Семейдің губерниялық үшінші кеңестер тобына

5 Желтоқсан 2012, 11:31

Семейдің губерниялық үшінші кеңестер тобына Семейдің губерниялық үшінші кеңестер тобы бүгінгі күн ашылып отыр. Бұл сияқты губерниялық топ бұдан бұрын Семейде екі рет болып өтті. Сондықтан губерниялық кеңестер тобы деген сөз — қазақтың құлағына жат сөз емес. Топтың бәрі бір атана болғанымен де, істеген жұмысы, маңызы, мағынасы әр түрлі болмақ. Бұдан бұрынғы болған екі топ маңыз, мағына жағынан қарағанда салыстыруға келмейтін екі түрлі маңызда болды. Бұл үшінші топ — олардан кері де тіпті басқа мағынада болуы керек. Губерниялық топтардың маңыз, мағыналарын салыстырғанда мен қазаққа жұғысы бар мәселелер жағынан ғана қарастырып салмақтаймын. Бірінші: губерниялық кеңестер тобы болған уақытта Семей губерниясы Сібірдің төңкеріс комитетінің қарауында тұрды. Сібірдің төңкеріс комитетінің ұстанған жолы, көздеген мақсаты — губерниясын өзінің қарауында қалдыру еді. Сол мақсатын орындау жолында Семейді билегенде отаршылдық әдісін (саясатын) қолданды. Іс басында отырғандардың бәрі де бұрынғы отаршылдық қаны тамырын кеулегендер, назарды құлдануды, иеленуді өнер көру жолында тәрбиеленгендер болды. Соның салдарынан бірінші губерниялық кеңестер тобында еңбекшіл қазақ елінің дауысы далада қалды. Отаршылдардың айтқаны ғана болды. Губерниялық атқару комитетіне қазақтан жалғыз ғана кісі мүше болып кірді. Бұл орасандық Орынбордағы кіндік қазақ комитетінің бірінші жалпы жиылысында үлкен сөз болды. Семей губерниясы Қазақстанға қарағаннан кейін күшпен сайланған губатком тарқатылып, оның орнына уақытша төңкеріс комитеті жасалды. Отаршылармен Орынбордан келген уәкілдің арасында үлкен тартыс басталды. Ақырында Орынбор уәкілі еріксіздікпен Орынборға қайтып кетті. Екінші губерниялық кеңестер тобы шақырылған уақытта губерниядағы қазақ елі өте көңілсіз түрде болды. Губерниялық топ уақытында Орынбордан келген уәкілдің қайтып кетуіне қазақ елінің ренжуде қалған, оның уақытында болған қазақтың лепірген көңілі өте бәсеңдеп, қайтып қалғанын шет жағалатып қазақ уәкілдері білдіріп те жүрді. Губерниялық атқару комитетінің һәм губерниялық уақытша болған төңкеріс комитетінің істеген қызметтерін баяндағанда, губерниялық атқару комитетінің қазақ елі үшін істеген ешбір қызметі көрінбеуі. Губерниялық төңкеріс комитетінің аз уақыттың ішінде қазақ елінің рухын едәуір көтергендігі, қазақты өкімет қызметіне жақындатқандығы көрінді. Бұл баяндамаларды тыңдап, қорытынды жасаған уақытта қаулы өткеру үшін топқа екі қорытынды ұсынылды: бір қорытынды — губаткомның жұмысын ұнамсыз тауып, губерниялық төңкеріс комитетінің ұстанған жолын дұрыс табады. Екінші қорытынды бұған қарсы: губаткомнын, ісін дұрыс тауып,  губерниялық төңкеріс комитетінің жолын қата дейді. Осы екі қорытынды топқа қойылғанда, біріншісіне — айырымсыз ылғи қазақ, екіншісіне — айырымсыз ылғи орыс дауыс берді". Көпшілікпен екінші қорытынды қаулыдан өтті. Осы орында бұл күнге шейін орыс пен қазақтың ешбір бірлесе алмағаны көрініп қалды. Қай түрлі топ болса да қазақ өкілдері ала болып, жіктеніп көрген емес. Жалпы қазақ атаулының мұңы бір болған соң, ала болуларына ешбір жол жоқ. Екінші топ та, қазақ, халқы да хакімдіктің бір жақ тізгініне жармасты. Бұрыннан отырған отаршылдардың бұлтарысына Орынбордан дәл сол уақытта келген Авдеев жолдас жол қоймады. Еңбекші қазақтың өзіне тиісті мүшелі орнын берді. Сол екінші топтан бері бұл үшінші топқа дейін болған уақытта, Семей губерниясының қазағы шетке қағылған жоқ. Жұмыстарына бөгет көрген жоқ. Осы ашылып отырған үшінші топта қазақ елі басқалардан гөрі үлкенірек жауапты, үлкенірек міндетті көтергелі отыр. Дәл осы уақытта: «Үкімет қазақтікі» — деген сөз құр жазуда ғана емес, іс жүзінде көрініп отыр. Орынбордан уәкілдер үстіне уәкілдер келіп, Семей губерниясының ауасын жаңартып, жолын түзеп, саралап берді. Қазақ уәкілдері бұл топта ынталы болып, көздерін ашыңқырап, құлақтарын түріп, әр мәселені жете қарап, негізінен шешулері керек. Бұдан былай үкімет жұмысының бағытына көбінесе еңбекшіл қазақ елі көбірек жауапты екенін естен бір минут шығармасқа керек. Осы ашылып отырған губерниялық топтың жұмысқа бөгет дерлік ешбір сылтауы қалған жоқ. Бұл топ — қазақ елін қатарға кіргізіп, мұң-мұхтажын қарастырады, жалпы шаруашылықтың түзелуіне барлық шараны қолдану жолын көрсетеді деп білеміз. Мұхтар Әуезов  

Семейдің губерниялық үшінші кеңестер

тобына

Семейдің губерниялық үшінші кеңестер тобы бүгінгі күн ашылып отыр. Бұл сияқты губерниялық топ бұдан бұрын Семейде екі рет болып өтті. Сондықтан губерниялық кеңестер тобы деген сөз — қазақтың құлағына жат сөз емес. Топтың бәрі бір атана болғанымен де, істеген жұмысы, маңызы, мағынасы әр түрлі болмақ. Бұдан бұрынғы болған екі топ маңыз, мағына жағынан қарағанда салыстыруға келмейтін екі түрлі маңызда болды. Бұл үшінші топ — олардан кері де тіпті басқа мағынада болуы керек.

Губерниялық топтардың маңыз, мағыналарын салыстырғанда мен қазаққа жұғысы бар мәселелер жағынан ғана қарастырып салмақтаймын. Бірінші: губерниялық кеңестер тобы болған уақытта Семей губерниясы Сібірдің төңкеріс комитетінің қарауында тұрды. Сібірдің төңкеріс комитетінің ұстанған жолы, көздеген мақсаты — губерниясын өзінің қарауында қалдыру еді. Сол мақсатын орындау жолында Семейді билегенде отаршылдық әдісін (саясатын) қолданды. Іс басында отырғандардың бәрі де бұрынғы отаршылдық қаны тамырын кеулегендер, назарды құлдануды, иеленуді өнер көру жолында тәрбиеленгендер болды. Соның салдарынан бірінші губерниялық кеңестер тобында еңбекшіл қазақ елінің дауысы далада қалды. Отаршылдардың айтқаны ғана болды. Губерниялық атқару комитетіне қазақтан жалғыз ғана кісі мүше болып кірді. Бұл орасандық Орынбордағы кіндік қазақ комитетінің бірінші жалпы жиылысында үлкен сөз болды. Семей губерниясы Қазақстанға қарағаннан кейін күшпен сайланған губатком тарқатылып, оның орнына уақытша төңкеріс комитеті жасалды. Отаршылармен Орынбордан келген уәкілдің арасында үлкен тартыс басталды. Ақырында Орынбор уәкілі еріксіздікпен Орынборға қайтып кетті.

Екінші губерниялық кеңестер тобы шақырылған уақытта губерниядағы қазақ елі өте көңілсіз түрде болды. Губерниялық топ уақытында Орынбордан келген уәкілдің қайтып кетуіне қазақ елінің ренжуде қалған, оның уақытында болған қазақтың лепірген көңілі өте бәсеңдеп, қайтып қалғанын шет жағалатып қазақ уәкілдері білдіріп те жүрді.

Губерниялық атқару комитетінің һәм губерниялық уақытша болған төңкеріс комитетінің істеген қызметтерін баяндағанда, губерниялық атқару комитетінің қазақ елі үшін істеген ешбір қызметі көрінбеуі. Губерниялық төңкеріс комитетінің аз уақыттың ішінде қазақ елінің рухын едәуір көтергендігі, қазақты өкімет қызметіне жақындатқандығы көрінді. Бұл баяндамаларды тыңдап, қорытынды жасаған уақытта қаулы өткеру үшін топқа екі қорытынды ұсынылды: бір қорытынды — губаткомның жұмысын ұнамсыз тауып, губерниялық төңкеріс комитетінің ұстанған жолын дұрыс табады. Екінші қорытынды бұған қарсы: губаткомнын, ісін дұрыс тауып,  губерниялық төңкеріс комитетінің жолын қата дейді. Осы екі қорытынды топқа қойылғанда, біріншісіне — айырымсыз ылғи қазақ, екіншісіне — айырымсыз ылғи орыс дауыс берді". Көпшілікпен екінші қорытынды қаулыдан өтті. Осы орында бұл күнге шейін орыс пен қазақтың ешбір бірлесе алмағаны көрініп қалды. Қай түрлі топ болса да қазақ өкілдері ала болып, жіктеніп көрген емес. Жалпы қазақ атаулының мұңы бір болған соң, ала болуларына ешбір жол жоқ. Екінші топ та, қазақ, халқы да хакімдіктің бір жақ тізгініне жармасты. Бұрыннан отырған отаршылдардың бұлтарысына Орынбордан дәл сол уақытта келген Авдеев жолдас жол қоймады. Еңбекші қазақтың өзіне тиісті мүшелі орнын берді. Сол екінші топтан бері бұл үшінші топқа дейін болған уақытта, Семей губерниясының қазағы шетке қағылған жоқ. Жұмыстарына бөгет көрген жоқ.

Осы ашылып отырған үшінші топта қазақ елі басқалардан гөрі үлкенірек жауапты, үлкенірек міндетті көтергелі отыр. Дәл осы уақытта: «Үкімет қазақтікі» — деген сөз құр жазуда ғана емес, іс жүзінде көрініп отыр. Орынбордан уәкілдер үстіне уәкілдер келіп, Семей губерниясының ауасын жаңартып, жолын түзеп, саралап берді. Қазақ уәкілдері бұл топта ынталы болып, көздерін ашыңқырап, құлақтарын түріп, әр мәселені жете қарап, негізінен шешулері керек. Бұдан былай үкімет жұмысының бағытына көбінесе еңбекшіл қазақ елі көбірек жауапты екенін естен бір минут шығармасқа керек. Осы ашылып отырған губерниялық топтың жұмысқа бөгет дерлік ешбір сылтауы қалған жоқ. Бұл топ — қазақ елін қатарға кіргізіп, мұң-мұхтажын қарастырады, жалпы шаруашылықтың түзелуіне барлық шараны қолдану жолын көрсетеді деп білеміз.

Мұхтар Әуезов

 

Бөлісу: