Құран

5 Желтоқсан 2012, 05:17

Құран, Құран Кәрім, Мұхаммед пайғамбарға (с.ғ.с.) аян арқылы түскен Алланың сөзі, мұсылмандардың қасиетті кітабы, адамзатты ізгілікке бастайтын Алла рахымы. Құранның өзге де есімдері мен сипаттары бар: 1) әл-Китаб. Бұл сөз Құранда екі жүз отыз мәрте кездеседі, “Міне осы Кітапта күдік жоқ, бұл тақуалар үшін тура жол көрсетуші” (Бақара 2/2). 2) әл-Фурқан. “Ақиқат пен жалғанды айырушы” мағынасындағы бұл сөз алты рет кездеседі. “Күллі әлемге ескертуші болу үшін құлына Фурқанды түсірген Алла тағала ең ұлық” (Фурқан 25/1). 3. Нур, Мубин. “Расында сендерге Алладан нұр және “Мубин” ашық кітап келді” (Мәида 5/15). Қадір сүресінде айтылғандай, алғашқы аян (уахи) 610 ж. рамазан айының Қадір түні Мекке тауының Хира үңгірінде Мұхаммед пайғамбарға (с.ғ.с.) ұалақ сүресінің (“Жаратқан Раббыңның атымен оқы!”) бес аятынан бастап түсті. Ең ұзақ аят — Бақара сүресінің 282-аяты. Ең қысқа аяттар – Ясин, 36/1; Рахман, 55/1,64; Мүддессір 74/21; Фәжр 89/1; Дүха 93/1; Асыр 103/1. Құранда 77 934 сөз, 6666 аят (Асым қирағаты бойынша), 114 сүре бар.  Ең  қысқа  сүре — үш аяттан тұратын Кәусар сүресі. Ал ең ұзағы — 286 аяттан тұратын Бақара сүресі. Құран Алла құзырынан Жебірейіл періште арқылы, Мұхаммед пайғамбарға (с.ғ.с.) жиырма үш жыл бойы түскен. Мұхаммед  пайғамбар (с.ғ.с.) умми (оқу-жазу білмейтін) кісі болған еді. Ол Алладан аян келгенде уахи хатшыларына сүре мен аяттарды түскен жерде жаздырып отырған. Зәйд ибн Сәбит бұл жайлы: “Алла Елшісі (с.ғ.с.) Алла тағаланың аяндарын уахиды маған жаздыратын. Егер бір жерде қателік яки нұқсандық болса, дереу түзеттіретін. Ақырында мен жаңа келген уахиды адамдарға жеткізетін едім”, – дейді. Уахи хатшыларының саны шамамен қырыққа жетеді. Олардың атақтылары: Әбу Бәкр, Омар, Оспан (Ғұсман) ибн Аффан, Әли ибн Әбу Тәліп, Абдуллаһ ибн Сад, Зәйд ибн Сәбит, Зубәйір ибн Аууам, Убәй ибн Кағб, т.б. Құранның бөлек-бөлек түсуі оның оңай жатталуына мүмкіндік жасады. Сахабалардың хат танитындары түскен мәтіндерді әрі жазып, әрі жаттап алды. Хат танымағандар Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.) намазда, уағыз-насихатта оқыған Құранын естіп, жаттаған. Құран сахабалардың өмірінің мәніне айналды. Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) әр жылы рамазан айында Құранның сол уақытқа дейінгі түскен бөлімін Жебірейіл періштемен бірге оқыды, бұлай оқу “Арза” деп аталды. Әбу һурайра Жебірейіл әр жылы рамазан айында Алла Елшісіне Құранды бір рет оқығанын, қайтыс болар жылы екі рет оқығанын (Бухари, Фәдәилул-Қуран, 7) жеткізген. Мұхаммед пайғамбарға (с.ғ.с.) өмірінің ақырына дейін уахи келуі ықтимал болғандықтан, оның көзі тірісінде Құранды бір кітап етіп жинақтау мүмкін емес еді. Ол өмірден өткеннен кейін ғана уахи тоқталғаны айқындалып, алғашқы халифа Әбу Бәкр кезінде Құран бір кітап етіп жинақталды. Құран жинауда түпнұсқалар Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.) нұсқауымен жазылғандығын екі куәгер дәлелдеуі керек, аяттар “мансұқталса” (үкімі жойылған болса) жазылмауы тиіс деген негізгі талаптар қойылды. Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) өмірден өткен соң дайындалған бұл жинақ “мұсхаф” деп аталды. Осы кітап алдымен Әбу Бәкрде, ол қайтыс болғаннан кейін Омарда, одан кейін оның қызы Хафсаның қолында сақталған. Оспан кезеңінде ислам діні Арабстаннан тыс өлкелерге қанат жайды. Сол жақтарға арнайы мұғалімдер жіберіліп, олар өздері үйренген Құран қирағаттарын исламды жаңадан қабылдаған елдерге оқыта бастады. Осы кезеңде туындаған қиындықтарды жою мақсатында Омардың қызы Хафсаның қолындағы түпнұсқаны көбейту үшін Оспан уақытша сұрап алды. Осы істі атқаруға хижраның жиырма бесінші жылы құрайыштықтар (меккелік) мен әнсарлықтардан (мединелік) он екі кісілік топ құрып, Зәйд ибн Сәбитті басшылыққа тағайындады. Тері, құрма ағашы, сүйек, жапырақ, т.б әр түрлі нәрселерде жазылған Құран сөздерін қағазға жазып, бір кітап еткен Зәйдтің ісі бір жылға созылған. Оған хазіреті Омар, Әли, Оспан, Ибн Кағб көмектесті. Жазылған жаңа “Имам Мұсхаф” кітабы мешітте оқылып, мұсылмандардың бәрі бір ауыздан мақұлдады. Бұл “Имам Мұсхаф” төрт данаға көбейтілді. Біреуі Мединеде қалдырылып, қалған үшеуі Шам, Куфа, Басраға жіберілді. Ислам діні пайда болғанда араб жазуында әріптердің ноқаттары мен қаракеттері жоқ болса да, сахабалар Құранды қатесіз оқыған. Исламды қабылдаған өзге халықтардың араб тілін білмеуі себепті кейіннен Құранды жаңылыс оқу белең ала бастады. Осыған байланысты Әбул Әсуәд әд-Дуәли қаракеттердің жазылуын енгізді, Насыр ибн Асым (кейбір деректе Яхия ибн Ямәр) Құран әріптерін бір-бірінен ажыратқан ноқаттарды қойды. Бұны ғалымдар “Ижам” деп атады. Құран мағынасы сол заманнан бастап-ақ өзге тілдерге аударыла бастады. Кейбір деректерде сахаба Салман Парсының Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.) рұқсатымен Фатиха сүресінің мағынасын парсы тіліне аударып, ирандықтарға жібергендігі айтылады. Құран мағынасы үнді тіліне алғаш рет 833 ж., парсы тіліне 956 ж., латын тіліне 1143 ж., француз тіліне 1647 ж., ағылшын тіліне 1649 ж. аударылған. Қазіргі уақытта Құран мағынасы жүзден астам тілге тәржімаланған. Түркі тіліндегі бүгінгі күнге жеткен аударманың ең көнесі 14-ғасырда жазылған. Қазақ халқының рухани бастауларында болған ғұламалар Құранның мәнін ашуға, хикметін сезуге ұмтылған. Абай “Адамды сүй, Алланың хикметін сез”, “Құран рас, Алланың сөзі — дүр ол, Тәуиліне жетерлік ғылымың шақ”, – дегенде Құранның әрбір сөзін терең сезініп түсінуге үндейді. Құран – адамзатты қараңғылықтан нұрға бастайтын Алланың рахметі – мейірім көзі (һұд, 17 аят), адамға бақилық бақыт жолын көрсететін Алланың сөзі (Исра, 9). Құранда Құдайдың адамды “халифа” мақамында жаратқандығы айтылады. Бұл тұстағы Құдайдың халифасы (орынбасары) ұғымы –  адамның әлемдегі орны мен маңызын анықтайтын діни-танымдық категория, ең құрметті атақ болып саналады. Адамның мұндай жоғары атаққа лайық болуының сыры Алланың  оны  жаратудағы  мақсатының  ерекшелігінде жатыр. Құрандағы мәлімет  бойынша, рух әлемінде Алла мен адамның арасында “жаратушы-жаратылушы” сипаттарын білдіретін “Мисақ” (яғни, ант, келісімсөз) жүзеге асырылған. Адам бұл антты Алланың жердегі өкілі ретінде Жаратушысын ұмытпай, адамдық орны мен қызметін атқарып, алған аманатты (Азхаб, 172) сақтаймын деп берген болатын. Бұл жердегі “аманат” ұғымы иман мен жауапкершілікті сезінуді, Құдай алдындағы парызға және адамдардың құқықтарына құрмет көрсетіп, ар-намысын сақтауды білдіреді. Адам осы міндетін орындап, қабілетін орнымен қолданып, дамыта алғанда ғана “халифа” деген атқа лайық болады. Құранда адамның табиғаты мен мінезіне байланысты анықтамалар өте көп. Адам ең жоғарғы мақамда жаратылғанымен, оның нәпсінің зынданына түсіп, “ең төменгі дәрежеге дейін құлдырайтын” (Тин, 4-5) моральдық азғындауға да бейім екендігі ескертіледі.  Адамның “әлсіз,  қан  төгуші,  жоюшы, залым,  қиянатшыл,  ашкөз,  арамтамақ, сараң, надан” екендігі сыналып (Ниса, 28; Бақара, 30; Наһыл, 4; Азхаб, 72; Исра, 11-27, 100), Алла адамды осылардан қашуға, жиіркенуге үндейді. Жаратушының адамға қояр талабы – оның көркем құлықты, жақсылыққа жаршы, жамандыққа жаны қас, Құдайдың еркін жүзеге асыратын құл болуы. Құдайдың шынайы құлы болу үшін адам, ең алдымен, өз болмысымен тұтастыққа жетіп, содан кейін өзін қоршаған әлеммен үйлесімділік құруы тиіс. Осы үндестікті қамтамасыз ету үшін Құдай Құран арқылы адамға құндылықтар жүйесін ұсынады. Адамның жақсылықпен, парасатпен, ізгілікті іспен, сөзбен және оймен қарулануы оның иманының қуатына тікелей қатысты. Өйткені, Құранда  имандылық  адамгершіліктің  тұтқасы, негізгі көзі ретінде түсіндірілген. Имандылықтан туатын құндылықтарды әділеттілік, турашылдық, ар-ұят, намыс, сабыр, төзімділік, жомарттық, шыншылдық, мейірімділік, ата-анаға құрмет, отансүйгіштік, қанағатшылдық, тазалық, махаббат, адамды сүю, жүректілік деп тізіп, жалпы парасат (фазилат) құндылықтарына, ал имансыздықтан туындаған зұлымдық, жалғандық, екіжүзділік, опасыздық, менмендік, қорқақтық сияқты жаман қылықтарды масқаралық (разилат) сипатына жатқызып, бұлардан аулақ болуды ескертеді. Құран адамның бағынышты болуы қиын екендігін, оны тек табиғи жолмен, ерікті сұхбат арқылы тәрбиелеуді, дінге шақыруда да ешқандай зорлық немесе қысым жасауға болмайтындығын ескертеді. Құранда адамның өмір сүру ортасы мен тіршілігінің мәні, әлемдегі орны мен мақсаты туралы оның болмысын нақтылайтын тиянақты жауаптар айтылған. Бұл жауаптардың барлығы адам санасына, рухы мен ақылына бағышталған.  

Құран, Құран Кәрім, Мұхаммед пайғамбарға (с.ғ.с.) аян арқылы түскен Алланың сөзі, мұсылмандардың қасиетті кітабы, адамзатты ізгілікке бастайтын Алла рахымы. Құранның өзге де есімдері мен сипаттары бар: 1) әл-Китаб. Бұл сөз Құранда екі жүз отыз мәрте кездеседі, “Міне осы Кітапта күдік жоқ, бұл тақуалар үшін тура жол көрсетуші” (Бақара 2/2). 2) әл-Фурқан. “Ақиқат пен жалғанды айырушы” мағынасындағы бұл сөз алты рет кездеседі. “Күллі әлемге ескертуші болу үшін құлына Фурқанды түсірген Алла тағала ең ұлық” (Фурқан 25/1). 3. Нур, Мубин. “Расында сендерге Алладан нұр және “Мубин” ашық кітап келді” (Мәида 5/15). Қадір сүресінде айтылғандай, алғашқы аян (уахи) 610 ж. рамазан айының Қадір түні Мекке тауының Хира үңгірінде Мұхаммед пайғамбарға (с.ғ.с.) ұалақ сүресінің (“Жаратқан Раббыңның атымен оқы!”) бес аятынан бастап түсті. Ең ұзақ аят — Бақара сүресінің 282-аяты. Ең қысқа аяттар – Ясин, 36/1; Рахман, 55/1,64; Мүддессір 74/21; Фәжр 89/1; Дүха 93/1; Асыр 103/1. Құранда 77 934 сөз, 6666 аят (Асым қирағаты бойынша), 114 сүре бар.  Ең  қысқа  сүре — үш аяттан тұратын Кәусар сүресі. Ал ең ұзағы — 286 аяттан тұратын Бақара сүресі. Құран Алла құзырынан Жебірейіл періште арқылы, Мұхаммед пайғамбарға (с.ғ.с.) жиырма үш жыл бойы түскен. Мұхаммед  пайғамбар (с.ғ.с.) умми (оқу-жазу білмейтін) кісі болған еді. Ол Алладан аян келгенде уахи хатшыларына сүре мен аяттарды түскен жерде жаздырып отырған. Зәйд ибн Сәбит бұл жайлы: “Алла Елшісі (с.ғ.с.) Алла тағаланың аяндарын уахиды маған жаздыратын. Егер бір жерде қателік яки нұқсандық болса, дереу түзеттіретін. Ақырында мен жаңа келген уахиды адамдарға жеткізетін едім”, – дейді. Уахи хатшыларының саны шамамен қырыққа жетеді. Олардың атақтылары: Әбу Бәкр, Омар, Оспан (Ғұсман) ибн Аффан, Әли ибн Әбу Тәліп, Абдуллаһ ибн Сад, Зәйд ибн Сәбит, Зубәйір ибн Аууам, Убәй ибн Кағб, т.б. Құранның бөлек-бөлек түсуі оның оңай жатталуына мүмкіндік жасады. Сахабалардың хат танитындары түскен мәтіндерді әрі жазып, әрі жаттап алды. Хат танымағандар Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.) намазда, уағыз-насихатта оқыған Құранын естіп, жаттаған. Құран сахабалардың өмірінің мәніне айналды. Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) әр жылы рамазан айында Құранның сол уақытқа дейінгі түскен бөлімін Жебірейіл періштемен бірге оқыды, бұлай оқу “Арза” деп аталды. Әбу һурайра Жебірейіл әр жылы рамазан айында Алла Елшісіне Құранды бір рет оқығанын, қайтыс болар жылы екі рет оқығанын (Бухари, Фәдәилул-Қуран, 7) жеткізген.

Мұхаммед пайғамбарға (с.ғ.с.) өмірінің ақырына дейін уахи келуі ықтимал болғандықтан, оның көзі тірісінде Құранды бір кітап етіп жинақтау мүмкін емес еді. Ол өмірден өткеннен кейін ғана уахи тоқталғаны айқындалып, алғашқы халифа Әбу Бәкр кезінде Құран бір кітап етіп жинақталды. Құран жинауда түпнұсқалар Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.) нұсқауымен жазылғандығын екі куәгер дәлелдеуі керек, аяттар “мансұқталса” (үкімі жойылған болса) жазылмауы тиіс деген негізгі талаптар қойылды. Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) өмірден өткен соң дайындалған бұл жинақ “мұсхаф” деп аталды. Осы кітап алдымен Әбу Бәкрде, ол қайтыс болғаннан кейін Омарда, одан кейін оның қызы Хафсаның қолында сақталған. Оспан кезеңінде ислам діні Арабстаннан тыс өлкелерге қанат жайды. Сол жақтарға арнайы мұғалімдер жіберіліп, олар өздері үйренген Құран қирағаттарын исламды жаңадан қабылдаған елдерге оқыта бастады. Осы кезеңде туындаған қиындықтарды жою мақсатында Омардың қызы Хафсаның қолындағы түпнұсқаны көбейту үшін Оспан уақытша сұрап алды. Осы істі атқаруға хижраның жиырма бесінші жылы құрайыштықтар (меккелік) мен әнсарлықтардан (мединелік) он екі кісілік топ құрып, Зәйд ибн Сәбитті басшылыққа тағайындады. Тері, құрма ағашы, сүйек, жапырақ, т.б әр түрлі нәрселерде жазылған Құран сөздерін қағазға жазып, бір кітап еткен Зәйдтің ісі бір жылға созылған. Оған хазіреті Омар, Әли, Оспан, Ибн Кағб көмектесті. Жазылған жаңа “Имам Мұсхаф” кітабы мешітте оқылып, мұсылмандардың бәрі бір ауыздан мақұлдады. Бұл “Имам Мұсхаф” төрт данаға көбейтілді. Біреуі Мединеде қалдырылып, қалған үшеуі Шам, Куфа, Басраға жіберілді. Ислам діні пайда болғанда араб жазуында әріптердің ноқаттары мен қаракеттері жоқ болса да, сахабалар Құранды қатесіз оқыған. Исламды қабылдаған өзге халықтардың араб тілін білмеуі себепті кейіннен Құранды жаңылыс оқу белең ала бастады. Осыған байланысты Әбул Әсуәд әд-Дуәли қаракеттердің жазылуын енгізді, Насыр ибн Асым (кейбір деректе Яхия ибн Ямәр) Құран әріптерін бір-бірінен ажыратқан ноқаттарды қойды. Бұны ғалымдар “Ижам” деп атады.

Құран мағынасы сол заманнан бастап-ақ өзге тілдерге аударыла бастады. Кейбір деректерде сахаба Салман Парсының Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.) рұқсатымен Фатиха сүресінің мағынасын парсы тіліне аударып, ирандықтарға жібергендігі айтылады. Құран мағынасы үнді тіліне алғаш рет 833 ж., парсы тіліне 956 ж., латын тіліне 1143 ж., француз тіліне 1647 ж., ағылшын тіліне 1649 ж. аударылған. Қазіргі уақытта Құран мағынасы жүзден астам тілге тәржімаланған. Түркі тіліндегі бүгінгі күнге жеткен аударманың ең көнесі 14-ғасырда жазылған. Қазақ халқының рухани бастауларында болған ғұламалар Құранның мәнін ашуға, хикметін сезуге ұмтылған. Абай “Адамды сүй, Алланың хикметін сез”, “Құран рас, Алланың сөзі — дүр ол, Тәуиліне жетерлік ғылымың шақ”, – дегенде Құранның әрбір сөзін терең сезініп түсінуге үндейді. Құран – адамзатты қараңғылықтан нұрға бастайтын Алланың рахметі – мейірім көзі (һұд, 17 аят), адамға бақилық бақыт жолын көрсететін Алланың сөзі (Исра, 9). Құранда Құдайдың адамды “халифа” мақамында жаратқандығы айтылады. Бұл тұстағы Құдайдың халифасы (орынбасары) ұғымы –  адамның әлемдегі орны мен маңызын анықтайтын діни-танымдық категория, ең құрметті атақ болып саналады. Адамның мұндай жоғары атаққа лайық болуының сыры Алланың  оны  жаратудағы  мақсатының  ерекшелігінде жатыр. Құрандағы мәлімет  бойынша, рух әлемінде Алла мен адамның арасында “жаратушы-жаратылушы” сипаттарын білдіретін “Мисақ” (яғни, ант, келісімсөз) жүзеге асырылған. Адам бұл антты Алланың жердегі өкілі ретінде Жаратушысын ұмытпай, адамдық орны мен қызметін атқарып, алған аманатты (Азхаб, 172) сақтаймын деп берген болатын. Бұл жердегі “аманат” ұғымы иман мен жауапкершілікті сезінуді, Құдай алдындағы парызға және адамдардың құқықтарына құрмет көрсетіп, ар-намысын сақтауды білдіреді. Адам осы міндетін орындап, қабілетін орнымен қолданып, дамыта алғанда ғана “халифа” деген атқа лайық болады. Құранда адамның табиғаты мен мінезіне байланысты анықтамалар өте көп. Адам ең жоғарғы мақамда жаратылғанымен, оның нәпсінің зынданына түсіп, “ең төменгі дәрежеге дейін құлдырайтын” (Тин, 4-5) моральдық азғындауға да бейім екендігі ескертіледі.  Адамның “әлсіз,  қан  төгуші,  жоюшы, залым,  қиянатшыл,  ашкөз,  арамтамақ, сараң, надан” екендігі сыналып (Ниса, 28; Бақара, 30; Наһыл, 4; Азхаб, 72; Исра, 11-27, 100), Алла адамды осылардан қашуға, жиіркенуге үндейді. Жаратушының адамға қояр талабы – оның көркем құлықты, жақсылыққа жаршы, жамандыққа жаны қас, Құдайдың еркін жүзеге асыратын құл болуы. Құдайдың шынайы құлы болу үшін адам, ең алдымен, өз болмысымен тұтастыққа жетіп, содан кейін өзін қоршаған әлеммен үйлесімділік құруы тиіс. Осы үндестікті қамтамасыз ету үшін Құдай Құран арқылы адамға құндылықтар жүйесін ұсынады. Адамның жақсылықпен, парасатпен, ізгілікті іспен, сөзбен және оймен қарулануы оның иманының қуатына тікелей қатысты. Өйткені, Құранда  имандылық  адамгершіліктің  тұтқасы, негізгі көзі ретінде түсіндірілген. Имандылықтан туатын құндылықтарды әділеттілік, турашылдық, ар-ұят, намыс, сабыр, төзімділік, жомарттық, шыншылдық, мейірімділік, ата-анаға құрмет, отансүйгіштік, қанағатшылдық, тазалық, махаббат, адамды сүю, жүректілік деп тізіп, жалпы парасат (фазилат) құндылықтарына, ал имансыздықтан туындаған зұлымдық, жалғандық, екіжүзділік, опасыздық, менмендік, қорқақтық сияқты жаман қылықтарды масқаралық (разилат) сипатына жатқызып, бұлардан аулақ болуды ескертеді. Құран адамның бағынышты болуы қиын екендігін, оны тек табиғи жолмен, ерікті сұхбат арқылы тәрбиелеуді, дінге шақыруда да ешқандай зорлық немесе қысым жасауға болмайтындығын ескертеді. Құранда адамның өмір сүру ортасы мен тіршілігінің мәні, әлемдегі орны мен мақсаты туралы оның болмысын нақтылайтын тиянақты жауаптар айтылған. Бұл жауаптардың барлығы адам санасына, рухы мен ақылына бағышталған.

 

Бөлісу: