. Ендеше, аңғар, бағыт белгілеуден соңғы екінші үлкен түйін — осы өмір материалына батыл араласып, молынан алу шарт. Бұрынғы жазушылар ісінің жеңілдігі осы жерде тайқи соғып, шет пұшпақтау болса, біздің міндеттің қызықтығы да, қиындығы да — бата кіріп, әрі кең, әрі терең қармануда; сапа түбі осыдан шықпаққа керек. Үлкен әдебиет болатын үлкен прозаны осы сарынмен іздесе дейміз. Сонда ғана біздің қазақ әдебиеті жалпы одақ әдебиетінің көлемінде қойылып отырған ұлы табыс міндеттерінің шебіне араласады.   Мұхтар Әуезов  

Үзінділер

Дәл қазіргі күндеріміз күншуақты, әдемі бір әдебиет көктемі сияқты сезіледі. Шағырмақ күні маужырап, тусыған даласы өнбек-өспекті тілеп, ыңыранып, бусанып, ерекше бір еңбекке шақырып тұр. Дағдылы көктемде тракторын, соқасын МТС сайлайды. Көлік, аспап, азаматын колхоз қамдайды. Еңбек елі науқанын қарсы алуды біледі. Науқанымызда біз не етер екенбіз? Бошалаң колхоз, сылбыр МТС болмау — дәмеміз. "Дәме бар да дәрмен жоқтың" кебін кимесек дейміз.

Одақ әдебиетінің биылғы жылы ерекше жыл болды. Өзіміз де жүрдік, көрдік. Ой-сезімімізді жел желпіп, күн еміренткендей. Дәл бүгінгі күннің құлақ күйіне барлық ішек-пернеңмен әзірленген сияқтысың. Көрген мен сезгеннің бәрін терінейік, іріктеп екшейік. Сонда социалдық жаңа мәдениет белгісіндей, заман белгісіндей боп, пролетариат стилінің бүгінгі көрнекті бір тұрғылары сияқтанып үш нәрсе ойға келеді. Бұның бірі — Мәскеудегі метро. Кеңес еңбекшісі Мәскеу қаласының астындағы саз, құмтас пен керішті ғана үңгіп жатқан жоқ. Ескі Россияның ғасырларын үңгіп, Иван Грозный Мәскеуіне шейін баратын тарих тоңын аударып жатыр1. Қат-қат шөккен ғасырлардың ауыр, қалың қатпарларын пролетариат балғасы мен шапқысы:2 "олай жатпа, былай түсесің!" деп, ырқына көндіріп, бұрып салып, баурап отыр. Миллиондар тілегі, мындар еңбегі. Мағына, сана көп — заман стилі. Бұрынғы "Ресей жүрегі" болған Мәскеу3 "Социалдық Отан жүрегі" боп қайта тумақ. Бұл — социалдық құрылыстың еңбек майданындағы қорытынды бір тұрғысы.

Ой-сана майданында осы миллиондардың қол еңбегінің жалғасы сияқтанып бір ғана кітап ойға келеді. Ол — Алексей Толстойдың "Бірінші Петрі"4. Сырт көзге шалғай жатқан нәрселер. Бірақ Ленинград жазушыларының съезіңде Ленинград обкомынан келген жолдас Позерин өз сөзінде: "Бірінші Петр" романының жұмысшы ортасындағы қадірі ерекше. "Красный Путилов" сияқты заводтарда сол кітапқа жұмысшы оқушыдан күніне 50 адам өшіретке жазылып отырады", — деді.

Қуанатын да, қызықтыратын да бейіл емес пе? Бұл қалайша? Себебі екеуінің тамыр-түбірі нық байланысты. Пролетариат еңбегі ойсыз еңбек емес, Саналы даналық бар еңбек. Ол бір жерде әзірлер тамырын қолынан құлдап, тауып танып, үңгіп келе жатса, екінші жерде тарихты ой сана, сезім, қиялмен де пролетариатша танымақ. Өрлей, құлдай үңгімек. Ондағы тоңдарды да аударыстырмақ, Петр

Рессйін буржуазия мәдениеті бұлдыр сағымға орап, көп даттаған еді. Мына кітап "миллион еңбегіне сыр қосылса, осындай үнмен қосылсын" дегенді ойлатады. Пролетариаттың артқы тарихты шолған білім, сезім, санасының бір алуан қорытынды тұрғысы сияқты. Бұнда да заман стилі соқталы жота көрсетіп отыр. Осы бағаны жұмыскер оқушы өзі берді.

Осылардай, үлкен тұрғыдай боп ойды алатын үшінші бір белгі – съездегі Горький сөзі5; сөзінің жекеше ерекшелігі мен тақырыбы емес, ұлы аңғары мен ұраны. Барлық баяндамасынан аңқып ескен ұлы сарын жаңағы екі белгімен ұштасады. Мұнда түсау кесіп, бұғау үзген миллиондардың жүрісі мен әуені шықты. Сол миллиондар кәрі тарих пен буржуазия мәдениетіне Горький үнімен, бар дауыспен өзінің

"Мен келемінін" айтты. Дәуірден дәуір, тарихтан тарих ауысқанда, сонда бір айтылатын сөз. Социалды мәдениеттің стилі осы аңғармен асады дегендей қып, мұз биіктің басына СССР туын желбіретіп, қадап өткен сияқты болды. Жалпы әдебиетімізді алмай, Горькийдің өз жолын ғана алғанда да сонау қара күндерде пролетариаттың дауылпазы атанып, беймезгіл шақта шарқ ұрып ұшқан шағаласы боп бастап, аяғы яғы бүгін кеп тарихы мен ескілік дүниесін жаңғырықтыра соққан мына сарын, мынау ұлы дүбір қандай әдемі, нендей атой!

Осы үш белгіден көп ғибрат алып, айқын бағыт тануға болатындай. Үшеуінде де жаңа стильдің даналығы бар.

Енді қазақ жазушысы боп еңбекке отырамыз. Бұл күнге шейін жер қорақтау боп, жасаң соғып келгендік бар. Бойдағы азды-көпті үлкенге салмай, соныға беттетпей, мейір қандыратын белгі тудыра алмай келеміз. Бізде үлкен проза кешеуілдеп тұр. Шынында, үлкен прозасыз үлкен әдебиет жоқ. Сонымен, бір-бір романның соңындамыз. Мен осы жұмысыма жалпы әзірлік есебінде, бір жағынан, жоғарыдағы үш белгі сияқты өзіміздің құрылыстан, әдебиеттен, салт-санадан негізгі бағыт алудан басқа, биыл жалпы мәдениет дүниесінің екінші бір шетіне де көз салған едім. Оным — Француз бен ағылшынның ерте кездегі шебер романшылары: Поль Бурже,6 Шатобриан,7 Альфред де Мюссе,8 Бенжамен Констан,9 Бульвер Литтон сияқтылардың шығармалары еді10. Романдарын тақырып ретінен әңгіме қылу жөнінен, жалпы техника жағьгаан зерттей қарастырған едім. Техникадағы үлгі боларлық ерекшелік, жеке бір жердегі айрықша шеберліктер, жалпы классик әдебиетінің бізге бағалы қасиеті ғой. Онысын көру, тану, үйрену керек. Бірақ пролетариат стилімен қабыспай, оған жақындастырмай тұратын бір ерекшелік — әңгіме құрудан байқалады. Мүмкін жазушыға жеңіл де жол болар. Қалайда көп классик романы, ең алдымен, аз кісінің басына құрылады. Бенжамен Констан "Адольф" деген романын екі-ақ кісіден роман құрауға болады деген бәспен жазады.

Дүние классигінде кісісі көп келетін екі ұлы жазушы — Шекспир11 мен Толстой12. Бірақ батыс романшыларынан Толстой екі жерде, екі үлкен жазушыдан үлгі алдым дейді. Бірі — Стендаль, екіншісі — Диккене13. Осылардың өзі де көп кісілі емес. Шынында, Шекспир, Толстой өзгенің бәрінен қара үзген асқарлардай көрінеді. Және солардың үлкендік сапасы, ең алдымен, сол көп-көп адамдарды біріне-бірі ұқсамайтын ерсі, қайшы, қым-қиғаш ерекшеліктерімен алып көрсетіп кеп, бір шығармада бәрінің басын қосқанда, көп кісіден құралған әдемі қордың бүтіндік жарастығындай көрік табады. Молдан пішілген, кеннен қашалған сұлулық сияқты. Бірақ буржуа мәдениетінің стилі — бұл емес. Көпшілік бұл аңғармен жүрмеген де. Сондықтан жаңағы жоғарғы саналған жазушылар әңгіме жібін ылғи бір ұршыққа орай беріп, бір ғана қазыққа шалып отырумен үлгі қалдырған сияқты. Ұзынды күн баққан-қаққаны екі-үш адам немесе көп болса, он адам болғандықтан, сол адамдардың ішіне түсіп ап, жазы-қысы жайлап ішек-қарынын қырнай беруден стиль құралады. Әрине, психологияға біз мүлдем қарсы емеспіз. Бірақ жазған еңбегімізден төңкерістік стиль күткенімізде, бұл үлгі жол емес. Өмір кенін күрт қопарып, қарбыға күреп алатын классиктер Шекспир, Толстой, өз заманымызда тұтас колхозды тегіс алатын Шолохов14 және мыңдаған қолмен метроны салып жатқан еңбек армиясы, миллиондар үнінен ұран құрайтын Горький жолдары аналарға ұқсамайтын жаңа, соны жол боп нығая түседі. Шынында, барлық социалдық отан, барлық құрылысымыз бен бастан аяқ бар адамдарымыз ескі қоныстан кетіп, бұрын адам баспаған соныға ауысқан қоғамбыз.

Роман боларлық адамдарымыз бірлі-жарым, бесті-онды ғана емес. Бірі ілгері, бірі кейін болғанмен барлық қауымымыз сонау үлкен Мәскеуден, қайта туу, шын түлеудің дәуірінде. Ендеше, аңғар, бағыт белгілеуден соңғы екінші үлкен түйін — осы өмір материалына батыл араласып, молынан алу шарт. Бұрынғы жазушылар ісінің жеңілдігі осы жерде тайқи соғып, шет пұшпақтау болса, біздің міндеттің қызықтығы да, қиындығы да — бата кіріп, әрі кең, әрі терең қармануда; сапа түбі осыдан шықпаққа керек. Үлкен әдебиет болатын үлкен прозаны осы сарынмен іздесе дейміз.

Сонда ғана біздің қазақ әдебиеті жалпы одақ әдебиетінің көлемінде қойылып отырған ұлы табыс міндеттерінің шебіне араласады.

 

Мұхтар Әуезов

 

Бөлісу: