Этиканың негізгі категориялары

5 Желтоқсан 2012, 08:51

Көптеген философиялық-теориялық пәндермен салыстырғанда этиканың категориялары күнделікті тілде кең пайдаланылатын сөздерден тұрады. Этикалык категориялардың барлығы табиғат құбылыстарына еш қатысы жоқ, тек тікелей адам әлемімен байланысты ұғымдар. Өйткені адамгершілік, аты айтып тұрғандай, тек адамға, ягни жақсылық пен жаманшылықтың арасын ажырата білетін ерік-жігері бар жан иесіне ғана тиесілі.   Достық — адамдардың бір-бірін қажетсінуінен, құрмет тұтуынан, шынайы тілектестіктен, сенімнен құралады. Достық қарым-қатынас дегеніміз — жеке адамдардың бірін-бірі жақсы көруіне және ұнатуға, мақсат бірлігіне, ұзақ уакыт және жан-жақты тату-тәтті араласуына негізделген аса тығыз қарым-қатынас, үлкен сезім.   Махаббат — достықтың, татулықтың шыңы, адам өмірінің ұлы жарастығы. Онсыз өмірдің мөні, қызығы, құны жоқ. Ақын Абай "Махаббатсыз дүние — бос" деп тегін айтпаған. Махаббатпен адамның бүкіл тіршілігі байланысты. Адам дүниеге келген мезеттен ата-ана махаббатының жылуына бөленсе, одан кейін дос-жаран, жора-жол- дастарының сүйіспеншілігін біледі, бірте-бірте сүйіктісінің, жарының махаббатымен кауышады. Барлық үлы істерге адамды қажыр беріп бастаушы күш — махаббат. Адам біреуді сүйгендіктен, біреудің өзін сүйетіндігін немесе болашақта сүюінен үміттенгендіктен, оның бойын күш-жігер кернеп, биік мақсаттарға ұмтылады. Сезім атасы — махаббат — құдіретті күш. Ол адам жанының екінші біреуге, адамдар қауымына немесе белгілі бір идеяға бағытталған сүйіспеншілігі мен құштарлық сезімінің аса нәзік түрі.   Махаббат ұғымының мазмұны өте кең. Оның адам жанының махаббаты, белгілі бір идеяға, Отанға, ата-анаға, жалпы адамзатқа деген түрлері көп. Махаббат — жануарлар дүниесіндегі биологиялық инстинктіге негізделген сезімнен әлдеқайда күрделі сезім. Ол адамның мәдени дамуының белгілі бір сатысында ғана пайда болатындықтан, оны шынайы адами сезім деп қарастыру керек. Махаббатта сезім мен ақыл ұштасып, адам парасатты табиғи күш ретінде көрінеді. Махаббат адам көңілін шартарапқа желдірер, кеңілін аспанға көтерер, нәзіктік пен құштарлықты тудырар, қоркынышы мен үрейі, қуанышы мен қызғаныш қасіреті көп күрделі, құрғақ анықтамаларға сыйыспайтын ғаламат сезім.   Жомарттық — басқаға жақсылық жасап, көмек көрсетуге пейілділік.   Ізгілік пен зулымдық — этиканың орталық категориялары. Ең абстрактілі деңгейде ізгілік пен зұлымдықты адамгерпгілік пен адамгершіліксіздіктің баламасы деуге болады. Ізгілік арқылы адамдар өздерінің ортақ мүдделерін, талап-тілектерін, болашақтан үмітін танытады. Сонымен, ізгілік шапағатымен өмір гүлі өсіп, тамыр алса, зұлымдық өмірдін түбіріне балта шабады. Ізгілік категориясына барлық он қылықтар жинақталған.   Ар, намыс, ұят - абырой ұғымдарының бір-бірімен тығыз байланыстылығы соншалық, оларды бөліп-жарып қарасты- рудың өзі қиын. Неміс философы Канттың жүрек тебірентерлік мынадай жолдары бар: "Бұл әлемде өзінің шексіздігі мен ғаламаттылығы тұрғысынан адамды таңдандыратын тек екі нәрсе ғана бар: төбемдегі мәңгілік шексіз аспан және менің ішкі жан дүниемдегі адамгершілік заңы". Осындағы адамгершілік заңының жүзеге асуын қадағалаушы — ар мен ұят. Ұят — адамгершіліктің жемісі, сонымен қатар ардың қосшысы. Ұят жоқ жерде әдеп, инабаттылық жоқ. Ненің ұят жөне ненің ұят еместігі туралы түсініктердің барлық жерде өр түрлі екенін айта кету керек.     Ұят — адамның өзінің қоршаған ортасында қалыптасқан ортақ нормаларға немесе қауымның өзінен күткен биіктеріне сай келмегендігін сезінуден туындайтын қолайсыздық күйі. Армен және намыспен салыстырғанда ұят ішкі, өзінмен-өзің қалатын күй емес, басқалардың, қоршаған ортаның көзқарасымен анықталатьш күй. Өйткені адам өзі жасаған келеңсіз өрекеті, қылығы үшін басқалардан еститін сәзді ойлап, олардың өзі туралы көзқарастарынын бұзылатындығьша қам жейді.   Абырой — адамнын өз іс-әрекеттерінін тиесілі адамгершілік мұраттарына сәйкес келетінінен пайда болатын өзіндік жетістік. Ар мен намыс арқылы адамның өз қылыктарын парыз, міндет, тиесілі бағалай білетіндігі көрінеді. Адамның парызы сияқты ары мен намысы да өзіндік, ешкімге тәуелсіз дүние.   Парыз — адамның моральдық мұратқа байланысты қойылған талаптарды орындау кажетті. Адамның парызы ізгілікке еру, өзі сиякты басқаларға мүмкіндігінше көмек көрсету, зұлымдыққа жол бермеу сияқты әрекеттерден құралады.   Әділеттік — ізгіліктін нақтыланған өзіндік түрі. Ол адамды қоғамның елеуі, марапаттауы түрінде көрінеді.   Әділеттік — тарихи қалыптасқан ұғым. Алғашкы қауымдық құрылыста әділеттікті табу, талион ұстанымдарының маңынан көруге болатын. Ол кезде әділеттілік есесін жібермеу, орынды жазалау түрінде қарастырылатын.   Бақыт — этиканың іргелі категориясы. Мәдениет тарихында бақыт мәселесімен айналысатын фелицитология деген пән де болды. Фелицитарлық шығармаларды атап өтер болсақ: Аристотельдің "Никомах этикасы", Сенеканың "Бақытты өмір жайында", Фома Аквинскийдің "Бақыт туралы трактаты", Әулие Августиннің "Бақытты өмір сүру туралы", Әл-Фарабидің "Бакыт жолына сілтеу" және т.б. бақытқа арналған шығармалар қаншама кеп болса, бақытты түсіндіру де соншалық әр түрлі. Біреулер бақыт дегеніміз махаббат десе, енді біреулері бақыт жүзеге асқан мақсат деп біледі.   Бұқара санасында бақытқа мынадай төрт түсініктеме беріледі: • Бақыт дегеніміз—жолы болып, "жұлдызы жанғандық". • Бақыт — қуаныш, лөззат және жан қызығы. • Бақыт дегеніміз — ең жоғары ізгілікке қол жеткізу. • Бақыт — өз-өзіңе, жалпы өмірге көңілі толған "төрт құбылаң түгелдік" күйі.   Құндылыктар тұрғысынан алғанда бақыт деп адам өміріндегі мейірімнің өлшемін айтамыз. Өйткені тек ізгілік пен мейірім ғана адамды қуанышқа бөлеп, шаттандырады. Бақыт туралы әркімнің өзіндік түсінігі бар, әмбебап, әркімнің ойынан шығар бақыт түсінігі кемде-кем. Әдетте, бақыт деп өзіндік болмыстың кемелдігш, түгелдігін, асқан қуаныш әкелген ерекше көтерінкі кеңіл күйін айтады.   Жүздесу — адами табиғаттың болмыстық алғышарты. Өйткені, адам санасының өзі адамның бір-бірімен қарым-қатынас жасауының нәтижесінде қалыптасты. Адамдық қарым-қатынас — жүздесу — оны (адамды) баска қоршаған табиғи ортадан беліп-жарып, өзгешелеп алды. Тіпті физиологиялық тұрғыдан осы мәселеге көз тастайтын болсақ, онда да сананың сұхбаттық табиғатына куә боламыз. Адам миының жемісі болып табылатын сана — мидың кос жартышарларының сұхбатының нәтижесі. Ешбір адам бүкіл өмір бойы өзіне-өзі ғана жеткілікті болып, басқа ешкімді қажет етпей өмір сүре алмайды.  

Көптеген философиялық-теориялық пәндермен салыстырғанда этиканың категориялары күнделікті тілде кең пайдаланылатын сөздерден тұрады. Этикалык категориялардың барлығы табиғат құбылыстарына еш қатысы жоқ, тек тікелей адам әлемімен байланысты ұғымдар. Өйткені адамгершілік, аты айтып тұрғандай, тек адамға, ягни жақсылық пен жаманшылықтың арасын ажырата білетін ерік-жігері бар жан иесіне ғана тиесілі.

 
Достық — адамдардың бір-бірін қажетсінуінен, құрмет тұтуынан, шынайы тілектестіктен, сенімнен құралады. Достық қарым-қатынас дегеніміз — жеке адамдардың бірін-бірі жақсы көруіне және ұнатуға, мақсат бірлігіне, ұзақ уакыт және жан-жақты тату-тәтті араласуына негізделген аса тығыз қарым-қатынас, үлкен сезім.
 
Махаббат — достықтың, татулықтың шыңы, адам өмірінің ұлы жарастығы. Онсыз өмірдің мөні, қызығы, құны жоқ. Ақын Абай "Махаббатсыз дүние — бос" деп тегін айтпаған. Махаббатпен адамның бүкіл тіршілігі байланысты. Адам дүниеге келген мезеттен ата-ана махаббатының жылуына бөленсе, одан кейін дос-жаран, жора-жол- дастарының сүйіспеншілігін біледі, бірте-бірте сүйіктісінің, жарының махаббатымен кауышады. Барлық үлы істерге адамды қажыр беріп бастаушы күш — махаббат. Адам біреуді сүйгендіктен, біреудің өзін сүйетіндігін немесе болашақта сүюінен үміттенгендіктен, оның бойын күш-жігер кернеп, биік мақсаттарға ұмтылады. Сезім атасы — махаббат — құдіретті күш. Ол адам жанының екінші біреуге, адамдар қауымына немесе белгілі бір идеяға бағытталған сүйіспеншілігі мен құштарлық сезімінің аса нәзік түрі.
 
Махаббат ұғымының мазмұны өте кең. Оның адам жанының махаббаты, белгілі бір идеяға, Отанға, ата-анаға, жалпы адамзатқа деген түрлері көп. Махаббат — жануарлар дүниесіндегі биологиялық инстинктіге негізделген сезімнен әлдеқайда күрделі сезім. Ол адамның мәдени дамуының белгілі бір сатысында ғана пайда болатындықтан, оны шынайы адами сезім деп қарастыру керек. Махаббатта сезім мен ақыл ұштасып, адам парасатты табиғи күш ретінде көрінеді. Махаббат адам көңілін шартарапқа желдірер, кеңілін аспанға көтерер, нәзіктік пен құштарлықты тудырар, қоркынышы мен үрейі, қуанышы мен қызғаныш қасіреті көп күрделі, құрғақ анықтамаларға сыйыспайтын ғаламат сезім.
 
Жомарттық — басқаға жақсылық жасап, көмек көрсетуге пейілділік.
 
Ізгілік пен зулымдық — этиканың орталық категориялары. Ең абстрактілі деңгейде ізгілік пен зұлымдықты адамгерпгілік пен адамгершіліксіздіктің баламасы деуге болады. Ізгілік арқылы адамдар өздерінің ортақ мүдделерін, талап-тілектерін, болашақтан үмітін танытады. Сонымен, ізгілік шапағатымен өмір гүлі өсіп, тамыр алса, зұлымдық өмірдін түбіріне балта шабады. Ізгілік категориясына барлық он қылықтар жинақталған.
 
Ар, намыс, ұят - абырой ұғымдарының бір-бірімен тығыз байланыстылығы соншалық, оларды бөліп-жарып қарасты- рудың өзі қиын. Неміс философы Канттың жүрек тебірентерлік мынадай жолдары бар: "Бұл әлемде өзінің шексіздігі мен ғаламаттылығы тұрғысынан адамды таңдандыратын тек екі нәрсе ғана бар: төбемдегі мәңгілік шексіз аспан және менің ішкі жан дүниемдегі адамгершілік заңы". Осындағы адамгершілік заңының жүзеге асуын қадағалаушы — ар мен ұят. Ұят — адамгершіліктің жемісі, сонымен қатар ардың қосшысы. Ұят жоқ жерде әдеп, инабаттылық жоқ. Ненің ұят жөне ненің ұят еместігі туралы түсініктердің барлық жерде өр түрлі екенін айта кету керек.
 
 
Ұят — адамның өзінің қоршаған ортасында қалыптасқан ортақ нормаларға немесе қауымның өзінен күткен биіктеріне сай келмегендігін сезінуден туындайтын қолайсыздық күйі. Армен және намыспен салыстырғанда ұят ішкі, өзінмен-өзің қалатын күй емес, басқалардың, қоршаған ортаның көзқарасымен анықталатьш күй. Өйткені адам өзі жасаған келеңсіз өрекеті, қылығы үшін басқалардан еститін сәзді ойлап, олардың өзі туралы көзқарастарынын бұзылатындығьша қам жейді.
 
Абырой — адамнын өз іс-әрекеттерінін тиесілі адамгершілік мұраттарына сәйкес келетінінен пайда болатын өзіндік жетістік. Ар мен намыс арқылы адамның өз қылыктарын парыз, міндет, тиесілі бағалай білетіндігі көрінеді. Адамның парызы сияқты ары мен намысы да өзіндік, ешкімге тәуелсіз дүние.
 
Парыз — адамның моральдық мұратқа байланысты қойылған талаптарды орындау кажетті. Адамның парызы ізгілікке еру, өзі сиякты басқаларға мүмкіндігінше көмек көрсету, зұлымдыққа жол бермеу сияқты әрекеттерден құралады.
 
Әділеттік — ізгіліктін нақтыланған өзіндік түрі. Ол адамды қоғамның елеуі, марапаттауы түрінде көрінеді.
 
Әділеттік — тарихи қалыптасқан ұғым. Алғашкы қауымдық құрылыста әділеттікті табу, талион ұстанымдарының маңынан көруге болатын. Ол кезде әділеттілік есесін жібермеу, орынды жазалау түрінде қарастырылатын.
 
Бақыт — этиканың іргелі категориясы. Мәдениет тарихында бақыт мәселесімен айналысатын фелицитология деген пән де болды. Фелицитарлық шығармаларды атап өтер болсақ: Аристотельдің "Никомах этикасы", Сенеканың "Бақытты өмір жайында", Фома Аквинскийдің "Бақыт туралы трактаты", Әулие Августиннің "Бақытты өмір сүру туралы", Әл-Фарабидің "Бакыт жолына сілтеу" және т.б. бақытқа арналған шығармалар қаншама кеп болса, бақытты түсіндіру де соншалық әр түрлі. Біреулер бақыт дегеніміз махаббат десе, енді біреулері бақыт жүзеге асқан мақсат деп біледі.
 
Бұқара санасында бақытқа мынадай төрт түсініктеме беріледі:
Бақыт дегеніміз—жолы болып, "жұлдызы жанғандық".
Бақыт — қуаныш, лөззат және жан қызығы.
Бақыт дегеніміз — ең жоғары ізгілікке қол жеткізу.
Бақыт — өз-өзіңе, жалпы өмірге көңілі толған "төрт құбылаң түгелдік" күйі.
 
Құндылыктар тұрғысынан алғанда бақыт деп адам өміріндегі мейірімнің өлшемін айтамыз. Өйткені тек ізгілік пен мейірім ғана адамды қуанышқа бөлеп, шаттандырады. Бақыт туралы әркімнің өзіндік түсінігі бар, әмбебап, әркімнің ойынан шығар бақыт түсінігі кемде-кем. Әдетте, бақыт деп өзіндік болмыстың кемелдігш, түгелдігін, асқан қуаныш әкелген ерекше көтерінкі кеңіл күйін айтады.
 
Жүздесу — адами табиғаттың болмыстық алғышарты. Өйткені, адам санасының өзі адамның бір-бірімен қарым-қатынас жасауының нәтижесінде қалыптасты. Адамдық қарым-қатынас — жүздесу — оны (адамды) баска қоршаған табиғи ортадан беліп-жарып, өзгешелеп алды. Тіпті физиологиялық тұрғыдан осы мәселеге көз тастайтын болсақ, онда да сананың сұхбаттық табиғатына куә боламыз. Адам миының жемісі болып табылатын сана — мидың кос жартышарларының сұхбатының нәтижесі. Ешбір адам бүкіл өмір бойы өзіне-өзі ғана жеткілікті болып, басқа ешкімді қажет етпей өмір сүре алмайды.
 
Бөлісу: