Құлдық

5 Желтоқсан 2012, 05:05

Құлдық – адамзат тарихындағы қанаудың дөрекі түрі. Қ. алғашқы қауымдық қоғам ыдырай бастаған кезеңде пайда болды. Алғашқыда соғыс тұтқындары, қарыздарын өтей алмаған кедейлер құлға айналдырылды. Кейіннен құл саудасы кеңінен өріс алды. Қ-тың классик. үлгісі ежелгі Вавилонда, Египетте, Грекияда, Римде болды. 5 ғ-дан бастап құл еңбегі маңызын жоя бастады. 16 ғ-да Бат. Еуропада капит. қатынастар дамып, жаңадан ашылған жерлерді жаппай отарлау нәтижесінде Қ. қайта өріс алды. Мылтық пен зеңбіректің күшімен еуропалықтар Америка, Азия, Африка құрлықтарының көптеген халықтарын еріксіз құлға айналдырды. Қ., әсіресе, Америкада кең етек жайды. Үндістерден тартып алынған жерлерді игеруге адам күші жетпегендіктен, отаршылар Африкадан әкелінген негрлердің еңбегін кеңінен пайдаланды. Сөйтіп Америка және Африка материктері арасында құл саудасы басталды. Қ-қа және құл саудасына қарсы көтерілістер жиі болып, зиялы қауым арасында наразылық қозғалысы пайда болды. 18 ғ-дың аяғында Францияда революция жеңіске жеткеннен кейін француз отарларында Қ-қа және құл саудасына тыйым салынғанымен, жергілікті жерлерде бұл шешім көп уақытқа дейін орындалмады. 1807 ж. ағылшын өкіметі де осындай шешім қабылдап, 1826 жылдан кейін ғана толық жүзеге асыруға қол жеткізді. 19 ғ-дың ортасына қарай АҚШ-та Қ-қа қарсы қоғамдық пікір күрт күшейді. Нәтижесінде 1861 – 65 ж. елде Қ. жойылған солт. штаттар мен құл еңбегін пайдаланатын оңт. штаттар арасында азамат соғысы басталды. Соғыста солт. штаттар жеңіске жетіп, АҚШ-та Қ. толық жойылды. Осыдан кейін Америка құрлығының басқа да елдерінде Қ. пен құл саудасына тыйым салына бастады. Орта ғасырларда шығыс елдерінде (Египет, Сирия, т.б.) көшпелі тайпалардан (түркілер, кавказдықтар, арабтар, т.б.) әкелінген құлдар әскери қызметке кеңінен тартылды. Бұл елдерде әскери құлдардың көптеп жиналуы нәтижесінде олар бірте-бірте алдымен әскери, кейіннен саяси билікті өз қолдарына алды (қ. Мамлюктер, Бейбарыс). Дәстүрлі қазақ қоғамында да Қ-тың кейбір белгілері сақталды. Мыс., соғыс тұтқындары құлға айналдырылды, бірақ мұнда ежелгі Грекия, Египет, Рим елдеріндегі сияқты Қ-тың классик. үлгісі болған жоқ. Көшпелі тұрмыста құл еңбегі тиімсіз болды. Сондықтан қазақ қоғамы құлдарды ерікті қауым мүшелері ретінде ұстауға тырысты. Нәтижесінде олар қазақ қоғамына сіңісіп кетті. 19 ғ-да Қазақстан толығымен Ресей отарына айналып, сыртқы соғыстар тоқтатылғаннан кейін Қ. мүлдем жойылды. 19 ғ-да Еуропа мен Америкада Қ-қа қарсы басталған күрес 20 ғ-да жалғасын тауып, халықар. мәселеге айналды. 1926 ж. 40 мемлекет Қ-қа тыйым салу жөніндегі Женева конвенциясына қол қойды. 1948 ж. Бөө қабылдаған Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясы Қ. пен құл саудасының барлық түріне тыйым салды. 1956 ж. 59 мемлекет өкілдері қатысқан Женева конференциясы Қ-ты, құл саудасын, Қ-қа жақын әдет-ғұрыптар мен ин-ттарды жою жөнінде қосымша конвенция қабылдады. Е. Қызырқанұлы  

Құлдық – адамзат тарихындағы қанаудың дөрекі түрі. Қ. алғашқы қауымдық қоғам ыдырай бастаған кезеңде пайда болды. Алғашқыда соғыс тұтқындары, қарыздарын өтей алмаған кедейлер құлға айналдырылды. Кейіннен құл саудасы кеңінен өріс алды. Қ-тың классик. үлгісі ежелгі Вавилонда, Египетте, Грекияда, Римде болды. 5 ғ-дан бастап құл еңбегі маңызын жоя бастады. 16 ғ-да Бат. Еуропада капит. қатынастар дамып, жаңадан ашылған жерлерді жаппай отарлау нәтижесінде Қ. қайта өріс алды. Мылтық пен зеңбіректің күшімен еуропалықтар Америка, Азия, Африка құрлықтарының көптеген халықтарын еріксіз құлға айналдырды. Қ., әсіресе, Америкада кең етек жайды. Үндістерден тартып алынған жерлерді игеруге адам күші жетпегендіктен, отаршылар Африкадан әкелінген негрлердің еңбегін кеңінен пайдаланды. Сөйтіп Америка және Африка материктері арасында құл саудасы басталды. Қ-қа және құл саудасына қарсы көтерілістер жиі болып, зиялы қауым арасында наразылық қозғалысы пайда болды. 18 ғ-дың аяғында Францияда революция жеңіске жеткеннен кейін француз отарларында Қ-қа және құл саудасына тыйым салынғанымен, жергілікті жерлерде бұл шешім көп уақытқа дейін орындалмады. 1807 ж. ағылшын өкіметі де осындай шешім қабылдап, 1826 жылдан кейін ғана толық жүзеге асыруға қол жеткізді. 19 ғ-дың ортасына қарай АҚШ-та Қ-қа қарсы қоғамдық пікір күрт күшейді. Нәтижесінде 1861 – 65 ж. елде Қ. жойылған солт. штаттар мен құл еңбегін пайдаланатын оңт. штаттар арасында азамат соғысы басталды. Соғыста солт. штаттар жеңіске жетіп, АҚШ-та Қ. толық жойылды. Осыдан кейін Америка құрлығының басқа да елдерінде Қ. пен құл саудасына тыйым салына бастады. Орта ғасырларда шығыс елдерінде (Египет, Сирия, т.б.) көшпелі тайпалардан (түркілер, кавказдықтар, арабтар, т.б.) әкелінген құлдар әскери қызметке кеңінен тартылды. Бұл елдерде әскери құлдардың көптеп жиналуы нәтижесінде олар бірте-бірте алдымен әскери, кейіннен саяси билікті өз қолдарына алды (қ. Мамлюктер, Бейбарыс). Дәстүрлі қазақ қоғамында да Қ-тың кейбір белгілері сақталды. Мыс., соғыс тұтқындары құлға айналдырылды, бірақ мұнда ежелгі Грекия, Египет, Рим елдеріндегі сияқты Қ-тың классик. үлгісі болған жоқ. Көшпелі тұрмыста құл еңбегі тиімсіз болды. Сондықтан қазақ қоғамы құлдарды ерікті қауым мүшелері ретінде ұстауға тырысты. Нәтижесінде олар қазақ қоғамына сіңісіп кетті. 19 ғ-да Қазақстан толығымен Ресей отарына айналып, сыртқы соғыстар тоқтатылғаннан кейін Қ. мүлдем жойылды. 19 ғ-да Еуропа мен Америкада Қ-қа қарсы басталған күрес 20 ғ-да жалғасын тауып, халықар. мәселеге айналды. 1926 ж. 40 мемлекет Қ-қа тыйым салу жөніндегі Женева конвенциясына қол қойды. 1948 ж. Бөө қабылдаған Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясы Қ. пен құл саудасының барлық түріне тыйым салды. 1956 ж. 59 мемлекет өкілдері қатысқан Женева конференциясы Қ-ты, құл саудасын, Қ-қа жақын әдет-ғұрыптар мен ин-ттарды жою жөнінде қосымша конвенция қабылдады.

Е. Қызырқанұлы

 

Бөлісу: