Жоғары Аттестациялық Комитет

5 Желтоқсан 2012, 05:13

Жоғары Аттестациялық Комитет (ЖАК), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары аттестациялық комитеті – өз құзыреті шегінде арнаулы атқару және бақылау-қадағалау қызметтерін, жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды аттестациялау жүйесіндегі салааралық үйлестіруді, ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтар беруді жүзеге асыратын, сондай-ақ, ғылыми және техникалық бағдарламалар мен жобаларға тәуелсіз сараптама жүргізуді қамтамасыз ететін мемлекеттік мекеме. 1991 жылға дейін Қазақстанда дербес ЖАК болған жоқ, оның қызметін 1932 ж. құрылып, 1934 жылдан жұмыс істеген КСРО Жоғары аттестациялық комиссиясы атқарып келді. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 1992 ж. 17 мамырда Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің жанындағы Мемлекеттік аттестациялық комиссия құрылды. Ол 1998 ж. 21 сәуірден Қазақстан Республикасы Ғылым министрлігі – Ғылым академиясының Аттестациялық департаменті, 1999 ж. 19 наурыздан Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті жанындағы Жоғары аттестациялық комиссия, 2001 ж. 17 қаңтардан Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары аттестациялық комитеті (ЖАК) болып аталды. ЖАК-тың құрылымында: жоғары білікті кадрларды даярлау және құжаттарды рәсімдеу басқармасы; физика-математика, техника ғылымдары, жер және ғарыш туралы ғылымдар жөніндегі бөлім; медицина, ауыл шаруашылығы және ветеринарлық ғылымдар жөніндегі бөлім; химия және биология ғылымдары жөніндегі бөлім; гуманитарлық ғылымдар жөніндегі бөлім; бағдарламаларды, жобаларды сараптау бөлімі; қаржы-экономикалық бөлім; ұйымдастыру бөлімі бар. ЖАК өз қызметін 2001 ж. 20 ақпанда Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен “Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары аттестациялық комитеті туралы ережеге” сәйкес жүзеге асырады. ЖАК-тің негізгі міндеттеріне: жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды аттестациялау саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға қатысу; қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді кезеңге арналған жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды аттестациялау жүйесін дамытудың жоспарлары мен болжамдарын әзірлеу; диссертациялық және сараптамалық кеңестердің желісін қалыптастыру және бақылау; бірыңғай талаптарға сәйкес ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтар беру туралы аттестациялық істерді қарауды мемлекеттік реттеу; ғылыми және ғылыми-техникалық жобаларға, бағдарламаларға сараптама жүргізуге қатысу, т.б. жатады. Осы міндеттерді орындау бағытында ол: ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау және аттестациялау бағыттарын айқындауға қатысады; басқа елдердің ұлттық мемлекеттік аттестациялау ұйымдары берген ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтары бар азаматтардың құжаттарын нострификациялауды (қайта аттестациялаудан өткізу) ұйымдастырады; ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтар беру туралы аттестациялық істерді қарайды және олар бойынша қойылатын бірыңғай талаптарға сәйкес шешім қабылдайды, мемлекеттің атынан дипломдар мен аттестаттарды рәсімдеу және беруді жүзеге асырады; ғылыми кадрларды даярлау және аттестациялау саласындағы халықаралық шарттар мен келісімдердің жобаларын әзірлеуге қатысады.  

Бөлісу: