Насырұлла әмірші

5 Желтоқсан 2012, 04:40

  Толық аты: Насырұлла хан Әулеті: Маңғыт әулеті   Насырұлла — Бұқар әміршісі. 1826 жылынан бастап 1860 жылына дейін Бұқар әміршілігінің билеушісі еді, лауазымы хан еді.   Әмірші Хайдар ханның баласы. Әкесінің өлтіруінен соң, таққа отырды. Таққа отырған соң, Насырұлла бар аға-інілерін өлтірді.   Бұл кезде Орта Азия солтүстік жақтан Ресейден және оңтүстік жақтан Ұлыбританиядан қысымын сезді. Екі империя бұл аумаққа әсер еткісі келді, оны өзінен тәуелді еткісі келді. Ресей мен Ұлыбритания әсер ету тынық күресін бастады. 1842 жылы Ұлыбритания Бұқар әміршілігіне барлаушы елшілерін Чарльз Стоддарт мен Артур Коннолиді жіберді. Насырұлла оларды Обхана жер астындағы абақтысына отырғызып, өлтірді. Кейін Ұлыбритания жоғалып кеткен өз азаматтарын қалпын білу үшін 1843 жылы Джозеф Вольфті жібереді. Әмірші оны да Обханаға отырғызды, бірақ кейін оған азат берді. Вольф Ұлыбританияға қайтып, барлаушылардың ажалы туралы хабарланды. Батыс мемлекеттерде Әмірші Насырұлла ханды бұл оқиғаның арқасында біледі.   Қазақстан тарихында Насырұлла хан Кенесары ханымен ерекше қатынастарының арқасында қалды. Бұқар әміршілігі көршілес елдерін жаулап алғысы келген. Алдыменен Хиуа менен Қоқан хандығын жаулап алып, оларды өзіне қараған бектіктеріне айналдырғысы келді. Ал Қоқан менен Хиуа хандықтары сол кезде қазақтардың кейбір жерін жаулап алып, қазақтарға зорлық көрсетті.   Сол кезде Кенесарының отарлау саясатына қарсы көтерілісі басталды. Кенесары Қоқан хандығымен соғыс ашты. Дәл сол кезде Бұқар әміршілігі мен Қоқан хандығы арасында да соғыс басталды. Осылайша, Кенесары Бұқар әміршісі Насырұлла ханның одақтасы болып шықты.   Қоқанмен соғыс ашуының алдында Насырұлла Қоқанның ханы Мәделіге елші жіберіп, оған Бұқардың әміршісіне бағынуға бұйрық береді. Екінші, Мәделі ханға өз әйелімен ажырасуға бұйрық берді. Мәделі хан өзінің Хан Паджа Айым деген жас сұлу өгей шешесіне үйленді, бұл қылық ше шариғатқа қарсы. Бұқар әміршісі Насырұлла, Мәделі хан шариғат жолынан бет бұрды деп, оны әйелімен ажыратып, Хан Паджа Айымға өзі үйленгісі келді. Мәделі хан Бұқар әміршісінің елшілерін өлтірді. Насырұлла соғыс ашты. 1840 жылы Насырұлла өз әскерін Ұра — Төбеге жіберіп, Ұра — Төбені алып, Қоқанға жолын ашты. Қоқан сарбаздары шайқас майданынан қашты. Мәделі хан бір кезеңде екі жаумен күресті. Осындай қалыпта, Кенесары төрт мың әскерімен Ташкентті қамалады, Жаңақорған, Созақ, Жөлек, Ақ-Мешітті алды. Қазақтарды Қоқан билігінен азаттанып, өзіне бағындырды. Сөйтіп, Бұқар әміршісіне Мәделі ханмен жәрдем етті.   1842 жылы сәуір айында Насырұлла Қоқанды алып, Мәделі ханды өлтірді. Жәрдем көрсеткені үшін, Насырұлла Кенесарыға алғысын білдіріп, шапан менен қылышын сыйлады.   1842 жылы Бұқар әміршілігі мен Хиуа әміршілігі арасында қанды жанжал бастады. Соғыс төрт жылдан кейін, 1846 жылы аяқталды.   Ел ішінде, Насырұллаға оның қаталдығы үшін «ет союшы» деп лақап берді. Өз астана жұрты үшін, Насырұлла «елдің қан ішетін» билеуші ретінде тарихында қалды. Насырұлланың кезінде Бұқар әміршілігінде қыпшақтар көтеріліс көтерді. Әсіресе, кенегестер, Насырұллаға бағынғысы келмей неше сан көтерілістеді көтерген. Насырұлла 20 жылдың ішінде кенегестер тұратын Шахрисябз атырабына 32 рет шабуыл жасаған.  

 

Толық аты: Насырұлла хан
Әулеті: Маңғыт әулеті
 
Насырұлла — Бұқар әміршісі. 1826 жылынан бастап 1860 жылына дейін Бұқар әміршілігінің билеушісі еді, лауазымы хан еді.
 
Әмірші Хайдар ханның баласы. Әкесінің өлтіруінен соң, таққа отырды. Таққа отырған соң, Насырұлла бар аға-інілерін өлтірді.
 
Бұл кезде Орта Азия солтүстік жақтан Ресейден және оңтүстік жақтан Ұлыбританиядан қысымын сезді. Екі империя бұл аумаққа әсер еткісі келді, оны өзінен тәуелді еткісі келді. Ресей мен Ұлыбритания әсер ету тынық күресін бастады. 1842 жылы Ұлыбритания Бұқар әміршілігіне барлаушы елшілерін Чарльз Стоддарт мен Артур Коннолиді жіберді. Насырұлла оларды Обхана жер астындағы абақтысына отырғызып, өлтірді. Кейін Ұлыбритания жоғалып кеткен өз азаматтарын қалпын білу үшін 1843 жылы Джозеф Вольфті жібереді. Әмірші оны да Обханаға отырғызды, бірақ кейін оған азат берді. Вольф Ұлыбританияға қайтып, барлаушылардың ажалы туралы хабарланды. Батыс мемлекеттерде Әмірші Насырұлла ханды бұл оқиғаның арқасында біледі.
 
Қазақстан тарихында Насырұлла хан Кенесары ханымен ерекше қатынастарының арқасында қалды. Бұқар әміршілігі көршілес елдерін жаулап алғысы келген. Алдыменен Хиуа менен Қоқан хандығын жаулап алып, оларды өзіне қараған бектіктеріне айналдырғысы келді. Ал Қоқан менен Хиуа хандықтары сол кезде қазақтардың кейбір жерін жаулап алып, қазақтарға зорлық көрсетті.
 
Сол кезде Кенесарының отарлау саясатына қарсы көтерілісі басталды. Кенесары Қоқан хандығымен соғыс ашты. Дәл сол кезде Бұқар әміршілігі мен Қоқан хандығы арасында да соғыс басталды. Осылайша, Кенесары Бұқар әміршісі Насырұлла ханның одақтасы болып шықты.
 
Қоқанмен соғыс ашуының алдында Насырұлла Қоқанның ханы Мәделіге елші жіберіп, оған Бұқардың әміршісіне бағынуға бұйрық береді. Екінші, Мәделі ханға өз әйелімен ажырасуға бұйрық берді. Мәделі хан өзінің Хан Паджа Айым деген жас сұлу өгей шешесіне үйленді, бұл қылық ше шариғатқа қарсы. Бұқар әміршісі Насырұлла, Мәделі хан шариғат жолынан бет бұрды деп, оны әйелімен ажыратып, Хан Паджа Айымға өзі үйленгісі келді. Мәделі хан Бұқар әміршісінің елшілерін өлтірді. Насырұлла соғыс ашты. 1840 жылы Насырұлла өз әскерін Ұра — Төбеге жіберіп, Ұра — Төбені алып, Қоқанға жолын ашты. Қоқан сарбаздары шайқас майданынан қашты. Мәделі хан бір кезеңде екі жаумен күресті. Осындай қалыпта, Кенесары төрт мың әскерімен Ташкентті қамалады, Жаңақорған, Созақ, Жөлек, Ақ-Мешітті алды. Қазақтарды Қоқан билігінен азаттанып, өзіне бағындырды. Сөйтіп, Бұқар әміршісіне Мәделі ханмен жәрдем етті.
 
1842 жылы сәуір айында Насырұлла Қоқанды алып, Мәделі ханды өлтірді. Жәрдем көрсеткені үшін, Насырұлла Кенесарыға алғысын білдіріп, шапан менен қылышын сыйлады.
 
1842 жылы Бұқар әміршілігі мен Хиуа әміршілігі арасында қанды жанжал бастады. Соғыс төрт жылдан кейін, 1846 жылы аяқталды.
 
Ел ішінде, Насырұллаға оның қаталдығы үшін «ет союшы» деп лақап берді. Өз астана жұрты үшін, Насырұлла «елдің қан ішетін» билеуші ретінде тарихында қалды. Насырұлланың кезінде Бұқар әміршілігінде қыпшақтар көтеріліс көтерді. Әсіресе, кенегестер, Насырұллаға бағынғысы келмей неше сан көтерілістеді көтерген. Насырұлла 20 жылдың ішінде кенегестер тұратын Шахрисябз атырабына 32 рет шабуыл жасаған.
 
Бөлісу: