Ордабасы ауданы

5 Желтоқсан 2012, 11:16

  Ордабасы ауданы – Оңт. Қазақстан обл-ның оңт-нде орналасқан әкімш. аумақтық бөлік. 1964 ж. құрылған. 1993 жылға дейін Бөген ауданы деп аталып келді. Аум. 2,7 мың км2. Тұрғыны 83,3 мың адам (2004). Аудандағы 59 елді мекен 9 ауылдық округке біріктірілген. Орт. – Темірлан а. О. а-ның жер бедері жазық. Оңт. бөлігі солт-не қарағанда біршама көтеріңкі және бұл бөлігі Арыс өз-нің салаларымен сай-жыраларға тілімденген. Ауданның ең биік жері Қайнар а-ның шығысында (383 м). Жер қыртысы Тұран плитасының эпигерциндік құрылымынан түзілген. Оның үстін төрттік жүйенің аллювийлі шөгінділері жапқан. Мезозойға дейінгі жер қыртысы 1000 – 1500 м тереңдікте. Жер қойнауынан құрылыс материалдары барланған. Климаты континенттік. Қысы қысқа, жұмсақ, жазы ұзақ, ыстық және аңызақты. Қаңтар айының жылдық орташа темп-расы –3 – 5ӘС, шілдеде 26 – 28ӘС. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. 200 – 380 мм. Желдің басым бөлігі шығыс, оңт.-шығыс бағыттан соғады. Орташа жылдамд. 3 – 5 м/с. Желдің әсерінен жазда ауданның гидротерм. көрсеткіші төмендеп (0,3 – 0,4), ылғалдылық мөлшері кемиді де, аңызақ, құрғақ және ыстық кезең қалыптасады. Аудан арқылы Арыс өз. мен оның салалары – Боралдай (оң саласы), Бөржар, Бадам, Шұбарсу, т.б. ағып өтеді. Ауданның орт. бөлігінде Бөген бөгені салынған. Одан Арыс – Түркістан каналы тартылған. Бөгеннің оңт-н бойлай Арыс каналы жүргізілген. Жер асты суы девон, таскөмір қабаттарында, 30 – 50 м тереңдікте жатыр. Грунт сулары 3 – 8 м, кейбір жерлерде 8 – 12 м тереңдіктегі палеоген-неоген қабаттарында кездеседі. Топырақ жамылғысында карбонатты сұр, сортаңды бозғылт сұр топырақ басым. Өзен аңғарларында шалғынды сұр топырақ қалыптасқан. Жерінде қияқ, қоңырбас, солт-нде бозжусан, көкпек, сарсазан, баялыш, күйреуік тәрізді өсімдіктер өседі. Ауданның солт-нде бозжусан, ши аралас эфемероидті өсімдіктер бар. Дәрілік өсімдіктерден қара меңдуана, тұмаршөп (жұмыршақ), т.б. кездеседі. Аудан халқы көп ұлтты, басым бөлігін (94%) қазақтар құрайды. Халықтың орташа тығызд. 1 км2-ге шаққанда 30,9 адамнан келеді. Ірі елді мекендері: Темірлан (12,7 мың адам), Төрткөл (6,3), Бадам (5,1), Бөген (4,2), Қайнар (3,5), Қарааспан (3,4), Шұбар (3,4), Қарақұм (3,2), т.б. О. а-ның бұрынғы аумағында 1996 жылға дейін 6 мақта, 1 көкөніс-сүт, 2 жүзім, 4 қой, 1 дәрілік өсімдік өсіретін кеңшарлар, 3 құс фабрикасы, ауданаралық мал бордақылау бірлестігі болған. Ауданның нарық экономикасына өтуіне байланысты олардың негізінде а. ш-мен айналысатын 1600-ден астам жеке шаруа қожалықтары, 30-дан астам ЖШС, 130-дай ӨК және 2 АҚ жұмыс істеуде. Ауданның өнеркәсіп саласында 35 кәсіпорын жұмыс істейді. Олар негізінен а. ш. өнімдерін өңдеумен айналысады. А. ш. жалпы өнімінің құрылымында шитті мақтаның үлесі 8,9%-ды құрайды. 2003 ж. а. ш. тауарын өндірушілер 5482,1 млн. теңгенің өнімдерін шығарды. Бұл облыста өндірілетін өнімнің 6,6%-ын құрайды. А. ш-на жарамды жердің аум. 246,5 мың га. Егіс аумағының құрылымында дәнді дақылдар мен бұршақ (37,0%) басым. 24,8%-ы – мақтаға тиесілі. Облыстағы барлық мүйізді ірі қараның 7,3%-ы, қой мен ешкінің 5,9%-ы, жылқының 6,6%-ы, құстың 9,1%-ы өсіріледі. 2003 ж. өнеркәсіп өнімдерінен 29,8 мың м3 табиғи құм және қиыршық тас, 15,6 мың м3 қыш кірпіш өндірілді. Ауданда 2003 ж. 5 аурухана, 42 фельдш.-акушерлік пункт, 6 ауылдық отбасылық амбулатория жұмыс істеді. Жалпы білім беретін 60 мектеп, мектеп жасына дейінгі 2 балабақша бар. О. а. арқылы Шымкент – Қызылорда т. ж. және Шымкент – Түркістан – Қызылорда автомагистралы өтеді. І. Ахметов  

 

Ордабасы ауданы – Оңт. Қазақстан обл-ның оңт-нде орналасқан әкімш. аумақтық бөлік. 1964 ж. құрылған. 1993 жылға дейін Бөген ауданы деп аталып келді. Аум. 2,7 мың км2. Тұрғыны 83,3 мың адам (2004). Аудандағы 59 елді мекен 9 ауылдық округке біріктірілген. Орт. – Темірлан а. О. а-ның жер бедері жазық. Оңт. бөлігі солт-не қарағанда біршама көтеріңкі және бұл бөлігі Арыс өз-нің салаларымен сай-жыраларға тілімденген. Ауданның ең биік жері Қайнар а-ның шығысында (383 м). Жер қыртысы Тұран плитасының эпигерциндік құрылымынан түзілген. Оның үстін төрттік жүйенің аллювийлі шөгінділері жапқан. Мезозойға дейінгі жер қыртысы 1000 – 1500 м тереңдікте. Жер қойнауынан құрылыс материалдары барланған. Климаты континенттік. Қысы қысқа, жұмсақ, жазы ұзақ, ыстық және аңызақты. Қаңтар айының жылдық орташа темп-расы –3 – 5ӘС, шілдеде 26 – 28ӘС. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. 200 – 380 мм. Желдің басым бөлігі шығыс, оңт.-шығыс бағыттан соғады. Орташа жылдамд. 3 – 5 м/с. Желдің әсерінен жазда ауданның гидротерм. көрсеткіші төмендеп (0,3 – 0,4), ылғалдылық мөлшері кемиді де, аңызақ, құрғақ және ыстық кезең қалыптасады. Аудан арқылы Арыс өз. мен оның салалары – Боралдай (оң саласы), Бөржар, Бадам, Шұбарсу, т.б. ағып өтеді. Ауданның орт. бөлігінде Бөген бөгені салынған. Одан Арыс – Түркістан каналы тартылған. Бөгеннің оңт-н бойлай Арыс каналы жүргізілген. Жер асты суы девон, таскөмір қабаттарында, 30 – 50 м тереңдікте жатыр. Грунт сулары 3 – 8 м, кейбір жерлерде 8 – 12 м тереңдіктегі палеоген-неоген қабаттарында кездеседі. Топырақ жамылғысында карбонатты сұр, сортаңды бозғылт сұр топырақ басым. Өзен аңғарларында шалғынды сұр топырақ қалыптасқан. Жерінде қияқ, қоңырбас, солт-нде бозжусан, көкпек, сарсазан, баялыш, күйреуік тәрізді өсімдіктер өседі. Ауданның солт-нде бозжусан, ши аралас эфемероидті өсімдіктер бар. Дәрілік өсімдіктерден қара меңдуана, тұмаршөп (жұмыршақ), т.б. кездеседі. Аудан халқы көп ұлтты, басым бөлігін (94%) қазақтар құрайды. Халықтың орташа тығызд. 1 км2-ге шаққанда 30,9 адамнан келеді. Ірі елді мекендері: Темірлан (12,7 мың адам), Төрткөл (6,3), Бадам (5,1), Бөген (4,2), Қайнар (3,5), Қарааспан (3,4), Шұбар (3,4), Қарақұм (3,2), т.б. О. а-ның бұрынғы аумағында 1996 жылға дейін 6 мақта, 1 көкөніс-сүт, 2 жүзім, 4 қой, 1 дәрілік өсімдік өсіретін кеңшарлар, 3 құс фабрикасы, ауданаралық мал бордақылау бірлестігі болған. Ауданның нарық экономикасына өтуіне байланысты олардың негізінде а. ш-мен айналысатын 1600-ден астам жеке шаруа қожалықтары, 30-дан астам ЖШС, 130-дай ӨК және 2 АҚ жұмыс істеуде. Ауданның өнеркәсіп саласында 35 кәсіпорын жұмыс істейді. Олар негізінен а. ш. өнімдерін өңдеумен айналысады. А. ш. жалпы өнімінің құрылымында шитті мақтаның үлесі 8,9%-ды құрайды. 2003 ж. а. ш. тауарын өндірушілер 5482,1 млн. теңгенің өнімдерін шығарды. Бұл облыста өндірілетін өнімнің 6,6%-ын құрайды. А. ш-на жарамды жердің аум. 246,5 мың га. Егіс аумағының құрылымында дәнді дақылдар мен бұршақ (37,0%) басым. 24,8%-ы – мақтаға тиесілі. Облыстағы барлық мүйізді ірі қараның 7,3%-ы, қой мен ешкінің 5,9%-ы, жылқының 6,6%-ы, құстың 9,1%-ы өсіріледі. 2003 ж. өнеркәсіп өнімдерінен 29,8 мың м3 табиғи құм және қиыршық тас, 15,6 мың м3 қыш кірпіш өндірілді. Ауданда 2003 ж. 5 аурухана, 42 фельдш.-акушерлік пункт, 6 ауылдық отбасылық амбулатория жұмыс істеді. Жалпы білім беретін 60 мектеп, мектеп жасына дейінгі 2 балабақша бар. О. а. арқылы Шымкент – Қызылорда т. ж. және Шымкент – Түркістан – Қызылорда автомагистралы өтеді.

І. Ахметов

 

Бөлісу: