Қырғыз дастаны — "Манас"

5 Желтоқсан 2012, 06:12

Қырғыз дастаны — "Манас" Жақын арада (декабрьдің аяқ кезінде) Пронзыда қырғыздағы ауызша әдебиет белгілерінің ең зоры — "Манас" жайында бір үлкен жиын болып өтті. Жиылыстың шешпек мәжілістері ең әуелі Манасты қырғызша, орысша бастырып шығару жайы, сонымен қатар Манас жөніндегі ғылыми зерттеу, тексеру мәселелерін анықтау еді. Бұл жиын соңғы жылдарда ұлт республикаларында болып жатқан, әр елдің фольклор, дастандарына арналған жиындардың ішіндегі ең бір көрнекті, мағыналы, ірі жиылыс болды деп айтуға болады. Ең алдымен Қырғызстандағы совет мәдениет-өнер мәселелеріне және ескі тарих мұраларына айрықша көңіл бөліп, зор баға беріп, күнделікті ірі басшылық етіп отырған опком хатшысы жолдас Исакеев, Кіндік атқару комитеті бастығы жолдас Оразбеков және опкомның ірі сектрлерінің бастығы жолдас Жұмағалиев, Ақылшинов жолдастар бұл жиынға басынан аяғына шейін қатысып отырды. Жиылысқа ғылым, мәдениет орындарының көрнекті білімпазы профессор Юдахин1, профессор Поливанов2, Батманов3 және Мәскеудегі көркем әдебиет баспасының өкілі — Кантр, онан соң Қырғызстанның ірі, белгілі ғылым, мәдениет қызметкерлері Тыныстанов Қасым4, атақты ақын Аалы Тоқамбаев сияқты жолдастар қатынасты. Мәжіліске жоғарыда айтылған ірі, басшы адамдардың қатынасуы "Манас" жайында соңғы жылдарға шейін анықтап шешілмей келген бірталай мәселелерді саяси салт-саналық жағынан да, ғылыми-көркемдік жағынан да анықтап, берік етіп, дұрыс қып шешуге себеп болды. Біздің қазақ оқушысының көпшілігі Манастың құр ғана атын есіткені болмаса, шын жайын білмейді. Бұған қазіргі күнде Қырғызстанда партия мен үкіметтің, барлық басшы жұртшылықтың өте зор көңіл бөліп отыруының себебі не? Оны түсіну үшін Манастың өзге елде жоқ зор ерекшеліктерін еске алу керек. Манас ең әуелі өзінің көлемімен, молдығымен бір ерекше көрінеді. Қырғыздағы атақты Манасшы, шын "Жомоқшы" бұны тұтас алты ай бойында жырлағанда зорға тауысады екен. Бұрынғы жырлану мөлшері күйектен қой қоздағанға шейінгі мезгіл дейді. 1923 жылмен 26 жыл арасында үш жыл бойы сол Манасты ең соңғы ірі жомоқшының бірі Нарын қырғызы Сағымбай Оразбайұлы, мұғалім Әбдірахманұлына ауызша айтып отырып, түгел жазғызып шыққан. Манастың ең алғашқы рет қағаз бетіне түсуі осы. Бұдан бұрын ылғи жомоқшылардың арасында, есінде ғана сақталған. Бұған қосымша: Былтырғы жылдан бері қарай Қарақол қырғыздың ішінен тағы бір ірі Манасшы жас жігіт Саяқпай Қаралаев деген ақын шығып5, енді міне екінші жыл бойында соның варианты жазылып отыр. Сағымбай жырлап шыққан Манастың кітапша көлемін алсақ, ол 500 беттік кітаптан он том болады — өлең жолының саны 260 мың. Және соншалық ұзақ бойында әңгіме бірде бір жерде қара сөзге ауысып, өлең желісін үзбейді. Ұдайы іркілмей, таусылмай сарқырап ағып отыратын ағындық теңізі сияқты, алып, бейнелі бір шығарма. Манастың қай вариантын алсақ та, негізгі мазмұны бойынша бұл шығарманы "қаһармандық дастаны" деп санау керек. Жыры ерте заманда болып өткен қаһарман Манастың өмірін, жорығын, үй тұрмысын, серіктерін, елі, жұртын, жауларын әңгіме етеді. Әңгіменің құрылысы, өрісіне қарағанда жаңа жыр қылып даттаған батыры Манасқа қарағанда бұнда көрсетілген уақиға мен қаракеттер, Орта Азия тарихындағы — Шыңғыстың, иә Темірдің, не болмаса бүкіл дүниелік ескі тарихта Ескендір Зұлқарнайынның қимылдары сияқты бір жәйлерді баян етеді. Міне осындай үлкен іргелі құрылған шалқар көлдей мол шығарма бұрынғы қай дәуірде айтылса да, белгілі бағыттағы топтың салт-сананың туындысы болуында шәк жоқ. Соңғы жазылған варианттарын алсақ, қырғыз тарихындағы ертелі соңғы феодализм салт санасын айқын көрсетумен қатар Сағымбай айтқан түрінде — Қырғызстанда болған пантюркистік, ұлтшылдық әсерлерін де көп-көп көрсетеді. Тап тартысының күшейіп, шиеленіскен уақытында Манасты өзінің саяси салт-саналық тілектері үшін керекке жаратқысы келген қырғыздың байшыл, ұлтшыл оқығандары да аз болмаған. Солар тигізген кесір арқылы Манас ертерек уақытта жазылса да, соңғы уақытқа шейін жарыққа шыға алмай да қойған. Қазір партия мен үкімет ескі мұраларға тиісті сынын айтып, өзіне тиісті арнаулы бағасын беріп, жарыққа шығаруды қолға алғанда Манастың салт-саналық таптық мазмұнын әбден анық түсініп, жұртшылыққа түсіндіріп, ашып айта отырып, жарияламақшы. Осы ретте Манасты қырғыз тілінде шығарғанда, бұл күнге шейін жиналған варианттарының бәрін де бастырмақ болады. Алдымен том-том болып Сағымбай варианты, онан соң Қаралаев варианты шығады. Бірнеше жылдың жоспарымен шығатын мол, көлемді Манастың — 1936 жылда шығатын бірінші кітабы көп тексеру, түсіндіргіштер жазылып, Манастың туғанынан басталады, содан әрі жыл сайын өзге томдары да іркес-тіркес шыға бермек. Мәжілістің айрықша көбірек тоқтаған мәселесі Манасты орыс тіліне дұрыстап аударып, тәртіпті етіп бастыру жәйі еді. Орысша шығатын Манас бес том болып шықпақшы. Мұның бірінші кітабы октябрьдің 20 жылдығына қарсы шығатын болды. Алғашқы кітабы Манас жырының ішіндегі ең зор бөлім "Шоң шабуылдан" басталады. Бұ ретте тағы бір атап кететін мәселе — орыс тіліндегі Манас жалғыз бір айтушының вариантынан құралмайды. Бұған Сағымбай, Қаралаев және басқа Манасшылардың кейбір бөлімдері де кіргізіледі. Сонымен әңгіме желісі бізше болса да, әр алуан айтушылардың әр түрлі үлгі мектептері де көрсетілетін болады. Манастың орыс тіліне аударылып басылуын Қырғызстан жұртшылығымен қатар, Мәскеу де зор баға беріп отыр. Қазірде Мәскеуде бұл аудармаға көрнекті ақындардан он кісі белгіленген екен. Бұлардың ішінде қазақ эпосын аударып жүрген Пенковский, Тарловский жолдастар бар. Пронзыда болып өткен мәжіліс болсын және Мәскеудегі жазушылар ұйымы мен көркем әдебиет баспасы болсын, барлығы да — Манастың көңілдегідей болып аударылу жәйін еске алып аударушылардың алдынан шығатын үлкенді-кішілі қиындықтардың барлығын алдын ала ғылыми жағынан жете-жете тексеріп, талқылап, анықтап алды. Бұл жағынан қарағанда Манастың аудармасы өзге жұрттың эпостарын аударған уақытта байқалған кемшіліктердің бір талайынан аман болуға лайық. Мәскеу ақындары жасайтын аудармаларды мезгіл-мезгіл зерттеп талдап байқап өткізіп отыру үшін ауық-ауық жиналыстар болып отырмақшы. Соның бірі көктемде Мәскеуде шақырылатын болады. Мәжілістің тағы бір тоқтап өткен үлкен мәселесі Манастың басылуымен қатар, алдын-ала орыс тілінде бұл дастан жайында әртүрлі ғылыми зерттеу, тексерулер шығару жайы еді. Жиылыс осындай тексерудің бірінші тәжірибесі есебінде Мұхтар Әуезұлының еңбегімен танысты. Бұл кітапты мәжіліс тұңғыш зерттеу ретінде керекке жарайтын еңбек деп, танығандықтан, тез уақытта басылып шығатын болды. Мұхтар Әуезов  

Қырғыз дастаны — "Манас"

Жақын арада (декабрьдің аяқ кезінде) Пронзыда қырғыздағы ауызша әдебиет белгілерінің ең зоры — "Манас" жайында бір үлкен жиын болып өтті. Жиылыстың шешпек мәжілістері ең әуелі Манасты қырғызша, орысша бастырып шығару жайы, сонымен қатар Манас жөніндегі ғылыми зерттеу, тексеру мәселелерін анықтау еді.

Бұл жиын соңғы жылдарда ұлт республикаларында болып жатқан, әр елдің фольклор, дастандарына арналған жиындардың ішіндегі ең бір көрнекті, мағыналы, ірі жиылыс болды деп айтуға болады. Ең алдымен Қырғызстандағы совет мәдениет-өнер мәселелеріне және ескі тарих мұраларына айрықша көңіл бөліп, зор баға беріп, күнделікті ірі басшылық етіп отырған опком хатшысы жолдас Исакеев, Кіндік атқару комитеті бастығы жолдас Оразбеков және опкомның ірі сектрлерінің бастығы жолдас Жұмағалиев, Ақылшинов жолдастар бұл жиынға басынан аяғына шейін қатысып отырды. Жиылысқа ғылым, мәдениет орындарының көрнекті білімпазы профессор Юдахин1, профессор Поливанов2, Батманов3 және Мәскеудегі көркем әдебиет баспасының өкілі — Кантр, онан соң Қырғызстанның ірі, белгілі ғылым, мәдениет қызметкерлері Тыныстанов Қасым4, атақты ақын Аалы Тоқамбаев сияқты жолдастар қатынасты. Мәжіліске жоғарыда айтылған ірі, басшы адамдардың қатынасуы "Манас" жайында соңғы жылдарға шейін анықтап шешілмей келген бірталай мәселелерді саяси салт-саналық жағынан да, ғылыми-көркемдік жағынан да анықтап, берік етіп, дұрыс қып шешуге себеп болды.

Біздің қазақ оқушысының көпшілігі Манастың құр ғана атын есіткені болмаса, шын жайын білмейді. Бұған қазіргі күнде Қырғызстанда партия мен үкіметтің, барлық басшы жұртшылықтың өте зор көңіл бөліп отыруының себебі не? Оны түсіну үшін Манастың өзге елде жоқ зор ерекшеліктерін еске алу керек.

Манас ең әуелі өзінің көлемімен, молдығымен бір ерекше көрінеді. Қырғыздағы атақты Манасшы, шын "Жомоқшы" бұны тұтас алты ай бойында жырлағанда зорға тауысады екен. Бұрынғы жырлану мөлшері күйектен қой қоздағанға шейінгі мезгіл дейді. 1923 жылмен 26 жыл арасында үш жыл бойы сол Манасты ең соңғы ірі жомоқшының бірі Нарын қырғызы Сағымбай Оразбайұлы, мұғалім Әбдірахманұлына ауызша айтып отырып, түгел жазғызып шыққан. Манастың ең алғашқы рет қағаз бетіне түсуі осы. Бұдан бұрын ылғи жомоқшылардың арасында, есінде ғана сақталған.

Бұған қосымша: Былтырғы жылдан бері қарай Қарақол қырғыздың ішінен тағы бір ірі Манасшы жас жігіт Саяқпай Қаралаев деген ақын шығып5, енді міне екінші жыл бойында соның варианты жазылып отыр. Сағымбай жырлап шыққан Манастың кітапша көлемін алсақ, ол 500 беттік кітаптан он том болады — өлең жолының саны 260 мың. Және соншалық ұзақ бойында әңгіме бірде бір жерде қара сөзге ауысып, өлең желісін үзбейді. Ұдайы іркілмей, таусылмай сарқырап ағып отыратын ағындық теңізі сияқты, алып, бейнелі бір шығарма.

Манастың қай вариантын алсақ та, негізгі мазмұны бойынша бұл шығарманы "қаһармандық дастаны" деп санау керек. Жыры ерте заманда болып өткен қаһарман Манастың өмірін, жорығын, үй тұрмысын, серіктерін, елі, жұртын, жауларын әңгіме етеді. Әңгіменің құрылысы, өрісіне қарағанда жаңа жыр қылып даттаған батыры Манасқа қарағанда бұнда көрсетілген уақиға мен қаракеттер, Орта Азия тарихындағы — Шыңғыстың, иә Темірдің, не болмаса бүкіл дүниелік ескі тарихта Ескендір Зұлқарнайынның қимылдары сияқты бір жәйлерді баян етеді.

Міне осындай үлкен іргелі құрылған шалқар көлдей мол шығарма бұрынғы қай дәуірде айтылса да, белгілі бағыттағы топтың салт-сананың туындысы болуында шәк жоқ.

Соңғы жазылған варианттарын алсақ, қырғыз тарихындағы ертелі соңғы феодализм салт санасын айқын көрсетумен қатар Сағымбай айтқан түрінде — Қырғызстанда болған пантюркистік, ұлтшылдық әсерлерін де көп-көп көрсетеді. Тап тартысының күшейіп, шиеленіскен уақытында Манасты өзінің саяси салт-саналық тілектері үшін керекке жаратқысы келген қырғыздың байшыл, ұлтшыл оқығандары да аз болмаған.

Солар тигізген кесір арқылы Манас ертерек уақытта жазылса да, соңғы уақытқа шейін жарыққа шыға алмай да қойған.

Қазір партия мен үкімет ескі мұраларға тиісті сынын айтып, өзіне тиісті арнаулы бағасын беріп, жарыққа шығаруды қолға алғанда Манастың салт-саналық таптық мазмұнын әбден анық түсініп, жұртшылыққа түсіндіріп, ашып айта отырып, жарияламақшы.

Осы ретте Манасты қырғыз тілінде шығарғанда, бұл күнге шейін жиналған варианттарының бәрін де бастырмақ болады. Алдымен том-том болып Сағымбай варианты, онан соң Қаралаев варианты шығады. Бірнеше жылдың жоспарымен шығатын мол, көлемді Манастың — 1936 жылда шығатын бірінші кітабы көп тексеру, түсіндіргіштер жазылып, Манастың туғанынан басталады, содан әрі жыл сайын өзге томдары да іркес-тіркес шыға бермек.

Мәжілістің айрықша көбірек тоқтаған мәселесі Манасты орыс тіліне дұрыстап аударып, тәртіпті етіп бастыру жәйі еді. Орысша шығатын Манас бес том болып шықпақшы. Мұның бірінші кітабы октябрьдің 20 жылдығына қарсы шығатын болды. Алғашқы кітабы Манас жырының ішіндегі ең зор бөлім "Шоң шабуылдан" басталады. Бұ ретте тағы бір атап кететін мәселе — орыс тіліндегі Манас жалғыз бір айтушының вариантынан құралмайды. Бұған Сағымбай, Қаралаев және басқа Манасшылардың кейбір бөлімдері де кіргізіледі. Сонымен әңгіме желісі бізше болса да, әр алуан айтушылардың әр түрлі үлгі мектептері де көрсетілетін болады. Манастың орыс тіліне аударылып басылуын Қырғызстан жұртшылығымен қатар, Мәскеу де зор баға беріп отыр. Қазірде Мәскеуде бұл аудармаға көрнекті ақындардан он кісі белгіленген екен. Бұлардың ішінде қазақ эпосын аударып жүрген Пенковский, Тарловский жолдастар бар.

Пронзыда болып өткен мәжіліс болсын және Мәскеудегі жазушылар ұйымы мен көркем әдебиет баспасы болсын, барлығы да — Манастың көңілдегідей болып аударылу жәйін еске алып аударушылардың алдынан шығатын үлкенді-кішілі қиындықтардың барлығын алдын ала ғылыми жағынан жете-жете тексеріп, талқылап, анықтап алды. Бұл жағынан қарағанда Манастың аудармасы өзге жұрттың эпостарын аударған уақытта байқалған кемшіліктердің бір талайынан аман болуға лайық.

Мәскеу ақындары жасайтын аудармаларды мезгіл-мезгіл зерттеп талдап байқап өткізіп отыру үшін ауық-ауық жиналыстар болып отырмақшы. Соның бірі көктемде Мәскеуде шақырылатын болады.

Мәжілістің тағы бір тоқтап өткен үлкен мәселесі Манастың басылуымен қатар, алдын-ала орыс тілінде бұл дастан жайында әртүрлі ғылыми зерттеу, тексерулер шығару жайы еді. Жиылыс осындай тексерудің бірінші тәжірибесі есебінде Мұхтар Әуезұлының еңбегімен танысты. Бұл кітапты мәжіліс тұңғыш зерттеу ретінде керекке жарайтын еңбек деп, танығандықтан, тез уақытта басылып шығатын болды.

Мұхтар Әуезов

 

Бөлісу: