Қостанай

5 Желтоқсан 2012, 07:22

ҚОСТАНАЙ – қала, Қостанай обл-ның әкімш., экономикалық, мәдени орталығы. Қазақстандағы аса ірі темір, әуе және автомоб. жолдары тораптарының бірі. Бат. Сібір ойпатының дала белдемі алып жатқан оңт.-батыс шетін құрайтын Қостанай жазығының орт. бөлігінде орналасқан. Тобыл өз-нің, оған Әбілсай мен Қостанай деген салалары құятын биік жарқабақты террасалы жағада орналасқан. Жерінің аум. 8991 га. Тұрғыны 205,5 мың адам (2003). Қ. осы атыраптағы байырғы елді мекендердің бірі. Оның іргесін 1897 ж. Ресей патшасының жарлығына байланысты қазақтың жергілікті руларынан тартып алынған “Қостанай” атты қоныста, Еділ бойы мен Орынбор губерниясынан көшіп келген орыс шаруалары қалаған. Алғашқыда “Николаевка” деп аталды. 1893 ж. Қазақстанның құрамында болған бұрынғы Торғай обл-нда жаңадан ендірілген уездік аумақтық-әкімш. бөлінісіне сәйкес оған “Қостанай” атауы берілді де, Қостанай уезінің орталығына айналды. 1912 – 13 ж. Оңт. Сібір т. ж. магистралінің Челябинск – Троицк – Қостанай тармағының салынуына байланысты Қ. Ресейде өнеркәсіптік дамуы бойынша біршама ілгері тұрған Орт. Ресей аудандарымен тікелей сауда-саттық байланыстар жасауға мүмкіндік алды. Соның нәтижесінде Қ. Солт. Қазақстандағы ірі сауда орталықтарының біріне айналды. Қалада жеңіл және тамақ өнеркәсіптері, бу және дизель отынымен жұмыс істейтін диірмендер, қасапханалар, тері з-ттары, т.б. пайда болды. 1917 – 19 ж. Қ-да Кеңес өкіметі орнап, 1920 ж. сол кездегі Ақтөбе обл-ндағы өзімен аттас округтің, 1925 ж. губернияның, 1936 ж. жаңадан құрылған Қостанай обл-ның орталығына айналды. Бүгінгі таңда мұнда жеңіл өнеркәсіпті құрайтын комвол-шұға комб., “Большевичка” тігін, аяқ киім ф-калары, тамақ өнеркәсібін құрайтын ет, сүт, ұн-жарма және нан комб-тары, құрылыс материалдар өнеркәсібінің темір-бетон комб-тары мен қызыл және силикатты кірпіш з-ттары, құрылыс-монтаж құралымдар комб., машина жасау мен металл өңдеу өнеркәсібінің авиақоз-ғалтқыш, автомобиль және а. ш. техникасын жөндеу з-ттары, химия өнеркәсібінің хим. талшық з-ты, электроэнергетика өнеркәсібіне қарасты жылу электр орталығы, автомобиль жөндеу з-ты, жиһаз жасау өнеркәсібі, тұрмыс қажетін өтейтін комб., т.б. жұмыс істейді. Қазір қаланың өнеркәсіп құрамындағы кәсіпорындарда салалық 10 АҚ, 9 ЖШС, 4 МҚК бар. 2000 жылғы деректер бойынша Қ-да барлығы 30 ірі кәсіпорын, т.б. бірлестік жұмыс істейді. Қалада Солт. Қазақстанның геол. басқармасы мен оның орт. лабораториясы, А.Байтұрсынов атынд. мемл. пед. ун-т, а. ш. ин-ты, мемл. а. ш. және егіншілік жобалау ин-ттарының, су құрылысын жобалау ин-тының бөлімшелері, кооперативтік, индустр., автомобиль, құрылыс колледждері, 2 қалалық кәсіптік-тех., мед. мекемелері, обл. тарихи және геол. музей, гидрометеорол. бюро, 59 мектеп, 2 мәдениет үйі, обл. драма театр, филармония, 13 кітапхана жұмыс істейді. Денсаулық сақтау және сауықтыру мекемелерінен 12 аурухана (обл. және қалалық клиник. аурухана, теміржолшылар мен балалар клиник. ауруханалары, обл. және қалалық емханалар, онкол., туберкулез, психатриялық, венерол. диспансерлер, сүйек туберкулезі санаторийі, қалалық трахомоздық аурухана), 6 фельдш.-акушерлік пункт, 131 дәріхана, обл. радио-телестудиялар, стадион тұрғындарға қызмет көрсетеді. Қ. Базарбаев  

ҚОСТАНАЙ – қала, Қостанай обл-ның әкімш., экономикалық, мәдени орталығы. Қазақстандағы аса ірі темір, әуе және автомоб. жолдары тораптарының бірі. Бат. Сібір ойпатының дала белдемі алып жатқан оңт.-батыс шетін құрайтын Қостанай жазығының орт. бөлігінде орналасқан. Тобыл өз-нің, оған Әбілсай мен Қостанай деген салалары құятын биік жарқабақты террасалы жағада орналасқан. Жерінің аум. 8991 га. Тұрғыны 205,5 мың адам (2003). Қ. осы атыраптағы байырғы елді мекендердің бірі. Оның іргесін 1897 ж. Ресей патшасының жарлығына байланысты қазақтың жергілікті руларынан тартып алынған “Қостанай” атты қоныста, Еділ бойы мен Орынбор губерниясынан көшіп келген орыс шаруалары қалаған. Алғашқыда “Николаевка” деп аталды. 1893 ж. Қазақстанның құрамында болған бұрынғы Торғай обл-нда жаңадан ендірілген уездік аумақтық-әкімш. бөлінісіне сәйкес оған “Қостанай” атауы берілді де, Қостанай уезінің орталығына айналды. 1912 – 13 ж. Оңт. Сібір т. ж. магистралінің Челябинск – Троицк – Қостанай тармағының салынуына байланысты Қ. Ресейде өнеркәсіптік дамуы бойынша біршама ілгері тұрған Орт. Ресей аудандарымен тікелей сауда-саттық байланыстар жасауға мүмкіндік алды. Соның нәтижесінде Қ. Солт. Қазақстандағы ірі сауда орталықтарының біріне айналды. Қалада жеңіл және тамақ өнеркәсіптері, бу және дизель отынымен жұмыс істейтін диірмендер, қасапханалар, тері з-ттары, т.б. пайда болды. 1917 – 19 ж. Қ-да Кеңес өкіметі орнап, 1920 ж. сол кездегі Ақтөбе обл-ндағы өзімен аттас округтің, 1925 ж. губернияның, 1936 ж. жаңадан құрылған Қостанай обл-ның орталығына айналды. Бүгінгі таңда мұнда жеңіл өнеркәсіпті құрайтын комвол-шұға комб., “Большевичка” тігін, аяқ киім ф-калары, тамақ өнеркәсібін құрайтын ет, сүт, ұн-жарма және нан комб-тары, құрылыс материалдар өнеркәсібінің темір-бетон комб-тары мен қызыл және силикатты кірпіш з-ттары, құрылыс-монтаж құралымдар комб., машина жасау мен металл өңдеу өнеркәсібінің авиақоз-ғалтқыш, автомобиль және а. ш. техникасын жөндеу з-ттары, химия өнеркәсібінің хим. талшық з-ты, электроэнергетика өнеркәсібіне қарасты жылу электр орталығы, автомобиль жөндеу з-ты, жиһаз жасау өнеркәсібі, тұрмыс қажетін өтейтін комб., т.б. жұмыс істейді. Қазір қаланың өнеркәсіп құрамындағы кәсіпорындарда салалық 10 АҚ, 9 ЖШС, 4 МҚК бар. 2000 жылғы деректер бойынша Қ-да барлығы 30 ірі кәсіпорын, т.б. бірлестік жұмыс істейді. Қалада Солт. Қазақстанның геол. басқармасы мен оның орт. лабораториясы, А.Байтұрсынов атынд. мемл. пед. ун-т, а. ш. ин-ты, мемл. а. ш. және егіншілік жобалау ин-ттарының, су құрылысын жобалау ин-тының бөлімшелері, кооперативтік, индустр., автомобиль, құрылыс колледждері, 2 қалалық кәсіптік-тех., мед. мекемелері, обл. тарихи және геол. музей, гидрометеорол. бюро, 59 мектеп, 2 мәдениет үйі, обл. драма театр, филармония, 13 кітапхана жұмыс істейді. Денсаулық сақтау және сауықтыру мекемелерінен 12 аурухана (обл. және қалалық клиник. аурухана, теміржолшылар мен балалар клиник. ауруханалары, обл. және қалалық емханалар, онкол., туберкулез, психатриялық, венерол. диспансерлер, сүйек туберкулезі санаторийі, қалалық трахомоздық аурухана), 6 фельдш.-акушерлік пункт, 131 дәріхана, обл. радио-телестудиялар, стадион тұрғындарға қызмет көрсетеді.

Қ. Базарбаев
 
Бөлісу: