Еңбек ету бостандығына құқықтылық

5 Желтоқсан 2012, 04:56

  Еңбек ету бостандығына құқықтылық   Еңбек құқығы жұмыс беруші мен қызметкердің еңбек міндеті бойынша, олардың арасындағы жеке еңбек шарты негізінде туындайтын қатынасты реттейді. Еңбек құқығы, сондай-ақ еңбекақы, еңбек тәртібі, жұмыс уақытын белгілеу және пайдалану, еңбекті қорғау бойынша қатынастарды да реттейді.   Еңбек құқығы нормалары қызметкерге әлеуметтік қорғану, еңбегін қорғау, жұмыс уақытын мөлшерлеу, еңбек тәртібін орнату құқығын береді. Қызметкер ішкі еңбек тәртібі ережелеріне бағынады; оның еңбегін қорғау мен ұйымдастыруды жұмыс беруші қамтамасыз етеді; жеке еңбек шартының тақырыбы жұмыс берушінің арнайы мамандандырылған еңбек процесінің өзі болып табылады.   Еңбек тұрғысындағы азаматтық қатынаста азаматтың өзі өз еңбегін қорғау мен ұйымдастыруды іске асырады, азаматтық құқықтық шарттың тақырыбы еңбек нәтижесін затқа айналдыру, мысалы, үй салуға келісімшарт, мердігерлік шарт, жекеменшік мүдделі нысананы құру шарты.   Еңбек етуге құқықтылық еңбек қызметін таңдау бостандығы тұңғыш рет Қазақстан Республикасының Конституциясында жарияланды (24-баб). Еңбек етуге бостандық құқығы әрбір адамның еңбекке қабілеттілігін дербес пайдалана білуін, қызмет пен мамандық түрін еркін таңдай алатындығын білдіреді.   Еңбек ету бостандығы, қызмет пен мамандықтар таңдау бостандығы, өзінің еңбекке қабілеттілігін пайдалану бостандығы азамат пен жұмыс берушінің жұмыстың шарттары мен сипаты туралы өзара келісімін білдіретін еңбек шарты бостандығының салалық қағидаты түрінде көрінеді.   Еңбек шарты бостандығының қағидаты еңбектік құқық қатынастарын жасасудың еріктілігін ғана емес, сондай-ақ оның болашақ тағдырының қандай болатындығын да айқындайды. Мәселен, сол ұйымның өзі ішінде басқа жұмысқа ауыстыру, не сол ұйыммен бірге басқа жерге ауысу, өндірістік қажеттілік және кідіріске байланысты уақытша ауысуды қоспағанда, қызметкердің жазбаша келісімімен ғана жүзеге асырылады. Еңбектік құқық қатынастарын, оның себептерін түсіндірмей тоқтату құқығын жүзеге асыруды заң тек қызметкерге ғана береді. Мерзімі көрсетілген еңбек шартын мерзімінен бұрын бұзу қызметкер ауырған, зейнет жасына жеткен, басқа жерге көшкен және өзге де дәлелді себептері болған жағдайда оның талабы бойынша іске асырылады. Жұмыс беруші қызметкерді заңда белгіленген шектеулі жағдайларда ғана жұмыстан босата алады.   Еңбек шартының еркіндігі, сондай-ақ қызметкердің бірден бірнеше жұмыс берушімен толық емес жұмыс уақыты шартымен жеке еңбек шарттарын жасасуға құқығы барлығын білдіреді.   Азаматтардың шетелдерде өз бетімен жұмыс іздеуіне және жұмысқа орналасуына құқығы бар. Өздерін табыс табатын жұмыспен қамтамасыз ететін азаматтар дербес жұмыспен қамтылғандар деп есептеледі. Заңнамада еркін таңдап алынған жұмыспен қамтылу деген ұғым қолданылады. Ол азаматтардың өздерінің еңбекке қабілеттілігін еркін пайдалану жолымен жұмыс орны мен мамандықты таңдап алуға қатысты іс-әрекетін көрсетеді.   Әрбір азаматтың жұмысқа дербес орналасуымен қатар, олардың жұмысқа орналасарда арнаулы органдардың көмегіне сүйенуге де қақысы бар.   Еңбек делдалдығы — бұл өкілетті мемлекеттік органдардың, сондай-ақ жекеменшік еңбекпен қамту агенттіктерінің халықты жұмысқа орналастыруда көмек көрсетуі. Бұл жағдайда еңбек делдалдығы жұмыс іздеуші адамдарға оны таңдау және жұмысқа орналасу ісінде меншіктің және шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық барлық түрлерінің кадрларға, оларды іздестіріп-табуға және қажетті даярлықтан өткізуге мұқтаж кәсіпорындарға (мекемелерге, ұйымдарға) қызмет көрсетіледі.

 

Еңбек ету бостандығына құқықтылық

 

Еңбек құқығы жұмыс беруші мен қызметкердің еңбек міндеті бойынша, олардың арасындағы жеке еңбек шарты негізінде туындайтын қатынасты реттейді. Еңбек құқығы, сондай-ақ еңбекақы, еңбек тәртібі, жұмыс уақытын белгілеу және пайдалану, еңбекті қорғау бойынша қатынастарды да реттейді.

 

Еңбек құқығы нормалары қызметкерге әлеуметтік қорғану, еңбегін қорғау, жұмыс уақытын мөлшерлеу, еңбек тәртібін орнату құқығын береді. Қызметкер ішкі еңбек тәртібі ережелеріне бағынады; оның еңбегін қорғау мен ұйымдастыруды жұмыс беруші қамтамасыз етеді; жеке еңбек шартының тақырыбы жұмыс берушінің арнайы мамандандырылған еңбек процесінің өзі болып табылады.

 

Еңбек тұрғысындағы азаматтық қатынаста азаматтың өзі өз еңбегін қорғау мен ұйымдастыруды іске асырады, азаматтық құқықтық шарттың тақырыбы еңбек нәтижесін затқа айналдыру, мысалы, үй салуға келісімшарт, мердігерлік шарт, жекеменшік мүдделі нысананы құру шарты.

 

Еңбек етуге құқықтылық еңбек қызметін таңдау бостандығы тұңғыш рет Қазақстан Республикасының Конституциясында жарияланды (24-баб). Еңбек етуге бостандық құқығы әрбір адамның еңбекке қабілеттілігін дербес пайдалана білуін, қызмет пен мамандық түрін еркін таңдай алатындығын білдіреді.

 

Еңбек ету бостандығы, қызмет пен мамандықтар таңдау бостандығы, өзінің еңбекке қабілеттілігін пайдалану бостандығы азамат пен жұмыс берушінің жұмыстың шарттары мен сипаты туралы өзара келісімін білдіретін еңбек шарты бостандығының салалық қағидаты түрінде көрінеді.

 

Еңбек шарты бостандығының қағидаты еңбектік құқық қатынастарын жасасудың еріктілігін ғана емес, сондай-ақ оның болашақ тағдырының қандай болатындығын да айқындайды. Мәселен, сол ұйымның өзі ішінде басқа жұмысқа ауыстыру, не сол ұйыммен бірге басқа жерге ауысу, өндірістік қажеттілік және кідіріске байланысты уақытша ауысуды қоспағанда, қызметкердің жазбаша келісімімен ғана жүзеге асырылады. Еңбектік құқық қатынастарын, оның себептерін түсіндірмей тоқтату құқығын жүзеге асыруды заң тек қызметкерге ғана береді. Мерзімі көрсетілген еңбек шартын мерзімінен бұрын бұзу қызметкер ауырған, зейнет жасына жеткен, басқа жерге көшкен және өзге де дәлелді себептері болған жағдайда оның талабы бойынша іске асырылады. Жұмыс беруші қызметкерді заңда белгіленген шектеулі жағдайларда ғана жұмыстан босата алады.

 

Еңбек шартының еркіндігі, сондай-ақ қызметкердің бірден бірнеше жұмыс берушімен толық емес жұмыс уақыты шартымен жеке еңбек шарттарын жасасуға құқығы барлығын білдіреді.

 

Азаматтардың шетелдерде өз бетімен жұмыс іздеуіне және жұмысқа орналасуына құқығы бар. Өздерін табыс табатын жұмыспен қамтамасыз ететін азаматтар дербес жұмыспен қамтылғандар деп есептеледі. Заңнамада еркін таңдап алынған жұмыспен қамтылу деген ұғым қолданылады. Ол азаматтардың өздерінің еңбекке қабілеттілігін еркін пайдалану жолымен жұмыс орны мен мамандықты таңдап алуға қатысты іс-әрекетін көрсетеді.

 

Әрбір азаматтың жұмысқа дербес орналасуымен қатар, олардың жұмысқа орналасарда арнаулы органдардың көмегіне сүйенуге де қақысы бар.

 

Еңбек делдалдығы — бұл өкілетті мемлекеттік органдардың, сондай-ақ жекеменшік еңбекпен қамту агенттіктерінің халықты жұмысқа орналастыруда көмек көрсетуі. Бұл жағдайда еңбек делдалдығы жұмыс іздеуші адамдарға оны таңдау және жұмысқа орналасу ісінде меншіктің және шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық барлық түрлерінің кадрларға, оларды іздестіріп-табуға және қажетті даярлықтан өткізуге мұқтаж кәсіпорындарға (мекемелерге, ұйымдарға) қызмет көрсетіледі.

Бөлісу: