Латвия

5 Желтоқсан 2012, 09:36

Латвия, Латвия Республикасы – Еуропаның солтүстік-шығысында, Балтық теңiзi жағалауындағы мемлекет. Жер аумағы – 64,5 мың км2. Халқы – 2,38 млн. адам. Астанасы – Рига қаласы. Тұрғындарының 57%-ы латыштар, 30,4%-ы орыстар, 4,2%-ы беларусьтер, 2,7%-ы украиндар, 2,7%-ы поляктар, т.б. 81 ұлттың өкiлдерi тұрады. Мемлекеттік тiлi – латыш тiлi. Халқы христиан дiнiнің протестант, католик, православие тармақтарын ұстанады. Латвия – парламенттiк республика. Парламент (1 палаталы сейм) депутаттары 4 жыл сайын жалпыхалықтық дауыс беру арқылы сайланады. Конституция бойынша мемлекет басшысы – Президент. Оны парламент депутаттары 3 жыл сайын сайлап отырады. Атқарушы билiк – премьер-министр басқаратын үкiмет қолында. Ұлттық мейрамы – 18 қараша – Тәуелсiздiк күнi (1918). Ұлттық ақша бiрлiгi – еуро (2004 ж., мамыр). Латвия жерi Шығыс Еуропа жазығында, Балтық теңізіне құятын Даугава (Батыс Двина) өзені алабында орналасқан. Елдің батысында – Курзем, орталығында Видзем, шығысында Латгаль қыраттары, солтүстік-шығысында Латыш ойпаты жатыр. Климаты теңiздiк және континенттiк. Шiлдедегi орташа температурасы 16 – 18°С, қаңтарда Балтық жағалауында 2 – 3°С, шығыс аудандарында 7°С. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 500 – 800 мм. Өзендерi Балтық теңізіне құяды. Iрiлерi: Даугава, Лиелупе, Вента, т.б. 3185 көл бар, iрiлерi: Лубанас, Резнас, Усмас, т.б. Жерiнің 38%-ы орман (қарағай, қайың, шырша, терек). Латвия жерiн адам баласы алғаш мезолит дәуiрiнде (біздің заманымыздан бұрынғы 9 – 4-мыңжылдық) мекендеген. Алғашқы мемлекеттiк бiрлестiк Шығыс Латвияда (латгалдардың 8 князьдiгi) 10 – 13-ғасырларда пайда болды. 12-ғасырдың 2-жартысында Семсерлiлер орденi, 1237 ж. Ливон орденi құрылды. Сөйтiп, 1561 жылға дейiн Латвия Ливонияның құрамында болды. 1558 – 83 ж. Латвия Речь Посполитаға қарады. Латвия жерiнің Ресей империясының қол астына өте бастауы 18-ғасырдың аяғына қарай аяқталды. 1917 жылғы Қазан төңкерiсiнен кейiн елде Кеңес өкiметi орнағанымен, 1918 ж. ақпанда Латвияны немiстер басып алды. 18-қарашада тәуелсiз Латвия Республикасы құрылды. Бiрақ 1940 ж. Латвия КСРО құрамына қосылуға мәжбүр болды. Ел 1941 – 44 ж. екiншi рет немiс оккупациясын бастан өткердi. Соғыстан кейiнгi жылдары социалистік жолмен дамып, 1989 ж. күзде өзiнің КСРО құрамынан шығатынын мәлімдеді, ал 1990 ж. мамырда Тәуелсіздiк Декларациясын жариялады. Латвия 1991 жылдан БҰҰ-ға мүше. 2004 ж. ЕуроОдаққа мүше болып қабылданды. Елдің ауыл шаруашылығы, негiзiнен, еттi-сүттi iрi қара және шошқа өсiруге бейiмделген. Өндiрiстің жетекшi салалары – машина жасау (автобустар, құрал-жабдықтар, т.б.), жеңiл, целлюлоза-қағаз және ағаш өңдеу, фармацевтика және құрылыс материалдары. Сыртқы саудадағы негiзгi экспорты: электр пойыздары, автомобиль, электр тауарлары, ағаш бұйымдары, тоқыма, тағам өнiмдерi. 1998 ж. мамыр айында Қазақстан мен Латвия арасында Латвия порттарын жүктердi тасымалдау үшiн пайдалану мен транзит тәртiбi туралы, халықаралық әуе қатынасы, әуе және темір жол көлiгi саласында ынтымақтастық орнату жөнiндегi келiсiмге қол қойылды.  

Латвия, Латвия Республикасы – Еуропаның солтүстік-шығысында, Балтық теңiзi жағалауындағы мемлекет. Жер аумағы – 64,5 мың км2. Халқы – 2,38 млн. адам. Астанасы – Рига қаласы. Тұрғындарының 57%-ы латыштар, 30,4%-ы орыстар, 4,2%-ы беларусьтер, 2,7%-ы украиндар, 2,7%-ы поляктар, т.б. 81 ұлттың өкiлдерi тұрады. Мемлекеттік тiлi – латыш тiлi. Халқы христиан дiнiнің протестант, католик, православие тармақтарын ұстанады. Латвия – парламенттiк республика. Парламент (1 палаталы сейм) депутаттары 4 жыл сайын жалпыхалықтық дауыс беру арқылы сайланады. Конституция бойынша мемлекет басшысы – Президент. Оны парламент депутаттары 3 жыл сайын сайлап отырады. Атқарушы билiк – премьер-министр басқаратын үкiмет қолында. Ұлттық мейрамы – 18 қараша – Тәуелсiздiк күнi (1918). Ұлттық ақша бiрлiгi – еуро (2004 ж., мамыр).

Латвия жерi Шығыс Еуропа жазығында, Балтық теңізіне құятын Даугава (Батыс Двина) өзені алабында орналасқан. Елдің батысында – Курзем, орталығында Видзем, шығысында Латгаль қыраттары, солтүстік-шығысында Латыш ойпаты жатыр. Климаты теңiздiк және континенттiк. Шiлдедегi орташа температурасы 16 – 18°С, қаңтарда Балтық жағалауында 2 – 3°С, шығыс аудандарында 7°С. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 500 – 800 мм. Өзендерi Балтық теңізіне құяды. Iрiлерi: Даугава, Лиелупе, Вента, т.б. 3185 көл бар, iрiлерi: Лубанас, Резнас, Усмас, т.б. Жерiнің 38%-ы орман (қарағай, қайың, шырша, терек).

Латвия жерiн адам баласы алғаш мезолит дәуiрiнде (біздің заманымыздан бұрынғы 9 – 4-мыңжылдық) мекендеген. Алғашқы мемлекеттiк бiрлестiк Шығыс Латвияда (латгалдардың 8 князьдiгi) 10 – 13-ғасырларда пайда болды. 12-ғасырдың 2-жартысында Семсерлiлер орденi, 1237 ж. Ливон орденi құрылды. Сөйтiп, 1561 жылға дейiн Латвия Ливонияның құрамында болды. 1558 – 83 ж. Латвия Речь Посполитаға қарады. Латвия жерiнің Ресей империясының қол астына өте бастауы 18-ғасырдың аяғына қарай аяқталды. 1917 жылғы Қазан төңкерiсiнен кейiн елде Кеңес өкiметi орнағанымен, 1918 ж. ақпанда Латвияны немiстер басып алды. 18-қарашада тәуелсiз Латвия Республикасы құрылды. Бiрақ 1940 ж. Латвия КСРО құрамына қосылуға мәжбүр болды. Ел 1941 – 44 ж. екiншi рет немiс оккупациясын бастан өткердi. Соғыстан кейiнгi жылдары социалистік жолмен дамып, 1989 ж. күзде өзiнің КСРО құрамынан шығатынын мәлімдеді, ал 1990 ж. мамырда Тәуелсіздiк Декларациясын жариялады. Латвия 1991 жылдан БҰҰ-ға мүше. 2004 ж. ЕуроОдаққа мүше болып қабылданды.

Елдің ауыл шаруашылығы, негiзiнен, еттi-сүттi iрi қара және шошқа өсiруге бейiмделген. Өндiрiстің жетекшi салалары – машина жасау (автобустар, құрал-жабдықтар, т.б.), жеңiл, целлюлоза-қағаз және ағаш өңдеу, фармацевтика және құрылыс материалдары. Сыртқы саудадағы негiзгi экспорты: электр пойыздары, автомобиль, электр тауарлары, ағаш бұйымдары, тоқыма, тағам өнiмдерi. 1998 ж. мамыр айында Қазақстан мен Латвия арасында Латвия порттарын жүктердi тасымалдау үшiн пайдалану мен транзит тәртiбi туралы, халықаралық әуе қатынасы, әуе және темір жол көлiгi саласында ынтымақтастық орнату жөнiндегi келiсiмге қол қойылды.

 

Бөлісу: