Курортология

5 Желтоқсан 2012, 04:32

Курортология (курорт және грек. logos – ілім) – емдік қасиеті бар табиғи факторларды зерттеп, оларды пайдалану жолдарын қарастыратын медицинаның бір саласы. К. микробиология, хим., физ., биофизика, физиология, ғылым салаларымен тығыз байланысты. Оның мед. климатология, климатотерапия, бальнеология, бальнеотерапия, балшықпен емдеу, қымызбен емдеу, т.б. салалары бар. К-ның негізгі шұғылданатын мәселелері: жұмыс істеп тұрған курорттардың және әлі іске қосылмаған курорттық жерлердің емдік қасиеттерін тексеріп, дұрыс пайдалану жолдарын іздестіру; кейбір табиғи минералды суларды, шипалы балшықтарды, т.б. басқа жаққа тасымалдағанда емдік қасиеттерін жоғалтпауын қадағалау; аурулардың түр-түріне, кезеңіне байланысты оларға курорттық емнің қалай әсер ететінін анықтап, сауықтандыру орындарында олармен емдеу әдістерін ұсыну; курорттардың мед. тұрғыдан жұмысын дұрыс ұйымдастыру жолдарын қарастыру, т.б. К. ғылымының жетістіктері нәтижесінде курорттық факторлардың (климаттық, минералды сулардың, емдік балшықтың, т.б.) адам организміне әсерінің механизмдері анықталды. Бұлар адам денсаулығына рефлекстік жолмен, яғни жүйке жүйесі арқылы гуморальдық, гормондық өзгерістерге дәнекерлік жасайды; тікелей зат алмасуға әсер етіп, организмнің ауруға қарсы тұру қабілеттілігін арттырады; организмде пайда болған зиянды микрофлораны жойып, улы заттарды аластататын факторлардың пайда болуының нәтижесінде емдік шараларды қолдану тәртібін іске асырады. Сондықтан К. ғылымының негізгі мақсаты – курорттық факторлардың қандай аурулардың қандай түріне және олардың қай кезеңінде пайдалы екенін анықтау болып есептеледі. Қазақстанда К. саласындағы зерттеулер КСРО ҒА Қазақ бөлімшесінің Эксперименттік және клиник. ин-тында (қазіргі Хирургия ғыл. орт.) К. бөлімі ұйымдастырылғаннан (1945) кейін басталды. Бұл бөлім 1950–84 ж. Қазақстан Денсаулық сақтау мин-лігінің Өлкелік патология ғыл.-зерт. ин-тының (қазіргі Гигиена және эпидемиология ғыл.-зерт. орт.), ал 1984 жылдан Кардиология ғыл.-зерт. ин-ты (қазіргі Кардиология және ішкі аурулар ғыл.-зерт. ин-ты) құрамында.

Бөлісу: