Оңтүстік Қазақстан облысы

5 Желтоқсан 2012, 10:14

  ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ – Қазақстан Республикасының оңт-ндегі әкімш.-аумақтық бөлік. 1932 ж. 10 наурызда құрылған. 1962 – 92 ж. Шымкент обл. деп аталды. Аум. 117,3 мың км2. Тұрғыны 2,18 млн. адам (2004). Орт. – Шымкент қ. Солт-нде Қарағанды, шығ-нда Жамбыл, бат-нда Қызылорда облыстарымен, оңт-нде Өзбекстан Республикасымен шектеседі. Облыс құрамында 11 әкімш. аудан, 4 қалалық әкімдік, 7 қала (Шымкенттен басқа), 13 кент, 171 ауылдық округ, 932 ауыл бар. Табиғаты. Жер бедері. О. Қ. о-ның жер бедері негізінен жазық (орташа биікт. 200 – 500 м). Солт-нде тасты-сазды Бетпақдала шөлінің оңт.-батысы, Ащыкөл ойысы, Тоғызкентау жоны, Шу өз-нің төм. ағысы және Мойынқұм құмды алқабының батыс бөлігі орналасқан. Облыстың орт. бөлігін Қаратау жотасы солт.-батыстан оңт.-шығысқа қарай екіге бөліп жатыр. Оның ең биік жері – Бессаз (Мыңжылқы) тауы (2176 м). Қаратаудың оңт.-шығысында Боралдай (1400 – 1600 м) жотасы орналасқан. Облыс жерінің оңт.-шығысын Батыс Тянь-Шанның сілемдері (Өгем жотасы), Қаржантау (2800 – 2900 м), Қазығұрт тауы (1700 м), Талас Алатауының батыс сілемдері – Кіші Ақсу (2577 м), Алатау (3137 м) таулары қамтиды. Облыстың ең биік жері – Сайрам шыңы (4299 м). Оңт.-батысында Қызылқұм құмы, Қарақтау тауы (388 м), оңт-нде Шардара даласы, Ызақұдық құмы, Қауынбай молда (321 м), Белтау (592 м) жоталары, қиыр оңт-н Мырзашөл алып жатыр. Геологиясы мен кен байлықтары. Облыс жерінің көпшілік бөлігі Тұран плитасының құрамына кіреді. Геол. құрылымы негізінен кембрийлік, девондық, тас көмірлік жыныстардан (тақтатас, құмтас, әктас), таулы бөлігі төм. палеозойлық жыныстардан (құмтас, гранит, конгломерат, жоталар аралығындағы ойыстар девонның қызыл түсті шөгінділеріне толған) түзілген. Жер қойнауынан полиметалл, қоңыр көмір, темір, уран кентастары, фосфорит, вермикулит, тальк, барит, гипс, отқа төзімді саз, әктас, гранит, мәрмәр, кварц, т.б. кен байлықтары барланған. Қаратауда Ащысай, Мырғалымсай, Байжансай қорғасын-мырыш кеніштері 20 ғ-дың 40- 40-жылдарынан жұмыс істейді. Республикада уран кентастарының қоры жағынан бірінші орын, фосфорит және темір кентасының қоры жағынан үшінші орын алады. Климаты. Облыстың климаты континенттік. Қысы қысқа, жұмсақ, қар жамылғысы жұқа, тұрақсыз. Қаңтар айының жылдық орташа темп-расы солт-нде –7 – 9ӘС, оңт-нде –2 – 4ӘС. Жазы ұзақ, ыстық, қуаң және аңызақты. Шілде айының жылдық орташа темп-расы 25 – 29ӘС. Шөлді аймағында жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. 100 – 150 мм, тау алдында 300 – 500 мм, биік таулы бөлігінде 800 мм. Гидрографиясы. Өзендері облыс аумағында біркелкі таралмаған. О. Қ. о. жерінің оңт-нен солт.-батысына қарай Сырдария өз. ағып өтеді. Сырдарияға Арыс (378 км), Келес (241 км), Құркелес (98 км) өзендері құяды. Халқы тығыз орналасқан оңт.-шығысында Арыс өз-нің салалары: Бадам, Сайрамсу, Ақсу, Жабағылы, Машат, Дауылбаба, Боралдай өзендерінің шаруашылық маңызы зор. Қаратау жотасынан басталатын Бөген, Шаян, Арыстанды, Шылбыр, Байылдыр, Көксарай, т.б. өзендер облыс орталығын сумен қамтамасыз етеді. Шу өз-нің төм. ағысында суы аз, тек көктемде қар еріген кезде ғана суы молайып, Созақ ауд-ның шаруашылықтарын суландырады. Шардара (ауд. 400 км2, су көл. 5200 млн. м3), Бөген (су көл. 377 млн. м3), Бадам (су көл. 61,5 млн. м3), т.б. бөгендер салынған. Арыс өз-нен Арыс – Түркістан, Өзбекстан жеріндегі Сырдариядан Достық (бұрынғы Киров атынд.), Шардара ауд-нда Қызылқұм магистралды каналдары тартылған. Облыс көлдері негізінен таяз және тұзды, көктемде суға толып, жазда құрғап, сорға айналады. Қрі көлдері: Ақжайқын (48,2 км2), Қызылкөл (17,5 км2), одан басқа Қалдыкөл, Шүйнеккөл, Тұздықдүме, т.б. ұсақ көлдер бар. Жер асты суының қоры мол. Топырағы, өсімдік және жануарлар дүниесі. Облыстың жазық бөлігінде топырақ жамылғысын сұр, сортаңды сұр, бозғылт сұр, құмды, құмдақты топырақ құрайды. Тау етегінде шалғындық, таудың қызыл қоңыр топырағы таралған. Негізінен шөл белдеміне тән өсімдік жамылғысы қалыптасқан. Сексеуіл, жүзгін, жусан, күйреуік, бұйырғын, ши, жантақ, еркекшөп; Сырдария, Шу өз-нің аңғарларында жиде, жыңғыл, тал; тау етегінде бетегелі-жусанды дала, тауларында жеміс ағаштары, арша, альпілік шалғын өседі. Жануарлардан қасқыр, түлкі, қоян, қарсақ, елік, арқар, таутеке, жабайы шошқа, қоңыр аю, барыс, сусар, борсық, шөлді аймақтарда бауырымен жорғалаушылардың түрлері тіршілік етеді. Құстардан ұлар, кекілік, бүркіт, шіл, торғайдың көптеген түрлері мекендейді. Табиғи өсімдіктерді, жануарлар дүниесін сақтап қалу үшін Төле би, Түлкібас аудандары аумағында мемл. Ақсу – Жабағылы қорығы (1926) ұйымдастырылған. Халқы. О. Қ. о-нда республика халқының 14,5%-ы тұрады (2004). Тұрғындарының орташа тығызд. 1 км2-ге 18,6 адамнан келеді. Республика бойынша бала туу жөніндегі ең жоғарғы көрсеткішке (1000 адамға 22,6 сәбиден келеді) және халық санының табиғи өсуінің ең жоғары шамасына (32,5 мың адамнан астам) жетті. Облыс халқының басым бөлігін қазақтар (69%) құрайды, одан басқа өзбек (17,1%), орыс (7,2%), татар (1,2%), әзербайжан, тәжік, түрік, т.б. ұлт өкілдері тұрады. Мақтаарал, Шардара, Сайрам, Сарыағаш ауд-нда тұрғындар жиі қоныстанған. Облыс тұрғындарының 47%-ы қалада, 53%-ы ауылда тұрады. Шаруашылығы. О. Қ. о. – республикадағы өнеркәсіп пен а. ш-ның барлық салалары дамыған, еңбек ресурстары жеткілікті аймақ. Облыс кәсіпорындары Қазақстандағы барлық өнеркәсіп өнімдерінің 5,9%-ын өндіреді. Елімізде шығарылатын трансформаторлардың 98,6%-ы, фармацевтик. препараттардың 70,1%-ы, минералды және газды сулардың 51,5%-ы, мотор майының, бензиннің 38,9%-ы, рафинатты қорғасынның 23,6%-ы, сыраның 23,6%-ы, цементтің 19,7%-ы, экскаватор, мақта талшығы, мақта майының барлығы дерлік О. Қ. о-нда өндіріледі. Облыс тері шикізаты, жеміс, көкөніс, жүзім, бақша, макарон өнімдерінің ірі өндірушісі болып табылады. Өнеркәсібі. Облыстың өнеркәсіп мүмкіндіктерін негізінен мұнай өңдеуші және металлургия кәсіпорындары құрайды. Түсті металлургия, машина жасау, химия, мұнай өңдеу, тамақ өнеркәсібі, әсіресе, Шымкент, Кентау қ-ларында жақсы дамуда. Облыс өнеркәсібінде 147 ірі және орта кәсіпорын бар. Мұнай-химия өнеркәсібі саласындағы ірі кәсіпорындар: “ПетроКазахстанОйл Продактс” ААҚ (мұнай өңдеу) және “ИнтеркомШина” ААҚ (шина шығару). Металлургия өнеркәсібіндегі басты кәсіпорын “Южполиметалл” ЖАҚ (қорғасын, мырыш, т.б. өнімдер); машина жасау саласының жетекші кәсіпорындары: “Карданвал” ААҚ (автомобильдер мен тракторлар үшін кардан біліктерін шығаратын), “Южмаш-К” ЖАҚ (ұстаханалық-престеу машиналары мен қосалқы бөлшектерін шығару), “Экскаватор” ААҚ, “Кентау трансформатор зауыты” ААҚ, “Түркістан-насос” ААҚ; құрылыс өнеркәсібінен “Шымкентцемент” ААҚ; химия өнеркәсібінен – “Химфарм” ААҚ (дәрі-дәрмек өнімдерін шығару); жеңіл өнеркәсіптен “Восход” ААҚ, “Эластик” ААҚ, “Адал” ЖШС, т.б. жұмыс істеуде. Тамақ өнеркәсібі саласындағы жетекші кәсіпорындарды “Шымкент-май”, “Қайнар”, “Шымкент сыра”, “Бахус-Деронсек” АҚ-дары, “Арай”, “Амангелді” ЖШС-тері, т.б. құрайды. Сарыағаштың минералды суын шығарумен “Әсем-ай”, “Алекс” ЖШС-тері айналысады. Темекі өнімдерін  JTL “Central Asіa” ЖАҚ-ы шығарады. Ауыл шаруашылығы. Облыстың а. ш-на жарамды жерінің аум. 10,3 млн. га, оның ішінде жыртылатын жер аум. 0,8 млн. га. А. ш-нда 63,3 мың шаруа (фермер) қожалығы, 956 ӨК, 6 АҚ, 608 ЖШС жұмыс істейді. Олар жалпы респ. а. ш. өнімінің 12,2%-ын береді. А. ш-ның басты саласына стратег. маңызы бар мақта өсіру мен өндіру жатады. Оның егіс көл. 170 мың га-ға (егіс көлемінің 30%-ы) жетті. Шитті мақтаны өңдеумен жылдық қуаты 650 мың тонналық 19 мақта з-ты айналысады. Олар облыстың Мақтаарал, Сарыағаш, Шардара ауд-нда және Түркістан қалалық әкімдігі жерінде орналасқан. Облыс әкімш. 2003 жылдың соңында мақта иіру ф-каларының құрылысын бастады. Егіннің орташа жылдық өнімі: бидай – 400 мың т, күріш – 10 мың т, шитті мақта – 360 мың т, көкөніс – 400 мың т, бақша өнімдері – 291 мың т, картоп – 115 мың т. 2004 ж. мал саны: ірі қара  – 603 мың, қой-ешкі – 3 млн., жылқы – 119 мың, түйе – 14 мың, құс – 1,8 млн., шошқа – 22 мың басқа жетті. Көлігі. Облыс экономикасының тұрақты дамуында темір жол тасымалының үлесі басым. Маңызды т. ж. тармақтары: Орынбор – Ташкент, Түркістан – Сібір т. ж. Темір жолдың жалпы ұз. 443 км-ден асады, қызмет ету шектері Шеңгелді – Арыс және Түркістан – Арыс – Түлкібас ст-ларының аралықтары. Автомоб. жолының жалпы ұз. 5200 км, оның 800 км-ден астамы республикалық, 4470 км жергілікті маңызы бар жолдар. Облыс жеріндегі ірі автомагистралдар: Алматы – Ташкент, Шымкент – Қызылорда, Шымкент – Жуантөбе. Әуе көлігі жүйесінде “Шымкент әуежайы” ААҚ халықар. тікелей және транзиттік авиарейстерді жүзеге асыруға қолайлы. Облыс жерінен Бұхара – Шымкент – Алматы газ құбыры, Омбы – Павлодар – Шымкент мұнай құбыры өтеді. Білім беру, денсаулық сақтау, мәдениеті және мәдени мұралары. Облыста жалпы білім беретін 1007 мектеп, 22 кәсіптік-тех. мектеп, 36 колледж, 115 мектепке дейінгі мекеме бар (2004). М.Әуезов атынд. Оңт. Қазақстан мемл. ун-ті, Оңт. Қазақстан мемл. мед. академиясы, М.Сапарбаев атынд. Оңт. Қазақстан гуманитарлық ин-ты, Қожа Ахмет Иасауи атынд. халықар. қазақ-түрік ун-ті және бірнеше мемл. емес жоғ. оқу орындары студенттерге білім беруде. Облыста 931 мемл. мед. ұйым, оның ішінде 542 фельдш.-акушерлік пункт, 131 отбасылық дәрігерлік амбулатория, 60 ауылдық телімдік аурухана, 12 орт. аудандық және 5 аудандық аурухана, сан.-эпидемиол. ст. жұмыс істейді. Қарт адамдарға арнап “Ардагерлер үйі”, балаларға “Тау самалы” оқыту-сауықтыру орт. ашылған. Облыс аумағында елімізге белгілі Сарыағаш минералды суына негізделіп ашылған “Сарыағаш” шипажайы, “Арман” санаторийі, “Манкент” санаторий-профилакторийі, т.б. “Шымған”, “Денсаулық”, “Мейірім” сауықтыру орталықтары бар. 365 кітапхана, 9 музей, 6 кинотеатр, 6 театр (3 драма, 2 сазды, 1 қуыршақ), хайуанаттар саябағы, 366 мәдени-демалыс, 2865 спорт-сауықтыру мекемесі жұмыс істейді. Обл. “Оңтүстік Қазақстан”, “Южный Казахстан”, “Жанубий Қозоғистон” газеттері қазақ, орыс, өзбек тілдерінде шығады. Облыс аумағында Ұлы Жібек жолы өткен көне қалалар (Исфиджаб, Иасы, Сауран, Отырар, т.б.) мен қорғандар болған. 802 тарихи және мәдени ескерткіш, оның ішінде 582 археол., 42 тарихи, 11 монументтік өнер ескерткіштері; дүние жүзіне белгілі қасиетті Қожа Ахмет Иасауи кесенесі Түркістан қ-нда орналасқан. Бәйдібек ата кесенесі, Домалақ ана кесенесі, Қарабатыр кесенесі (Бәйдібек ауд.), Арыстан баб кесенесі (Отырар ауд.), Баб ата күмбезі, Қарабура әулие кесенесі (Созақ ауд.), Қарашаш ана күмбезі, Ибраһим ата күмбезі, Қажымұқан Мұңайтпасұлының кесенесі мен мұражайы (Ордабасы ауд.) бар.  Ә. Бейсенова   

 

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ – Қазақстан Республикасының оңт-ндегі әкімш.-аумақтық бөлік. 1932 ж. 10 наурызда құрылған. 1962 – 92 ж. Шымкент обл. деп аталды. Аум. 117,3 мың км2. Тұрғыны 2,18 млн. адам (2004). Орт. – Шымкент қ. Солт-нде Қарағанды, шығ-нда Жамбыл, бат-нда Қызылорда облыстарымен, оңт-нде Өзбекстан Республикасымен шектеседі. Облыс құрамында 11 әкімш. аудан, 4 қалалық әкімдік, 7 қала (Шымкенттен басқа), 13 кент, 171 ауылдық округ, 932 ауыл бар.
Табиғаты. Жер бедері. О. Қ. о-ның жер бедері негізінен жазық (орташа биікт. 200 – 500 м). Солт-нде тасты-сазды Бетпақдала шөлінің оңт.-батысы, Ащыкөл ойысы, Тоғызкентау жоны, Шу өз-нің төм. ағысы және Мойынқұм құмды алқабының батыс бөлігі орналасқан. Облыстың орт. бөлігін Қаратау жотасы солт.-батыстан оңт.-шығысқа қарай екіге бөліп жатыр. Оның ең биік жері – Бессаз (Мыңжылқы) тауы (2176 м). Қаратаудың оңт.-шығысында Боралдай (1400 – 1600 м) жотасы орналасқан. Облыс жерінің оңт.-шығысын Батыс Тянь-Шанның сілемдері (Өгем жотасы), Қаржантау (2800 – 2900 м), Қазығұрт тауы (1700 м), Талас Алатауының батыс сілемдері – Кіші Ақсу (2577 м), Алатау (3137 м) таулары қамтиды. Облыстың ең биік жері – Сайрам шыңы (4299 м). Оңт.-батысында Қызылқұм құмы, Қарақтау тауы (388 м), оңт-нде Шардара даласы, Ызақұдық құмы, Қауынбай молда (321 м), Белтау (592 м) жоталары, қиыр оңт-н Мырзашөл алып жатыр.
Геологиясы мен кен байлықтары. Облыс жерінің көпшілік бөлігі Тұран плитасының құрамына кіреді. Геол. құрылымы негізінен кембрийлік, девондық, тас көмірлік жыныстардан (тақтатас, құмтас, әктас), таулы бөлігі төм. палеозойлық жыныстардан (құмтас, гранит, конгломерат, жоталар аралығындағы ойыстар девонның қызыл түсті шөгінділеріне толған) түзілген. Жер қойнауынан полиметалл, қоңыр көмір, темір, уран кентастары, фосфорит, вермикулит, тальк, барит, гипс, отқа төзімді саз, әктас, гранит, мәрмәр, кварц, т.б. кен байлықтары барланған. Қаратауда Ащысай, Мырғалымсай, Байжансай қорғасын-мырыш кеніштері 20 ғ-дың 40- 40-жылдарынан жұмыс істейді. Республикада уран кентастарының қоры жағынан бірінші орын, фосфорит және темір кентасының қоры жағынан үшінші орын алады.
Климаты. Облыстың климаты континенттік. Қысы қысқа, жұмсақ, қар жамылғысы жұқа, тұрақсыз. Қаңтар айының жылдық орташа темп-расы солт-нде –7 – 9ӘС, оңт-нде –2 – 4ӘС. Жазы ұзақ, ыстық, қуаң және аңызақты. Шілде айының жылдық орташа темп-расы 25 – 29ӘС. Шөлді аймағында жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. 100 – 150 мм, тау алдында 300 – 500 мм, биік таулы бөлігінде 800 мм.
Гидрографиясы. Өзендері облыс аумағында біркелкі таралмаған. О. Қ. о. жерінің оңт-нен солт.-батысына қарай Сырдария өз. ағып өтеді. Сырдарияға Арыс (378 км), Келес (241 км), Құркелес (98 км) өзендері құяды. Халқы тығыз орналасқан оңт.-шығысында Арыс өз-нің салалары: Бадам, Сайрамсу, Ақсу, Жабағылы, Машат, Дауылбаба, Боралдай өзендерінің шаруашылық маңызы зор. Қаратау жотасынан басталатын Бөген, Шаян, Арыстанды, Шылбыр, Байылдыр, Көксарай, т.б. өзендер облыс орталығын сумен қамтамасыз етеді. Шу өз-нің төм. ағысында суы аз, тек көктемде қар еріген кезде ғана суы молайып, Созақ ауд-ның шаруашылықтарын суландырады. Шардара (ауд. 400 км2, су көл. 5200 млн. м3), Бөген (су көл. 377 млн. м3), Бадам (су көл. 61,5 млн. м3), т.б. бөгендер салынған. Арыс өз-нен Арыс – Түркістан, Өзбекстан жеріндегі Сырдариядан Достық (бұрынғы Киров атынд.), Шардара ауд-нда Қызылқұм магистралды каналдары тартылған. Облыс көлдері негізінен таяз және тұзды, көктемде суға толып, жазда құрғап, сорға айналады. Қрі көлдері: Ақжайқын (48,2 км2), Қызылкөл (17,5 км2), одан басқа Қалдыкөл, Шүйнеккөл, Тұздықдүме, т.б. ұсақ көлдер бар. Жер асты суының қоры мол.
Топырағы, өсімдік және жануарлар дүниесі. Облыстың жазық бөлігінде топырақ жамылғысын сұр, сортаңды сұр, бозғылт сұр, құмды, құмдақты топырақ құрайды. Тау етегінде шалғындық, таудың қызыл қоңыр топырағы таралған. Негізінен шөл белдеміне тән өсімдік жамылғысы қалыптасқан. Сексеуіл, жүзгін, жусан, күйреуік, бұйырғын, ши, жантақ, еркекшөп; Сырдария, Шу өз-нің аңғарларында жиде, жыңғыл, тал; тау етегінде бетегелі-жусанды дала, тауларында жеміс ағаштары, арша, альпілік шалғын өседі. Жануарлардан қасқыр, түлкі, қоян, қарсақ, елік, арқар, таутеке, жабайы шошқа, қоңыр аю, барыс, сусар, борсық, шөлді аймақтарда бауырымен жорғалаушылардың түрлері тіршілік етеді. Құстардан ұлар, кекілік, бүркіт, шіл, торғайдың көптеген түрлері мекендейді. Табиғи өсімдіктерді, жануарлар дүниесін сақтап қалу үшін Төле би, Түлкібас аудандары аумағында мемл. Ақсу – Жабағылы қорығы (1926) ұйымдастырылған.
Халқы. О. Қ. о-нда республика халқының 14,5%-ы тұрады (2004). Тұрғындарының орташа тығызд. 1 км2-ге 18,6 адамнан келеді. Республика бойынша бала туу жөніндегі ең жоғарғы көрсеткішке (1000 адамға 22,6 сәбиден келеді) және халық санының табиғи өсуінің ең жоғары шамасына (32,5 мың адамнан астам) жетті. Облыс халқының басым бөлігін қазақтар (69%) құрайды, одан басқа өзбек (17,1%), орыс (7,2%), татар (1,2%), әзербайжан, тәжік, түрік, т.б. ұлт өкілдері тұрады. Мақтаарал, Шардара, Сайрам, Сарыағаш ауд-нда тұрғындар жиі қоныстанған. Облыс тұрғындарының 47%-ы қалада, 53%-ы ауылда тұрады.
Шаруашылығы. О. Қ. о. – республикадағы өнеркәсіп пен а. ш-ның барлық салалары дамыған, еңбек ресурстары жеткілікті аймақ. Облыс кәсіпорындары Қазақстандағы барлық өнеркәсіп өнімдерінің 5,9%-ын өндіреді. Елімізде шығарылатын трансформаторлардың 98,6%-ы, фармацевтик. препараттардың 70,1%-ы, минералды және газды сулардың 51,5%-ы, мотор майының, бензиннің 38,9%-ы, рафинатты қорғасынның 23,6%-ы, сыраның 23,6%-ы, цементтің 19,7%-ы, экскаватор, мақта талшығы, мақта майының барлығы дерлік О. Қ. о-нда өндіріледі. Облыс тері шикізаты, жеміс, көкөніс, жүзім, бақша, макарон өнімдерінің ірі өндірушісі болып табылады.
Өнеркәсібі. Облыстың өнеркәсіп мүмкіндіктерін негізінен мұнай өңдеуші және металлургия кәсіпорындары құрайды. Түсті металлургия, машина жасау, химия, мұнай өңдеу, тамақ өнеркәсібі, әсіресе, Шымкент, Кентау қ-ларында жақсы дамуда. Облыс өнеркәсібінде 147 ірі және орта кәсіпорын бар. Мұнай-химия өнеркәсібі саласындағы ірі кәсіпорындар: “ПетроКазахстанОйл Продактс” ААҚ (мұнай өңдеу) және “ИнтеркомШина” ААҚ (шина шығару). Металлургия өнеркәсібіндегі басты кәсіпорын “Южполиметалл” ЖАҚ (қорғасын, мырыш, т.б. өнімдер); машина жасау саласының жетекші кәсіпорындары: “Карданвал” ААҚ (автомобильдер мен тракторлар үшін кардан біліктерін шығаратын), “Южмаш-К” ЖАҚ (ұстаханалық-престеу машиналары мен қосалқы бөлшектерін шығару), “Экскаватор” ААҚ, “Кентау трансформатор зауыты” ААҚ, “Түркістан-насос” ААҚ; құрылыс өнеркәсібінен “Шымкентцемент” ААҚ; химия өнеркәсібінен – “Химфарм” ААҚ (дәрі-дәрмек өнімдерін шығару); жеңіл өнеркәсіптен “Восход” ААҚ, “Эластик” ААҚ, “Адал” ЖШС, т.б. жұмыс істеуде. Тамақ өнеркәсібі саласындағы жетекші кәсіпорындарды “Шымкент-май”, “Қайнар”, “Шымкент сыра”, “Бахус-Деронсек” АҚ-дары, “Арай”, “Амангелді” ЖШС-тері, т.б. құрайды. Сарыағаштың минералды суын шығарумен “Әсем-ай”, “Алекс” ЖШС-тері айналысады. Темекі өнімдерін  JTL “Central Asіa” ЖАҚ-ы шығарады.
Ауыл шаруашылығы. Облыстың а. ш-на жарамды жерінің аум. 10,3 млн. га, оның ішінде жыртылатын жер аум. 0,8 млн. га. А. ш-нда 63,3 мың шаруа (фермер) қожалығы, 956 ӨК, 6 АҚ, 608 ЖШС жұмыс істейді. Олар жалпы респ. а. ш. өнімінің 12,2%-ын береді. А. ш-ның басты саласына стратег. маңызы бар мақта өсіру мен өндіру жатады. Оның егіс көл. 170 мың га-ға (егіс көлемінің 30%-ы) жетті. Шитті мақтаны өңдеумен жылдық қуаты 650 мың тонналық 19 мақта з-ты айналысады. Олар облыстың Мақтаарал, Сарыағаш, Шардара ауд-нда және Түркістан қалалық әкімдігі жерінде орналасқан. Облыс әкімш. 2003 жылдың соңында мақта иіру ф-каларының құрылысын бастады. Егіннің орташа жылдық өнімі: бидай – 400 мың т, күріш – 10 мың т, шитті мақта – 360 мың т, көкөніс – 400 мың т, бақша өнімдері – 291 мың т, картоп – 115 мың т. 2004 ж. мал саны: ірі қара  – 603 мың, қой-ешкі – 3 млн., жылқы – 119 мың, түйе – 14 мың, құс – 1,8 млн., шошқа – 22 мың басқа жетті.
Көлігі. Облыс экономикасының тұрақты дамуында темір жол тасымалының үлесі басым. Маңызды т. ж. тармақтары: Орынбор – Ташкент, Түркістан – Сібір т. ж. Темір жолдың жалпы ұз. 443 км-ден асады, қызмет ету шектері Шеңгелді – Арыс және Түркістан – Арыс – Түлкібас ст-ларының аралықтары. Автомоб. жолының жалпы ұз. 5200 км, оның 800 км-ден астамы республикалық, 4470 км жергілікті маңызы бар жолдар. Облыс жеріндегі ірі автомагистралдар: Алматы – Ташкент, Шымкент – Қызылорда, Шымкент – Жуантөбе. Әуе көлігі жүйесінде “Шымкент әуежайы” ААҚ халықар. тікелей және транзиттік авиарейстерді жүзеге асыруға қолайлы. Облыс жерінен Бұхара – Шымкент – Алматы газ құбыры, Омбы – Павлодар – Шымкент мұнай құбыры өтеді.
Білім беру, денсаулық сақтау, мәдениеті және мәдени мұралары. Облыста жалпы білім беретін 1007 мектеп, 22 кәсіптік-тех. мектеп, 36 колледж, 115 мектепке дейінгі мекеме бар (2004). М.Әуезов атынд. Оңт. Қазақстан мемл. ун-ті, Оңт. Қазақстан мемл. мед. академиясы, М.Сапарбаев атынд. Оңт. Қазақстан гуманитарлық ин-ты, Қожа Ахмет Иасауи атынд. халықар. қазақ-түрік ун-ті және бірнеше мемл. емес жоғ. оқу орындары студенттерге білім беруде. Облыста 931 мемл. мед. ұйым, оның ішінде 542 фельдш.-акушерлік пункт, 131 отбасылық дәрігерлік амбулатория, 60 ауылдық телімдік аурухана, 12 орт. аудандық және 5 аудандық аурухана, сан.-эпидемиол. ст. жұмыс істейді. Қарт адамдарға арнап “Ардагерлер үйі”, балаларға “Тау самалы” оқыту-сауықтыру орт. ашылған. Облыс аумағында елімізге белгілі Сарыағаш минералды суына негізделіп ашылған “Сарыағаш” шипажайы, “Арман” санаторийі, “Манкент” санаторий-профилакторийі, т.б. “Шымған”, “Денсаулық”, “Мейірім” сауықтыру орталықтары бар. 365 кітапхана, 9 музей, 6 кинотеатр, 6 театр (3 драма, 2 сазды, 1 қуыршақ), хайуанаттар саябағы, 366 мәдени-демалыс, 2865 спорт-сауықтыру мекемесі жұмыс істейді. Обл. “Оңтүстік Қазақстан”, “Южный Казахстан”, “Жанубий Қозоғистон” газеттері қазақ, орыс, өзбек тілдерінде шығады. Облыс аумағында Ұлы Жібек жолы өткен көне қалалар (Исфиджаб, Иасы, Сауран, Отырар, т.б.) мен қорғандар болған. 802 тарихи және мәдени ескерткіш, оның ішінде 582 археол., 42 тарихи, 11 монументтік өнер ескерткіштері; дүние жүзіне белгілі қасиетті Қожа Ахмет Иасауи кесенесі Түркістан қ-нда орналасқан. Бәйдібек ата кесенесі, Домалақ ана кесенесі, Қарабатыр кесенесі (Бәйдібек ауд.), Арыстан баб кесенесі (Отырар ауд.), Баб ата күмбезі, Қарабура әулие кесенесі (Созақ ауд.), Қарашаш ана күмбезі, Ибраһим ата күмбезі, Қажымұқан Мұңайтпасұлының кесенесі мен мұражайы (Ордабасы ауд.) бар. 
Ә. Бейсенова 
 
Бөлісу: