Қызылорда облысының әкімі Болатбек Қуандықов «Нұр Отан» ХДП бөлімшесінің бастығы болып с

5 Желтоқсан 2012, 11:17

Қызылорда облысының әкімі Болатбек Қуандықов «Нұр Отан» ХДП аймақтық бөлімшесінің бастығы болып сайланды (ФОТО), деп хабарлады BNews.kz тілшісі облыс әкімшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. Бүгін «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясы Қызылорда облыстық бөлімшесінің кезекті ХI есептік-сайлау конференциясы өтті. Бөлімшенің саяси бюросы мен ревизиялық комиссиясының атқарылған жұмысы туралы есептер тыңдалды. Партиялықтар жалпы осы құрылымдардың жұмысын қанағаттанарлық деп бағалады. Ақпаратқа сәйкес, есептік-сайлау конференциясында сөз сөйлеген «Нұр Отан» ХДП хатшысы Елдар Сыздықов облыс әкімі Болатбек Қуандықовты «Нұр Отан» ХДП облыстық бөлімшесінің төрағасы етіп сайлауды ұсынды. Бұл ұсынысты барлығы бір ауыздан қолдады. Аймақ басшысы оған артылған сенім үшін нұротандықтарға алғысын білдірді және оған сеніп тапсырылған қызметке барлық күш-жігерін жұмсайтынын айтты.  

Қызылорда облысының әкімі Болатбек Қуандықов «Нұр Отан» ХДП аймақтық бөлімшесінің бастығы болып сайланды (ФОТО), деп хабарлады BNews.kz тілшісі облыс әкімшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Бүгін «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясы Қызылорда облыстық бөлімшесінің кезекті ХI есептік-сайлау конференциясы өтті. Бөлімшенің саяси бюросы мен ревизиялық комиссиясының атқарылған жұмысы туралы есептер тыңдалды. Партиялықтар жалпы осы құрылымдардың жұмысын қанағаттанарлық деп бағалады.

Ақпаратқа сәйкес, есептік-сайлау конференциясында сөз сөйлеген «Нұр Отан» ХДП хатшысы Елдар Сыздықов облыс әкімі Болатбек Қуандықовты «Нұр Отан» ХДП облыстық бөлімшесінің төрағасы етіп сайлауды ұсынды. Бұл ұсынысты барлығы бір ауыздан қолдады. Аймақ басшысы оған артылған сенім үшін нұротандықтарға алғысын білдірді және оған сеніп тапсырылған қызметке барлық күш-жігерін жұмсайтынын айтты.

 

Бөлісу: