Кәсіподақ

5 Желтоқсан 2012, 04:17

КӘСІПОДАҚ, кәсіби одақтар – өндірістегі және өндірістен тыс салалардағы қызметкерлерді біріктіретін, өз мүшелерінің әлеум.-экон. құқтары мен мүдделерін қорғау үшін құрылатын ерікті ұйымдар; қызметінің сипаты мен кәсіби мүдделерінің ортақтығына қарай ұйымдасқан азаматтардың бұқаралық ерікті қоғамдық бірлестіктері. К. ұйымдары азаматтардың еңбек қатынастарында, жұмыспен қамтылуға, жұмысқа қабылдауға және жұмыстан босатуға, жұмыс уақыты мен демалыстың ұзақтығы мен режиміне, жалақының мөлшеріне, т.б. байланысты туындаған мәселелерін шешуде елеулі рөл атқарады. К-тар Бат. Еуропа мен АҚШ-та өзара көмек қоғамдары ретінде 18 ғ-дың аяғында пайда болды. Францияда жұмысшы қоғамдары, АҚШ-та жұмысшы қауымдастықтары құрыла бастады. Германия мен Еуропаның басқа да елдерінде 19 ғ-дың 30 – 40-жылдары құрылған жұмысшы қауымдастықтары жұмыскерлердің еңбек ету жағдайларын, жалақысы, тұрмысы, мәдениеті, демалысы, т.б. мұқтаждары салаларындағы мүдделерін қорғауды көздеді, олар нақты істерімен өздерінің дербес саяси күш екендігін көрсетті. Дамыған елдерде К-тар 19 ғ-да заңдастырылды. 1905 ж. К-тардың одақаралық органдары – Орталық бюролар құрылды. Аса ірі халықар. К. орталықтары: Кәсіподақтардың дүниежүзілік федерациясы, Ерікті кәсіподақтардың халықар. конфедерациясы және Дүниежүз. еңбек конфедерациясы.  Ресейде К-тар 1905 – 07 жылғы төңкеріс кезінде қалыптаса бастады. Қазақстанда да К-тар осы кезеңде құрыла бастады. Қазақстан арқылы өтетін Орынбор – Ташкент т. ж-ның, Қарағанды, Орал кеніштері мен кәсіпорындары жұмысшыларының әкімш. алдына экон. талаптар қою үшін ұйымдасуы К-тардың алғашқы үлгілері еді. Қазан төңкерісінен кейін К-тардың рөлі түбегейлі түрде өзгерді. Олар жартылай жария ұйымдардан жұмыскерлердің ірі бірлестіктеріне айналды. К-тардың міндеттері мен қызметтеріне жаңа сапалық сипат берілді. КСРО К-тарының мақсаттары, ұйымдық құрылымы, күллі практикалық жұмысы “пролетариат диктатурасының орнауы” жағдайына бейімделіп белгіленді, оларға “коммунизм мектебі” болу, билік жүргізуші саяси ұйымға көмектесу міндеті жүктелді. К-тар қозғалысы бұқаралық сипатқа ие болды. 1921 ж. 25 – 28 қаңтарда Орынборда К-тардың Қазақ өлкелік 1-кеңесі болып өтті. Осы кеңесте Кәсіподақтардың бүкілодақтың орт. кеңесінің (ВЦСПС-тің) Қазақ бюросы құрылды. Бюроның ұйымдастыру, экон. және нормалау бөлімдері болды. 1921 ж. 17 – 22 қазанда Орынборда Қазақстан К-тарының 1-конференциясы өтті. Оның жұмысына 47 делегат қатысты. К-тар кеңестік қоғам тарихындағы барлық кезеңдерде сан-салалы жұмыс жүргізіп, Кеңестік жүйедегі алға қойылған нақты міндеттерді шешуге белсене ат салысты. 1957 ж. қаңтарда КСРО Жоғ. Кеңесі Төралқасы “Еңбек дауларын қарау тәртібі туралы ережені” бекітті. Бұл ереже бойынша, фабрика-зауыт жергілікті к-ттеріне (ФЗМК), бір жағынан, жұмысшылар мен қызметшілер, екінші жағынан, өндіріс әкімшіліктері арасындағы еңбек дауларын тікелей қарау құқығы берілді. 20 ғ-дың 60-жылдары мемл. әлеум. сақтандыру және еңбек заңдарының сақталуын, еңбек қорғау мен қауіпсіздік техникасын мемл. қадағалау К-тарға жүктелді. Еңбек пен жалақы мәселелері жөніндегі мемл. шешімдер К-тардың қатысуымен қабылданды. Олар ВЦСПС пен кәсіподақтардың респ. кеңестері арқылы заң шығару бастамашылығы құқын пайдаланды. Мыс., зейнетақы, жұмыс күнін қысқарту туралы заңдар, еңбек дауларын қарау тәртібі туралы ережелер, жалақысы аз жұмысшылар мен қызметшілерге жалақыны көбейту туралы, жұмысшылар мен қызметшілердің ұжымдық бау-бақша шаруашылығы туралы қаулылар К-тардың бастамашылығымен немесе белсене қатысуымен қабылданды. Әкімшілік К-тардың фабрикалық, зауыттық, жергілікті к-тінің келісімінсіз, өз бастамасымен жұмысшылар мен қызметшілерді жұмыстан шығара алмайтын, тұрғын үйлерді бөлу, т.б. туралы шешім қабылдай алмайтын болды. К-тар әкімшіліктің еңбек туралы заңдарды және еңбек қорғау жөніндегі нормаларды жүзеге асыруына бақылау жүргізді; олардың техникалық және құқықтық инспекциялары қызметін атқарды. Жұмысшылардың, қызметшілердің, ұжымшар еңбекшілерінің әлеум. сақтандырылуын басқару қызметі К-тарға жүктелді, шаруашылық есептегі санаторийлер мен демалыс үйлерінің бәрі солардың қарауына берілді. Кеңестік дәуірде бастауыш К. ұйымдары К-тардың негізі болатын. Олар өндірістік принцип бойынша құрылды. Олардың әрқайсысы бір кәсіпорында, кеңшарда, ұжымшарда, мекемеде жұмыс істейтін немесе бір оқу орнында оқитын К. мүшелерінен тұрды. Әрбір К. халық ш-ның бір немесе бірнеше саласының жұмысшылары мен қызметшілерін біріктірді. Әрбір салалық К-тың өзінің съезінде сайланатын жеке Орталық к-ті болды. Салалық К-тардың көбісінде өздерінің респ., өлкелік, обл., қалалық және ауд. к-ттері болды. Республикаларда, өлкелерде, облыстарда одақаралық органдар – К. кеңестері жұмыс істеді. К-тардың съездері олардың жоғары органы болып есептелді. КСРО-ның барлық К-тарының жұмысына ВЦСПС басшылық етті, ол КСРО К-тарының съезінде сайланды және соған есеп берді. КСРО К-тары Дүниежүз. кәсіподақтар федерациясының қызметіне қатысты, 128 елдің К. орталықтарымен байланыс жасап тұрды. КСРО ыдырап, егеменді ТМД елдерінің нарықтық экономикаға көшуі жағдайында К-тар тоталитарлық жүйенің құрамдас бөлігі болған ұйымдардан дербес қоғамдық құрылымдарға айналды. Жаңа К-тар, көбінесе, кәсіптік белгісіне қарай құрылуда (мыс., Кеншілердің тәуелсіз кәсіподағы, Әуе диспетчерлерінің тәуелсіз кәсіподағы). Егеменді Қазақстан Республикасында К-тардың құқықтық жағдайы Конституциямен, Еңбек туралы заңдар кодексімен, халықтың жұмыспен қамтылуы туралы, халықтың зейнетақымен қамсыздандырылуы туралы заңдармен, басқа да заңдармен (мыс., ұжымдық шарттар туралы) айқындалады. К-тар өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасы және халықар. актілер мен келісімдерде бекітілген өзге де заң нормалары шеңберінде, өздері қабылдаған жарғыларға сәйкес, мемл. органдар мен саяси, қоғамдық ұйымдардан тәуелсіз жағдайда жүзеге асырады. Олармен өзара қарым-қатынастарын әріптестік пен құрметтеушілік, сұхбаттастық пен ынтымақтастық негізінде құрады. К-тардың құқықтарын шектейтін немесе олардың заңда көзделген құқықтарын жүзеге асыруына кедергі жасайтын қандай да болсын араласушылыққа тыйым салынады. К. өз мүшелерінің мемл. және шаруашылық құрылымдармен, қоғамдық бірлестіктермен, кәсіпкерлермен қарым-қатынасындағы құқықтары мен мүдделерін білдіріп, қажет болған жағдайда бұларды қорғауға жәрдемдеседі. Ұжымдық шарттар мен тиісті деңгейдегі тарифтік келісімдер жасасады; олардың арасындағы жекелей және ұжымдық еңбек дауларын шешуге көмектеседі. К. пен жұмыс беруші арасындағы даулар бойынша түпкілікті шешімдерді сот шығарады. Қазақстанда К-тар, негізінен, федерацияға біріккен; қ. Қазақстан кәсіподақтарының федерациясы. С. Тоқсанбай  

КӘСІПОДАҚ, кәсіби одақтар – өндірістегі және өндірістен тыс салалардағы қызметкерлерді біріктіретін, өз мүшелерінің әлеум.-экон. құқтары мен мүдделерін қорғау үшін құрылатын ерікті ұйымдар; қызметінің сипаты мен кәсіби мүдделерінің ортақтығына қарай ұйымдасқан азаматтардың бұқаралық ерікті қоғамдық бірлестіктері. К. ұйымдары азаматтардың еңбек қатынастарында, жұмыспен қамтылуға, жұмысқа қабылдауға және жұмыстан босатуға, жұмыс уақыты мен демалыстың ұзақтығы мен режиміне, жалақының мөлшеріне, т.б. байланысты туындаған мәселелерін шешуде елеулі рөл атқарады. К-тар Бат. Еуропа мен АҚШ-та өзара көмек қоғамдары ретінде 18 ғ-дың аяғында пайда болды. Францияда жұмысшы қоғамдары, АҚШ-та жұмысшы қауымдастықтары құрыла бастады. Германия мен Еуропаның басқа да елдерінде 19 ғ-дың 30 – 40-жылдары құрылған жұмысшы қауымдастықтары жұмыскерлердің еңбек ету жағдайларын, жалақысы, тұрмысы, мәдениеті, демалысы, т.б. мұқтаждары салаларындағы мүдделерін қорғауды көздеді, олар нақты істерімен өздерінің дербес саяси күш екендігін көрсетті. Дамыған елдерде К-тар 19 ғ-да заңдастырылды. 1905 ж. К-тардың одақаралық органдары – Орталық бюролар құрылды. Аса ірі халықар. К. орталықтары: Кәсіподақтардың дүниежүзілік федерациясы, Ерікті кәсіподақтардың халықар. конфедерациясы және Дүниежүз. еңбек конфедерациясы. 

Ресейде К-тар 1905 – 07 жылғы төңкеріс кезінде қалыптаса бастады. Қазақстанда да К-тар осы кезеңде құрыла бастады. Қазақстан арқылы өтетін Орынбор – Ташкент т. ж-ның, Қарағанды, Орал кеніштері мен кәсіпорындары жұмысшыларының әкімш. алдына экон. талаптар қою үшін ұйымдасуы К-тардың алғашқы үлгілері еді. Қазан төңкерісінен кейін К-тардың рөлі түбегейлі түрде өзгерді. Олар жартылай жария ұйымдардан жұмыскерлердің ірі бірлестіктеріне айналды. К-тардың міндеттері мен қызметтеріне жаңа сапалық сипат берілді. КСРО К-тарының мақсаттары, ұйымдық құрылымы, күллі практикалық жұмысы “пролетариат диктатурасының орнауы” жағдайына бейімделіп белгіленді, оларға “коммунизм мектебі” болу, билік жүргізуші саяси ұйымға көмектесу міндеті жүктелді. К-тар қозғалысы бұқаралық сипатқа ие болды. 1921 ж. 25 – 28 қаңтарда Орынборда К-тардың Қазақ өлкелік 1-кеңесі болып өтті. Осы кеңесте Кәсіподақтардың бүкілодақтың орт. кеңесінің (ВЦСПС-тің) Қазақ бюросы құрылды. Бюроның ұйымдастыру, экон. және нормалау бөлімдері болды. 1921 ж. 17 – 22 қазанда Орынборда Қазақстан К-тарының 1-конференциясы өтті. Оның жұмысына 47 делегат қатысты. К-тар кеңестік қоғам тарихындағы барлық кезеңдерде сан-салалы жұмыс жүргізіп, Кеңестік жүйедегі алға қойылған нақты міндеттерді шешуге белсене ат салысты. 1957 ж. қаңтарда КСРО Жоғ. Кеңесі Төралқасы “Еңбек дауларын қарау тәртібі туралы ережені” бекітті. Бұл ереже бойынша, фабрика-зауыт жергілікті к-ттеріне (ФЗМК), бір жағынан, жұмысшылар мен қызметшілер, екінші жағынан, өндіріс әкімшіліктері арасындағы еңбек дауларын тікелей қарау құқығы берілді. 20 ғ-дың 60-жылдары мемл. әлеум. сақтандыру және еңбек заңдарының сақталуын, еңбек қорғау мен қауіпсіздік техникасын мемл. қадағалау К-тарға жүктелді. Еңбек пен жалақы мәселелері жөніндегі мемл. шешімдер К-тардың қатысуымен қабылданды. Олар ВЦСПС пен кәсіподақтардың респ. кеңестері арқылы заң шығару бастамашылығы құқын пайдаланды. Мыс., зейнетақы, жұмыс күнін қысқарту туралы заңдар, еңбек дауларын қарау тәртібі туралы ережелер, жалақысы аз жұмысшылар мен қызметшілерге жалақыны көбейту туралы, жұмысшылар мен қызметшілердің ұжымдық бау-бақша шаруашылығы туралы қаулылар К-тардың бастамашылығымен немесе белсене қатысуымен қабылданды. Әкімшілік К-тардың фабрикалық, зауыттық, жергілікті к-тінің келісімінсіз, өз бастамасымен жұмысшылар мен қызметшілерді жұмыстан шығара алмайтын, тұрғын үйлерді бөлу, т.б. туралы шешім қабылдай алмайтын болды. К-тар әкімшіліктің еңбек туралы заңдарды және еңбек қорғау жөніндегі нормаларды жүзеге асыруына бақылау жүргізді; олардың техникалық және құқықтық инспекциялары қызметін атқарды. Жұмысшылардың, қызметшілердің, ұжымшар еңбекшілерінің әлеум. сақтандырылуын басқару қызметі К-тарға жүктелді, шаруашылық есептегі санаторийлер мен демалыс үйлерінің бәрі солардың қарауына берілді. Кеңестік дәуірде бастауыш К. ұйымдары К-тардың негізі болатын. Олар өндірістік принцип бойынша құрылды. Олардың әрқайсысы бір кәсіпорында, кеңшарда, ұжымшарда, мекемеде жұмыс істейтін немесе бір оқу орнында оқитын К. мүшелерінен тұрды. Әрбір К. халық ш-ның бір немесе бірнеше саласының жұмысшылары мен қызметшілерін біріктірді. Әрбір салалық К-тың өзінің съезінде сайланатын жеке Орталық к-ті болды. Салалық К-тардың көбісінде өздерінің респ., өлкелік, обл., қалалық және ауд. к-ттері болды. Республикаларда, өлкелерде, облыстарда одақаралық органдар – К. кеңестері жұмыс істеді. К-тардың съездері олардың жоғары органы болып есептелді. КСРО-ның барлық К-тарының жұмысына ВЦСПС басшылық етті, ол КСРО К-тарының съезінде сайланды және соған есеп берді. КСРО К-тары Дүниежүз. кәсіподақтар федерациясының қызметіне қатысты, 128 елдің К. орталықтарымен байланыс жасап тұрды. КСРО ыдырап, егеменді ТМД елдерінің нарықтық экономикаға көшуі жағдайында К-тар тоталитарлық жүйенің құрамдас бөлігі болған ұйымдардан дербес қоғамдық құрылымдарға айналды. Жаңа К-тар, көбінесе, кәсіптік белгісіне қарай құрылуда (мыс., Кеншілердің тәуелсіз кәсіподағы, Әуе диспетчерлерінің тәуелсіз кәсіподағы).
Егеменді Қазақстан Республикасында К-тардың құқықтық жағдайы Конституциямен, Еңбек туралы заңдар кодексімен, халықтың жұмыспен қамтылуы туралы, халықтың зейнетақымен қамсыздандырылуы туралы заңдармен, басқа да заңдармен (мыс., ұжымдық шарттар туралы) айқындалады. К-тар өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасы және халықар. актілер мен келісімдерде бекітілген өзге де заң нормалары шеңберінде, өздері қабылдаған жарғыларға сәйкес, мемл. органдар мен саяси, қоғамдық ұйымдардан тәуелсіз жағдайда жүзеге асырады. Олармен өзара қарым-қатынастарын әріптестік пен құрметтеушілік, сұхбаттастық пен ынтымақтастық негізінде құрады. К-тардың құқықтарын шектейтін немесе олардың заңда көзделген құқықтарын жүзеге асыруына кедергі жасайтын қандай да болсын араласушылыққа тыйым салынады. К. өз мүшелерінің мемл. және шаруашылық құрылымдармен, қоғамдық бірлестіктермен, кәсіпкерлермен қарым-қатынасындағы құқықтары мен мүдделерін білдіріп, қажет болған жағдайда бұларды қорғауға жәрдемдеседі. Ұжымдық шарттар мен тиісті деңгейдегі тарифтік келісімдер жасасады; олардың арасындағы жекелей және ұжымдық еңбек дауларын шешуге көмектеседі. К. пен жұмыс беруші арасындағы даулар бойынша түпкілікті шешімдерді сот шығарады. Қазақстанда К-тар, негізінен, федерацияға біріккен; қ. Қазақстан кәсіподақтарының федерациясы.
С. Тоқсанбай
 
Бөлісу: