Айдахо

5 Желтоқсан 2012, 07:19

  Айдахо (ағылш. Idaho, [aɪdəhoʊ]; Айдахоу) — тынық мұхиттық Солтүстік-Батыстағы Таулы штаттар тобына жататын АҚШ штаты. Штаттың ең үлкен қаласы және астанасы — Бойсе. Басқа штаттармен салыстырғанда жер көлемі жөнінен 14-ші, ал тұрғыны жөнінен 40-шы орында. Штат статусын 43-ші ретпен 1890 жылы 3 шілдеде иеленді. Штаттың ресми лақап аты: «Гауһарлы Штат» (ағылш. «Gem state»), табиғи ресурстарының молшылығына байланысты қойылған. Штат ұраны: «Әрқашан болады» (лат. Esto perpetuum). Тарихшылар арасында штаттың атауына байланысты ортақ пікір жоқ. Бірақ та бұған байланысты бірнеше болжамдар бар, соның бірі: 1860 жылы лоббист Джордж Уиллинг (George M. Willing (ағыл.)) жаңа жерді «Айдахо» деп атауды АҚШ Конгрессіне ұсынды. Оның айтуы бойынша, бұл сөз шошондар тайпасының тілінде «таулы гауһар» дегенді білдіреді (ағылш. gem of the mountains). Дегенмен, Конгресте Уиллингтің дәлелдеріне күмәнданды, және жаңа жерге «Колорадо» деген атау берілді. Алайда 1859 жылы Колорадоның бір қаласы Айдахо деп аталған болатын (1866 жылдан бастап - Айдахо-Спрингс). Бірақ кей жерде Уиллинг бұл сөздің ойдан шығарылғаны жөнінде мойындады делінеді. Басқа болжамға сәйкес «айдахо» (бастапқыда ағылш. ee-dáh-how («и-да́-хоу»)) сөзі шошондар тілінде «Күн шығады» дегенді білдірген; сонымен бiрге бұл сөз арапахо тайпасының да тiлiнен болуы мүмкін. Үшінші болжам бойынша «айдахо» («ídaahę́») сөзі «жау» дегенді білдіреді, яғни атабасктар тайпасы команчтар тайпасын осылай атаған. 1860 жылы 9 маусымда Колумбия өзенінің бойымен пароход жіберілді, ол «Айдахо» (ағылш. Idaho(e)) деп аталды. 1861 жылы соның құрметіне жаңа құрылған округке Айдахо атауы берілді. 1863 жылы Вашингтон аумағынан жаңа аумақ бөлініп шықты (Айдахо округімен аттас). Және 1890 жылы Айдахо штат статусын иеленді. Тарихы. Айдахо жерінде алғашқы адамдар, палеоүнділер, б. з. д. XIII мыңжылдықта пайда болған деген мәліметтер кездеседі. Үнді тайпалары бірнеше мәдени аумақтарға бөлінген. Солардың ішінен өте ірі тайпалары - не-персе және пайюттар. Еуропалықтардың келуіне дейін Айдахода 8 мыңдай адам мекен еткен. Айдахо жеріне аяқ басқан алғашқы ақ адамдар Льюис және Кларк экспедициясының мүшелері болды. Бұл экспедиция 1805 жылы 12 тамызда өткен. Келесі жылдары Айдахо қымбат аң терісімен айналысатын компаниялардың трапперлерімен белсене зерттеле бастады. Сонымен қоса АҚШ пен Ұлыбритания арасында Айдахо жері үшін аймақтық даулар болды. Нәтижесінде 1846 жылы 15 маусымда Орегон келісімі бекітіліп, Орегон жері АҚШ-қа өтті. 1850-60 жылдары Айдахо аумағынан алтынның бай қоры табылды, бұл алтын іздеушілердің көптеп келуіне алып келді. Сонымен қоса алғашқы қалалар пайда бола бастады. 1890 жылы 3 шілдеде Айдахо 43-ші ретпен штат статусын иеленді. Қазіргі таңда штаттың ең басты өнеркәсіп салалары - тау-кен өндірісі, ауыл шаруашылығы және ғылыми-техникалық секторлар. Штаттың ауданы 216 446 км² құрайды (83 570 шаршы миль). Бұл көрсеткіш бойынша басқа штаттармен салыстырғанда 14-ші орында. Су бетінің жиынтық ауданы 2 131 км² (823 шаршы миль), яғни 0,98 %. Штаттың оңтүстігінен солтүстігіне дейінгі ұзындығы 164 және 479 мильді құрайды немесе 264 және 771 км, сәйкесінше ең қысқа және ең ұзын бөліктерінде. Штаттың шығысынан батысына дейінгі ұзындығы 45 мильден 305 мильге дейін немесе 72 км-ден 491 км-ге дейін, сәйкесінше ең тар және ең кең бөліктерінде. Айдахо оңтүстігінде Юта және Невада штаттарымен, солтүстігінде — Британдық Колумбия канадалық провинциясымен, шығысында — Вайоминг штатымен және Биттеррут жотасын бойлай Монтана штатымен шектеседі. Ал батысында Орегон және Вашингтон штаттарымен шектеседі. Осылайша Айдахо штаты басқа алты штаттармен және бір канадалық провинциямен шектесіп жатыр. Айдахо континенттiк су айырықтың батысында орналасқан. Штаттың 8 ірі геологиялық аймағы бар. Ең ескілерінің жасы 1 400 миллион жылды құрайды, ал жаңаларының жас шамасы — 16-17 миллион жыл. Штаттың жері көбіне таулы болып келеді. Батысынан шығысына дейін Снейк өзен аңғары созылып жатыр. Аңғарда орналасқан штаттың ірі қалалары: Нампа, Колдуэлл, Айдахо-Фолс, Покателло т. б., соның ішінде қазіргі астанасы — Бойсе. Айдахо штатында бірнеше кеме жүзетін өзендер бар, соның ішінде Снейк өзені. Штатта 2 мыңдай көл бар деп саналады. Ең ірі көлі — Панд-Орей. Оның аумағы 180 шаршы миль (466 км²). Айдахоның ең биік нүктесі — Бора-Пик (3 859 м). Ол Лост-Ривер өзен аңғарында орналасқан. Ең төмен нүктесі (216 м) Льюистон қаласындағы Клируотер және Снейк өзендерінің қиылысында орналасқан.  

 

Айдахо (ағылш. Idaho, [aɪdəhoʊ]; Айдахоу) — тынық мұхиттық Солтүстік-Батыстағы Таулы штаттар тобына жататын АҚШ штаты. Штаттың ең үлкен қаласы және астанасы — Бойсе. Басқа штаттармен салыстырғанда жер көлемі жөнінен 14-ші, ал тұрғыны жөнінен 40-шы орында. Штат статусын 43-ші ретпен 1890 жылы 3 шілдеде иеленді. Штаттың ресми лақап аты: «Гауһарлы Штат» (ағылш. «Gem state»), табиғи ресурстарының молшылығына байланысты қойылған. Штат ұраны: «Әрқашан болады» (лат. Esto perpetuum).
Тарихшылар арасында штаттың атауына байланысты ортақ пікір жоқ. Бірақ та бұған байланысты бірнеше болжамдар бар, соның бірі: 1860 жылы лоббист Джордж Уиллинг (George M. Willing (ағыл.)) жаңа жерді «Айдахо» деп атауды АҚШ Конгрессіне ұсынды. Оның айтуы бойынша, бұл сөз шошондар тайпасының тілінде «таулы гауһар» дегенді білдіреді (ағылш. gem of the mountains). Дегенмен, Конгресте Уиллингтің дәлелдеріне күмәнданды, және жаңа жерге «Колорадо» деген атау берілді. Алайда 1859 жылы Колорадоның бір қаласы Айдахо деп аталған болатын (1866 жылдан бастап - Айдахо-Спрингс). Бірақ кей жерде Уиллинг бұл сөздің ойдан шығарылғаны жөнінде мойындады делінеді.
Басқа болжамға сәйкес «айдахо» (бастапқыда ағылш. ee-dáh-how («и-да́-хоу»)) сөзі шошондар тілінде «Күн шығады» дегенді білдірген; сонымен бiрге бұл сөз арапахо тайпасының да тiлiнен болуы мүмкін. Үшінші болжам бойынша «айдахо» («ídaahę́») сөзі «жау» дегенді білдіреді, яғни атабасктар тайпасы команчтар тайпасын осылай атаған.
1860 жылы 9 маусымда Колумбия өзенінің бойымен пароход жіберілді, ол «Айдахо» (ағылш. Idaho(e)) деп аталды. 1861 жылы соның құрметіне жаңа құрылған округке Айдахо атауы берілді. 1863 жылы Вашингтон аумағынан жаңа аумақ бөлініп шықты (Айдахо округімен аттас). Және 1890 жылы Айдахо штат статусын иеленді.
Тарихы. Айдахо жерінде алғашқы адамдар, палеоүнділер, б. з. д. XIII мыңжылдықта пайда болған деген мәліметтер кездеседі. Үнді тайпалары бірнеше мәдени аумақтарға бөлінген. Солардың ішінен өте ірі тайпалары - не-персе және пайюттар. Еуропалықтардың келуіне дейін Айдахода 8 мыңдай адам мекен еткен.
Айдахо жеріне аяқ басқан алғашқы ақ адамдар Льюис және Кларк экспедициясының мүшелері болды. Бұл экспедиция 1805 жылы 12 тамызда өткен. Келесі жылдары Айдахо қымбат аң терісімен айналысатын компаниялардың трапперлерімен белсене зерттеле бастады. Сонымен қоса АҚШ пен Ұлыбритания арасында Айдахо жері үшін аймақтық даулар болды. Нәтижесінде 1846 жылы 15 маусымда Орегон келісімі бекітіліп, Орегон жері АҚШ-қа өтті.
1850-60 жылдары Айдахо аумағынан алтынның бай қоры табылды, бұл алтын іздеушілердің көптеп келуіне алып келді. Сонымен қоса алғашқы қалалар пайда бола бастады. 1890 жылы 3 шілдеде Айдахо 43-ші ретпен штат статусын иеленді. Қазіргі таңда штаттың ең басты өнеркәсіп салалары - тау-кен өндірісі, ауыл шаруашылығы және ғылыми-техникалық секторлар.
Штаттың ауданы 216 446 км² құрайды (83 570 шаршы миль). Бұл көрсеткіш бойынша басқа штаттармен салыстырғанда 14-ші орында. Су бетінің жиынтық ауданы 2 131 км² (823 шаршы миль), яғни 0,98 %. Штаттың оңтүстігінен солтүстігіне дейінгі ұзындығы 164 және 479 мильді құрайды немесе 264 және 771 км, сәйкесінше ең қысқа және ең ұзын бөліктерінде. Штаттың шығысынан батысына дейінгі ұзындығы 45 мильден 305 мильге дейін немесе 72 км-ден 491 км-ге дейін, сәйкесінше ең тар және ең кең бөліктерінде.
Айдахо оңтүстігінде Юта және Невада штаттарымен, солтүстігінде — Британдық Колумбия канадалық провинциясымен, шығысында — Вайоминг штатымен және Биттеррут жотасын бойлай Монтана штатымен шектеседі. Ал батысында Орегон және Вашингтон штаттарымен шектеседі. Осылайша Айдахо штаты басқа алты штаттармен және бір канадалық провинциямен шектесіп жатыр.
Айдахо континенттiк су айырықтың батысында орналасқан. Штаттың 8 ірі геологиялық аймағы бар. Ең ескілерінің жасы 1 400 миллион жылды құрайды, ал жаңаларының жас шамасы — 16-17 миллион жыл. Штаттың жері көбіне таулы болып келеді. Батысынан шығысына дейін Снейк өзен аңғары созылып жатыр. Аңғарда орналасқан штаттың ірі қалалары: Нампа, Колдуэлл, Айдахо-Фолс, Покателло т. б., соның ішінде қазіргі астанасы — Бойсе.
Айдахо штатында бірнеше кеме жүзетін өзендер бар, соның ішінде Снейк өзені. Штатта 2 мыңдай көл бар деп саналады. Ең ірі көлі — Панд-Орей. Оның аумағы 180 шаршы миль (466 км²).
Айдахоның ең биік нүктесі — Бора-Пик (3 859 м). Ол Лост-Ривер өзен аңғарында орналасқан. Ең төмен нүктесі (216 м) Льюистон қаласындағы Клируотер және Снейк өзендерінің қиылысында орналасқан.
 
Бөлісу: