Орта ғасырлардағы қытайдың мәдениеті мен өнері
Қала, қолөнер және сауда
III-VII ғасырлар аралығында Қытай мемлекетінде қалалар көбейе бастады. Үздіксіз соғыстарда қалалар қирап,орнына қайтадан жаңа қалалар бой көтеріп отырды. Қалалар негізінен сауда жолдарында, теңіз жағаларында салынды. Ежелгі Қытай мемлекетінде Чанъань, Лоян, Тайюань, портты қала Гуанчжоу өсіп жетілді Қалалар көркейіп, қолөнер мен сауданың орталығына айналды. VII-IX ғасырларда темір өндіру ұсталық өнердің күшеюіне әкеліп, темірден шеге, кемелерге керекті зәкір, ауыл шаруашылығына қажетті құралдар шығарыла бастады. Мата тоқу өндірісі кең етек алды. Мата мақтадан тоқылды. Ежелгі қыш өндірісімен қатар фарфор өндірісі жедел өркендеді. Қытай фарфоры күні бүгінге дейін дүние жүзіне әйгілі. Сонымен қатар кітап басу ісі тез дами бастады. Қағаз өндіріліп, баспаханалар салынып, кітапты көптеп шығару қолға алынды.
VI-VIII ғасырлар аралығында сауда жедел дамыды. Қалаларда жәрмеңкелер ұйымдастырылып, ішкі сауда күшейді. Қала саудасы тұрақты дүкендер мен жайма базарында жүргізілді. Сонымен бірге жекелеген тауарлар сатумен айналысатын базарлар да болды. Мысалы, жібек базары, дәрі-дәрмек, мал, киім, зергерлік бұйымдар сататын базарлар жұмыс істеп тұрды.
Ішкі саудамен қатар, сыртқы сауда да дамыды. Монғолиямен, Оңтүстік Сібір елдерімен сауда жүргізілді. Дүние жүзіне әйгілі болған Ұлы Жібек жолымен Жоңғария, Қашғария және Жетісу, Оңтүстік Қазақстан, Өзбекстан, Түрікменстан арқылы Батыс Еуропа елдерімен сауда жасалды. Сауда керуендері Қытайдан жібек мата, шай, қағаз, алтын және күмістен жасалған тауарлар, сырлы қыш ыдыстар, дәрі-дәрмек т.б. артып, ұзақ қиырларға сапар шекті. Қытай теңіз арқылы да әр түрлі елдермен сауда жасады. Теңіз саудасының орталығы Цзяжу, Чжаньцзян, Гуанчжоу портты қалалары болды. Теңіз арқылы үнді, парсы, араб елдерімен сауда жасасты. Тынық мұхит аралдары және Жапония елімен сауда жүргізді. Сауда кеме өндірісінің өсуіне әкелді. Ірі сауда кемелері 600-700 адамға дейін алып жүре алатын дәрежеге жетті. Сауда ақша айналымын өсірді. Қытай - ежелден теңге шығарып келген ел. XI ғасырдың басында Қытайда қағаз ақша шыға бастады.
V-IX ғасырлардағы Қытай мәдениеті
V-VI ғасырларда Қытай мемлекетінде өнер, әдебиет және ғылым дами бастады. Адамдардың табиғат жөніндегі танымы кеңейіп, халық емшілігі, аспан әлемі туралы көптеген ғылыми жаңалықтар ашылды. Жоғарыда айтқанымыздай, Ежелгі Қытайда кағаз жасау, кітап шығару, шөптердің құрамын біліп, дәрілер әзірлеу ерте дамыды. Халық емшілігі ғылымы дүние жүзіне әйгілі бола бастады.
Будда дінінің таралуы жаңа дүниетаным тудырып, идеалистік көзқарас қалыптасты. Материалистік танымның негізін қалаған философ Фань Чжэнь еңбегінің маңызы зор болды. Қытай жиһангерлерінің еңбегі жаңа жерлерді білуге мүмкіндік ашты. Қытай географтары Үндістанға, Орта Азия елдеріне сапар шегіп, ондағы тұрғын халықтар өмірінен еңбектер жазды. 645 жылы Үнді жеріне барған Сюань Цзянь үнді халықтарының тарихы туралы кітап жазды.
Ян Цзянь мен Ян Гуан император сарайында кітапхана жинақтады. Қытайда каллиграфиялық жазудың негізі қаланды. Қытай мәдениеті будда идеологиясының ықпалында дами бастады. Будда шіркеуінде және оның маңында Будданың бейнесін салу, пагода тұрғызу (бірнеше қабат биік мұнаралар) қолға алынды.
VIII-X ғасырлар аралығында Қытайда білім беру, оқу ісі дами бастады. Көптеген мектептер ашылып, халықты жазу, окуға үйрету қолға алынды. Қытайда ақындар мен жазушылар көбейді. Ақындар Ли-Бо (701-762), Ду Фу (712-770), Бо Цзюй-и (772-846) еңбектері дүниежүзілік классикалық қорға қосылды. Қытай жазушысы Хань Юй (768-824) будда дінін сынап еңбек жазған. Адам тағдыры, әлеуметтік теңсіздік оның өлеңдері мен романдарының негізгі арқауы болды. Бұл кезеңде Қытайда будда және даосизм ілімдерін уағыздаушы конфуцийлік ағым кең етек алды.