Отырыр теңгесі

5 Желтоқсан 2012, 12:13

  Отырар алқабында бірнеше түрдегі қола тенге шығарылды. Бұл теңгелердің бет жағында шаршылы садақ және аяқтары бар, конус тәрізді құрбан шалатын орын түріндегі, «X» нысанды таңбалар сияқты белгілер бейнеленген. Оларды Қаңлы мемлекетінің мұрагері болған, орталығы Сыр- дарияның орта агысында орналасқан Кангу Тарбан деген түрік бірлестігінің әр түрлі билеушілері соқтырған болса керек. Шу аңгарының қалаларьшда ақшамен сауда жасаудың дамығанын түргештер мен тухустардың теңгелері дәлелдейді, олар VII — VIII ғасырларда қағанаттарда шығарылған, бірақ XI ғасырға дейін айналыста болды. Жетісу теңгелері диаметрі 12 миллиметрден 28 миллиметрге дейін жететін, ортасында шаршы тесігі бар, мыстан құйылған дөңгелек болып келеді. Ең көп тарағандары екі түрлі теңгелер — түргештердің теңгелері мен «түргеш» және «тухус дөңгелектері» дейтін теңгелер. Түргеш теңгелері қаған атынан шығарылған, мұны олардың бір бетіне айналдыра «Түргеш қағаны (Құдайдың қалаулысы) мырзаның теңгесі» немесе «Түргеш қағаны мырза» деген соғды жазуы дәлелдейді. Тухус теңгелерінің көлемі кішірек және сапасы нашар болған. Жетісу жиынтығы арасында бұл теңгелер төрт түрге бөлініп, олардың ішінде таңбалардың түрлі нұсқалары салынуымен, түсінік сөздердің болуымен немесе болмауымен атап өтілген жекелеген топтарды ажыратуға болады, теңгелер салмағы мен дайындалу тәсілі жағынан op түрлі — не құйыл- ған, не соғылған болып келеді. Ең дағдылысы — «Т. хум (Бахум?) билеушісі» деген сөздер. Соңғы онжылдық ішінде жергілікті жерде Арслан әулеті соқтырған (9) теңгелер тобы анықталды. Арслан, Қарахандардың алдындагы әулет болса керек. Невакет камалын (Қызылөзен қаласының жұрты) қазған кезде осындай тенге табылды: қола шеңберінің диаметрі 20—22 мм, шеңбер ішінде шаршы тесігі бар, теңгенің салмагы — 2,35 г. Соғды курсивімен сағаттіліне қарсы: «Арслан-білге-қаған мырза. Фан (Чаглан?)»,—деп түсінік берілген. Жергілікті теңгелердің Отырар жиынтығы Жетісудағыға қарағанда неғұрлым ертеректе қалыптасқан. Алайда ол Жетісуда неғұрлым көп таралған, мұнда жүздеген теңге табылды, ал Отырардан он шақтысы ғана табылған еді. Жетісу теңгелері мейлінше алуан түрлі: мунда түргештер теңгелерінің алты, тухустар теңгесінің төрт түрі, құны әр түрлі біртектес даналардан тұратын бірнеше сериясы айналысқа түскен. Отырар жиынтығына кіретін теңгелер Сырдарияның орта ағысындағы қалалардан ғана табылса, Жетісудың түргеш теңгелері Отырарда, Шашта, Ферғанада, Соғдьща, Батыс Сібірде, Шығыс Түркістанда кездестірілді. Алғашқылары аймақтық ауқымдағы ақша бөлінісі болса, Жетісу теңгелері аймақ- аралық ауқымдағы ақша бөлінісі болған. Сондықтан Жетісуға қарағанда, Отырар алқабынан халықаралық және аймақаралык саудада пайдаланылған шетелдік теңгелер әлдекайда көп табылды.

 

Отырар алқабында бірнеше түрдегі қола тенге шығарылды. Бұл теңгелердің бет жағында шаршылы садақ және аяқтары бар, конус тәрізді құрбан шалатын орын түріндегі, «X» нысанды таңбалар сияқты белгілер бейнеленген. Оларды Қаңлы мемлекетінің мұрагері болған, орталығы Сыр- дарияның орта агысында орналасқан Кангу Тарбан деген түрік бірлестігінің әр түрлі билеушілері соқтырған болса керек. Шу аңгарының қалаларьшда ақшамен сауда жасаудың дамығанын түргештер мен тухустардың теңгелері дәлелдейді, олар VII — VIII ғасырларда қағанаттарда шығарылған, бірақ XI ғасырға дейін айналыста болды. Жетісу теңгелері диаметрі 12 миллиметрден 28 миллиметрге дейін жететін, ортасында шаршы тесігі бар, мыстан құйылған дөңгелек болып келеді. Ең көп тарағандары екі түрлі теңгелер — түргештердің теңгелері мен «түргеш» және «тухус дөңгелектері» дейтін теңгелер. Түргеш теңгелері қаған атынан шығарылған, мұны олардың бір бетіне айналдыра «Түргеш қағаны (Құдайдың қалаулысы) мырзаның теңгесі» немесе «Түргеш қағаны мырза» деген соғды жазуы дәлелдейді. Тухус теңгелерінің көлемі кішірек және сапасы нашар болған. Жетісу жиынтығы арасында бұл теңгелер төрт түрге бөлініп, олардың ішінде таңбалардың түрлі нұсқалары салынуымен, түсінік сөздердің болуымен немесе болмауымен атап өтілген жекелеген топтарды ажыратуға болады, теңгелер салмағы мен дайындалу тәсілі жағынан op түрлі — не құйыл- ған, не соғылған болып келеді. Ең дағдылысы — «Т. хум (Бахум?) билеушісі» деген сөздер. Соңғы онжылдық ішінде жергілікті жерде Арслан әулеті соқтырған (9) теңгелер тобы анықталды. Арслан, Қарахандардың алдындагы әулет болса керек. Невакет камалын (Қызылөзен қаласының жұрты) қазған кезде осындай тенге табылды: қола шеңберінің диаметрі 20—22 мм, шеңбер ішінде шаршы тесігі бар, теңгенің салмагы — 2,35 г. Соғды курсивімен сағаттіліне қарсы: «Арслан-білге-қаған мырза. Фан (Чаглан?)»,—деп түсінік берілген. Жергілікті теңгелердің Отырар жиынтығы Жетісудағыға қарағанда неғұрлым ертеректе қалыптасқан. Алайда ол Жетісуда неғұрлым көп таралған, мұнда жүздеген теңге табылды, ал Отырардан он шақтысы ғана табылған еді. Жетісу теңгелері мейлінше алуан түрлі: мунда түргештер теңгелерінің алты, тухустар теңгесінің төрт түрі, құны әр түрлі біртектес даналардан тұратын бірнеше сериясы айналысқа түскен.

Отырар жиынтығына кіретін теңгелер Сырдарияның орта ағысындағы қалалардан ғана табылса, Жетісудың түргеш теңгелері Отырарда, Шашта, Ферғанада, Соғдьща, Батыс Сібірде, Шығыс Түркістанда кездестірілді. Алғашқылары аймақтық ауқымдағы ақша бөлінісі болса, Жетісу теңгелері аймақ- аралық ауқымдағы ақша бөлінісі болған. Сондықтан Жетісуға қарағанда, Отырар алқабынан халықаралық және аймақаралык саудада пайдаланылған шетелдік теңгелер әлдекайда көп табылды.

Бөлісу: