Ай

5 Желтоқсан 2012, 06:13

  Ай — Жердің табиғи серігі, өзінен жарық шығармайтын Жерге ең жақын аспан денесі. Ай латын тілінде luna деп аталады. Ол Жерді эллипстік орбита бойымен (1,02 км/сек жылдамдықпен) айналады. Ай Жер тәрізді, диаметрі 3476 км (Жер диаметрінен 4 еседей аз), массасы 7,35Һ1022 кг, тығыздығы 3343 кг/м3. Ай бетіндегі ауырлық күшінің үдеуі 1,62 м/сек2. Орбитасының эллипсті және аспан денелері ұйытқуы ықпалында болуына байланысты Айдың Жерден қашықтығы 356400 км-ден (перигейінде) 406800 км-ге (апогейінде) дейін артады, ал орташа қашықтығы 384401 км. Осы ауытқуға сәйкес айдың көрінерлік бұрыштық диаметрлері 33'32"-тан 29'20"-қа дейін өзгереді. Ай орбитасы жазықтығы мен Жердің Күнді айнала қозғалу жазықтығының арасындағы бұрыш 50Ә-қа жуық. Айдың эллипстік орбитамен шығысқа қарай бір тәулікте 13Ә-тай жылжуына байланысты оның Жерден қарағандағы көрінісі өзгеріп отырады. Осыған сәйкес ай фазасы ауысады. Айдың бірдей екі фазасы аралығындағы уақыт 29,53 тәулік (синодтық ай), ал оның жұлдыздарға қатысты Жерді бір айналып шығатын уақыты 27,32 тәулік (сидерлік ай немесе жұлдыздық ай) болады. Айдың өз осінен айналу периоды Жерді айналып шығу периодымен бірдей болғандықтан 59%-ын қамтитын жарты сферасы көрінеді. Қалған 41%-ы көрініп үлгермейді. Арғы беті осы себепті ғарыш кемелерімен арнайы суретке түсірілді, картасы жасалды. Ай бетіне түскен Күн сәулесінің 7%-ы ғана кейін шағылады. Айдың 354 сағатқа созылатын күндізгі уақытында оның беті 130ӘС-қа дейін қызса, сонша уақытқа созылатын түнінің ортасында –170ӘС, ал таң алдында –200ӘС-қа дейін суиды. Атмосферасының жоқтығынан Ай бетінің жылынуы мен суынуы Күн сәулесінің түсу бұрышына байланысты тез өзгеріп отырады. Жай көзбен қарағанда Ай бетінде қарауытқан дақтар көрінеді. Олар шартты түрде «теңіздер», «мұхиттар», «көл», «шығанақ» деп аталған. Сыңардүрбімен (телескоппен) қарағанда ай бетінен тау сілемдері, жарықтар, арналар, шыңдар, аңғарлар мен киіз үй пішінді нысандар, «кратер», «цирк» деп аталатын сақина тәрізді таулар, ұзыннан ұзақ созылып жатқан жоталар мен тау тізбектері (Альпілер, Аппениндер, т.б. делінетін) байқалады. Негізінен аспан тастарының соқтығуынан болған кратерлердің диаметрлері бірнеше км-ден 400 км-ге дейін барады. Цирктердің диаметрі шамамен 200 – 250 км, ал оны қоршаған тау жоталарының биіктігі 3 – 7 км. Ай бетін үлкенді-кішілі тас, құм және ұлпа топырақ жапқан. Бұл тастар Күн сәулесі әсерінен желініп жұмырланған. Ғарыш кемелерімен айдан әкелінген материалдарды зерттеу нәтижесінде, онда тіршіліктің ең жабайы түрінің де жоқ екендігі анықталды. Ай материалының химиялық құрамы Жердегіден өзгеше. Ай жынысында хром, титан, цирконий сияқты элементтер көп, ал алтын, күміс, платина сияқты элементтер аз кездеседі. Онда негізінен темір, титан, цирконий қоспасынан құралған белгісіз минералдар табылды. Ай жыныстары бұдан 3,6 – 4,6 млрд. жыл бұрын пайда болған. Бұл – Күн жүйесінің жаралуымен шамалас уақыт. Айдың планеталардан қалған заттардан өз алдына дербес жаралуы мүмкін. Кейін оны Жер өзіне тартып серік етсе керек. Бұл мәліметтер өткен заманда Ай Жерден бөлініпті-мыс , Тынық мұхиты соның орны екен деген көзқарастың теріс екендігіне дәлел болып отыр. Айға «Луна», «Зонд», «Рейнджер», «Сервейер», «Лунар Орбитер» және адам басқаратын «Аполло» планетааралық автоматты кемелер арқылы зерттеулер жүргізілді. Ай бетіне алғашқы адам 1969 ж. 21 шілдеде қадам басты (Нил Армстронг, АҚШ). Айда 1969 — 1972 ж. 12 астронавт ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді.  

Бөлісу: