Ағашат - қайтыс болған кісіні (мәйітті) бейіт басына дейін көтеріп апаруға арналған зембілге ұксас ағаштан жасалған ғұрыптық құрылғы. Ол ұзындығы екі кезге таяу ұзын екі сырықты арасынан қосып, оған төрт немесе алты аяқ орнатып жасалады. Екі ұзын сырықтың ортасын ағаш тақтайшалар шегеленеді. Ағашат үстіне мәйітті жаназа шығарған кезде әкеліп қояды. Сырықтың екі басындағы төрт ұшы көтеруге лайықталып, жұмырлап жонылады. Сирағының биіктігі адам тізесінен жоғары келетіндей болады. Дүниеден озғаннан соң марқұм о дүниеге ат мініп барса жұмаққа тез жетеді деген түсінікпен байланысты (қазақта марқұмның науқанына арнап о дүниеде жаяу жүрмесін деген сеніммен ертеде міндетті түрде жылқы соятын ғұрыпты еске алуға болады. Құрылғының атауы атқа теңеуге байланысты қалыптасқанға ұқсайды. Ол туралы Ағаш атқа ағаш аттың басына мінгізді, ағаш аттың басына іліп әкетті деген тұрақты тіркес «қайтыс болды, бақилыққа аттанды» деген мағынада қолданылған.
XVIII-XIX ғасырлар поэзиясында кездесетін:
Бұл Құданың құдіреті ағаш атқа мінгізді,
Кемеде жүрген жалғызға жеңсіз көгілек кигізді,
- деген жолдар осы мағынаны білдіреді.Ағаш атқа мінгізу тіркесі «біреуді ыңғайсыз жағдайда қалдырды, біреуді өсек-аяңға іліктірді» дегенді білдіреді.
Ағашат кейінгі кезде ел арасында табыт деп аталады. Табыттың Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде кең таралған бұл түрі этномәдени байланыс барысында басқа жұрттардан ауысқан сияқты. Мәйітті молаға жеткізуге арналған
Ағашаттың ерекше бір түрі бесік деп те аталады. Мұндай мәйіт бесігі ағашатқа ұқсас, сәл биіктеу және өзіндік құрылымдық бөлігімен ерекшеленеді. Ол ағашаттың үстінен жабылатын доғаланып иіліп келген беттақтайы бар. Ағашат бесік тәрізді ғұрыптық бұйымдар өлікті жөнелту науқаны атқарылғаннан кейін зират басында арнайы тұрғызылған лапас бастырмада қалдырылады. Кейбір жерлерде мешітте арнайы орындарда сақталады. Дүниеден озғаннан соң марқұм о дүниеге ат мініп барса жұмаққа тез жетеді деген түсінікпен байланысты (қазақта марқұмның науқанына арнап о дүниеде жаяу жүрмесін деген сеніммен ертеде міндетті түрде жылқы соятын ғұрыпты еске алуға болады. Құрылғының атауы атқа теңеуге байланысты қалыптасқанға ұқсайды. Ол туралы Ағаш атқа ағаш аттың басына мінгізді, ағаш аттың басына іліп әкетті деген тұракты тіркес «қайтыс болды, бақилыққа аттанды» деген мағынада қолданылған. XVIII-XIX ғғ. поэзиясында кездесетін.