Шет тілдер және іскерлік карьера университеті

5 Желтоқсан 2012, 11:31

Шет тілдер және іскерлік карьера университеті — Қазақстандағы ең жас, бірақ қарқынды дамып келе жатқан университеттердің біреуі болып табылады. Алғаш рет Абылай Хан атындағы Әлем тілдер және халықаралық қатынастар университетінің ішінен шет тілдер факультеті болып ашылған болатын. Кейін екінші іскерлік жоғары оқу бөлімі ретінде қызмет көрсетті, 2005 жылы университет статусына көтерілді. Біз Қазақстан жастарының бақытты болашағы болуын қалаймыз. Қазақстанның болашағы жастарымыздың қолында екендігін білеміз. Яғни, студенттерімізге сапалы білім беру, оларды өмірге баулу біздің міндетіміз. Жастарымызға немқұрайлы қарау, елімізге қиянат жасаумен бірдей. Сол себептен де Шет тілдер және іскерлік карьера университеті мына бәсеке алаңына айналған, жаһанданған дүниеде студенттерге заман талабына сай білім беруге және оған керекті жабдықтардың барлығымен қамтамасыз етуге тырысып келеді. Студенттердің білім алуына барлық жағдайлар жасалғаннан кейін ғана олардан нәтиже күте аламыз. Ғаламдасқан заман халқымыз бен елімізді барлық елдермен бәсекелесуге мәжбүр етіп отыр. Осы жарыстан мықтылар ғана жеңіп шығады, ал бәсекеге шыдай алмайтындар жеңіліске ұшырайды. Шет тілдер және іскерлік карьера университеті , Университетіміздің оқытушыларымен бірлесе отырып жастарымыздың бақытты болашағы үшін қызмет және жастардың қажетті білім алуына, тәжірибе жинақтауына, өмірге дайын болуына барлық жағдайды жасауды. Университет Орта Азия мәдениет қоры тарапынан құрылған. Университетіміз қала орталығында үш қабатты, жаңа ғимаратта орналасқан. Ғимаратымызда жаңа заман талабына сай дәрісханалар, тіл лабораториялары, конференция залы, кітапхана, буфет, кафетерий сияқты әлеуметтік және мәдени мүмкіндіктер бар. 2005 оқу жылында Білім министрлігінің тексеруінен сүрінбей өткен Шет Тілдер және Іскерлік Карьера универаитеті бүгіегі таңда Қазақстанның мықты деген университеттерінің арасынан орын алып отыр. Университет Орта Азия Мәдениет Қоры және түрік компаниялары, жеке тұлғалар тарапынан қаржылай қамтамасыз етіледі. Университеттің қаржы қоры негізінен студенттердің төлем ақыларынан тұрады. Осымен қатар келешекте анықтама мен жоспарлау бөлімдерін ашқалы отырған Шет Тілдер және Іскерлік Карьера универаитеті НАТО және де осы сияқты танымал ұйымдар мен университеттермен бірлесе отырып ғылыми және мәдени іс-шаралар өткізбекші. Келешекте университет халықаралық деңгейге көтерілуді жоспарлап отыр. Университет мемлекеттік және жеке секторлардың барлық саласында жұмыс істей алатын мамандар жетелдіру мақсатымен ашылған. Білім берумен қатар жастарды рухни жақтан тәрбиелеп, мәдениетті, ұлтжанды, рухани дүниесі бай жастар тәрбиелеп шығару университеттің басты мақсаты.  

Шет тілдер және іскерлік карьера университеті — Қазақстандағы ең жас, бірақ қарқынды дамып келе жатқан университеттердің біреуі болып табылады. Алғаш рет Абылай Хан атындағы Әлем тілдер және халықаралық қатынастар университетінің ішінен шет тілдер факультеті болып ашылған болатын. Кейін екінші іскерлік жоғары оқу бөлімі ретінде қызмет көрсетті, 2005 жылы университет статусына көтерілді.

Біз Қазақстан жастарының бақытты болашағы болуын қалаймыз. Қазақстанның болашағы жастарымыздың қолында екендігін білеміз. Яғни, студенттерімізге сапалы білім беру, оларды өмірге баулу біздің міндетіміз. Жастарымызға немқұрайлы қарау, елімізге қиянат жасаумен бірдей. Сол себептен де Шет тілдер және іскерлік карьера университеті мына бәсеке алаңына айналған, жаһанданған дүниеде студенттерге заман талабына сай білім беруге және оған керекті жабдықтардың барлығымен қамтамасыз етуге тырысып келеді. Студенттердің білім алуына барлық жағдайлар жасалғаннан кейін ғана олардан нәтиже күте аламыз.

Ғаламдасқан заман халқымыз бен елімізді барлық елдермен бәсекелесуге мәжбүр етіп отыр. Осы жарыстан мықтылар ғана жеңіп шығады, ал бәсекеге шыдай алмайтындар жеңіліске ұшырайды.

Шет тілдер және іскерлік карьера университеті , Университетіміздің оқытушыларымен бірлесе отырып жастарымыздың бақытты болашағы үшін қызмет және жастардың қажетті білім алуына, тәжірибе жинақтауына, өмірге дайын болуына барлық жағдайды жасауды.

Университет Орта Азия мәдениет қоры тарапынан құрылған. Университетіміз қала орталығында үш қабатты, жаңа ғимаратта орналасқан. Ғимаратымызда жаңа заман талабына сай дәрісханалар, тіл лабораториялары, конференция залы, кітапхана, буфет, кафетерий сияқты әлеуметтік және мәдени мүмкіндіктер бар.

2005 оқу жылында Білім министрлігінің тексеруінен сүрінбей өткен Шет Тілдер және Іскерлік Карьера универаитеті бүгіегі таңда Қазақстанның мықты деген университеттерінің арасынан орын алып отыр.

Университет Орта Азия Мәдениет Қоры және түрік компаниялары, жеке тұлғалар тарапынан қаржылай қамтамасыз етіледі. Университеттің қаржы қоры негізінен студенттердің төлем ақыларынан тұрады.

Осымен қатар келешекте анықтама мен жоспарлау бөлімдерін ашқалы отырған Шет Тілдер және Іскерлік Карьера универаитеті НАТО және де осы сияқты танымал ұйымдар мен университеттермен бірлесе отырып ғылыми және мәдени іс-шаралар өткізбекші. Келешекте университет халықаралық деңгейге көтерілуді жоспарлап отыр. Университет мемлекеттік және жеке секторлардың барлық саласында жұмыс істей алатын мамандар жетелдіру мақсатымен ашылған.

Білім берумен қатар жастарды рухни жақтан тәрбиелеп, мәдениетті, ұлтжанды, рухани дүниесі бай жастар тәрбиелеп шығару университеттің басты мақсаты.
 

Бөлісу: