Нәпсі тазалығы

5 Желтоқсан 2012, 05:51

  Нәпсі тазалығы   Нәпсі адамның мініс аты. Егер астыңдағы атыңды жақсылап үйретіп, өзіңе икемдесең барар жеріңе жеткізеді.Егер асау болса ол сені орта жолда қалдыруы әбден мүмкін.Ендеше әркім өзін-өзі жақсы танып, нәпсісін жақсылап тәрбиелесе екі дүниеде де өкінішке қалмайды.   Нәпсі – адамның ең басты қасиеттерінің бірі.Нәпсі туралы жасалған анықтамалар өте көп.Кейбіреулер нәпсіні толықтай жағымсыз сипатқа таңып, оны шайтанмен тең санаса, енді біреулер нәпсісіз адамның болмайтындығын, сондықтан нәпсісі құрту емес, тек нәпсіні пайдалану керектігін айтады.Қалай болғанмен де адам өмірінде нәпсінің орын мен рөлі ерекше.    Жалпы нәпсі сөздің тура мағынасына келер болсақ, бұл адамның өзі деген сөз. Аллаһ тағала Құран Кәрімде: «Хақ жолында жиһад еткен адам, тек нәпсісі (өзі) үшін жиһад еткен болады», (Анкабут сүресі, 6-аят) – деген аятта нәпсі сөзі адамның өзі деген мағынаны білдіреді.Бірақ, адамның екі түрлі құндылықтан тұратындығы белгілі.Біріншісі рух, екіншісі тән.Сонда нәпсі адамның қайсы қасиетіне жатады?Яғни, адамның өзі дегеніміз оның рухы ма, әлде тәні ме? Бұл екеуі де адамның өзі болып саналады.Сол себепті нәпсіні осылардың бірі деп ашып айту қиынға түседі.   Алайда діни ұғымда немесе халық арасында нәпсіні адамның жағымсыз қасиеті ретінде таниды.Құран Кәрімде: «Мен нәпсімді ақтамаймын, өйткені нәпсі, Раббымның мархаматы болмаса, үнемі жамандықты бұйырады», (Юсуф сүресі, 53аят) – делінеді.Бұл жерде нәпсі жамандықтың символы іспеттес.Олай болса нәпсі рухтан көрі тәнге жақындау. Өйткені, тәни қасиеттер нәпсіге таңылады.Шәкәрім Құдайбердіұлы:   Фәни дене бояуға-ай мақтанады, Жан төзбейді, сол үшін сақтанады. Өлмес жанға өзгермес орын керек, Сондай іске ұмтылмас шаттанды. Жан құмары – істемек, біліп алмақ,   Бөгет бола береді дене, салмақ... – деп дене сөзі мен нәпсі сөзін бірдей мағынада қолданады.Адамның өз денесінен құтылуы мүмкін емес.Сондықтан, нәпсіні өлтіру деген болмайды.Оны тек тәрбиелеп, тізгіндеу қабілетіне ие болу үшін белгілі бір рухани тәрбие жолдарынан өтеді. Сопалықта бұл тәрбиеге ең алдымен мән беріледі.Өйткені, рухани дәрежелерге көтеріліп, адам жанын тазарту үшін алдымен нәпсісін тәрбиелеп, арам пиғылдардан тазартып алуы шарт.Тіпті, сопалықта нәпсінің тәрбиесін белгілі бір дәрежелерге бөліп тәрбиелеу жолдарын ұсынады.    Нәпсінің ең төменгі дәрежесі Құранда айтылғандай, барлық жамандықтарды бұйырушы болса, рухани тәрбиенің нәтижесінде, қанағаттанған нәпсі дәрежесіне жетеді.Адамның бұл жалғандағы міндеті де, Аллаһқа жету жолындағы кедергілерден асып, Құдай алдындағы борышын абыроймен атқару.Егер осы жолда табу керек.Нәпсінің кедергі болатын жолдары дүниеге құштар қылып, денені тәнге билеттірсе, мұндай адамның Аллаһ алдындағы міндетін орындай алмасы хақ.Адамның ең бірінші алданатын жағы, өз алдындағы ғана ойлауы, ізгі амалдары кейінге қалдыруы, дүние тіршілігін бәрінен де маңызды табылады.Сондықтан адам дүние мен ақиреттің тепе-теңдігін ұстап тұруы керек.   Пайғамбар хадисінде: «Ертең өлетіндей о дүние үшін, еш өлмейтіндей осы дүние үшін еңбектен» - делінеді.Олай болса нәпсіні тәрбиелеудің ең әсерлі жолы, ол - өлімді ойлау. Өлген адамды ойлап дүниенің бағасын салмақтап, соған қарай дүниеге көңіл бөлу керек сияқты.Ешбір адам өлімнен құтыла алмайды.Сонымен қатар өлім, еш уақыт талғамастан, кез-келген жаста келуі мүмкін.Адам соған әрдайым әзір болуы шарт.Өлімге әзір болу үшін әр адам қысқа ғұмырында ізгі істермен айналысып, нәпсісін тәрбиелеп, жүрегін тазартып, жаман істерге орын қалдырмаса ондай адамға өлім қашан келсе де өкінішке душар болмайды.   Қысқаша айтар болсақ, нәпсі адамның мініс аты.Егер астындағы атыңды жақсылап үйретіп, өзіңе икемдесең барар жеріңе жеткізеді. Егер асау болса ол сені орта жолда қалдырмауы әбден мүмкін. Ендеше әркім өзін-өзі жақсы танып, нәпсісін жақсылап тәрбиелесе екі дүниеде де өкінішке қалмайды. Жоғарыда айтқанымыздай нәпсіні тәрбиелеу, адам бойындағы жаман қасиеттерді жою емес, оны орнымен қолдану болып табылады. Соның нәтижесінде адамның жан-дүниесі нұрланып, жамандық атаулыға қас болады. Бұл қасиет, адамның іс-қимылынан, жүзінен байқалып тұрады.   Аллаһ тағала бәрімізге нәпсімізге ие болып, ұлы мақсатымызға сүрінбей жетуді нәсіп қылғай!    Әмин!  

 

Нәпсі тазалығы
 
Нәпсі адамның мініс аты. Егер астыңдағы атыңды жақсылап үйретіп, өзіңе икемдесең барар жеріңе жеткізеді.Егер асау болса ол сені орта жолда қалдыруы әбден мүмкін.Ендеше әркім өзін-өзі жақсы танып, нәпсісін жақсылап тәрбиелесе екі дүниеде де өкінішке қалмайды.
 
Нәпсі – адамның ең басты қасиеттерінің бірі.Нәпсі туралы жасалған анықтамалар өте көп.Кейбіреулер нәпсіні толықтай жағымсыз сипатқа таңып, оны шайтанмен тең санаса, енді біреулер нәпсісіз адамның болмайтындығын, сондықтан нәпсісі құрту емес, тек нәпсіні пайдалану керектігін айтады.Қалай болғанмен де адам өмірінде нәпсінің орын мен рөлі ерекше.
 
 Жалпы нәпсі сөздің тура мағынасына келер болсақ, бұл адамның өзі деген сөз. Аллаһ тағала Құран Кәрімде: «Хақ жолында жиһад еткен адам, тек нәпсісі (өзі) үшін жиһад еткен болады», (Анкабут сүресі, 6-аят) – деген аятта нәпсі сөзі адамның өзі деген мағынаны білдіреді.Бірақ, адамның екі түрлі құндылықтан тұратындығы белгілі.Біріншісі рух, екіншісі тән.Сонда нәпсі адамның қайсы қасиетіне жатады?Яғни, адамның өзі дегеніміз оның рухы ма, әлде тәні ме? Бұл екеуі де адамның өзі болып саналады.Сол себепті нәпсіні осылардың бірі деп ашып айту қиынға түседі.
 
Алайда діни ұғымда немесе халық арасында нәпсіні адамның жағымсыз қасиеті ретінде таниды.Құран Кәрімде: «Мен нәпсімді ақтамаймын, өйткені нәпсі, Раббымның мархаматы болмаса, үнемі жамандықты бұйырады», (Юсуф сүресі, 53аят) – делінеді.Бұл жерде нәпсі жамандықтың символы іспеттес.Олай болса нәпсі рухтан көрі тәнге жақындау. Өйткені, тәни қасиеттер нәпсіге таңылады.Шәкәрім Құдайбердіұлы:
 
Фәни дене бояуға-ай мақтанады,
Жан төзбейді, сол үшін сақтанады.
Өлмес жанға өзгермес орын керек,
Сондай іске ұмтылмас шаттанды.
Жан құмары – істемек, біліп алмақ,
 
Бөгет бола береді дене, салмақ... – деп дене сөзі мен нәпсі сөзін бірдей мағынада қолданады.Адамның өз денесінен құтылуы мүмкін емес.Сондықтан, нәпсіні өлтіру деген болмайды.Оны тек тәрбиелеп, тізгіндеу қабілетіне ие болу үшін белгілі бір рухани тәрбие жолдарынан өтеді. Сопалықта бұл тәрбиеге ең алдымен мән беріледі.Өйткені, рухани дәрежелерге көтеріліп, адам жанын тазарту үшін алдымен нәпсісін тәрбиелеп, арам пиғылдардан тазартып алуы шарт.Тіпті, сопалықта нәпсінің тәрбиесін белгілі бір дәрежелерге бөліп тәрбиелеу жолдарын ұсынады.
 
 Нәпсінің ең төменгі дәрежесі Құранда айтылғандай, барлық жамандықтарды бұйырушы болса, рухани тәрбиенің нәтижесінде, қанағаттанған нәпсі дәрежесіне жетеді.Адамның бұл жалғандағы міндеті де, Аллаһқа жету жолындағы кедергілерден асып, Құдай алдындағы борышын абыроймен атқару.Егер осы жолда табу керек.Нәпсінің кедергі болатын жолдары дүниеге құштар қылып, денені тәнге билеттірсе, мұндай адамның Аллаһ алдындағы міндетін орындай алмасы хақ.Адамның ең бірінші алданатын жағы, өз алдындағы ғана ойлауы, ізгі амалдары кейінге қалдыруы, дүние тіршілігін бәрінен де маңызды табылады.Сондықтан адам дүние мен ақиреттің тепе-теңдігін ұстап тұруы керек.
 
Пайғамбар хадисінде: «Ертең өлетіндей о дүние үшін, еш өлмейтіндей осы дүние үшін еңбектен» - делінеді.Олай болса нәпсіні тәрбиелеудің ең әсерлі жолы, ол - өлімді ойлау. Өлген адамды ойлап дүниенің бағасын салмақтап, соған қарай дүниеге көңіл бөлу керек сияқты.Ешбір адам өлімнен құтыла алмайды.Сонымен қатар өлім, еш уақыт талғамастан, кез-келген жаста келуі мүмкін.Адам соған әрдайым әзір болуы шарт.Өлімге әзір болу үшін әр адам қысқа ғұмырында ізгі істермен айналысып, нәпсісін тәрбиелеп, жүрегін тазартып, жаман істерге орын қалдырмаса ондай адамға өлім қашан келсе де өкінішке душар болмайды.
 
Қысқаша айтар болсақ, нәпсі адамның мініс аты.Егер астындағы атыңды жақсылап үйретіп, өзіңе икемдесең барар жеріңе жеткізеді. Егер асау болса ол сені орта жолда қалдырмауы әбден мүмкін. Ендеше әркім өзін-өзі жақсы танып, нәпсісін жақсылап тәрбиелесе екі дүниеде де өкінішке қалмайды. Жоғарыда айтқанымыздай нәпсіні тәрбиелеу, адам бойындағы жаман қасиеттерді жою емес, оны орнымен қолдану болып табылады. Соның нәтижесінде адамның жан-дүниесі нұрланып, жамандық атаулыға қас болады. Бұл қасиет, адамның іс-қимылынан, жүзінен байқалып тұрады.
 
Аллаһ тағала бәрімізге нәпсімізге ие болып, ұлы мақсатымызға сүрінбей жетуді нәсіп қылғай! 
 
Әмин!
 
Бөлісу: