Целиноград ауданы

5 Желтоқсан 2012, 10:22

Целиноград ауданы – облыстың оңт.-шығысында орналасқан әкімш.-аум. бірлік. 1928 ж. құрылған. Астана қ-нан 30 км, облыс орт. – Көкшетау қ-нан 350 км жерде орналасқан. Аудан солт-нде Шортанды, шығысында Ерейментау, Аршалы, батысында Қорғалжын, Астрахан аудандарымен, оңт-нде Қарағанды обл. жерімен шектеседі. Аудан аумағындағы 55 елді мекен 18 ауылдық округке біріктірілген. Аудан орт. – Ақмол а. (1949 жылға дейін – Новоишимка а. болды). Тұрғындарының саны – 52728 адам (2008). Тығызд. 1 км2-ге 6,7 адамнан келеді. Этник. құрамы: қазақтар – 31,3%, немістер – 28,2%, орыстар – 25,1%, украиндар – 5,5%, белорусьтер – 3,4%, татарлар – 1,9%, қалған ұлт өкілдері – 4,6%-ды құрайды. Жер аум. 8,3 мың км2. Жер бедері негізінен жазық. Батысы борпылдақ жыныстан түзілген сәл белесті жазық, шығысы ұсақ шоқылы белесті-төбелі жазық. Кен байлықтарынан силикаттық бұйымдар жасайтын құм, кірпіш шикізаты, отқа төзімді саз, минералдық бояу, құм, қиыршықтас, т.б. кездеседі. Климаты тым континенттік, құрғақ. Қаңтар айындағы жылдық орташа темп-ра – 17ӘС, шілдеде 19ӘС, жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. 360 мм. Аудан жері арқылы Есіл, Нұра, Сілеті, Ақжар, Қоянды, т.б. өзендері ағады. Көлдері көп. Олардың ішіндегі басты тұщы көлдері: Майбалық, Қосқопа, Жарлыкөл, Жалаңаш, Ұзынкөл, т.б. Жері негізінен қара және қызғылт қоңыр топырақты. Өсімдіктен бөрте жусан, ақ төскейшөп, бидайық, далалық сәлбен, шалғындық атқонақ пентүлкіқұйрық, селеу, бетеге, көде, өзен бойында қайың, көктерек, қарағай, терек, шегіршін, тал, шілік, т.б. бұталар өседі. Құстардан: дала бүркіті, ұзақ, сауысқан, дала бозторғайы, сары және ақ шақшақай, көкек, шалғын және дала құладыны, барылдауық үйреуік, шүрегей, қамыс сұлыкеші, т.б. мекендейді, сүт қоректілерден: дала суыры, сарышұнақ, қосаяқ, дала тоқалтісі, қасқыр, борсық, түлкі, қоян, ондатр, күзен, т.б. кездеседі. Аудан аумағында а. ш-на жарамды жер аум. 832,3 мың га, оның ішінде жыртылған жер 408,5 мың га, жайылымы 332,8 мың га. Ауданда 63503 ірі қара, 28967 шошқа, 2662 қой, 4271 жылқы, 1864 дана құстар бар. Ц. а-ның экономикасында негізгі сала – а.ш. Астық, а.ш., сүт, көкөніс бағытында 20 ұжымдық кәсіпорын жұмыс жасайды. Ауданның білім беру саласында 44 мектеп, оның 22-і орта, 12–і толық емес, 10 бастауыш мектеп, 3 мектепке дейінгі мекеме, 2 колледж болды. Денсаулық сақтау саласында 1– аудандық аурухана,10 жанұялыдәрігерлік амбулатория, 8 фельдш.-акуш. пункт, 29 фельдш. пункт халыққа қызмет көрсетті. 2 мәдениет үйі мен 9 кітапхана жұмыс жасайды. Аудан жерімен Астана – Қарталы, Қарағанды – Петропавл, Астана – Павлодар т.ж. өтеді.

Бөлісу: