Ақсарбас атау көкқасқа атау

5 Желтоқсан 2012, 09:01

  Ақсарбас атау көкқасқа атау – көне заманғы наным-сенімге негізделген құрбандық шалу ғұрпы. Ақсарбас үш түрлі: бозқасқа, көкқасқа және қызылқасқа мал шалынатындығы туралы ауызекі және жазбаша дерек- терде айтылады. Мұндағы бозқасқа дегені қой, көкқасқа жылқы, қызылқасқа түс сиырға қатысты. Қазақтар аруақтарға арнап құрбандық шалып, құдайы бергенде өте сирек кездесетін ақ сары бас немесе боз қасқа түстісін союға айырықша мән береді. Өйткені, боз қасқа атау Тәңіріге тілекті тез жеткізеді-мыс. Боз, көк түстер қазақ халқы сыйынған тәңірінің, Көктің символына теңелетін қасиет түске саналады. Бұл жерде құрбандық шалудың қалыптасқан тәртібі байқалады: айталық, құрбандыққа шалынатын қойдың түсі ақ, басы мен мойыны сары болуын жақсы ырымға балайды. Әрі, мал жастау, яғни екі тісті, түсі ақ, тула бойы түгел қардай аппақ, маңдайы ақжолақ болып келуін жақсылықтың нышанына балап, құрбандық қабыл болады деп ырымдайды (толығырақ қ. Ақ боз aт шалу). Адамның қауіп-қатерге ұшырағанда, ауырғанда, жаны қысылғанда Алла атымен «ақсарбас» деп үш рет айтуы керек. Аман қалған кісі осыдан кейін ел-журтты шақырып, құдайы береді. Алыс сапарға кеткен адамның амандығы үшін арналған малды да метафоралық образбен ақсарбас атадым дейді. Осындайда «А, Құдай оң жолыңа баста, пәледен сақта, жолыңа ақсарбас айттым!» деп Тәңірге тэу етеді. Халықтың дәстүрлі нанымында адамның жолына айтылған ақсарбас ол ауылдан узақта, жырақта, қауіп-қатердің шебінде жүрген кезде «айтылған иесіне тілекші болып, оның амандъщ-саулығын тілеп жүреді». Жаңа босанған әйелге ақсарбас қой сойып, ақтілеу айтып, қалжа жегізеді. Себебі аяғы ауыр кездегі тері шьщпаса, ана мен баланы қырық түрлі қырсық шалады, қалжа жемеген әйелдің баласы ынжық болады деп ырымдайды. Қызға куда түсіп келіп, екі жақ келісімге келіп, «цүдандалы» болғанда, кыздың әкесі құдаларына батасын оқытып, ақ қой сойған. Қазақта «ақ қойдың қаны, ақ бата оцыганы» деген соз осыны меңзейді. Күйеужігіттарапы жаңатүскен келіннің «өлі-тірісіне» ақтоқты апарады. Оның мағынасы дәстүрлі наным-сенімдегі оркендеу идеясынан бастау алады. Қазақтарда койдың ақ сары басын құрбандыққа шалу- құдайы айтудың жақсылық, қуанышпен аяқталуын тілеу. Халқымызда беделді адам қайтыс болғанда құрбандыққа қойдан ацсарбас шалынса, катардағы құрбандыққа қоңыр тоқты мен қара шунақ лақ сойылғаны баршамызға мәлім.

Бөлісу: