Мұхтар жолдастың сөзі ІІ нұсқа

5 Желтоқсан 2012, 10:44

Мұхтар жолдастың сөзі Жолдастар, мен сөзімді схематизм жөнінен бастаймын. Мен соңғы уақытта жастар өмірінен "Тас түлек" дейтін пьеса жаздым. Жазғанда жаман болады деп жазғаным жоқ. Жұртшылық та жаман қарсы алған жоқ. Кейін өзімді-өзім сынау ретінде, ойлаңқырап қарасам бірнеше кемшіліктерім барлығын көрдім. Кешегі "Тас түлекте" схематизм бар деп сөйлеген жолдастардың сөздерінде бірталай дұрыстық бар деймін. Мен де өзара сын ретінде осы жөнінде айтпақпын. "Тас түлекте" тарихи үлкен көлемді оқиғалардың бәрі де аттама-көктемеге түсіп кеткен көрінеді. 28-жылдан бергі ұлы салалы дәуірлер, тартыс дәуірлері нешелерді өзгертіп, қайта туғызып жаңадан түлетіп өсірген дәуір. Мен осы үлкен дәуірдің өсулерін қысқалай қармаған сияқтымын, үстірт, жеңілдеу кеткен сияқтымын. Жеңіл ойлап кеткен сияқтымын. Пьеса ішіндегі схематизм алған адамдардың жалаң кім еді? кім болды? деген сұрауға айқын ашық жауап беру мақсатын алға қойып, соған лайық мысалдар іріктеп алумен ғана кетіп қалыппын. Кешегі езілген жалаң аяқ қазақтың кедейінің баласы бүгінгі күнде инженер, профессор болды деген бір өсу жолының басы мен аяғы, адамдарды тарихи үлкен өткелдерден тартыстардан қалай өткенін, ілгерілеудің қиыншылықтарын тұтас көрсетпей тұрғы-тұрғы күйінде аттап өтіп кетіппін. Мұның ішінде тарихи қаталықтармен қатар саяси қаталықтарға ұрынған болуым да мүмкін. Оқиға жеңіл күйде көрсетілуі керек емес еді. Үлкен-үлкен шығарманың желісін көрсету керек еді. Бұл менің істегі, әдістегі кемшіліктерім болса, екінші бір үлкен кемшілік совет драматургиясы қатарында жүрген хронология әдісін сахнада көрсетушілік бар. Осы әдіспен жазылған Петр Первыйдың жүргенінен бастап, сақалы ағарып, өлуге айналған заманына дейін келеді. Бірақ шебер етіп істегендіктен бұл кемшілік байқалмайды. Осы әдісті пьесада қолданып, 8-10 жылдық өмір ішіндегі оқиғаны қамти алуым қолайсыз болып шықты. Содан кейінгі бір нәрсе жастардың өмірін жеткілікті түрде білмейтіндігім, үлкен қоғамдық тарихтағы жастардың орнын, рөлін аз білетіндігім көрінді. Жастардың жолдастық мәселелері, әйел мәселелеріне көзқарасы, туысқандық көзқарасы бұл пьесамда жеңіл көрсетіліп кеткен сияқты. Осы пьесалардың кемшіліктерін айтумен бірге 32-жылғы ең алғашқы совет бағытындағы жазамын деген "Октябрь үшін" атты пьесам еді. Мұны Ілияс, Қанабек, Орынбекпен ақылдасып отырып жазып шыққан мен едім. Пьесаны Фурмановтың "Мятежіне" сәйкестендірем деген едім. Пьеса сол кезді жете зерттеп білмегендіктен "Мятеждің" ізімен жазған нәрсе болып шықты. Қай пьесаны болса да оқиғаны ғылыми тексермей жазуға болмайды. Сезінумен, қалыппен тереңдеп бойлау керек. Міне бұл ол пьесаның тұсында болмаған еді. Жастардың жайшылықтағы өмірін терең түсінбегендік бұл ретінде кемшілікке соққан сияқты. Дерзание деген нәрсе бар, бүгінгі жастардың жайындағы тақырыпқа әлі де жақындай алмай келеміз. Осы жолда үлкен талап етемін деп едім, осыған көп әзірлік жасай алмай келемін. Жастар жайында жазып келе жатқан бір пьесам бар. Мәскеуде жартысын жазып келдім. Жастардың арасында көбірек болып, солардың арасынан, жеке-жеке топтардың арасынан бірталай мәліметтер жиып алып жазғалы отырмын. Менің соңғы кездегі шығармамның ойдағыдай болмауы бұл жұмысқа қайта ұрындырып отыр. Жазушы әдейі жаман етіп шығарайын демейді, әзірліктің шамалылығынан 15 жылдыққа арнаған пьесам дұрыс шыға алмады. Сол тақырыптың өзін осы жастар жайындағы жаңа пьесамен жөндеймін деп ойлаймын. "Правда" көтерген әдебиеттегі формализм, натурализммен күресе отырып, жақсы шығарма жасау жөніндегі айтысымыз деловой түрде келе жатыр. Бұрынғы уақыттарда айтылмай, айтса ажарға қарап айтылатын нәрсе батыл айтылып келе жатыр. Сын ретінде көтерілу керек. Міне бұл айтыс жөнінде біздің жалпы әдебиеттегі жаңа салаға түсуге беттеуге әзірлік болады ғой деймін. Біздің әдебиеттің кәзіргі үлкен кемшіліктерінің бәрін жолдастар айтып өтті. Бізде обобщение жоқ дейді. Үлкен жазушылар үлкен, кесек образ жазумен әлемге әйгілі. Пушкинді алсақ "Евгений Онегинмен", Гетені алсақ "Фаустпен" аты шықты. Сол өз заманының жиынтық образын көрсете білгендікпен дүниеге танылды. Үлкен образ — үлкен ойдың туындысы. Біз сол үлкен образ жайындағы әңгімеге келетін болсақ, үлкен образды іздеп жүрген адамдарымыз кем. Жақсы әдебиет — заманының үлкен адамының жинақты образын беру арқылы жасалу керек. Біздің стахановшылар Октябрь төңкерісі арқылы үлкен техниканы толық меңгеріп білу арқылы бүкіл Кеңестер Одағында алға шығып отырса, біздің жазушыларымыз да сол стахановшылар заманында өз саласының техникасына жетуі керек еді. Кеңестер Одағы әдебиетінің алдыңғы қатарына біздің шығармаларды көтеру керек еді. Біз осы жағынан жоғарғы сатыға жете алмай отырмыз. Бұған айқын тұрған бір белгі — әдебиетіміз куә. Біздің әрқайсымыз тәжірибемізде де, менің өз басымда да бар. Сәбит, Сәкен, Бейімбеттің басында да бар. Біз шығармаларымызды басынан қайта қарап, тексереміз. Сондықтан ойлану, толғану, қиналу деген бізде өте аз. Біздің шығармаларымыздың тәжірибесіндегі бір кемшілік бізде тереңдеудің орнына, қанат жайып қалықтау орнына, бір шығарманы екінші шығармадан кеңейтіп шығару, толықтырудың орнына, тереңдеудің орнына біреуіне біреуі ұқсас тұрады. Бұл жерде творчество қатты сабақ болмайды. Бұл ретте халық фольклорынан көп үйренуіміз керек. Халық фольклорының топырағына аяқты тіреп, алға секіруіміз керек. Халық фольклорының өз ғана мақсаты емес, біз халық әдебиетінің барлық жақсы қасиеттерін өз бойымызға сіңіріп алуымыз керек. Біздің бүгін таңдағы революциядан кейінгі жалпы әдебиетіміз таптық мазмұн жағынан алғанда революциядан бұрынғы ескі әдебиеттің қай сатысынан болса да жоғары есептеледі. Проза деген нәрсе Октябрь төңкерісінің арқасында ғана туып отыр, әдебиетіміздің мазмұны терең түрде болуы төңкерістен кейін туып отыр. Сондықтан біздің бұрышы тарихымыздағы мәдениетсіздік бір жағынан ауыр жүк болды. Біздің әдебиеттегі жазушылардың, үлкен жазушылардың үш-төрт шығармаларына тоқтап өтпекпін. Кеше Әзімбай жолдас соңғы кездерде бір-екі-ақ ірі шығарма шықты деді. Меніңше, бұл аз. Үшеу-төртеулеген шығармамыз бар. Мысалы, Сәкеннің "Қызыл ат" деген шығармасы бар. Бұл шығармасы Сәкенді жұртшылыққа танытқан шығарма. Осы шығарманың үлгісіне еліктеп жазылған шығармалар бізде туып та отыр. "Қызыл аттың" творческий обобщениесі, қалың еңбекшілерге бере алатын жаңалық үлгілері бар. Бүкіл Қазақстанның мал шаруашылығы қалпының бет алысын, оның күйінен жазушының "Қызыл ат" образын алуы, ол үлкен әңгіме. Жалғыз бұл "Қызыл ат" қана емес, және Ілиястың "Даласы", Сәбиттің "Ақ аюы" бұл шығармалар жазушының жазушылық адымының құлашын көрсете алатын дәуірімізге сай шығарма. Бірақ бұлардың өз көлемінде аздаған кемшіліктер жоқ деуге болмайды. "Қызыл ат" бірталай мәселелердің басын түйген жазушының басындағы толқынын қалдырмай көпшіліктің ойына салған шығарма. Бірақ менің ойымша, "Қызыл аттың" кемшілігі тіл жағынан жеткілікті түрде істеліп бітпеген. Бұрынғы халықтың фольклорындағы жабайы образдарын жамай салмай жаңа түрлі кесте қосу керек еді. Бірталай жерлерде күшті келіп, кейбір жерлерде төмендеп кетіп отырады. Бір жерлерінде жаяулап келіп отырады. Тілдегі образдардың күшті болмағандығы асығыстың салдарынан болған нәрселер. Ілиястың "Даласы" біздің поэзиядағы үлкен шығарманың бірі деп есептейміз. Бірақ онда да көп кемшіліктер бар. Біздің поэмада үлкен проблема бар. Ол орыс тілінде жазып жүрген ақындардың алдында тұрған нәрсе — "Медный всадник", "Евгений Онегин", "Фауст" сияқты үлкен образды, сюжетті поэзия жазу. Дыбыс әсерімен жазылған "Қыз Жібектің" құнды болуы пішін ретінен күшті болып келе жатқаны өте шебер етіп алынған. Бейімбеттің шығармаларын айтқанда Бейімбетте натурализм өте күшті дегенді айтты. Шығармасында адамдарының қайталап отыратын бір қалпынан бастап Бейімбетте натурализмнің белгілі түрлерінің бар екені рас. Бірақ оны айтқанда ылғи "Шұғамен" ақтап алу дұрыс емес. Бұл жерде де "Майданды" айту керек. Ол қайта айналып қойылатын тарихи дәуірдің жиынтығы екені белгілі. "Поднятая целинадағы" қойылған проблема "Майданда" да әдемі қойылған. Бейімбеттің жазған желілерін алғанда социализм құрылысының бір сатысына үлкен белгі болып қаларлық деп айтпауға болмайды. Бізде үлкен келешегі бар, ойында тереңдік бар ірі жазушының бірі — Сәбит. "Ақ аюы" былтырғы шығарманың алды екенін жұрт айтты ғой, оның аяғы бітпеген. Челюскин жорығы деген Ілиястың бір еңбегі болды. Жорық очерк түрінде ғана жазылған. Ішкі мазмұны халықтың ұғымына бойлай алмайды. Сәбит туралы айтатыным. Ол өте асығыс істейді. Жылдам жазады. Соның нәтижесінде бір жазылған нәрселері екінші қайтара жазылмай басылып кетіп отырады. Жылдам жазу оның өнерлі екендігін көрсетеді, бірақ, шапшаңдықпен сапа тумайды. Оңай туған сапаны мәдени тарихта есіткен емеспін. Бейімбет өзінің бір жазғанын қайта-қайта тексереді. Бейімбеттің "Қоңсыларын" 32-жылы оқыған едім. "Аманкелді" пьесасына көшіріліп отырған бұрынғы Бейімбеттің "Шабуыл" дегені еді. Ол "Шабуыл" күшті болып шықпай асыққандықтың жемісі еді, "Аманкелді" күшті болып шығып, бірінші қатардан орын алғалы отыр. Жазатын адамның бірі — Бейімбет. Сәбит шығармалары жөнінде — жазушы техника жағынан проза шығарып жаза алатынын көрсетіп отыр.

Мұхтар жолдастың сөзі

Жолдастар, мен сөзімді схематизм жөнінен бастаймын. Мен соңғы уақытта жастар өмірінен "Тас түлек" дейтін пьеса жаздым. Жазғанда жаман болады деп жазғаным жоқ. Жұртшылық та жаман қарсы алған жоқ. Кейін өзімді-өзім сынау ретінде, ойлаңқырап қарасам бірнеше кемшіліктерім барлығын көрдім. Кешегі "Тас түлекте" схематизм бар деп сөйлеген жолдастардың сөздерінде бірталай дұрыстық бар деймін. Мен де өзара сын ретінде осы жөнінде айтпақпын.

"Тас түлекте" тарихи үлкен көлемді оқиғалардың бәрі де аттама-көктемеге түсіп кеткен көрінеді. 28-жылдан бергі ұлы салалы дәуірлер, тартыс дәуірлері нешелерді өзгертіп, қайта туғызып жаңадан түлетіп өсірген дәуір. Мен осы үлкен дәуірдің өсулерін қысқалай қармаған сияқтымын, үстірт, жеңілдеу кеткен сияқтымын. Жеңіл ойлап кеткен сияқтымын. Пьеса ішіндегі схематизм алған адамдардың жалаң кім еді? кім болды? деген сұрауға айқын ашық жауап беру мақсатын алға қойып, соған лайық мысалдар іріктеп алумен ғана кетіп қалыппын. Кешегі езілген жалаң аяқ қазақтың кедейінің баласы бүгінгі күнде инженер, профессор болды деген бір өсу жолының басы мен аяғы, адамдарды тарихи үлкен өткелдерден тартыстардан қалай өткенін, ілгерілеудің қиыншылықтарын тұтас көрсетпей тұрғы-тұрғы күйінде аттап өтіп кетіппін. Мұның ішінде тарихи қаталықтармен қатар саяси қаталықтарға ұрынған болуым да мүмкін. Оқиға жеңіл күйде көрсетілуі керек емес еді. Үлкен-үлкен шығарманың желісін көрсету керек еді. Бұл менің істегі, әдістегі кемшіліктерім болса, екінші бір үлкен кемшілік совет драматургиясы қатарында жүрген хронология әдісін сахнада көрсетушілік бар. Осы әдіспен жазылған Петр Первыйдың жүргенінен бастап, сақалы ағарып, өлуге айналған заманына дейін келеді. Бірақ шебер етіп істегендіктен бұл кемшілік байқалмайды. Осы әдісті пьесада қолданып, 8-10 жылдық өмір ішіндегі оқиғаны қамти алуым қолайсыз болып шықты. Содан кейінгі бір нәрсе жастардың өмірін жеткілікті түрде білмейтіндігім, үлкен қоғамдық тарихтағы жастардың орнын, рөлін аз білетіндігім көрінді. Жастардың жолдастық мәселелері, әйел мәселелеріне көзқарасы, туысқандық көзқарасы бұл пьесамда жеңіл көрсетіліп кеткен сияқты.

Осы пьесалардың кемшіліктерін айтумен бірге 32-жылғы ең алғашқы совет бағытындағы жазамын деген "Октябрь үшін" атты пьесам еді. Мұны Ілияс, Қанабек, Орынбекпен ақылдасып отырып жазып шыққан мен едім.

Пьесаны Фурмановтың "Мятежіне" сәйкестендірем деген едім. Пьеса сол кезді жете зерттеп білмегендіктен "Мятеждің" ізімен жазған нәрсе болып шықты.

Қай пьесаны болса да оқиғаны ғылыми тексермей жазуға болмайды. Сезінумен, қалыппен тереңдеп бойлау керек. Міне бұл ол пьесаның тұсында болмаған еді. Жастардың жайшылықтағы өмірін терең түсінбегендік бұл ретінде кемшілікке соққан сияқты.

Дерзание деген нәрсе бар, бүгінгі жастардың жайындағы тақырыпқа әлі де жақындай алмай келеміз. Осы жолда үлкен талап етемін деп едім, осыған көп әзірлік жасай алмай келемін. Жастар жайында жазып келе жатқан бір пьесам бар. Мәскеуде жартысын жазып келдім. Жастардың арасында көбірек болып, солардың арасынан, жеке-жеке топтардың арасынан бірталай мәліметтер жиып алып жазғалы отырмын. Менің соңғы кездегі шығармамның ойдағыдай болмауы бұл жұмысқа қайта ұрындырып отыр. Жазушы әдейі жаман етіп шығарайын демейді, әзірліктің шамалылығынан 15 жылдыққа арнаған пьесам дұрыс шыға алмады. Сол тақырыптың өзін осы жастар жайындағы жаңа пьесамен жөндеймін деп ойлаймын.

"Правда" көтерген әдебиеттегі формализм, натурализммен күресе отырып, жақсы шығарма жасау жөніндегі айтысымыз деловой түрде келе жатыр. Бұрынғы уақыттарда айтылмай, айтса ажарға қарап айтылатын нәрсе батыл айтылып келе жатыр. Сын ретінде көтерілу керек. Міне бұл айтыс жөнінде біздің жалпы әдебиеттегі жаңа салаға түсуге беттеуге әзірлік болады ғой деймін.

Біздің әдебиеттің кәзіргі үлкен кемшіліктерінің бәрін жолдастар айтып өтті. Бізде обобщение жоқ дейді. Үлкен жазушылар үлкен, кесек образ жазумен әлемге әйгілі. Пушкинді алсақ "Евгений Онегинмен", Гетені алсақ "Фаустпен" аты шықты. Сол өз заманының жиынтық образын көрсете білгендікпен дүниеге танылды. Үлкен образ — үлкен ойдың туындысы. Біз сол үлкен образ жайындағы әңгімеге келетін болсақ, үлкен образды іздеп жүрген адамдарымыз кем. Жақсы әдебиет — заманының үлкен адамының жинақты образын беру арқылы жасалу керек.

Біздің стахановшылар Октябрь төңкерісі арқылы үлкен техниканы толық меңгеріп білу арқылы бүкіл Кеңестер Одағында алға шығып отырса, біздің жазушыларымыз да сол стахановшылар заманында өз саласының техникасына жетуі керек еді. Кеңестер Одағы әдебиетінің алдыңғы қатарына біздің шығармаларды көтеру керек еді. Біз осы жағынан жоғарғы сатыға жете алмай отырмыз. Бұған айқын тұрған бір белгі — әдебиетіміз куә.

Біздің әрқайсымыз тәжірибемізде де, менің өз басымда да бар. Сәбит, Сәкен, Бейімбеттің басында да бар. Біз шығармаларымызды басынан қайта қарап, тексереміз. Сондықтан ойлану, толғану, қиналу деген бізде өте аз. Біздің шығармаларымыздың тәжірибесіндегі бір кемшілік бізде тереңдеудің орнына, қанат жайып қалықтау орнына, бір шығарманы екінші шығармадан кеңейтіп шығару, толықтырудың орнына, тереңдеудің орнына біреуіне біреуі ұқсас тұрады.

Бұл жерде творчество қатты сабақ болмайды. Бұл ретте халық фольклорынан көп үйренуіміз керек. Халық фольклорының топырағына аяқты тіреп, алға секіруіміз керек. Халық фольклорының өз ғана мақсаты емес, біз халық әдебиетінің барлық жақсы қасиеттерін өз бойымызға сіңіріп алуымыз керек.

Біздің бүгін таңдағы революциядан кейінгі жалпы әдебиетіміз таптық мазмұн жағынан алғанда революциядан бұрынғы ескі әдебиеттің қай сатысынан болса да жоғары есептеледі. Проза деген нәрсе Октябрь төңкерісінің арқасында ғана туып отыр, әдебиетіміздің мазмұны терең түрде болуы төңкерістен кейін туып отыр. Сондықтан біздің бұрышы тарихымыздағы мәдениетсіздік бір жағынан ауыр жүк болды. Біздің әдебиеттегі жазушылардың, үлкен жазушылардың үш-төрт шығармаларына тоқтап өтпекпін. Кеше Әзімбай жолдас соңғы кездерде бір-екі-ақ ірі шығарма шықты деді. Меніңше, бұл аз. Үшеу-төртеулеген шығармамыз бар. Мысалы, Сәкеннің "Қызыл ат" деген шығармасы бар. Бұл шығармасы Сәкенді жұртшылыққа танытқан шығарма. Осы шығарманың үлгісіне еліктеп жазылған шығармалар бізде туып та отыр. "Қызыл аттың" творческий обобщениесі, қалың еңбекшілерге бере алатын жаңалық үлгілері бар.

Бүкіл Қазақстанның мал шаруашылығы қалпының бет алысын, оның күйінен жазушының "Қызыл ат" образын алуы, ол үлкен әңгіме. Жалғыз бұл "Қызыл ат" қана емес, және Ілиястың "Даласы", Сәбиттің "Ақ аюы" бұл шығармалар жазушының жазушылық адымының құлашын көрсете алатын дәуірімізге сай шығарма. Бірақ бұлардың өз көлемінде аздаған кемшіліктер жоқ деуге болмайды. "Қызыл ат" бірталай мәселелердің басын түйген жазушының басындағы толқынын қалдырмай көпшіліктің ойына салған шығарма. Бірақ менің ойымша, "Қызыл аттың" кемшілігі тіл жағынан жеткілікті түрде істеліп бітпеген. Бұрынғы халықтың фольклорындағы жабайы образдарын жамай салмай жаңа түрлі кесте қосу керек еді. Бірталай жерлерде күшті келіп, кейбір жерлерде төмендеп кетіп отырады. Бір жерлерінде жаяулап келіп отырады. Тілдегі образдардың күшті болмағандығы асығыстың салдарынан болған нәрселер. Ілиястың "Даласы" біздің поэзиядағы үлкен шығарманың бірі деп есептейміз. Бірақ онда да көп кемшіліктер бар. Біздің поэмада үлкен проблема бар. Ол орыс тілінде жазып жүрген ақындардың алдында тұрған нәрсе — "Медный всадник", "Евгений Онегин", "Фауст" сияқты үлкен образды, сюжетті поэзия жазу. Дыбыс әсерімен жазылған "Қыз Жібектің" құнды болуы пішін ретінен күшті болып келе жатқаны өте шебер етіп алынған.

Бейімбеттің шығармаларын айтқанда Бейімбетте натурализм өте күшті дегенді айтты. Шығармасында адамдарының қайталап отыратын бір қалпынан бастап Бейімбетте натурализмнің белгілі түрлерінің бар екені рас. Бірақ оны айтқанда ылғи "Шұғамен" ақтап алу дұрыс емес. Бұл жерде де "Майданды" айту керек. Ол қайта айналып қойылатын тарихи дәуірдің жиынтығы екені белгілі. "Поднятая целинадағы" қойылған проблема "Майданда" да әдемі қойылған. Бейімбеттің жазған желілерін алғанда социализм құрылысының бір сатысына үлкен белгі болып қаларлық деп айтпауға болмайды.

Бізде үлкен келешегі бар, ойында тереңдік бар ірі жазушының бірі — Сәбит. "Ақ аюы" былтырғы шығарманың алды екенін жұрт айтты ғой, оның аяғы бітпеген. Челюскин жорығы деген Ілиястың бір еңбегі болды. Жорық очерк түрінде ғана жазылған. Ішкі мазмұны халықтың ұғымына бойлай алмайды. Сәбит туралы айтатыным. Ол өте асығыс істейді. Жылдам жазады. Соның нәтижесінде бір жазылған нәрселері екінші қайтара жазылмай басылып кетіп отырады. Жылдам жазу оның өнерлі екендігін көрсетеді, бірақ, шапшаңдықпен сапа тумайды. Оңай туған сапаны мәдени тарихта есіткен емеспін. Бейімбет өзінің бір жазғанын қайта-қайта тексереді. Бейімбеттің "Қоңсыларын" 32-жылы оқыған едім. "Аманкелді" пьесасына көшіріліп отырған бұрынғы Бейімбеттің "Шабуыл" дегені еді. Ол "Шабуыл" күшті болып шықпай асыққандықтың жемісі еді, "Аманкелді" күшті болып шығып, бірінші қатардан орын алғалы отыр. Жазатын адамның бірі — Бейімбет. Сәбит шығармалары жөнінде — жазушы техника жағынан проза шығарып жаза алатынын көрсетіп отыр.

Бөлісу: