Еңбекшілдер ауданы

5 Желтоқсан 2012, 05:10

  Еңбекшілдер ауданы – облыстың солт-ндегі әкімш. аудан. Облыс орт. – Көкшетау қ-нан 120 км жерде орналасқан. Солт-нде Ақжар, шығысында Солт. Қазақстан обл-ның Уәлиханов, батысында Бурабай, оңт-нде Бұланды аудандарымен шектеседі. 1928 ж. құрылған. 1936 ж. Солт. Қазақстан, 1944 ж. Көкшетау, ал 1999 жылдан Ақмола обл-ның құрамында. Әкімш. орт. – Степняк қ. (1955). Әкімш.-аумақтық құрылымы 1 қаладан, 14 ауылдық округке біріккен 47 елді мекеннен тұрады. Тұрғыны 18,2 мың адам (2006), оның ішінде 14,1 мыңы ауылда, 5,2 мың адам қалада тұрады. Жалпы аум. 10990 км2. Е. а-ның жері Сарыарқаның солт.-шығыс бөлігін алып жатқан Сілеті жазығының орт. бөлігінде, орманды-дала және дала белдемдерінде орналасқан. Жері негізінен, жазық болып келеді. Шоқылардың ең ірісі – ауданның оңт.-шығысындағы Арқалық тауы. Аудан жерінде, негізінен, саздақ қара топырақ, кейбір жерлерінде сортаң қара топырақ қалыптасқан. Ауданның климаты тым континенттік: қысы суық және ұзақ, жазы ыстық әрі қуаң. Қаңтарда ауаның орташа темп-расы –16 – 17ӘС, шілдеде 19 – 20ӘС. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. шығысында 250 – 300 мм, батысында 300 – 350 мм. Оның көпшілігі жылдың жылы мезгілінде жауады. Өзендерінің ірілері: Жөкей мен Қотыркөлді қосатын Саға, Мамай және Атансор к-не құятын Тәттімбет пен Атан. Ірі көлдері: Жөкей, Шошқалы, Итемген, Кіндікті, Сасыққопа (тұщы сулы), Тасшалқар, Қарасор, Қотыркөл, Мамай, Атансор, Майлысор, Жамбайсор, Көксор. Дала белдемінде селеу, жауқияқ, жусан аралас өскен бетеге, т.б. шөптесін өсімдіктер, орманды жерлерінде қайың, терек, тал, ал батыс жағында қылқан жапырақты ағаш өседі. Жануарлар дүниесі сан алуан, олардың ішінде қасқыр, түлкі, қоян, қосаяқ, суыр, тараққұйрық, дала тышқандары, бұлан, елік, құстардан қаз, аққу, үйрек, шағала, көл жағалай қызғыш, тауқұдірет, дуадақ, бүркіт, кезқұйрық, сауысқан, т.б. кездеседі. Аудан астық өндіруге, мал ш-нда ірі қара, қой мен ешкі, жылқы және шошқа өсіруге маманданған. Бидай өсірумен 5 а.ш. өндірісі («Біржан АШК», «Дон», «Еңбек нан», «КазГер», «Целина-Агро-2» ЖШС-тері) шұғылданады. Егістік аум. 119554 га (2005), орташа түсім мөлш. 12,2 ц/га. А.ш. өнімдерін өңдейтін 13 кәсіпорын жұмыс істейді. Ірі инвест. жоба жасалып, а.ш-ның жері қосымша пайдалануға беріліп, бидай өңдейтін қуатты өндіріс іске қосылды («Кенашы агрофирмасы» ЖШС), мұнда тәулігіне 70 т бидай өңдейтін диірмен жұмыс істейді. Кен байлықтарынан темір, көмір, уран, түсті металл кентастары, оның ішінде алтын, құрылыс материалдары (әктас, құм, гранит және кірпіш сазы) кездеседі. Геол. зерттеулер шамамен алтынның 30 – 35 т, тас көмірдің Яблоновое кен орнында 45 млн. т, Көксеңгір кен орнында 118 млн. т, темірдің Атансор кен орнында 47,7 млн. т, Тілеген кен орнында 120 млн. т қоры бар екенін барлаған. Алтын өндіретін Степняк тау-кен кәсіпорындары, автомоб. және мех. жөндеу з-ттары, орман ш., тұрмыс қажетін өтейтін кәсіпорындар, май з-ты, т.б. мекемелер бар. Ауданда 1 мәдениет үйі, 16 клуб, 24 кітапхана, 39 мектеп, 2 балабақша, 1 ауд. аурухана, 1 емхана, 2 дәрігерлік амбулатория, 32 фельдш.-акуш. пункт бар. Автомоб. жолының ұз. 609,5 км. Степняк, Щучинск, Макинск қ-ларына автомоб. жолы арқылы қатынайды. Заозерный – Ерейментау т.ж. қатынасы бар.  

Бөлісу: