Олимпиялық ойындар

5 Желтоқсан 2012, 09:19

  ОЛИМПИЯЛЫҚ ОЙЫНДАР (грек. Olympіa) – халықаралық кешенді спорттық жарыс. Алғашқы ойындар Зевс құдайының құрметіне б.з.б. 776 жылдан бастап төрт жылда бір рет Олимпия қ-нда өткізілді. Кейін б.з. 394 ж. Византия императоры Федосий І-нің бұйрығы бойынша тоқтатылды. Бұл ойындарда әскери дайындық, дене шынықтыру өнерін көрсету байқаулары, дәстүрге айналған ақындар мен шешендер айтысы, әр түрлі өнер көрмелері ұйымдастырылған. О. о. кезінде соғыстар тоқтатылып, “қасиетті тыныштық” орнайтын дәстүр қалыптасқан. Осы кезде бір айдан үш айға дейін бүкіл Эллада жерінде қару жұмсауға, тіпті ойынды тамашалаушыларға қару-жарақпен келуге тыйым салынған. Ол кезде О. о. бес күн өткізілген, бағдарламасына жүгіру, күрес, ат жарысы, қоссайыс, бессайыс сияқты спорт түрлері кірген. Жеңімпаздарға зәйтүн ағашының жапырағынан өрілген алқа кигізіліп, құрмет көрсетілген. 19 ғ-дың орта кезінде Грекияда О. о-ды қайта жандандыру мақсатында біраз әрекеттер жасалды. Сөйтіп, 1859, 1870, 1875 және 1889 жылдары Афиныда грек спортшыларының қатысуымен секіру, жүгіру, диск, найза лақтыру, гимнастика сияқты спорт түрлерінен жарыстар өтті. Қоғам қайраткері Пьер де Кубертэннің О. о-ды өткізу жөніндегі ұсынысын қабыл алған Францияның оқу ағарту мин. оған дене тәрбиесін дамыту жөніндегі халықар. конгресс шақыруды табыстады. Содан 1894 ж. маусым айында 12 елдің қатысуымен конгресс өз жұмысын өткізді. Оған қатысушылар Пьер де Кубертэннің баяндамасын талқылап, 1896 ж. 1-О. о-ын Афины қ-нда өткізу жөнінде шешім қабылдады. Олимп. к-ттің тұңғыш басшысы болып грек Деметриус Викелас сайланды. Сонымен қазіргі заманғы 1-О. о 1896 ж. сәуір айының 6 – 15 аралығында Афиныда өтіп, оған 13 елден 311 спортшы қатысты. Жарыс бағдарламасына күрес, гимнастика, жеңіл және ауыр атлетика, жүзу, нысана көздеу, теннис, семсерлесу сияқты спорт түрлері енді. Ежелгі дәстүр бойынша жарыс шымылдығын жеңіл атлеттер ашты. Сөйтіп, америкалық Джеймс Конноли үш аттап секірістен О. о-дың тұңғыш чемпионы атанды. Бірінші қысқы О. о. 1924 ж. 25 қаңтар мен 4 ақпан аралығында Францияның Шамони қ-нда спорттың бес түрінен өтті. Бұл ойындарға 16 елден 293 спортшы қатысты. Олардың арасында 13 әйел спортшы бар еді. Қысқы О. о-дың тұңғыш чемпионы атағын 500 метрлік қашықтықта өнер көрсеткен америкалық Чарлз Джутроу жеңіп алды. О. о-да қазақ жастары арасынан тұңғыш медаль алған Ғұсман Қосанов. Ол 1960 ж. Римде өткен О. о. 4100 м эстафеташылар жарысында күміс жүлдені иемденді. Ал тұңғыш чемпион атанған баскетболшы Әлжан Жармұхамедов, грек-рим күресінен Жақсылық Үшкемпіров, Шәміл Серіков 22-О. о-да алтыннан алқа тағынды. Қазақстандықтар арасынан қысқы ойындардан тұңғыш олимпия медалін иемденген қостанайлық шаңғышы Иван Гаранин. Ол 1976 ж. Инсбрук қ-нда өткен 12-О. о-ынан екі бірдей қола жүлдемен оралды. Мұнан соң 1988 ж. Калгариде  шаңғышылар В.Сахнов күміс, В.Смирнов  екі күміс және қола, 1994 ж. Лиллехаммерде алтын және күміс, 1998 ж. Наганода қола, конькиші Л.Прокашева Наганода өткен ойында қола медаль алды. Қазақстан Республикасы өз алдына жеке ел ретінде 1994 ж. қысқы және 1996 ж. жазғы О. о-дан бастап өнер көрсетіп келеді. 1996 ж. АҚШ-тың Атланта қ-нда өткен ойындарда В.Жиров (бокс), А.Парыгин (бессайыс), Ю.Мельниченко (грек-рим күресі) алтын, А.Храпатый (ауыр атлетика), С.Беляев (нысана көздеу), Б.Жұмаділов (бокс) күміс, М.Мамыров (еркін күрес), Б.Ниязымбетов (бокс), Е.Ибрайымов (бокс), В.Вохмянин (нысана көздеу) қола медаль алып, командалық есепте 196 елдің арасынан 24-орынға тұрақтады. Сондай-ақ 2000 ж. Сиднейде өткен О. о-да Б.Саттарханов, Е.Ибрайымов (бокс), О.Шишигина (жеңіл атлетика) алтын, Б.Жұмаділов, М.Ділдәбеков (бокс), А.Винокуров (велоспорт), И.Байрамуков (еркін күрес) күміс медаль алып, командалық есепте 199 елдің ішінен 22-орын алды. Ал 2004 ж. Грекияда өткен ойындарда Б.Артаев (бокс) алтын, Г.Лалиев (еркін күрес), Г.Цурцумия (грек-рим күресі), Г.Головкин (бокс) күміс, С.Елеуов (бокс), М.Манукян (грек-рим күресі), Д.Карпов (жеңіл атлетика) қола жүлдені иемденді. Бұл жарыста Қазақстан құрамасы 202 мемлекеттің арасынан 40-орынға табан тіреді.  

Бөлісу: