Қағба мен қажылықтың тарихы

5 Желтоқсан 2012, 08:11

Қажылықта атқарылатын амалдардың тарихы сонау Адам (ғ.с.) атадан да ертеректен бастау алады. Ол туралы қасиеттi Құран Кәрiмде: «Ақиқатына келсек, адамдардың ғибадат етуi үшiн тұңғыш салынған үй Меккеде. Бүкiл әлемдегi қасиеттi және тура жолға бастайтын үй сол»(«Әли-Имран» сүресi, 96 аят) делiнген. Демек, адамдардың ғибадат етулерi үшiн, бүтiн әлемге мүбарак саналған тұңғыш үй - Меккедегi Қағба үйi. Сол Қағбадан бұрын жер бетiнде салынған үй болмаған. Хадисте: «Адам Ата мен Хауа ана ұзақ жылдық айырылудан соң Арафат тауында жолыққанда (Арафат - Адам Ата мен Жәбiрейiл жаннаттан кейiн, қайта жолыққанда, Жәбiрейiл (ғ.с.) Адамнан (с.ғ.) «арафта» - яғни «таныдың ба?» деп сұраған сөзiнен шыққан деседi) Алла Тағала Жәбiрейiл перiште арқылы ол екеуiне ғибадат үйi Қағбаны салуды әмiр етiп, құрылыс бiткен соң, оны тәуап етуге бұйырып, «Сен жер бетiндегi тұңғыш адам болсаң, бұл жер бетiнде құрылған тұңғыш үй» - деген екен. «Адамның (ғ.с.) қажылық жасағанын көрген перiштелер: «Қажылығың қабыл болсын, ей Адам (ғ.с.) бiз де бұл үйдi сенен екi мың жыл бұрын зиярат еткенбiз», - дептi. Бұған қарағанда, Қағбаны алғашқы рет перiштелер тұрғызып, тәуәп жасаған. Адамзат дүниеге келместен бұрын, жер бетiнде iблiс шайтанның тегi Бани Жин тайпасы тiршiлiк еткен.   Ол жер бетiн жаман, бұзық iстерге толтырып жiбергендiктен Алла Тағаланың қаһарына ұшырап, төртiншi қабат аспан перiштелерi арқылы қиратылып жермен-жексен етiлдi. Аспан перiштелерi сол оқиғадан кейiн бiрнеше уақыт жерде қалып қояды. Жердi гүлдендiрген олар төртiншi қабат аспанда жүргенде қызыл жақұттан жасалған Байт әл-Маъмұр деген үйдi тәу еткендерi сияқты, Алла Тағаладан жер бетiнде де сондай қажылық ететiн үйдiң болуын сұрайды. Алла Тағала олардың дұғаларын қабыл етiп, ғарыштағы Байт әл-Маъмұр астындағы топыраққа бiр үй тұрғызып, оны зиярат етуге бұйырады. Ислами риуаяттарда айтуынша, содан берi Қағба он рет бұзылып, қайта жасалған. Адам (ғ.с.) Алла әмiрiмен қайта қалап, қажылық еткен үйдi Нұһ (ғ.с.) дәуiрiнде жер жүзiн топан суы басқанда - перiштелер Қағбаны жетiншi көкке көтерiп әкеткен, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) миғражға көтерiлгенде: «Перiштелер Қағба үйiн тәу етiп жатқанын, Ибраһимнiң (ғ.с.) сол үйге сүйенiп отырғанын көрдiм. Перiштелердiң көптiгi соншалық қасиеттi үйдi бiр тәу еткен перiштеге қиямет күнiне дейiн қайта кезек келмейдi екен»,- деген сөзi бар. Ибраһимнiң (ғ.с.) пайғамбарлық дәуiрiнде ескi үй орнына баласы Исмаил (ғ.с.) екеуi Алла Тағала бұйрығымен қазiргi Кағбатуллаһты салғаны туралы имам әл-Бухарий Абдулла ибн Аббастан (р.а.) риуаят еткен қиссада: «Ибраһим (с.ғ.): «Ей, ұлым, Исмаил! Алла Тағала маған бiр iс бұйырды», - деп едi, Исмаил: «Әке, Раббыңыз бұйырған iстi орындаңыз», - дедi. Әкесi: «Ұлым, көмек бересiң бе?», - дегенiне, ұлы Исмаил ойланбай: «Әрине», - деп үн қатты. Ибраһим: «Алла Тағала маған мына жерден үй соғуға әмiр еттi», - деп кiшкене ғана бiр төбенi көрсеттi. Сосын ұлы тас тасыды, әкесi қалады», - делiнген. Осылайша, әке, баланың iсi оңға басып, Қағба бой көтерiп, бiр деңгейге жеткенде, тас қалау қиынға соғады. Сонда әкесiнiң бойы жетiп, iсi оңайлауы үшiн баласы оның аяғының астына биiк, жалпақ тас әкелiп қояды. Сол тасқа Алла Тағала кейiнгiлер: «Ибраһимге сәлем!» - деп жүрулерi үшiн даңқ және естелiк ретiнде Ибраһим (ғ.с.) пайғамбардың аяқ iздерiн қалдырады. Бұл туралы қасиеттi Құранда: «Ондағы қасиеттi белгi - Ибраһимнiң (с.ғ.) орны» («Әли-Имран» сүресi, 97 аят), - делiнедi. Ғұламаларымыздың айтуынша, «Ибраһимнiң орны» деп Ибраһимнiң (с.ғ.) Қағбаны салып жатқанда, табанының iзi қалған тас және оның айналасы айтылады. Ибраһим (с.ғ.) Қағба салуды аяқтаған соң, тас алдында намаз оқыған екен. Сондықтан да қажылар тәуеп етiп болып, сол арада екi ракат намаз оқиды. Бұл туралы қасиеттi Құранда: «Ибраһимнiң (ғ.с.) орнын намаз орны етiңдер» («Бақара» сүресi, 125 аят), - деп бұйырылғандықтан шариғатымызда бұл уәжiп деңгейiнде саналатын намаздардың бiрi. Ибраһимнiң (ғ.с.) iзi қалған тас Омардың (р.а.) халифаттығына дейiн Қағбаға тиiп тұрды. Оны хазiретi Омар тәуеп етушiлерге кедергi болмасын деп шетке жылжытқан. Сол тас қазiр де бар. Ол шыны ыдысқа салынып аздап жоғары көтерiлiп қойылған. Ибраһим (с.ғ.) Қағбаның төрт қабырғасын қалап боп, кезек осы күнгi «Хажар әл-Асуад» деп аталатын қасиеттi қара тасқа жеткенде, әке-бала тәуептiң бастау алатын бұрышын жасамақ болып ойға қалады. Сонда Жәбiрейiл (ғ.с.) перiште Ибраһимге (с.ғ.) жұмақтан белгi боп тұру үшiн арнайы тас ала келiп, оның орнын көрсетедi. Риуаят бойынша, бұл тас жұмақтан әкелiнгенде таңқаларлықтай аппақ екен. Бiрақ уақыт өте келе адамилықтан ауытқыған, ғұсыл-дәреттi, әуретiн жабуды ұмытқан күнәһар қолдардың тигендiгiнен нұрын жоғалтып, қара тасқа айналыпты. Ол туралы хазiретi Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыз: «Расында Қағбадағы қара тас - жәннат жақұттарының бiрi. Қиямет күнi оған Алланың құдiретiмен көз және тiл бiтiп, ол өзiне тәу еткендерге куәлiк етедi», - дейдi. Және бiр хадисте: «Ей, мүмiндер! Хажар әл-Асуадты жерде тұрғанда ғанибет көрiп, көп зиярат етiңдер, сондай бiр күн келедi, адамдар Байтулланы кешке тауап етiп, ертесiне келсе, Хажар әл-Асуадты таба алмай әуре-сарсаң болады. Өйткенi жәннаттан шыққан нәрселердi Алла Тағала қиямет алдында қайта жәннатқа көтерiп әкетедi», - делiнген. Тәуеп осы қара тастан бастап оңға қарай жүрумен басталады. Оған қарап, «Аллаһу Акбар» деген такбир мен «ләә иләәһә илләлла» дейтiн таһлил айтылады. Тасты ұстап, басқа мұсылманға кедергi келтiрмейтiндей болса сүйедi. Пайғамбарымыз Мұхаммедтен (с.ғ.с.) кейiн әдiл Омар ( р.а.) осы қара тасты сүйiп тұрып: «Сенiң, пайда да, зиян да бере алмайтын тас екендiгiңдi анық бiлемiн. Егер пайғамбарымыз (с.ғ.с.) сенi сүйгенiн көрмегенiмде, мен де сенi сүймес едiм», - деп, айтқанын естiген Әли (р.а.): - «Ей, мүмiндердiң әмiрi! Расында бұл тастың зияны мен пайдасы да бар», - дедi. Омар (р.а.): - «Сонда қалай? Ей, Хасанның әкесi! Әрi пайдасы, әрi зияны да болғаны ма?» - деп сұрады. Әли (р.а.): - «Алла Тағала Адам (с.ғ.) ұрпағынан әл-мисақта уәде алғанда, оларды жазып, осы тас iшiне салып қойған. Қиямет күнi бұл тас мүмiндердiң уәделерiнде тұрғандығы үшiн пайдаларына және кәпiрлердiң уәделерiн бұзғандығы үшiн зияндарына куәлiк етедi», - дедi. Сондықтан адамдар осы қара тасты сүйген уақытта: «Ей, жаратқан ием! Өзiңе иман келтiрiп, кiтабыңды растап және берген уәдемде тұрып, бұл тасты сүйiп жатырмын», - дейдi. Қағбаның қара тас тұрған бұрышы шығысқа қаратылған, оны Рүкiн дейдi. Қара тас жерден бiр метр жоғарыда тұр. Айналасы күмiспен жиектелген. Мұсылмандар үшiн жер бетiнде Қағбадан өзге қасиеттi орын жоқ. Өйткенi, ол киелi орын. Қағба Ұлы Жаратушымыз Алла Тағаланың әмiрiмен, Жәбiрейiлдiң (с.ғ.) көмегiмен салынды. Қасиеттi Құранда: «Кезiнде үйдi (Қағбаны) адамдар жиналатын орын және тыныштық мекенi етiп бердiк» («Бақара» сүресi, 125 аят), - делiнген. Аяттағы «Жиналатын орын» деген сөз «Мәсәбатан» сөзiнен тәржiмаланып отыр. Ал, осы сөздiң толық мағынасын ашып беретiн қазақ тiлiнде өзге сөз болмағандықтан ол сөз осылай аударылды. «Масабәтан» сөзi - адам қайта-қайта барса да тоймайтын жер деген мағынаны да бiлдiредi. Сондықтан да ол Алла Тағаланың бiр керемет жайы ретiнде адам қанша барса да өзiне қайта тартып тұратын шарапаты аса мол киелi. Имам Мүслим Абдулла ибн Аббастан (р.а.) риуаят еткен хадис шарифте Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Меккенi (фатх) азат еткен күнде: «Расында, Алла Тағала бұл елдi аспан мен жердi жаратқан күннен бастап Харам деп бекiткен... Бұл жер Алланың құрметi үшiн қиямет қайымға дейiн Харам саналады.   Көгерiп тұрған өсiмдiгi жұлынбайды, жануары үркiтiлмейдi. Түсiп қалған затты таныған адамнан басқасы алмайды...», - деген. Харам сөздiң мағынасынан жамандық атаулы iс-қылықтың барлығына тыйым салынған қасиеттi дегендi түсiнемiз. Демек, Харам шариф өлкесiнде тек адамға ғана емес, тiптi жануары мен өсiмдiгiне де амандық кепiлдiгi берiлген. Қағба - күллi мұсылман баласының қиямет-қайымға дейiн намаздарында және басқа да ғибадаттарында жүздерiн бұратын, қажылық пен умрада мүмiн-мұсылмандардың басын қосатын қасиеттi мекен. Қажылық ғибадатында - мұсылмандар Алланың нұрын таратқан орталыққа жиналып, жылына бiр рет бас қосады. Мұсылмандардың жылдық жиындары саналған қажылықта - адамдар арасындағы теңдiк бiрден көзге түседi. Онда барлық қажылар өздерiне қажылықты парыз етiп ихрамға кiредi. Ихрамның ақ маталы киiмiне оранып ортақ зiкiрдi айтып жатқанда, ешкiмдi де ажырата алмай қаласың. Ол киiмдi киген барлық қажылардың атқаратын амалдары да бiрдей. Барлығы да бiр жолмен бiр амалды орындау үшiн барады, бiр-бiрiнен қалмай сол жолмен қайтады. Демек, патша да, жарлы да, бай кiсi де, үлкен-кiшi де, күштi мен әлсiз де ихрамда өздерiн кiшiпейiл ұстап, Алла құзырында жүргендей кiршiксiз сезiммен жүредi. Бұл Ислам дiнiнiң теңдiк дiнi екендiгiне ашық дәлел емес пе? Хазiретi Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыз бiр хадисiнде: «Қажылар және умраға барушылар - Алланың жер-жерден келген өкiлдерi және қонақтары. Егер олар Алладан тiлесе, Алла оларға тiлегенiн бередi. Кешiрiм сұраса, кешiредi, шапағат тiлесе, шапағатқа бөленедi және дұға етсе, дұғалары қабыл болады» десе, ендi бiрiнде:«Кiмде-кiм жаман сөз айтпай, бұзақылық жасамай осы үйдi қажылық етер болса, жаңа туған сәбидей күнәдан пәк болады» делiнген. Бұзақылық деп - үлкен-кiшi күнәлi iстердi айтады. Ал, жанжалға, талас-тартысқа түсу, ұрысып қалу, ашулану жатады. Қажылық - үлкен дәреже. Онда мұндай терiс iс-әрекет жасау дұрыс емес. Қажылыққа барушы Алла Тағаланың үйiне зиярат ету үшiн Жаратушысына бетiн бұрған адам саналады. Сондықтан да қажыдан барлық жаман iстерден тыйылып, жақсы амалдармен ғана шұғылданар аса әдептiлiк талап етiлген. Қажылық кезiнде әрқандай бiр жағымсыз қылық болғанда қажылар: «Йа қажи, сабыр, сабыр!» деп бiр-бiрiне ескертедi. Қажылар соған орай жаман iс-әрекеттерге бармай, барынша жақсы амалдарды көбiрек жасап қалуға тырысып бағады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Кiмде-кiм үйiнен қажылықты немесе умраны ниет етiп шығып, кейiн жолда дүние салса, ол кiсiге қиямет күнiне дейiнгi әр жылғы қажылық пен умра сауабынан несiбе жетiп тұрады. Ал, екi Харамның бiрiнде дүниеден өтсе, еш кедергiсiз, есеп берместен жәннатқа кiредi» дедi. Сондай-ақ, «Шариғат талабы бойынша орындалған қажылық дүниеден және ондағы барлық нәрселерден артық. Оның сыйы тек қана жәннат» дейдi хадис-шарифте, Мүмкiншiлiгi бола тұра қажылыққа бармаған мұсылман үлкен күнә жасаған болып саналады. Қасиеттi Құранда:«Кiмде-кiм қарсы келсе, Алла күллi әлемнен беймұқтаж» («Әли Имран» сүресi, 97-аят) делiнген. Яғни Алла Тағала адамзаттың қажылығы түгiлi барша ғибадатына мүлдем мұқтаж емес, керiсiнше әлемдегi барлық нәрсе оған мұқтаж. Аятта «қарсы келсе» деген сөздiң арабшасында «кәфәрә» яғни «кәпiрлiк» сөзi қолданылуының өзi де көп мән-мағынаны айқындай түседi. Бұл аят бойынша жағдайы бола тұра қажылық жасамаған адамның әрекетi кәпiрлiкке теңелген. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) да: «Кiмде-кiм жағдайы бола тұра, қажылық етпей дүниеден өтсе, онда ол қаласа яһуди, қаласа христиан болып дүниеден өтсiн» деп, тектен-тек айтпаса керек-тi.»  

Қажылықта атқарылатын амалдардың тарихы сонау Адам (ғ.с.) атадан да ертеректен бастау алады. Ол туралы қасиеттi Құран Кәрiмде: «Ақиқатына келсек, адамдардың ғибадат етуi үшiн тұңғыш салынған үй Меккеде. Бүкiл әлемдегi қасиеттi және тура жолға бастайтын үй сол»(«Әли-Имран» сүресi, 96 аят) делiнген. Демек, адамдардың ғибадат етулерi үшiн, бүтiн әлемге мүбарак саналған тұңғыш үй - Меккедегi Қағба үйi. Сол Қағбадан бұрын жер бетiнде салынған үй болмаған.

Хадисте: «Адам Ата мен Хауа ана ұзақ жылдық айырылудан соң Арафат тауында жолыққанда (Арафат - Адам Ата мен Жәбiрейiл жаннаттан кейiн, қайта жолыққанда, Жәбiрейiл (ғ.с.) Адамнан (с.ғ.) «арафта» - яғни «таныдың ба?» деп сұраған сөзiнен шыққан деседi) Алла Тағала Жәбiрейiл перiште арқылы ол екеуiне ғибадат үйi Қағбаны салуды әмiр етiп, құрылыс бiткен соң, оны тәуап етуге бұйырып, «Сен жер бетiндегi тұңғыш адам болсаң, бұл жер бетiнде құрылған тұңғыш үй» - деген екен.

«Адамның (ғ.с.) қажылық жасағанын көрген перiштелер: «Қажылығың қабыл болсын, ей Адам (ғ.с.) бiз де бұл үйдi сенен екi мың жыл бұрын зиярат еткенбiз», - дептi. Бұған қарағанда, Қағбаны алғашқы рет перiштелер тұрғызып, тәуәп жасаған. Адамзат дүниеге келместен бұрын, жер бетiнде iблiс шайтанның тегi Бани Жин тайпасы тiршiлiк еткен.
 
Ол жер бетiн жаман, бұзық iстерге толтырып жiбергендiктен Алла Тағаланың қаһарына ұшырап, төртiншi қабат аспан перiштелерi арқылы қиратылып жермен-жексен етiлдi. Аспан перiштелерi сол оқиғадан кейiн бiрнеше уақыт жерде қалып қояды. Жердi гүлдендiрген олар төртiншi қабат аспанда жүргенде қызыл жақұттан жасалған Байт әл-Маъмұр деген үйдi тәу еткендерi сияқты, Алла Тағаладан жер бетiнде де сондай қажылық ететiн үйдiң болуын сұрайды. Алла Тағала олардың дұғаларын қабыл етiп, ғарыштағы Байт әл-Маъмұр астындағы топыраққа бiр үй тұрғызып, оны зиярат етуге бұйырады.

Ислами риуаяттарда айтуынша, содан берi Қағба он рет бұзылып, қайта жасалған. Адам (ғ.с.) Алла әмiрiмен қайта қалап, қажылық еткен үйдi Нұһ (ғ.с.) дәуiрiнде жер жүзiн топан суы басқанда - перiштелер Қағбаны жетiншi көкке көтерiп әкеткен, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) миғражға көтерiлгенде: «Перiштелер Қағба үйiн тәу етiп жатқанын, Ибраһимнiң (ғ.с.) сол үйге сүйенiп отырғанын көрдiм. Перiштелердiң көптiгi соншалық қасиеттi үйдi бiр тәу еткен перiштеге қиямет күнiне дейiн қайта кезек келмейдi екен»,- деген сөзi бар.

Ибраһимнiң (ғ.с.) пайғамбарлық дәуiрiнде ескi үй орнына баласы Исмаил (ғ.с.) екеуi Алла Тағала бұйрығымен қазiргi Кағбатуллаһты салғаны туралы имам әл-Бухарий Абдулла ибн Аббастан (р.а.) риуаят еткен қиссада: «Ибраһим (с.ғ.): «Ей, ұлым, Исмаил! Алла Тағала маған бiр iс бұйырды», - деп едi, Исмаил: «Әке, Раббыңыз бұйырған iстi орындаңыз», - дедi. Әкесi: «Ұлым, көмек бересiң бе?», - дегенiне, ұлы Исмаил ойланбай: «Әрине», - деп үн қатты.

Ибраһим: «Алла Тағала маған мына жерден үй соғуға әмiр еттi», - деп кiшкене ғана бiр төбенi көрсеттi. Сосын ұлы тас тасыды, әкесi қалады», - делiнген.

Осылайша, әке, баланың iсi оңға басып, Қағба бой көтерiп, бiр деңгейге жеткенде, тас қалау қиынға соғады. Сонда әкесiнiң бойы жетiп, iсi оңайлауы үшiн баласы оның аяғының астына биiк, жалпақ тас әкелiп қояды. Сол тасқа Алла Тағала кейiнгiлер: «Ибраһимге сәлем!» - деп жүрулерi үшiн даңқ және естелiк ретiнде Ибраһим (ғ.с.) пайғамбардың аяқ iздерiн қалдырады.

Бұл туралы қасиеттi Құранда: «Ондағы қасиеттi белгi - Ибраһимнiң (с.ғ.) орны» («Әли-Имран» сүресi, 97 аят), - делiнедi. Ғұламаларымыздың айтуынша, «Ибраһимнiң орны» деп Ибраһимнiң (с.ғ.) Қағбаны салып жатқанда, табанының iзi қалған тас және оның айналасы айтылады. Ибраһим (с.ғ.) Қағба салуды аяқтаған соң, тас алдында намаз оқыған екен. Сондықтан да қажылар тәуеп етiп болып, сол арада екi ракат намаз оқиды.

Бұл туралы қасиеттi Құранда: «Ибраһимнiң (ғ.с.) орнын намаз орны етiңдер» («Бақара» сүресi, 125 аят), - деп бұйырылғандықтан шариғатымызда бұл уәжiп деңгейiнде саналатын намаздардың бiрi. Ибраһимнiң (ғ.с.) iзi қалған тас Омардың (р.а.) халифаттығына дейiн Қағбаға тиiп тұрды. Оны хазiретi Омар тәуеп етушiлерге кедергi болмасын деп шетке жылжытқан. Сол тас қазiр де бар. Ол шыны ыдысқа салынып аздап жоғары көтерiлiп қойылған.

Ибраһим (с.ғ.) Қағбаның төрт қабырғасын қалап боп, кезек осы күнгi «Хажар әл-Асуад» деп аталатын қасиеттi қара тасқа жеткенде, әке-бала тәуептiң бастау алатын бұрышын жасамақ болып ойға қалады. Сонда Жәбiрейiл (ғ.с.) перiште Ибраһимге (с.ғ.) жұмақтан белгi боп тұру үшiн арнайы тас ала келiп, оның орнын көрсетедi.

Риуаят бойынша, бұл тас жұмақтан әкелiнгенде таңқаларлықтай аппақ екен. Бiрақ уақыт өте келе адамилықтан ауытқыған, ғұсыл-дәреттi, әуретiн жабуды ұмытқан күнәһар қолдардың тигендiгiнен нұрын жоғалтып, қара тасқа айналыпты. Ол туралы хазiретi Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыз:

«Расында Қағбадағы қара тас - жәннат жақұттарының бiрi. Қиямет күнi оған Алланың құдiретiмен көз және тiл бiтiп, ол өзiне тәу еткендерге куәлiк етедi», - дейдi.

Және бiр хадисте: «Ей, мүмiндер! Хажар әл-Асуадты жерде тұрғанда ғанибет көрiп, көп зиярат етiңдер, сондай бiр күн келедi, адамдар Байтулланы кешке тауап етiп, ертесiне келсе, Хажар әл-Асуадты таба алмай әуре-сарсаң болады. Өйткенi жәннаттан шыққан нәрселердi Алла Тағала қиямет алдында қайта жәннатқа көтерiп әкетедi», - делiнген.

Тәуеп осы қара тастан бастап оңға қарай жүрумен басталады. Оған қарап, «Аллаһу Акбар» деген такбир мен «ләә иләәһә илләлла» дейтiн таһлил айтылады. Тасты ұстап, басқа мұсылманға кедергi келтiрмейтiндей болса сүйедi. Пайғамбарымыз Мұхаммедтен (с.ғ.с.) кейiн әдiл Омар ( р.а.) осы қара тасты сүйiп тұрып: «Сенiң, пайда да, зиян да бере алмайтын тас екендiгiңдi анық бiлемiн. Егер пайғамбарымыз (с.ғ.с.) сенi сүйгенiн көрмегенiмде, мен де сенi сүймес едiм», - деп, айтқанын естiген Әли (р.а.):
- «Ей, мүмiндердiң әмiрi! Расында бұл тастың зияны мен пайдасы да бар», - дедi. Омар (р.а.):
- «Сонда қалай? Ей, Хасанның әкесi! Әрi пайдасы, әрi зияны да болғаны ма?» - деп сұрады. Әли (р.а.):
- «Алла Тағала Адам (с.ғ.) ұрпағынан әл-мисақта уәде алғанда, оларды жазып, осы тас iшiне салып қойған. Қиямет күнi бұл тас мүмiндердiң уәделерiнде тұрғандығы үшiн пайдаларына және кәпiрлердiң уәделерiн бұзғандығы үшiн зияндарына куәлiк етедi», - дедi.

Сондықтан адамдар осы қара тасты сүйген уақытта: «Ей, жаратқан ием! Өзiңе иман келтiрiп, кiтабыңды растап және берген уәдемде тұрып, бұл тасты сүйiп жатырмын», - дейдi. Қағбаның қара тас тұрған бұрышы шығысқа қаратылған, оны Рүкiн дейдi. Қара тас жерден бiр метр жоғарыда тұр. Айналасы күмiспен жиектелген.

Мұсылмандар үшiн жер бетiнде Қағбадан өзге қасиеттi орын жоқ. Өйткенi, ол киелi орын. Қағба Ұлы Жаратушымыз Алла Тағаланың әмiрiмен, Жәбiрейiлдiң (с.ғ.) көмегiмен салынды.

Қасиеттi Құранда: «Кезiнде үйдi (Қағбаны) адамдар жиналатын орын және тыныштық мекенi етiп бердiк» («Бақара» сүресi, 125 аят), - делiнген. Аяттағы «Жиналатын орын» деген сөз «Мәсәбатан» сөзiнен тәржiмаланып отыр. Ал, осы сөздiң толық мағынасын ашып беретiн қазақ тiлiнде өзге сөз болмағандықтан ол сөз осылай аударылды. «Масабәтан» сөзi - адам қайта-қайта барса да тоймайтын жер деген мағынаны да бiлдiредi. Сондықтан да ол Алла Тағаланың бiр керемет жайы ретiнде адам қанша барса да өзiне қайта тартып тұратын шарапаты аса мол киелi.

Имам Мүслим Абдулла ибн Аббастан (р.а.) риуаят еткен хадис шарифте Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Меккенi (фатх) азат еткен күнде: «Расында, Алла Тағала бұл елдi аспан мен жердi жаратқан күннен бастап Харам деп бекiткен... Бұл жер Алланың құрметi үшiн қиямет қайымға дейiн Харам саналады.
 
Көгерiп тұрған өсiмдiгi жұлынбайды, жануары үркiтiлмейдi. Түсiп қалған затты таныған адамнан басқасы алмайды...», - деген. Харам сөздiң мағынасынан жамандық атаулы iс-қылықтың барлығына тыйым салынған қасиеттi дегендi түсiнемiз. Демек, Харам шариф өлкесiнде тек адамға ғана емес, тiптi жануары мен өсiмдiгiне де амандық кепiлдiгi берiлген. Қағба - күллi мұсылман баласының қиямет-қайымға дейiн намаздарында және басқа да ғибадаттарында жүздерiн бұратын, қажылық пен умрада мүмiн-мұсылмандардың басын қосатын қасиеттi мекен. Қажылық ғибадатында - мұсылмандар Алланың нұрын таратқан орталыққа жиналып, жылына бiр рет бас қосады.

Мұсылмандардың жылдық жиындары саналған қажылықта - адамдар арасындағы теңдiк бiрден көзге түседi. Онда барлық қажылар өздерiне қажылықты парыз етiп ихрамға кiредi. Ихрамның ақ маталы киiмiне оранып ортақ зiкiрдi айтып жатқанда, ешкiмдi де ажырата алмай қаласың. Ол киiмдi киген барлық қажылардың атқаратын амалдары да бiрдей. Барлығы да бiр жолмен бiр амалды орындау үшiн барады, бiр-бiрiнен қалмай сол жолмен қайтады. Демек, патша да, жарлы да, бай кiсi де, үлкен-кiшi де, күштi мен әлсiз де ихрамда өздерiн кiшiпейiл ұстап, Алла құзырында жүргендей кiршiксiз сезiммен жүредi. Бұл Ислам дiнiнiң теңдiк дiнi екендiгiне ашық дәлел емес пе? Хазiретi Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыз бiр хадисiнде: «Қажылар және умраға барушылар - Алланың жер-жерден келген өкiлдерi және қонақтары. Егер олар Алладан тiлесе, Алла оларға тiлегенiн бередi. Кешiрiм сұраса, кешiредi, шапағат тiлесе, шапағатқа бөленедi және дұға етсе, дұғалары қабыл болады» десе, ендi бiрiнде:«Кiмде-кiм жаман сөз айтпай, бұзақылық жасамай осы үйдi қажылық етер болса, жаңа туған сәбидей күнәдан пәк болады» делiнген.

Бұзақылық деп - үлкен-кiшi күнәлi iстердi айтады. Ал, жанжалға, талас-тартысқа түсу, ұрысып қалу, ашулану жатады. Қажылық - үлкен дәреже. Онда мұндай терiс iс-әрекет жасау дұрыс емес. Қажылыққа барушы Алла Тағаланың үйiне зиярат ету үшiн Жаратушысына бетiн бұрған адам саналады. Сондықтан да қажыдан барлық жаман iстерден тыйылып, жақсы амалдармен ғана шұғылданар аса әдептiлiк талап етiлген.

Қажылық кезiнде әрқандай бiр жағымсыз қылық болғанда қажылар: «Йа қажи, сабыр, сабыр!» деп бiр-бiрiне ескертедi. Қажылар соған орай жаман iс-әрекеттерге бармай, барынша жақсы амалдарды көбiрек жасап қалуға тырысып бағады.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Кiмде-кiм үйiнен қажылықты немесе умраны ниет етiп шығып, кейiн жолда дүние салса, ол кiсiге қиямет күнiне дейiнгi әр жылғы қажылық пен умра сауабынан несiбе жетiп тұрады. Ал, екi Харамның бiрiнде дүниеден өтсе, еш кедергiсiз, есеп берместен жәннатқа кiредi» дедi. Сондай-ақ, «Шариғат талабы бойынша орындалған қажылық дүниеден және ондағы барлық нәрселерден артық. Оның сыйы тек қана жәннат» дейдi хадис-шарифте, Мүмкiншiлiгi бола тұра қажылыққа бармаған мұсылман үлкен күнә жасаған болып саналады. Қасиеттi Құранда:«Кiмде-кiм қарсы келсе, Алла күллi әлемнен беймұқтаж» («Әли Имран» сүресi, 97-аят) делiнген. Яғни Алла Тағала адамзаттың қажылығы түгiлi барша ғибадатына мүлдем мұқтаж емес, керiсiнше әлемдегi барлық нәрсе оған мұқтаж. Аятта «қарсы келсе» деген сөздiң арабшасында «кәфәрә» яғни «кәпiрлiк» сөзi қолданылуының өзi де көп мән-мағынаны айқындай түседi. Бұл аят бойынша жағдайы бола тұра қажылық жасамаған адамның әрекетi кәпiрлiкке теңелген. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) да: «Кiмде-кiм жағдайы бола тұра, қажылық етпей дүниеден өтсе, онда ол қаласа яһуди, қаласа христиан болып дүниеден өтсiн» деп, тектен-тек айтпаса керек-тi.»
 

Бөлісу: