Театр, музыка кадры

5 Желтоқсан 2012, 11:18

  Театр, музыка кадры (ойласу ретінде) Саяси-қоғамдық тұрмыс пен шаруашылық құрылыста, ұлы майданда ескіні жеңіп, социализмге басқан Қазақстан еңбекшісі өлке тіршілігінің қай саласында болса да артта қалып, шабандап, баяулап келе жатқан істерді үлкен қарқынмен алға сүйремей, жетегіне алмай отыра алмайды. Мағыналанған тарихтың ұлы дәуірінде қай сай-саланың ісі болса да кішкене іс емес. Бәрі де бүгінгі үлкен ұран, ұлы бағытқа сәйкес боп, мағыналанған, тереңдеген, өрістеп шалқыған ірі іс, ірі міндетке айналуға тиіс. Сол заман қарқынына ілесе алмаған, өлі де ақсақ қойдың қыбырымен келе жатқан шабан-шардақ шала болса, оған біздің жұртшылық салқын, солғын қарай алмайды. Өзінің шартын қояды. Ісіңді өсір, асыр, екпінде, өрле, түр тап деп, қос тізгіндеп тартады. Оңашалап жұртшылық шарттары тықсыра, қойылып келіп жатса да әлі де көрнекті боп дами алмай келе жатқан саланың бірі — бізде көркемөнер ісі, театр, музыка ісі болып отыр. Қазақстанда театр деп айтарлық бір ғана театрымыз бар. Музыка өнерін түрлентіп, өсіретін дүкеніміз бүгінде музыканың бастауыш мектебінің қолында тұрған бір ғана музыка техникумы. Осы екі дүкеннің бүгінгі халіндегі кемшілік, жетіспегендік жайларына келсек, орасан-орасан олқылықтарға килігеміз. Жеті жыл жасаған театрдың дәл бүгінгі составында шын театр өнершісі боп қалыптанған, орныққан, бірге жасасқан оның жеті актері жоқ. Елубай1, Серке2, Құрманбек3 сияқты төртті-бестіден арғының бөрі бүгін бар, ертең жоқ, тұрақты кадр емес; өлі өздерін любитель халінде түсінушілер. Тәуір қызмет, қолайлы жағдай болса, театрдан жырылып кетуі қиын емес. Келгенде де бірталайы басқа бастауыш сахналарда болып сұрыпталып, екшелініп, аз бәйгені болса да адақтап келгендер емес. Көпшілік самотек4 ретімен келген. Шалағай, шикі күйде театр актерінің санына қосылып, әліпбиді осы арада бастағандар. Сол самотек ретімен кісі алудан театр әлі арыла алмай отыр. Өйткені таңдап, талғап алатын кісіміз жоқ. "Осы актер еді, аз да болса сыналған еді, осыны алайықшы" дей алмаймыз, "осы біреуден актер шықпас па екен" деген дәмемен, кез келгенді аламыз. Жеті жыл бойында театрға Абылқай, Сомова жолдастар сияқты ірі күш деп саналатын адамдардың, тағы осыларға ұқсаған таланты бар бірқатар адамдардың да соғып өткені бар. Солар алғаш түскен кездерінен бұл күнге шейін жүрсе, Елубай, Серкелердің қатарын молайтатыны даусыз еді. Өсіп қалар еді, бірақ олар да орнықпай, жылжып кетті. Бірін жауапты қызмет орын тартты. Кейбірі мұғалімдік қылса да, үй ішімен күйлірек тұратын жағдай бар ма деп соны іздеп кетті. Осындай байыздамайтын, жылжығыштықтың түп себебі неде? Себебі, бәрін де шын театр кадры қып, театрмен, сахна өнерімен нық байланыстыратын білімнің, мамандықтың жоқтығы. Әлі күнге өз өнерінің білімін оқып шыққан бірде-бір актеріміз жоқ. Негізгі бес-алты адамды алсақ, солардың да актерлігі — білім мен мамандыққа тірелген емес, ұдайы қараңғыны сипалағандай, интуицияға сүйенген өнер. Шынында, бүкіл дүние сахнасының тарихында оқымай ірі актер боп шыққан адам бірен-саран ғана емес пе? Орыс театрының тарихында ол — Щепкин5 ғана: Мамандық білім болмауы біздің жаңа бастаған актеріміздің көбінің көңіліне орныққан, нық тиянақ бермейді. Өзіне өзінің сенімі жоқ. "Өмір бойымен кете барғанда, жақсы актер болсам жарады, бола алмасам жер ортасы көк төбеде қалып қоям ба", — деп те ойлайтындар болады. Міне, бұрын бәрі осы күнге шейін болған актер кезегендігінің түп себептері. Білім бермей, актерді өз-өзіне көндіре алмаймыз, өсуіне жол азық болатын сүйеу, таяныш бере алмаймыз, солардың жолдарынан барып театр өмірінің асыл қоры болатын кадрды да құрай алмай отырмыз. Музыка жайына келсек, мұндағы қиыншылық театрдікінен де ауып жатыр. Бізге өзіміздің күйлі драма, күйлі күлкі, оперетта, опера сияқты мәдениленген күйлердің үлгісін жарыққа шығаратын кез де жетіп еді. Бірақ біз әлі күнге ескі қордың өзін де меңгеріп алғамыз жоқ. Орнымен керекке жарату ісін де ретке қоя алмай келеміз. Ескі қорға келгенде, оның тұрған қалпын жазып алып, ескілік белгісі есебінде өшіп, жоғалып қалмастай қып сақтап қалу — бір жұмыс. Ол — музыка этнографының6 жұмысы. Бірақ ескі өн-күй жайындағы біздің іс жалғыз бұл болып қана тоқтамайды. Енді сол ескі қорды біз түрі ұлттық, мазмұны социалистік мәдениеттің керегіне жаратуымыз қажет. Мәселе оның қатып тұрған, айнымас қалпын тамашалауда емес. Сол мұраны баурап жеңіп, билеп алып-революция керегіне жаратуда. Іс, творческое преодоление мәселесінде7. Осы ретте қазақтың ескі ән-күй қорына мәдениет қолы боп араласқан Затаевич8 қолын көріп жүрміз. Ол көп жерде ескіні жинаушы ғана емес, өз жанынан, өз басынан тұр қосушы, қошқар мүйіз болушы боп та араласып кетеді. Барлық гармонизация дегендері ескі музыкаға жеке адамның өз қоспасын әкеп тығуы сияқты көрінеді. Бұл тегі жақсы ма, жаман ба, керек пе, керексіз бе, өз кадрымыз болмағандықтан оны айыру әңгімесі де бізге қиын. Жөне ән-күй мұрасының өзі қазақта алуан-алуан. Онан соң бүгінгі мемлекет театрымыз да тегінде бір-ақ театр болып тұрмайды. Бұдан ұсақ формалар аралас музыка театры мен жас буын театры — ТЮ310-дің бөлініп шығып, жеке –жеке театрлар жасауы да бүгінгі күн тәртібінде тұрған мәселелер. Және Қарағанды, Риддер, Балқашстрой, Қарсақпай, жұмысшы театрынсыз отыру мүмкін емес. Осы жайлардың барлығы соңғы екі жыл бойында үлкен көңіл бөліп, нық ойлап келген Қазақстан үкіметі мен өлкелік партия комитеті енді осындайлық шабандап, кенжелеп қалған бір саланы, өнер саласын мықтап қолға алуға кірісіп отыр. Жақында шыққан Совнарком қаулысы11 үкімет басындағы ірі қызметкерлердің театр, музыка кадрын жасауды белсене қолға алғанын анық дәлелдейді. Совнарком қаулысы бойынша енді Қазақстан атына лайық ірі-ірі істер істелмек. Өнер кадрын жасау қаулыда бірнеше сатыға бөлінген. Соның бір жолы, үлкен сенімді, өнімді жолы театр, музыка техникумы болады. Биылғы 1933-34 жылдың ноябрінде жүз отыз кісі алынуы керек, стипендия жүз, жүз елу сом. Оқушының жарымы театр, жарымы музыка мамандығына үйренеді. Техникум, орта дәрежелі мектеп, дәрежелі мектеп боп қалыптану үшін оған даярлауыш оқу басқа бір бастауыш мектепте оқылған болу керек. Сол үшін биылғы жылдарда курс ашылады. Ал түбегейлі курс оқушы кадрын даярлап отыратын қып, қырық-елу балалық бір детдомды12 бастауды музыка мектебіне айналдырады. Мінеки, кадр даярлау ісінің жоспарланған өрісті, өнімді жолы — осы. Мұнымен қатар, қазірде бастығы мемлекет театры боп, дәл бүгіннің өзінде кадрға мұқтаж болып отырған көп театр, клубтар бар. Кісі жоқтықтан іргесі көтерілмей отырған талай-талай жұмысшы театры, жастар театры сияқты үлкен істер бар. Осының бөрі — кадрды жалғыз техникумнан тосып отыруға болмайды. Совнарком қаулысы сол себепті екінші жолдар белгілеген. Мұның ішіндегі ең ірі жұмыс — Москвадағы театр дүкенін (мастерскойын) ашу. Ол дүкен биыл күз отыз кісіні алса, үш жылда сол отыз кісі тұтасымен кеп, бір театрды ұстап тұра қалатын тұтас бір коллектив болады. Режиссері, бас рольдің, орта рольдің актері — барлығы да сол отыз кісінің өз ішінен жіктелген, екшелген болады. Біздікіндей шабандап қалған істерге үлкен бір көмекті осыдан күту керек. Қазір театр саны жиырманың ішіне кіріп отырған Өзбекстан республикасының тәжірибесі де осы екен. Жаңағы дүкеннен шыққан үш-төрт коллективі бар. Жалғыз-ақ, біздің Наркомпрос13 келесі күзден бастап осы отыз адамды қалайда болса тауып, сол дүкенге жіберетін болу керек. Жаңа алынатын адамы сол үш жыл ішінде актерлік мамандығын баурап аларлықтай, оқу-білімі, дайындығы бар адамдардан құралу қажет. Сонымен бірге өткен қыс, 32-33 жылдың тәжірибесін, жаман тәжірибесін естен шығармау керек. Грузиядағы Руставели театрының студиясына жіберген тоғыз адам, Москваға театр комбинатына өз бетімен барып түскен жеті адам қыс ортасында тегіс оқуын тастап, Қазақстанға қайта шұбырып келген. Солар күздігүні жіберілгенде Наркомпростың арттарыңнан стипендия жіберіліп тұрады деген уәдесімен кетіп еді. Қыс ортасына шейін уәделі стипендиядан жарытымды еш нәрсе алмай, киімдерін сатып, ашығып, қарызданып Алматыға жетудің өзіне зар болған. Бұлардың осындай халге ұшырауына себепші кім? Себепші — Наркомпростың бухгалтериясы дейді. Мезгілімен стипендия жіберуді ұмытып кеткен. Не болмаса, оның соншалық қажеттігін елемеген. Міне, ендігі кадр жасау ісінде алдымен осындай салақтықпен алысуы керек. Мұның көп жерде салақтық қана емес, үлкен кесірге аймалатынын ұмытпау керек. Талай үлкен іс, үлкен ниетті осындай меңіреу, бітеу керенаулық өшіре, өлтіре салатыны болады. Алдымен, сол жойылу керек. Оқимын деген шартпен келетін болса, оқысын, болмаса іс істей жүріп, студиядан оқимын дегені болса, ол тілегенін алсын. Қалай да сол пісіп қалған кадр түгелімен өз театрын қайта табуы қажет. Соңғы жылдарда Қазатком, Совнарком, Крайкомның14 ісіне басшылық істеп келе жатқан бас адамдарымыздың тұтасымен жұмылып театр, музыка ісіне қатты көңіл бөлулері — бұл майданды сүйетін адамның қайсысына болса да үлкен сенім, екпін беріп отыр. Сондай зор бейілдің үлкен тарихи бір белгісі — жаңағы Совнарком қаулысы. Тек енді осы тез, тұтас іске ассын. Сонда біздің өнер саласында да көрнекті бір белге шығып қалуымызға күдік болмайды, сенім артады. Мухтар Ауезов

 

Театр, музыка кадры

(ойласу ретінде)

Саяси-қоғамдық тұрмыс пен шаруашылық құрылыста, ұлы майданда ескіні жеңіп, социализмге басқан Қазақстан еңбекшісі өлке тіршілігінің қай саласында болса да артта қалып, шабандап, баяулап келе жатқан істерді үлкен қарқынмен алға сүйремей, жетегіне алмай отыра алмайды. Мағыналанған тарихтың ұлы дәуірінде қай сай-саланың ісі болса да кішкене іс емес. Бәрі де бүгінгі үлкен ұран, ұлы бағытқа сәйкес боп, мағыналанған, тереңдеген, өрістеп шалқыған ірі іс, ірі міндетке айналуға тиіс. Сол заман қарқынына ілесе алмаған, өлі де ақсақ қойдың қыбырымен келе жатқан шабан-шардақ шала болса, оған біздің жұртшылық салқын, солғын қарай алмайды. Өзінің шартын қояды. Ісіңді өсір, асыр, екпінде, өрле, түр тап деп, қос тізгіндеп тартады. Оңашалап жұртшылық шарттары тықсыра, қойылып келіп жатса да әлі де көрнекті боп дами алмай келе жатқан саланың бірі — бізде көркемөнер ісі, театр, музыка ісі болып отыр.

Қазақстанда театр деп айтарлық бір ғана театрымыз бар. Музыка өнерін түрлентіп, өсіретін дүкеніміз бүгінде музыканың бастауыш мектебінің қолында тұрған бір ғана музыка техникумы. Осы екі дүкеннің бүгінгі халіндегі кемшілік, жетіспегендік жайларына келсек, орасан-орасан олқылықтарға килігеміз. Жеті жыл жасаған театрдың дәл бүгінгі составында шын театр өнершісі боп қалыптанған, орныққан, бірге жасасқан оның жеті актері жоқ. Елубай1, Серке2, Құрманбек3 сияқты төртті-бестіден арғының бөрі бүгін бар, ертең жоқ, тұрақты кадр емес; өлі өздерін любитель халінде түсінушілер. Тәуір қызмет, қолайлы жағдай болса, театрдан жырылып кетуі қиын емес. Келгенде де бірталайы басқа бастауыш сахналарда болып сұрыпталып, екшелініп, аз бәйгені болса да адақтап келгендер емес. Көпшілік самотек4 ретімен келген. Шалағай, шикі күйде театр актерінің санына қосылып, әліпбиді осы арада бастағандар. Сол самотек ретімен кісі алудан театр әлі арыла алмай отыр. Өйткені таңдап, талғап алатын кісіміз жоқ. "Осы актер еді, аз да болса сыналған еді, осыны алайықшы" дей алмаймыз, "осы біреуден актер шықпас па екен" деген дәмемен, кез келгенді аламыз. Жеті жыл бойында театрға Абылқай, Сомова жолдастар сияқты ірі күш деп саналатын адамдардың, тағы осыларға ұқсаған таланты бар бірқатар адамдардың да соғып өткені бар. Солар алғаш түскен кездерінен бұл күнге шейін жүрсе, Елубай, Серкелердің қатарын молайтатыны даусыз еді. Өсіп қалар еді, бірақ олар да орнықпай, жылжып кетті. Бірін жауапты қызмет орын тартты. Кейбірі мұғалімдік қылса да, үй ішімен күйлірек тұратын жағдай бар ма деп соны іздеп кетті. Осындай байыздамайтын, жылжығыштықтың түп себебі неде? Себебі, бәрін де шын театр кадры қып, театрмен, сахна өнерімен нық байланыстыратын білімнің, мамандықтың жоқтығы. Әлі күнге өз өнерінің білімін оқып шыққан бірде-бір актеріміз жоқ. Негізгі бес-алты адамды алсақ, солардың да актерлігі — білім мен мамандыққа тірелген емес, ұдайы қараңғыны сипалағандай, интуицияға сүйенген өнер. Шынында, бүкіл дүние сахнасының тарихында оқымай ірі актер боп шыққан адам бірен-саран ғана емес пе? Орыс театрының тарихында ол — Щепкин5 ғана: Мамандық білім болмауы біздің жаңа бастаған актеріміздің көбінің көңіліне орныққан, нық тиянақ бермейді. Өзіне өзінің сенімі жоқ. "Өмір бойымен кете барғанда, жақсы актер болсам жарады, бола алмасам жер ортасы көк төбеде қалып қоям ба", — деп те ойлайтындар болады. Міне, бұрын бәрі осы күнге шейін болған актер кезегендігінің түп себептері. Білім бермей, актерді өз-өзіне көндіре алмаймыз, өсуіне жол азық болатын сүйеу, таяныш бере алмаймыз, солардың жолдарынан барып театр өмірінің асыл қоры болатын кадрды да құрай алмай отырмыз.

Музыка жайына келсек, мұндағы қиыншылық театрдікінен де ауып жатыр. Бізге өзіміздің күйлі драма, күйлі күлкі, оперетта, опера сияқты мәдениленген күйлердің үлгісін жарыққа шығаратын кез де жетіп еді. Бірақ біз әлі күнге ескі қордың өзін де меңгеріп алғамыз жоқ. Орнымен керекке жарату ісін де ретке қоя алмай келеміз. Ескі қорға келгенде, оның тұрған қалпын жазып алып, ескілік белгісі есебінде өшіп, жоғалып қалмастай қып сақтап қалу — бір жұмыс. Ол — музыка этнографының6 жұмысы. Бірақ ескі өн-күй жайындағы біздің іс жалғыз бұл болып қана тоқтамайды. Енді сол ескі қорды біз түрі ұлттық, мазмұны социалистік мәдениеттің керегіне жаратуымыз қажет. Мәселе оның қатып тұрған, айнымас қалпын тамашалауда емес. Сол мұраны баурап жеңіп, билеп алып-революция керегіне жаратуда. Іс, творческое преодоление мәселесінде7. Осы ретте қазақтың ескі ән-күй қорына мәдениет қолы боп араласқан Затаевич8 қолын көріп жүрміз. Ол көп жерде ескіні жинаушы ғана емес, өз жанынан, өз басынан тұр қосушы, қошқар мүйіз болушы боп та араласып кетеді. Барлық гармонизация дегендері ескі музыкаға жеке адамның өз қоспасын әкеп тығуы сияқты көрінеді. Бұл тегі жақсы ма, жаман ба, керек пе, керексіз бе, өз кадрымыз болмағандықтан оны айыру әңгімесі де бізге қиын. Жөне ән-күй мұрасының өзі қазақта алуан-алуан.

Онан соң бүгінгі мемлекет театрымыз да тегінде бір-ақ театр болып тұрмайды. Бұдан ұсақ формалар аралас музыка театры мен жас буын театры — ТЮ310-дің бөлініп шығып, жеке –жеке театрлар жасауы да бүгінгі күн тәртібінде тұрған мәселелер. Және Қарағанды, Риддер, Балқашстрой, Қарсақпай, жұмысшы театрынсыз отыру мүмкін емес. Осы жайлардың барлығы соңғы екі жыл бойында үлкен көңіл бөліп, нық ойлап келген Қазақстан үкіметі мен өлкелік партия комитеті енді осындайлық шабандап, кенжелеп қалған бір саланы, өнер саласын мықтап қолға алуға кірісіп отыр.

Жақында шыққан Совнарком қаулысы11 үкімет басындағы ірі қызметкерлердің театр, музыка кадрын жасауды белсене қолға алғанын анық дәлелдейді. Совнарком қаулысы бойынша енді Қазақстан атына лайық ірі-ірі істер істелмек. Өнер кадрын жасау қаулыда бірнеше сатыға бөлінген. Соның бір жолы, үлкен сенімді, өнімді жолы театр, музыка техникумы болады. Биылғы 1933-34 жылдың ноябрінде жүз отыз кісі алынуы керек, стипендия жүз, жүз елу сом. Оқушының жарымы театр, жарымы музыка мамандығына үйренеді. Техникум, орта дәрежелі мектеп, дәрежелі мектеп боп қалыптану үшін оған даярлауыш оқу басқа бір бастауыш мектепте оқылған болу керек. Сол үшін биылғы жылдарда курс ашылады. Ал түбегейлі курс оқушы кадрын даярлап отыратын қып, қырық-елу балалық бір детдомды12 бастауды музыка мектебіне айналдырады. Мінеки, кадр даярлау ісінің жоспарланған өрісті, өнімді жолы — осы.

Мұнымен қатар, қазірде бастығы мемлекет театры боп, дәл бүгіннің өзінде кадрға мұқтаж болып отырған көп театр, клубтар бар. Кісі жоқтықтан іргесі көтерілмей отырған талай-талай жұмысшы театры, жастар театры сияқты үлкен істер бар. Осының бөрі — кадрды жалғыз техникумнан тосып отыруға болмайды. Совнарком қаулысы сол себепті екінші жолдар белгілеген. Мұның ішіндегі ең ірі жұмыс — Москвадағы театр дүкенін (мастерскойын) ашу. Ол дүкен биыл күз отыз кісіні алса, үш жылда сол отыз кісі тұтасымен кеп, бір театрды ұстап тұра қалатын тұтас бір коллектив болады. Режиссері, бас рольдің, орта рольдің актері — барлығы да сол отыз кісінің өз ішінен жіктелген, екшелген болады. Біздікіндей шабандап қалған істерге үлкен бір көмекті осыдан күту керек. Қазір театр саны жиырманың ішіне кіріп отырған Өзбекстан республикасының тәжірибесі де осы екен. Жаңағы дүкеннен шыққан үш-төрт коллективі бар.

Жалғыз-ақ, біздің Наркомпрос13 келесі күзден бастап осы отыз адамды қалайда болса тауып, сол дүкенге жіберетін болу керек. Жаңа алынатын адамы сол үш жыл ішінде актерлік мамандығын баурап аларлықтай, оқу-білімі, дайындығы бар адамдардан құралу қажет. Сонымен бірге өткен қыс, 32-33 жылдың тәжірибесін, жаман тәжірибесін естен шығармау керек. Грузиядағы Руставели театрының студиясына жіберген тоғыз адам, Москваға театр комбинатына өз бетімен барып түскен жеті адам қыс ортасында тегіс оқуын тастап, Қазақстанға қайта шұбырып келген. Солар күздігүні жіберілгенде Наркомпростың арттарыңнан стипендия жіберіліп тұрады деген уәдесімен кетіп еді. Қыс ортасына шейін уәделі стипендиядан жарытымды еш нәрсе алмай, киімдерін сатып, ашығып, қарызданып Алматыға жетудің өзіне зар болған. Бұлардың осындай халге ұшырауына себепші кім?

Себепші — Наркомпростың бухгалтериясы дейді. Мезгілімен стипендия жіберуді ұмытып кеткен. Не болмаса, оның соншалық қажеттігін елемеген. Міне, ендігі кадр жасау ісінде алдымен осындай салақтықпен алысуы керек. Мұның көп жерде салақтық қана емес, үлкен кесірге аймалатынын ұмытпау керек. Талай үлкен іс, үлкен ниетті осындай меңіреу, бітеу керенаулық өшіре, өлтіре салатыны болады. Алдымен, сол жойылу керек.

Оқимын деген шартпен келетін болса, оқысын, болмаса іс істей жүріп, студиядан оқимын дегені болса, ол тілегенін алсын. Қалай да сол пісіп қалған кадр түгелімен өз театрын қайта табуы қажет.

Соңғы жылдарда Қазатком, Совнарком, Крайкомның14 ісіне басшылық істеп келе жатқан бас адамдарымыздың тұтасымен жұмылып театр, музыка ісіне қатты көңіл бөлулері — бұл майданды сүйетін адамның қайсысына болса да үлкен сенім, екпін беріп отыр. Сондай зор бейілдің үлкен тарихи бір белгісі — жаңағы Совнарком қаулысы. Тек енді осы тез, тұтас іске ассын. Сонда біздің өнер саласында да көрнекті бір белге шығып қалуымызға күдік болмайды, сенім артады.

Мухтар Ауезов

Бөлісу: