Жақсы ауданы

5 Желтоқсан 2012, 09:09

  Жақсы ауданы – облыстың солт.-батысындағы әкімш. бөлік. Аудан солт-нде Солт. Қазақстан обл-мен, шығысында Сандықтау және Атбасар, оңт.-батысында Жарқайың, батысында Есіл аудандарымен шектеседі. Іргесі 1957 ж. тың және тыңайған жерлерді игеруге байланысты қаланды. Орт. – Жақсы а. Облыс орт. – Көкшетау қ-нан оңт.-батысқа қарай 280 км жерде орналасқан. Аудан аумағындағы 46 елді мекен 1 кентке, 16 ауылдық әкімш. округке біріктірілген. Жерінің аум. 9,7 мың км2. Тұрғыны 24,8 мың адам (2008). Ж. а. дала белдемінде орналасқан. Ауданның солт. жартысын абс. биікт. 300 – 400 м ұсақ шоқылы таулар мен Көкшетау қыратының оңт.-батыс бөлігі алып жатыр. Оңт. жағын жонды-белесті келген, абс. биікт. 250 – 300 м болатын Атбасар жазығының батыс бөлігі қамтыған. Климаты континенттік, қысы суық, қары аз (20 см), жазы ыстық, құрғақ. Қаңтардағы орташа темп-ра –17 – 18ӘС, шілдеде 19 – 20ӘС. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. 300 – 350 мм. Аудан жері арқылы Есіл, Терісаққан, Аққайрақты, Жаманқайрақты, Құмай өзендері ағып өтеді. Ең үлкен көлі – Қалмақкөл. Солт-нде карбонатты қара, оңт-нде карбонатты қызыл қоңыр топырақ, өзен жайылмаларында шалғындық топырақ тараған. 1954 – 56 ж. аудан жерінің көпшілік бөлігі жыртылды. Жыртылмай қалған жерлерінде жусан аралас селеулі, бетегелі-селеулі далалық өсімдіктер, Есіл аңғарында бұта аралас шалғын өседі. Қасқыр, түлкі, қарсақ, қоян, суыр, қарабауыр, күзен, сарышұнақ, қосаяқ, дала белдеміне тән құстар (бозторғай, қаратамақ, т.б.) мекендейді. Халқының орташа тығызд. 1 км2-ге 3,2 адамнан, Есіл аңғарында 10 – 20 адамнан келеді. Халқының этник. құрамы: қазақтар – 47%, орыстар – 21,2%, украиндар – 15,9%, немістер – 4,8%, белорусьтер – 2,9%, татарлар – 1,6%, поляктар – 0,2%, ингуштер – 0,8%, шешендер – 0,3%, башқұрттар – 0,8%, молдовандар – 0,7%, әзірбайжандар – 0,5%, удмурттар – 0,4%, кәрістер – 0,1%, мордвалар – 0,05%, қалған ұлт өкілдері – 1,1%. Ауданда элеватор, диірмен, макарон цехы, құрылыс материалдарын өндіретін, а. ш. техникасын жөндейтін шеберханалар, көлік кәсіпорындары, тұрмыстық комб., баспахана, т.б. жергілікті кәсіпорындар бар. Бұрынғы 17 кеңшардың негізінде «Подгорное» акцион. қоғамы, 19 шаруашылық серіктестіктері, «Прогресс» өндірістік кооперативі, 487 шаруа қожалықтары құрылған. А. ш-на пайдаланылатын жері 945,1 мың га, оның ішінде егістігі 532,6 мың га, шабындығы 18,6 мың га, жайылымдық жері 393,1 мың га. Шаруашылығының басты саласы егіншілік, негізінен, астық өндіру, аздап картоп, көкөніс, техн. дақылдар егіледі. Мал ш-ның басты саласы етті-сүтті ірі қара, шошқа өсіру. Ж. а-да 22 мектепке дейінгі балалар мекемесі, 1 кәсіптік-тех., уч-ще14 бастауыш, 9 орталау, 23 орта мектеп, 19 клуб пен мәдениет үйі, 13 кітапхана, орт. ауд. аурухана, 30 фельдш.-акуш. пункт, 6 дәрігерлік амбулатория, 2 телімдік аурухана жұмыс істейді. 1955 жылдан ауд. газет шығарылады. Аудан жері арқылы Павлодар – Астана – Қараталды (Қарталы),  Астана – Тобыл – Қостанай т. ж-дары, Астана – Атбасар – Қостанай, Қима – Жақсы – Рузаевка автомоб. жолдары өтеді.

Бөлісу: