Дала өркениеті

5 Желтоқсан 2012, 05:20

    Дала өркениеті - түркі тектес халықгардың, соның ішінде қазақгардың материалдык жоне рухани құндылықтарының даму сатысы; этномөдени жүйенің қалыптасуындағы табиғи-тарихи тұрпат. Адамзат тарихын зерттеу барысында өркениет атауының өзіне ор түрлі, кейде бір-біріне қарама-қайшы анықтамалар қалыптасты. Америка тарихшысы Л.Морган (1818-1881) мен Ф.Энгельс оны адамзат дамуындағы жоғары, жазусызуды енгізу кезеңі ("тағылық — жабайылық — "өркениеттілік" ұштағаны арқылы) ретінде сипаттады. Кейінгі кездері бүл термин адамзат дамуының аймақтық, салыстырмалы түрде бір-біріне тәуелсіз жетілген пішімдерін бейнелеу үшін қолданылып жүр. Еуропаға өсіре табынушы кейбір ойшылдар өздігінше жетілген мәдени-тарихи аймақтардың санын түгендеп, кейде — 8 (О.Шпенглер), кейде 36 өркениет ошағына (А.Тойнби) жеткізіп қойды. Әйтсе де, осы тұжырымдаманы жақтаушылар Алтайдан Карпат тауларына дейінгі ұлан-байтақ кеңістікте көшпелі-отырықшы тұрмыс кешкен түркі тектес халықтардың өткеніне астамшьшықпен қарап, "тарихи дамудан тысқары қалған қауым" ретінде көрсетуге тырысты. Соған қарамастан, өркендеп-өрбу негізі, географиялық- табиғи аясы әлі далалық түрпат саналатын көшпелі шығыс жүртының өзіндік өркениеті хақында дойекті пікір түйген ғалымдар аз емес. Белгілі орыс археолога, акад. А.П.Окладников (1908—1981) зерттеу еңбектерінде далалықтардың этномәдени жүйесін "Батыс Сібір өркениеті" деп атап, "ежелгі түркі Сібірі шығысқа Караганда батыспен тығыз байланыста болған сияқты. Оның мәдениеті бүрын болжағанымыздан әлдеқайда бай" екендігін жазды. Ә.Марғұлан, К.Ақышев, К.Байпақов, т.б. ғалымдар "көшпелілер өркениеті" атауын жиі колданса, Л.Н.Гумилев, О.Сүлейменов оның өрлеу дәуірінде, б.з.б. 9 ғ-дан б.з. 11 ғ-ы аралығында, Жерорта теңізі жағалауы және Қиыр Шығыс елдерімен салыстырғанда жасампаздық эволюцияны бастан өткергенін дәлелдеді. Соның нәтижесінде еур. астамшылық пен таптык Дала уағыздамаға негізделген кеңестік тарихнама мансүк еткен Еуразия кеңістігіндегі тарихи-мәдени ерекше құбылыс ғылымға " Дала өркениеті " деген атпен ене бастады. Оның өлемдік өркениетке қоскан үлесіне үндінің саяси қайраткері Д.Неру "Әлемдік тарихқа көзқарас" атты еңбегінде оділ бага беріп, "Атлас картаны ашсаң, алып Азия құрлығының койнына кіріп жатқан кішкентай Еуропаны көресің. Ол өз алдына дербес құрлық емес, Азияның жалғасы сиякты. Ал тарихты окитын болсаң — ұзақ уақыт бойы, белгілі бір кезенде Азияның үстемдік құрғанына көзің жетеді...   Еуропаны жермен-жексен еткен де, оркениетке жеткізген де солар. Азияның әлде-бір өңірінен шыққан арийлер, сақтар, ғұндар, моңғолдар, түркілер Азия мен Еуропаға қанат жайып, жаппай қоныстанды. Еуропа ұзак уақыт Азияның отары сияқты болды...   Еуропаның ұлылығын мойындамау өбестік болар еді. Сол сияқты Азияның ұлылығын ұмыту да — қателік. Азия адамзаттың улы рухани көсемдерін бергенін ешқашан естен шығармау керек. Оның ұлы ойшылдарын айтпағанның өзінде, олемдегі ең басты екі діннің негізін қалаушылар — Ғайса мен Мухаммед пайғамбарларды берген Азия ғой" дейді. Шын мэнінде, көшпелілер қоғамын түрпайы деңгей, тарихи дамудан сырт айналған орта санаған Тойнбидің өзі өркениет үрдісін табиғи ортамен байланыстырып, Қытай, Үнді өркениетін құрлықтық-қоғамдық тұтасстық ретінде қарастырған. Ендеше, Азия мен Еуропа арасындағы алып кеңістік — ежелгі Дешті Қыпшақ төсінде эволюция жолмен калыптасқан мәдени-экономикалық, рухани тутастықты, жартылай көшпелі, жартылай отырықшы тұрмыс кешкен дала тұрғындарының этнотарихи жүйесін Дала өркениеті деп атауға толық негіз бар. Климат құбылмалылығына жаппай әрі тікелей тәуелді күйдегі көшпелі мал шаруашылығы далалықтардың геоэкономикалық, геосаяси, геомәдени икемділігін белгілі бір дәрежеде шектегенімен, тұйыққа қамайалмады; керісінше, бұл солтүстік- еуразиялық кеңістік тұрғындарының өзіндік ерекшелікке толы елеуметтену процесі мен нәсілдік-генетик. бірігуіне жол ашты. Жабайы жылқылар мен түйелерді қолға үйретіп, осыған орай арба мен әбзел ойлап табуы көшпелілерді өркениет даңқына жетелеген алғашқы, тың қадам болды. Металл өндеу, қыш ыдыс жасау, мата тоқу, зергерлік кәсіп қарқынды дамып, "жұлдыз барлап, жол табу" арқылы алғашқы астрономия, ғарыштық түсініктері орныға бастады. Қандық-туыстық байланыстар мен әлеуметтік ұжымдасудың жан-жақты, қатаң түрде сатыланған жүйесі қалыптасты.   Жинақы тұрғын үй құрылымы, соған сәйкесті үй мүліктері мен киім-кешек үлгілері, тіпті, еуропалықтар түрмысына да дендеп енді. Еуразия жазығының шы- ғыстан батысқа қарай көсілген ендігінде олар ру-тайпалық бірлестіктен бастап өзара конфедеративті қарым-қатынасқа негізделген көшпелі империялар құруға дейінгі саяси интеграцияның күрделі проңестерін өткерді. Әсіресе, мындаған жылдарға созылған нәсілдік-генетикалық комбинаңиялардың, геосаяси жөне әлеуметтік-мәдени байланыстардың мекені болған апайтөс кеңістіктің батысы мен шығысын тұтасстырған Тұран жазығының тұрғындары — протоқазақтардың өте ерте кезеңдерден көшпелілікті отырықшылық түрмысқа, мал бағуды егіншілікке үйлестіре жүргізгені көне қытай жазбаларында мазмұндалған. Тоталитарлық режим түсында тарихшылар түркі жұртының даңқсы да өрелі өткені туралы деректерді айналып өтуге тырысты. Ерте ғасырлардағы жетістіктерін айтпағанның өзінде, айқын деректі — адамзат тарихында елеулі рөл атқарып, өз кезеңінің батыстық, шығыстық авторларының жазбаларына арқау болған Түркі қағанатын елемей келді. Ал бұл мемлекеттің өз кезінде Византия, Иран, Қытай сияқты елдермен саяси және экономикалық қарым-қатынас жасап,Манчьжуриядан Керчень түбегіне, Енисейдің жоғарғы сағасынан Әмудария жағалауына дейінгі кеңістікте салтанат құрғаны белгілі. Көне тарихта, адамзат дамуының бастапқы кезендерінде осынша ауқымды масштабты иемденіп, билеп- төстеген бірде-бір отырықшы халық үшырасқан емес. Көне түркілер дөуірлеген кезеңде көшпелі түрмыс Орталық Азиядан Византия шекараларына жол тартқан ерекше мәдени-әлеуметтік көпір болды. Ғасырлар ағымында бірінің орнын бірі басып, үздіксіз алмасып отырған көшпелі империялар шектес елдер мен шендес құрлық халықтарының этникалық шығу тегіне, күрделі Далада алуан текті мәдени кешен- деріне орасан ықпалын тигізді. Тұракты дипломат, және сауда-саттық карым-қатынастарының желісі ретінде Ұлы жібек жолы әр текті, алуан бітімді мәдениеттер мен халықтардың арасын тұтасстырып, тек материалдык айырбастың ғана емес, сондай-ақ, ілкі санадағы ізгілікті идеялардың, ілім-білімнің, ғылыми танымның, яғни модени құндылыктардың бастапқы негіздері алмасуының тиімді факторына айналды. Осындай ауқымды да тығыз байланыстар нәти-жесінде Кок түркілердің өзіндік ерекшелігі бар "өркениеттік деңгейдің басты шарты" — тел сына жазуы калыптасты. Алтай өңірінен, Шығыс Түркістан мен Жетісу жерінен, Хакас жөне Тува өңірлерінен табылған 200- ден аса ежелгі түркі жазуының ескерткіштері б.з. 1-мыңжылдықтың соңы мен 2-мыңжылдыктың бас кезіндегі (5-6 ғ-лардағы) түркі тектестердің аса куатты мәдени-тарихи даму үрдісіне дөлел боларлықтай. 20 ғ-дың басына шейін өзіндік өрнегі мен этник. бітімін жоғалтпаған осынау ерекше мәдени-тарихи тип — Дала өркениеті екендігі белгілі казак зерттеуші-ғалымдары м.Қозыбаевтың, Ә.Кекілбаевтың, Т.Ғабитовтың, А.Сейдімбековтің, м.Барманқұловтың, т.б. еңбектерінде негізделген. Дала өркениеті шын мөнінде, уақыт пен кеңістік өрісінде географиялық-ландшафттық бөгесіндерге (өткелсіз су айдындарына, ну жынысты ормандарға, асусыз тау сілемдеріне) қамалып, томаға-тұйық күй кешкен реликтілік құбылыс емес, динамикалық, футуристік мұн-мазмұны қанық жүйе ретінде ерекшеленді.  

 

 
Дала өркениеті - түркі тектес халықгардың, соның ішінде қазақгардың материалдык жоне рухани құндылықтарының даму сатысы; этномөдени жүйенің қалыптасуындағы табиғи-тарихи тұрпат. Адамзат тарихын зерттеу барысында өркениет атауының өзіне ор түрлі, кейде бір-біріне қарама-қайшы анықтамалар қалыптасты. Америка тарихшысы Л.Морган (1818-1881) мен Ф.Энгельс оны адамзат дамуындағы жоғары, жазусызуды енгізу кезеңі ("тағылық — жабайылық — "өркениеттілік" ұштағаны арқылы) ретінде сипаттады. Кейінгі кездері бүл термин адамзат дамуының аймақтық, салыстырмалы түрде бір-біріне тәуелсіз жетілген пішімдерін бейнелеу үшін қолданылып жүр. Еуропаға өсіре табынушы кейбір ойшылдар өздігінше жетілген мәдени-тарихи аймақтардың санын түгендеп, кейде — 8 (О.Шпенглер), кейде 36 өркениет ошағына (А.Тойнби) жеткізіп қойды. Әйтсе де, осы тұжырымдаманы жақтаушылар Алтайдан Карпат тауларына дейінгі ұлан-байтақ кеңістікте көшпелі-отырықшы тұрмыс кешкен түркі тектес халықтардың өткеніне астамшьшықпен қарап, "тарихи дамудан тысқары қалған қауым" ретінде көрсетуге тырысты. Соған қарамастан, өркендеп-өрбу негізі, географиялық- табиғи аясы әлі далалық түрпат саналатын көшпелі шығыс жүртының өзіндік өркениеті хақында дойекті пікір түйген ғалымдар аз емес. Белгілі орыс археолога, акад. А.П.Окладников (1908—1981) зерттеу еңбектерінде далалықтардың этномәдени жүйесін "Батыс Сібір өркениеті" деп атап, "ежелгі түркі Сібірі шығысқа Караганда батыспен тығыз байланыста болған сияқты. Оның мәдениеті бүрын болжағанымыздан әлдеқайда бай" екендігін жазды. Ә.Марғұлан, К.Ақышев, К.Байпақов, т.б. ғалымдар "көшпелілер өркениеті" атауын жиі колданса, Л.Н.Гумилев, О.Сүлейменов оның өрлеу дәуірінде, б.з.б. 9 ғ-дан б.з. 11 ғ-ы аралығында, Жерорта теңізі жағалауы және Қиыр Шығыс елдерімен салыстырғанда жасампаздық эволюцияны бастан өткергенін дәлелдеді. Соның нәтижесінде еур. астамшылық пен таптык Дала уағыздамаға негізделген кеңестік тарихнама мансүк еткен Еуразия кеңістігіндегі тарихи-мәдени ерекше құбылыс ғылымға " Дала өркениеті " деген атпен ене бастады. Оның өлемдік өркениетке қоскан үлесіне үндінің саяси қайраткері Д.Неру "Әлемдік тарихқа көзқарас" атты еңбегінде оділ бага беріп, "Атлас картаны ашсаң, алып Азия құрлығының койнына кіріп жатқан кішкентай Еуропаны көресің. Ол өз алдына дербес құрлық емес, Азияның жалғасы сиякты. Ал тарихты окитын болсаң — ұзақ уақыт бойы, белгілі бір кезенде Азияның үстемдік құрғанына көзің жетеді...
 
Еуропаны жермен-жексен еткен де, оркениетке жеткізген де солар. Азияның әлде-бір өңірінен шыққан арийлер, сақтар, ғұндар, моңғолдар, түркілер Азия мен Еуропаға қанат жайып, жаппай қоныстанды. Еуропа ұзак уақыт Азияның отары сияқты болды...
 
Еуропаның ұлылығын мойындамау өбестік болар еді. Сол сияқты Азияның ұлылығын ұмыту да — қателік. Азия адамзаттың улы рухани көсемдерін бергенін ешқашан естен шығармау керек. Оның ұлы ойшылдарын айтпағанның өзінде, олемдегі ең басты екі діннің негізін қалаушылар — Ғайса мен Мухаммед пайғамбарларды берген Азия ғой" дейді. Шын мэнінде, көшпелілер қоғамын түрпайы деңгей, тарихи дамудан сырт айналған орта санаған Тойнбидің өзі өркениет үрдісін табиғи ортамен байланыстырып, Қытай, Үнді өркениетін құрлықтық-қоғамдық тұтасстық ретінде қарастырған. Ендеше, Азия мен Еуропа арасындағы алып кеңістік — ежелгі Дешті Қыпшақ төсінде эволюция жолмен калыптасқан мәдени-экономикалық, рухани тутастықты, жартылай көшпелі, жартылай отырықшы тұрмыс кешкен дала тұрғындарының этнотарихи жүйесін Дала өркениеті деп атауға толық негіз бар. Климат құбылмалылығына жаппай әрі тікелей тәуелді күйдегі көшпелі мал шаруашылығы далалықтардың геоэкономикалық, геосаяси, геомәдени икемділігін белгілі бір дәрежеде шектегенімен, тұйыққа қамайалмады; керісінше, бұл солтүстік- еуразиялық кеңістік тұрғындарының өзіндік ерекшелікке толы елеуметтену процесі мен нәсілдік-генетик. бірігуіне жол ашты. Жабайы жылқылар мен түйелерді қолға үйретіп, осыған орай арба мен әбзел ойлап табуы көшпелілерді өркениет даңқына жетелеген алғашқы, тың қадам болды. Металл өндеу, қыш ыдыс жасау, мата тоқу, зергерлік кәсіп қарқынды дамып, "жұлдыз барлап, жол табу" арқылы алғашқы астрономия, ғарыштық түсініктері орныға бастады. Қандық-туыстық байланыстар мен әлеуметтік ұжымдасудың жан-жақты, қатаң түрде сатыланған жүйесі қалыптасты.
 
Жинақы тұрғын үй құрылымы, соған сәйкесті үй мүліктері мен киім-кешек үлгілері, тіпті, еуропалықтар түрмысына да дендеп енді. Еуразия жазығының шы- ғыстан батысқа қарай көсілген ендігінде олар ру-тайпалық бірлестіктен бастап өзара конфедеративті қарым-қатынасқа негізделген көшпелі империялар құруға дейінгі саяси интеграцияның күрделі проңестерін өткерді. Әсіресе, мындаған жылдарға созылған нәсілдік-генетикалық комбинаңиялардың, геосаяси жөне әлеуметтік-мәдени байланыстардың мекені болған апайтөс кеңістіктің батысы мен шығысын тұтасстырған Тұран жазығының тұрғындары — протоқазақтардың өте ерте кезеңдерден көшпелілікті отырықшылық түрмысқа, мал бағуды егіншілікке үйлестіре жүргізгені көне қытай жазбаларында мазмұндалған. Тоталитарлық режим түсында тарихшылар түркі жұртының даңқсы да өрелі өткені туралы деректерді айналып өтуге тырысты. Ерте ғасырлардағы жетістіктерін айтпағанның өзінде, айқын деректі — адамзат тарихында елеулі рөл атқарып, өз кезеңінің батыстық, шығыстық авторларының жазбаларына арқау болған Түркі қағанатын елемей келді. Ал бұл мемлекеттің өз кезінде Византия, Иран, Қытай сияқты елдермен саяси және экономикалық қарым-қатынас жасап,Манчьжуриядан Керчень түбегіне, Енисейдің жоғарғы сағасынан Әмудария жағалауына дейінгі кеңістікте салтанат құрғаны белгілі. Көне тарихта, адамзат дамуының бастапқы кезендерінде осынша ауқымды масштабты иемденіп, билеп- төстеген бірде-бір отырықшы халық үшырасқан емес. Көне түркілер дөуірлеген кезеңде көшпелі түрмыс Орталық Азиядан Византия шекараларына жол тартқан ерекше мәдени-әлеуметтік көпір болды. Ғасырлар ағымында бірінің орнын бірі басып, үздіксіз алмасып отырған көшпелі империялар шектес елдер мен шендес құрлық халықтарының этникалық шығу тегіне, күрделі Далада алуан текті мәдени кешен- деріне орасан ықпалын тигізді. Тұракты дипломат, және сауда-саттық карым-қатынастарының желісі ретінде Ұлы жібек жолы әр текті, алуан бітімді мәдениеттер мен халықтардың арасын тұтасстырып, тек материалдык айырбастың ғана емес, сондай-ақ, ілкі санадағы ізгілікті идеялардың, ілім-білімнің, ғылыми танымның, яғни модени құндылыктардың бастапқы негіздері алмасуының тиімді факторына айналды. Осындай ауқымды да тығыз байланыстар нәти-жесінде Кок түркілердің өзіндік ерекшелігі бар "өркениеттік деңгейдің басты шарты" — тел сына жазуы калыптасты. Алтай өңірінен, Шығыс Түркістан мен Жетісу жерінен, Хакас жөне Тува өңірлерінен табылған 200- ден аса ежелгі түркі жазуының ескерткіштері б.з. 1-мыңжылдықтың соңы мен 2-мыңжылдыктың бас кезіндегі (5-6 ғ-лардағы) түркі тектестердің аса куатты мәдени-тарихи даму үрдісіне дөлел боларлықтай. 20 ғ-дың басына шейін өзіндік өрнегі мен этник. бітімін жоғалтпаған осынау ерекше мәдени-тарихи тип — Дала өркениеті екендігі белгілі казак зерттеуші-ғалымдары м.Қозыбаевтың, Ә.Кекілбаевтың, Т.Ғабитовтың, А.Сейдімбековтің, м.Барманқұловтың, т.б. еңбектерінде негізделген. Дала өркениеті шын мөнінде, уақыт пен кеңістік өрісінде географиялық-ландшафттық бөгесіндерге (өткелсіз су айдындарына, ну жынысты ормандарға, асусыз тау сілемдеріне) қамалып, томаға-тұйық күй кешкен реликтілік құбылыс емес, динамикалық, футуристік мұн-мазмұны қанық жүйе ретінде ерекшеленді.
 
Бөлісу: