Облыс мұражайлары

5 Желтоқсан 2012, 08:14

  Атбасар тарихи-өлкетану мұражайы. 1978 ж. Атбасар қ-лық №2 кітапханасында жиналған өлкетанулық деректер негізінде құрылды. Ғимараты 1911 ж. салынған, тарих және сәулет ескерткіші болып табылады. Төңкерістен кейін бұл ғимаратта С.Разин атынд. полк комиссары Н.Д. Виденеев басқарған алғашқы уездік к-т орналасты. Мұражай қорындағы жәдігерлер саны – 9642, олар екі қабатты ғимараттың 12 бөлмесіне орналастырылған. Жәдігерлер жануарлар мен өсімдіктер әлемі, қазақ халқының мәдениеті мен тұрмысы, қоныс аударушылардың этнографиясы, өлкенің 1914 — 37 жылдардағы тарихы, Атбасар — соғыс майданының тылдағы қаласы (1941 — 45), тың және тыңайған жерлерді игеру сияқты бөлімдерге топтастырылған.   Абылай хан атынд. Бурабай тарихи-өлкетану мұражайы. 1999 ж. Абылай ханның 280 жылдық мерейтойына байланысты ашылған. Жәдігерлер жергілікті өлкетанушы А.Д. Тұрсынбаеваның жинаған материалдары негізінде жасалды. Бурабай тарихы қазақ халқының ұлы тұлғалары Абылай хан және Кенесары Қасымов есімдерімен тығыз байланысты. 2-дүниежүз. соғыс жылдары мұнда атақты кеңес ғалымдары В.И. Вернадский, Л.С. Берг, Н.Ф. Гамалея және т.б. өмір сүріп, қызмет етті. Мұражай қорында 8216 жәдігер сақталған.   Әдебиет және өнер мұражайы 1989 ж. 20 қаңтарда ҚазКСР Министрлер Кеңесінің №14-Р шешімімен құрылып, 1993 жылдың 22-маусымынан келушілерге қызмет көрсете бастады. Көкшетау жерінен шыққан өнер және мәдениет қайраткерлерінің, ақын-жазушылардың өмірі мен шығармашылығына қатысты ескерткіштерді сақтайтын мемл. орын, ғыл.-зерт. мекемесі болып табылады. Мұражайдың жұмыс істеу бағыттары: фольклор және төңкеріске дейінгі әдебиет; қазіргі таңдағы әдебиет; өнер; мұражай қоры бойынша ғыл.-зерт. бөлімі; экскурсия және оқу-ағартушылық қызмет. Мұражай қорында 7000-нан астам жәдігер сақталған. Олардың ішінде этногр. және тұрмыстық заттар, ақын-жазушылардың суреттері, құжаттары, өздері пайдаланған жеке мүліктері, Е.Мырзахметов, С.Жүнісов, К.Салықов, И.Салахов, Б.Қанапьяновтардың қолтаңбалары қойылған қолжазбалары мен кітаптары сақталған.    Ерейментау тарихи-өлкетану мұражайы. 1991 ж. Ерейментау баурайында атақты Ақша батырдың отбасында дүниеге келген, қазақ әскерінің қолбасшысы, батыр Қанжығалы Бөгенбайдың туылғанына 300 жыл толу құрметіне ашылған. 2005 ж. өлкелік «Мәдени мұра — 2005 – 07» бағдарламасының негізінде мұражай ғимараты күрделі жөндеуден өтіп, жаңа экспозициялар салынды. Оған палеонтология, археология, өлке табиғаты, аудан аумағында тұратын халықтардың этнографиясы, Бөгенбай батыр және оның сарбаздары, аудан тарихы бөлмелері кіреді.   Кеңес Одағының батыры Мәлік Ғабдуллин мұражайы. Кеңес Одағының батыры, академик, жазушы, қоғам қайраткері Мәлік Ғабдуллин мұражайы 1993 ж. 7 мамырдағы ҚР Министрлер Кабинетінің № 465 шешімімен және Көкшетау обл. әкімінің 1995 ж. 4 қыркүйектегі №1-391 ұйғарымымен батырдың 80-жылдық мерейтойына орай ашылды. 2004 ж. Ақмола обл. әкімш. тұрғызылғанына 116 жыл болған мұражай ғимаратын күрделі жөндеуден өткізуге шешім қабылдап, 2005 ж. 19 тамызда жаңа ғимарат салтанатты түрде ашылды. Мұражайдың ең алғашқы келушісі ҚР-ның Президенті Н.Назарбаев болды. 2000 ж. М.Ғабдулиннің 85 жасқа толуы қарсаңында батырдың інісі Ж.Бекенов құрастырған «Батырлардың тұйғыны, ғалымдардың жүйрігі» атты естелік кітабы жарыққа шықты. Мұражай жәдігерлері М.Ғабдулиннің шежіресі мен туған жері Зеренді ауд. Қойсалған а-нан басталады. 5 экспозициялық залдан тұрады. Олар: «Ауылым — алтын бесігім»; «Батырдың ер жетіп, азамат ретінде қалыптасқан кезі»; «1941 — 45 ж. Ұлы отан соғысы»; «Мәлік Ғабдулиннің жұмыс кабинеті».   Көкшетау қаласының тарихи мұражайы 2000 ж. құрылған. Мұражай экспозициясы 2004 ж. қалаға 180 жыл толғанда ашылды. Мұражай қаланың ескі бөлігінде — Қанай би көшесі 32-үйде орналасқан. 19 ғ-дың 1-жартысында нақ осы жерде, тау шоқысының етегінде, Қопа к-нің жағалауында Көкшетау қ-ның негізі қаланған. Мұражай ғимараты тарихи ескерткіш болып табылады және мемлекет қорғауына алынған. 19 ғ-дың соңы мен 20 ғ-дың басында бұл үйде кеңес дәуірінің болашақ мемлекет қайраткері В.В. Куйбышевтің отбасы тұрған. 2-дүниежүз. соғыс жылдарында бұл үйге Кеңес армиясының жараланған әскерлерін емдейтін тылдағы госпиталі орналасты. Соғыстан кейін бұл үйде В.В. Куйбышев мұражайы ашылып, ол 2000 ж. қаланың тарихи мұражайы болып қайта құрылды. Экспозициясында хронол. жүйемен Көкшетау тарихының 1824 ж. құрылған кезінен бастап қазіргі таңға дейінгі негізгі кезеңдері көрсетілген. Мұражай қорында 11 мың жәдігер сақталған. М. жәдігерлерінің ішінде келушілердің қызығып тамашалайтыны — 20 ғ-дың басында жасалған американдық «Кадиллак» маркалы автомобилі, немістің «Дюркопп» маркалы велосипеді, сонымен қатар ерте кездегі жүк тасымалдайтын көлік түрі – қысқы шана мен жазғы арба.   Маринов тарихи-өлкетану мұражайы. Ауылдың негізін 1879 ж. Ресей мен Украинадан қоныс аударған шаруалар қалаған. Азамат соғысы жылдарында Маринов а. – Колчак бастаған ақгвардияшыларға қарсы шыққан шаруалардың қарулы көтерілістерінің орт. болды. 1967 ж. Маринов көтерілісінің мұражайы ретінде ашылды. 1977 жылдан тарихи-өлкетану мұражайы. Жәдігерлерінің саны 6998. Экспозициялары: өлке табиғаты; ежелгі қоғам тарихы; халықтардың тұрмысы мен салт-дәстүрі; Азамат соғысы; 2-дүниежүз. соғыс; Тың игеру жылдары болып бөлінген. 2006 ж. мұражай жобаларының респ. байқауына қатысып, «бір жәдігерді сан қырынан көрсету» номинациясы бойынша жүлделі орынды иеленді.   Степногорск тарихи-өлкетану мұражайы. 1994 ж. Целинный тау кен-химия комб-тының Еңбек Даңқы залының негізінде құрылған. Экспозиция залдарында өнеркәсіптік жас қала — Степногорскнің тарихы, өлкенің ежелгі тарихы (15 ғ-ға жататын Шондын қорасы-1 және Шондын қорасы-11 қабірлерінен табылған артефактар), өсімдіктер және жануарлар әлемінен жәдігерлер қойылған. Фалеристика, Қазақстанның түрлі-түсті тастары, нумизматиканың бай топтамалары көрме жасауға негіз болды. Мұражай Новосібір қ-ндағы Рерих қоғамымен тығыз байланыста. Осы ынтымақтастық байланыстың нәтижесінде Н.К. Рерих шығармалары көшірмесінің көрмесі ұйымдастырылып, осы көрмеге қойылған шығармалардың бір бөлігі мұражай қорына берілді. Мұражай қорында 7349 жәдігер сақталады.    Ілияс Есенберлиннің әдеби мұражайы. Атбасар қ. – белгілі қазақ жазушысы І.Есенберлиннің туған жері. Осы жерде жазушының балалық және жастық шағы өткен. Мұражай 1999 ж. І.Есенберлиннің баласының тікелей қатысуымен ашылды. Экспозициясында жазушының балалық және жастық шағы; 2-дүниежүз. соғысқа қатысқан кезі; еңбек жолы; әдеби-шығармашылық кезеңі берілген. Оның қорында 1419 жәдігер сақталған.  

 

Атбасар тарихи-өлкетану мұражайы. 1978 ж. Атбасар қ-лық №2 кітапханасында жиналған өлкетанулық деректер негізінде құрылды. Ғимараты 1911 ж. салынған, тарих және сәулет ескерткіші болып табылады. Төңкерістен кейін бұл ғимаратта С.Разин атынд. полк комиссары Н.Д. Виденеев басқарған алғашқы уездік к-т орналасты. Мұражай қорындағы жәдігерлер саны – 9642, олар екі қабатты ғимараттың 12 бөлмесіне орналастырылған. Жәдігерлер жануарлар мен өсімдіктер әлемі, қазақ халқының мәдениеті мен тұрмысы, қоныс аударушылардың этнографиясы, өлкенің 1914 — 37 жылдардағы тарихы, Атбасар — соғыс майданының тылдағы қаласы (1941 — 45), тың және тыңайған жерлерді игеру сияқты бөлімдерге топтастырылған.
 
Абылай хан атынд. Бурабай тарихи-өлкетану мұражайы. 1999 ж. Абылай ханның 280 жылдық мерейтойына байланысты ашылған. Жәдігерлер жергілікті өлкетанушы А.Д. Тұрсынбаеваның жинаған материалдары негізінде жасалды. Бурабай тарихы қазақ халқының ұлы тұлғалары Абылай хан және Кенесары Қасымов есімдерімен тығыз байланысты. 2-дүниежүз. соғыс жылдары мұнда атақты кеңес ғалымдары В.И. Вернадский, Л.С. Берг, Н.Ф. Гамалея және т.б. өмір сүріп, қызмет етті. Мұражай қорында 8216 жәдігер сақталған.
 
Әдебиет және өнер мұражайы 1989 ж. 20 қаңтарда ҚазКСР Министрлер Кеңесінің №14-Р шешімімен құрылып, 1993 жылдың 22-маусымынан келушілерге қызмет көрсете бастады. Көкшетау жерінен шыққан өнер және мәдениет қайраткерлерінің, ақын-жазушылардың өмірі мен шығармашылығына қатысты ескерткіштерді сақтайтын мемл. орын, ғыл.-зерт. мекемесі болып табылады. Мұражайдың жұмыс істеу бағыттары: фольклор және төңкеріске дейінгі әдебиет; қазіргі таңдағы әдебиет; өнер; мұражай қоры бойынша ғыл.-зерт. бөлімі; экскурсия және оқу-ағартушылық қызмет. Мұражай қорында 7000-нан астам жәдігер сақталған. Олардың ішінде этногр. және тұрмыстық заттар, ақын-жазушылардың суреттері, құжаттары, өздері пайдаланған жеке мүліктері, Е.Мырзахметов, С.Жүнісов, К.Салықов, И.Салахов, Б.Қанапьяновтардың қолтаңбалары қойылған қолжазбалары мен кітаптары сақталған. 
 
Ерейментау тарихи-өлкетану мұражайы. 1991 ж. Ерейментау баурайында атақты Ақша батырдың отбасында дүниеге келген, қазақ әскерінің қолбасшысы, батыр Қанжығалы Бөгенбайдың туылғанына 300 жыл толу құрметіне ашылған. 2005 ж. өлкелік «Мәдени мұра — 2005 – 07» бағдарламасының негізінде мұражай ғимараты күрделі жөндеуден өтіп, жаңа экспозициялар салынды. Оған палеонтология, археология, өлке табиғаты, аудан аумағында тұратын халықтардың этнографиясы, Бөгенбай батыр және оның сарбаздары, аудан тарихы бөлмелері кіреді.
 
Кеңес Одағының батыры Мәлік Ғабдуллин мұражайы. Кеңес Одағының батыры, академик, жазушы, қоғам қайраткері Мәлік Ғабдуллин мұражайы 1993 ж. 7 мамырдағы ҚР Министрлер Кабинетінің № 465 шешімімен және Көкшетау обл. әкімінің 1995 ж. 4 қыркүйектегі №1-391 ұйғарымымен батырдың 80-жылдық мерейтойына орай ашылды. 2004 ж. Ақмола обл. әкімш. тұрғызылғанына 116 жыл болған мұражай ғимаратын күрделі жөндеуден өткізуге шешім қабылдап, 2005 ж. 19 тамызда жаңа ғимарат салтанатты түрде ашылды. Мұражайдың ең алғашқы келушісі ҚР-ның Президенті Н.Назарбаев болды. 2000 ж. М.Ғабдулиннің 85 жасқа толуы қарсаңында батырдың інісі Ж.Бекенов құрастырған «Батырлардың тұйғыны, ғалымдардың жүйрігі» атты естелік кітабы жарыққа шықты. Мұражай жәдігерлері М.Ғабдулиннің шежіресі мен туған жері Зеренді ауд. Қойсалған а-нан басталады. 5 экспозициялық залдан тұрады. Олар: «Ауылым — алтын бесігім»; «Батырдың ер жетіп, азамат ретінде қалыптасқан кезі»; «1941 — 45 ж. Ұлы отан соғысы»; «Мәлік Ғабдулиннің жұмыс кабинеті».
 
Көкшетау қаласының тарихи мұражайы 2000 ж. құрылған. Мұражай экспозициясы 2004 ж. қалаға 180 жыл толғанда ашылды. Мұражай қаланың ескі бөлігінде — Қанай би көшесі 32-үйде орналасқан. 19 ғ-дың 1-жартысында нақ осы жерде, тау шоқысының етегінде, Қопа к-нің жағалауында Көкшетау қ-ның негізі қаланған. Мұражай ғимараты тарихи ескерткіш болып табылады және мемлекет қорғауына алынған. 19 ғ-дың соңы мен 20 ғ-дың басында бұл үйде кеңес дәуірінің болашақ мемлекет қайраткері В.В. Куйбышевтің отбасы тұрған. 2-дүниежүз. соғыс жылдарында бұл үйге Кеңес армиясының жараланған әскерлерін емдейтін тылдағы госпиталі орналасты. Соғыстан кейін бұл үйде В.В. Куйбышев мұражайы ашылып, ол 2000 ж. қаланың тарихи мұражайы болып қайта құрылды. Экспозициясында хронол. жүйемен Көкшетау тарихының 1824 ж. құрылған кезінен бастап қазіргі таңға дейінгі негізгі кезеңдері көрсетілген. Мұражай қорында 11 мың жәдігер сақталған. М. жәдігерлерінің ішінде келушілердің қызығып тамашалайтыны — 20 ғ-дың басында жасалған американдық «Кадиллак» маркалы автомобилі, немістің «Дюркопп» маркалы велосипеді, сонымен қатар ерте кездегі жүк тасымалдайтын көлік түрі – қысқы шана мен жазғы арба.
 
Маринов тарихи-өлкетану мұражайы. Ауылдың негізін 1879 ж. Ресей мен Украинадан қоныс аударған шаруалар қалаған. Азамат соғысы жылдарында Маринов а. – Колчак бастаған ақгвардияшыларға қарсы шыққан шаруалардың қарулы көтерілістерінің орт. болды. 1967 ж. Маринов көтерілісінің мұражайы ретінде ашылды. 1977 жылдан тарихи-өлкетану мұражайы. Жәдігерлерінің саны 6998. Экспозициялары: өлке табиғаты; ежелгі қоғам тарихы; халықтардың тұрмысы мен салт-дәстүрі; Азамат соғысы; 2-дүниежүз. соғыс; Тың игеру жылдары болып бөлінген. 2006 ж. мұражай жобаларының респ. байқауына қатысып, «бір жәдігерді сан қырынан көрсету» номинациясы бойынша жүлделі орынды иеленді.
 
Степногорск тарихи-өлкетану мұражайы. 1994 ж. Целинный тау кен-химия комб-тының Еңбек Даңқы залының негізінде құрылған. Экспозиция залдарында өнеркәсіптік жас қала — Степногорскнің тарихы, өлкенің ежелгі тарихы (15 ғ-ға жататын Шондын қорасы-1 және Шондын қорасы-11 қабірлерінен табылған артефактар), өсімдіктер және жануарлар әлемінен жәдігерлер қойылған. Фалеристика, Қазақстанның түрлі-түсті тастары, нумизматиканың бай топтамалары көрме жасауға негіз болды. Мұражай Новосібір қ-ндағы Рерих қоғамымен тығыз байланыста. Осы ынтымақтастық байланыстың нәтижесінде Н.К. Рерих шығармалары көшірмесінің көрмесі ұйымдастырылып, осы көрмеге қойылған шығармалардың бір бөлігі мұражай қорына берілді. Мұражай қорында 7349 жәдігер сақталады. 
 
Ілияс Есенберлиннің әдеби мұражайы. Атбасар қ. – белгілі қазақ жазушысы І.Есенберлиннің туған жері. Осы жерде жазушының балалық және жастық шағы өткен. Мұражай 1999 ж. І.Есенберлиннің баласының тікелей қатысуымен ашылды. Экспозициясында жазушының балалық және жастық шағы; 2-дүниежүз. соғысқа қатысқан кезі; еңбек жолы; әдеби-шығармашылық кезеңі берілген. Оның қорында 1419 жәдігер сақталған.
 
Бөлісу: