ҚАЗАҚ АСТЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫ

5 Желтоқсан 2012, 08:13

ҚАЗАҚ АСТЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫ, А.И.Бараев атынд. – республиканың астық өндіретін аудандарында дәнді дақылдар егу жөніндегі ғыл.-зерт. жұмыстарын үйлестіріп отыратын мекеме. Ол егістіктердегі топырақ қорғау жүйесін жасау ісіне басшылық етеді. ҚР А. ш. мин-лігінің қарамағында. Целиноград (қазіргі Ақмола) обл-ндағы Шортанды а. ш. тәжірибе ст. негізінде 1956 ж. құрылған. 1961–92 ж. Бүкілодақтық астық ш. ғыл.-зерт. ин-ты, 1992–2002 ж. Қ. а. ш. ғ.-з. и. болып қайта құрылды. 1998 жылдан ин-ттың құрамына Көкшетау бөлімшесі (бұрынғы Көкшетау а.ш. ғыл.-зерт. ин-ты) беріліп, 2002 жылдан Астық ш-н механикаландыру ғыл.-өндірістік орт-ның құрамына енді. Ин-т құрамына: егіншілік (ауыспалы егіс, танапты дақылдар агротехникасы және өсімдік өсіру диверсификациясы, топырақ өңдеу, дақылдарды өсіру технологиясын модельдеу, өсімдік қорғаудың хим. және агротех. әдістері лабораторияларын біріктіреді), агрохимия; топырақ құнарлылығы және топырақты хим. талдау (топырақ химиясы, топырақ құнарлылығы лабораториялары), жемшөп өндіру (шалғындық жемшөп және мал азығын егістікте өндіру лабораториялары), механикаландыру (топырақ өңдеу және тұқым себу машиналары, жиналған астықты өңдеу, тұқым өсіру және сұрыптауды механикаландыру лабораториялары) және агроландшафттық технология бөлімдері бар. Ин-ттың селекциялық орт. құрамына жұмсақ бидай, қатты бидай мен жемдік дақылдар селекциялары, тұқым ш. бөлімдері кіреді. Ин-ттың құрамында бұдан басқа дербес бөлімдер: дәрілік өсімдіктерді егіп өсіру технологиясы мен интродукциясы, өсімдіктер биохимиясы және астық ш-ның экономикасы лабораториялары, тұқымның технол. сапасын бағалау тобы бар. Ин-ттың негізгі ғыл. бағыттары: егіншіліктің аймақтық (Солт. және Орт. Қазақстан агроландшафттарының) топырақ қорғау жүйесін жетілдіру; топырақ құнарлылығын арттыру; дәнді және жемшөп дақылдарын өсіру жұмысын механикаландыру; жемшөп дақылдары мен дәрілік өсімдіктердің жаңа түрлерін интродукциялау; орманды-далалық, далалық және құрғақшылық аймақтарға арнап дәнді, бұршақты, жармалық, майлы және жемшөп дақылдарының жаңа, өнімді мол беретін сорттарын шығару. Ин-тта егіншіліктің топырақ қорғау жүйесін жасап, өндіріске енгізгені үшін 1972 ж. акад. А.И.Бараев бастаған бір топ ғалымдарға Лениндік сыйл. берілді. 1988 ж. эрозияға қарсы машиналар кешенін жасағаны және өндіріске енгізгені үшін инж-лер мен ғалымдар тобына КСРО Мемл. сыйл. берілді. Ин-ттың ғыл.-зерт. жұмыстарына үлес қосқан ғалымдар: Бараев, Э.Ф.Госсен, В.П.Кузьмин, М.Қ.Сүлейменов, т.б. Ин-т ғалымдары Ресейдің бірнеше ғыл. орталықтарымен, Калифорния – Дэвис (АҚШ), Токио және Киото (Жапония) ун-ттерімен бірігіп ғыл.-зерт. жұмыстарын жүргізеді. Ин-т Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған (1967).

Бөлісу: