Жанартау

5 Желтоқсан 2012, 11:35

  Жанартау, вулкан – Жер қабатының тереңдегі жарылымдары мен жарықтарынан оның бетіне шығатын балқыған тау жыныстары мен ыстық газдардың геологиялық құрамалары. Латынша vulcanus – от, жалын деген мағынаны білдіреді, ежелгі римдіктердің мифологиясындағы от құдайы ұғымынан шыққан. Жанартау жылына жер бетіне 5 – 6 км3 жанартаулық материалдар шығарады, оның 80%-ы су асты жанартауларына, 20%-ы құрлықтағы жанартауларға тиесілі. Су асты жанартауы 3 – 4 км тереңдіктегі лавалық жарықтардан тыныш күйде шығып жатады, бірақ оларды тікелей бақылау мүмкін емес. Жер үсті жанартаулары атпа өнімдерінен құралады, ол орталық кратері бар конус пішінді тау түрінде болады. Сөнбеген жанартаулардың ең жоғары салыстырмалы биіктігі – мұхиттарда 9 км, аралдарда 6 км, таулы өңірлерде 3 км-ге жетеді. Жердегі сөнбеген жанартаулардың орташа биіктігі 1750 м, көлемі 85 км3. Жанартаулар сөнбеген, потенциалды сөнбеген, шартты түрде сөнген және сөнген болып жіктеледі. Сөнбеген жанартауға соңғы 3500 жылғы тарихи кезеңде атқылаған не ыстық газдар мен су шығарған жанартаулар жатады, олардың жалпы саны 947 (2008). Потенциалды сөнбеген жанартауға 3500 – 13500 ж. ішінде байқалған голоцен дәуірінің жанартаулары жатады, олардың саны 1343. Голоцен дәуірінде ешқандай әрекет көрсетпеген, бірақ өзінің сыртқы пішінін сақтап қалған жанартаулар шартты сөнген жанартауларға жатады. Эрозияға шалынған, жартылай үгіліп, бүлінген және кейінгі 100 мың жылдан астам уақытта ешқандай әрекет жасамаған жанартаулар сөнген жанартау деп аталады. Жанартау шығу жолдарына байланысты орталық және жарықшақты болып бөлінеді. Магманың шығу тереңдігіне қарай жанартау мантиялық (30 – 70 км және одан да терең), қыртыстық (5 – 45 км) және аралас болып бөлінеді. Бірінші жағдайда базальт жынысы, екінші жағдайда басым көпшілігі андезит, дацит, липарит тау жыныстары, үшіншісінде барлық жанартаулық тау жыныстары шығады. Жанартаулардың атқылауы ұзақ (бірнеше ондаған, жүздеген жыл) және қысқа (бірнеше сағат) мерзімді болады. Атқылау алдында жердің сілкінуі, дыбыс шығаруы, магнит өрісінің өзгеруі, т.б. құбылыстар байқалады. Жанартау атқылауы, әдетте газ бен суық лава кесектерін атқылаудан басталады. Кейде бұл атқылаулар лава (жанартау әсерінен Жер бетіне төгілетін отты-сұйық балқыма) ағуымен қатар жүреді. Қопарылыс күшіне байланысты күл мен лава кесектері ілескен ыстық газ бен бу 1 – 5 км және одан да үлкен (мысалы, 1956 ж. Камчаткадағы Безымянный жанартауының өнімдері 45 км биіктікке көтерілген) биіктікке көтеріледі. Атылған заттар айнала бірнеше км-ден мыңдаған км-ге дейін шашырайды. Жанартау атқылауынан шығатын жанартаулық өнімдер газ тәрізді (жанартаулық газдар), сұйық (лава) және қатты (жанартаулық тау жыныстары) болады. Атқылау сипатына және магманың құрамына қарай жанартау бетінде биіктігі мен пішіні әр түрлі геологиялық құрылымдар пайда болады. Жанартаудың сұйық заттары кремнезем мөлшеріне қарай қышқыл, орта және негізгі құрамды лавалардан тұрады. Жанартау орталық кратерден және беткейлеріндегі қосалқы кратерлерден атқылайды. Жанартаудың өте жоғары қысымдағы бір рет атқылауынан маар деп аталатын төңкерілген конус пішінді ойыс, ал аса күшті атқылау кезінде жанартау конусы мен оның маңайының опырылуынан диаметрі кейде ондаған км-ге жететін кальдера деп аталатын үлкен ойыстар пайда болады. Жанартау әрекетінің себептері жер қыртысындағы күшті тектоникалық қозғалыстармен, магманың массасымен, күшті қатпарлану процесстерімен байланысты. Жер қыртысындағы аса терең жарылыстар магманың жоғары көтерілуіне жол ашады, үздіксіз тектоникалық қозғалыстар оның жер бетіне шығуына мүмкіндік береді. Қазіргі әрекетті жанартаулар күшті тектоникалық қозғалыстар байқалатын ұзындығы жүздеген, мыңдаған километр жас тау жоталары мен аса ірі терең жарылымдар бойында және мұхит түбі мен доғалы аралдарда орналасқан. Жанартаулардың 2/3-сі Тынық мұхиттың жағалары мен аралдарында (Тынық мұхиттың жанартаулық белдеуінде), Жерорта теңізі маңы мен Атлант мұхиты аймағында кездеседі. Жанартау өте қатерлі табиғи құбылыс болғандықтан, оларды алдын-ала болжау үшін зерттеу және бақылау жұмыстары үздіксіз жүргізіледі.  

Бөлісу: