Бақи дүние

5 Желтоқсан 2012, 09:54

Бақи дүние - дәстүрлі қазақы дүниетаным бойынша, аруақтардың мәңгілік мекені, яғни о дүние. Осы ретте ерекше ескерер жайт — күнделікті тілдік байланыста бақи сөзі қолданыла бергенімен негізгі категориялық мәнді ұғым - бақи дүние Бақи сөзінің тұрмыста жиі қолданыла беретіндігін тілдік үдерістегі редукционизм зандылығымен түсіндіруге болады. Демек бақи сөзі - бақи дүние ұғымының қолданысқа оңтайландырылып, қыскартылған нұсқасы. Бақи ұғымының синонимдері - о дүние және мәңгілік дүние. Күнделікті тіршілікте ана тілімізде жиі кездесетін «мәңгі бақи» сөз тіркесі «бұ дүнне - о дүние» немесе «жалған дүние - мәңгілік дүние» деп келетін өзараантиномиялық байланыста жұптасқан ұғымдардағы жалған дүниенің немесе бұ дүниенің өтпелілігін (өткінші дүние), яғни жалғандығын дәлелдеуге қолданатын концепт рөлін атқарады (о дүниенің мәңгілігін тікелсй дәлелдеуді қазақ дәстүрі қоспайды). Негізгі аргумент- уәж: бұ дүние адамдардан тұрады. Ондағы әрбір жанның ғұмыры қамшының сабындай қысқа - өте шығады. Адамның бұ дүниедегі тіршілігі - өте шығатын күйкі тіршілік, яғни пендешілік. Сондықтан оның субьектісі - адам бұ дүниеде уақытша қонақтап қана кететін пенде ғана. Бұ дүниенің жалған, өткінші дүние болатындығы сондықтан. Демек әрбір пенденің мәңгілік тұрағы, мекені - бақи дүние, мәңгілік дүние. Сонда бұ дүниенің жалғандығын дәлелдеу, түптеп келгенде, бақи дүниенің мәңгілігін, яғни абсолюттік ақиқат екендігін әспеттеуге саяды. Қазақтардың дүниетанымында о дүние мен бұ дүииенің қаншалықты маңызды орын алғандығы жөнінде ел аузындағы төмендегідей аңыз іспеттес әңгімені мысал ретінде келтіруге болады. «Қазақ даласын аралап жүрген орыс әкімшілігінің өкілі бірде өзінің бұрыннан танысы қазақтан: Сендердің үйлерің қарапайым, әрі жұпыны, бірақ, молаға тұрғызған күмбездер мен кесенелерің сән-салтанаты тым ерекше ғой. Бұның себебі неліктен? - деп сұрайды. Сонда қазақ қысқа ғана жауап берген екен дейді: Қазіргі біздің және сенің де тіршілігің өткінші жаңбыр сияқты. Өтеді де кетеді. Яңни бұ дүниеңіз - өткінші, алдамшы, жалған дүние. Нағыз мәңгілік өмір о дүниеде басталады. Қазіргі тіршілігіміз о дүниеге жүруге дайындық қана. Анау тұрған молалар, оның басындагы салтанатты сарайдай күмбездер о дүниеге кірер есік. Қазақтардың молаларға айырықша ден қоятындықтары сондықтан». Жоғарыда айтылғандай, антиномиялық байланыстағы бақилық дүние мен бұ дүние концептілері қазақы ортада ата-баба жолын ұстануда айрықша рөл атқарады.

Бөлісу: