Агава

5 Желтоқсан 2012, 04:08

  Агава (AGAVA) – агавалар тұқымдасына жатады. Таралған аймақтары Мексика, Орталық және Оңтүстік Америка. 450-ге жуық тікенді және тікенсіз сукуленттер тобы бар. Оның біреулері тақыр жерлерде, теңіз жағалауында өссе, енді біреулері биік тауларда да өседі. Жапырақтары жуан, шырынды, бір-біріне тығыз жанаса, тамыр үсті сабағын айнала орналасқан. Жапырақтарының түстері жасыл, сұр, көкшіл жасыл немесе ала болады. Агаваны ерте заманнан бастап, түрлі мақсатта қолданып келеді. Мысалға, жапырағынан мата жасап, тікенін ине орнына қолданған. Тіпті, оның жұмсақ жапырақтарынан сабын алып, арқан, жіп иірсе, тамырынан жиһазға қажетті заттарды да жасаған. Шырынынан эфир, спирт майын, сонымен қатар атақты текиланы да алады. Бірақ, мұндай өнімдерді Қазақстанда ала алмайсың, бізде ол тек әдемілік үшін өсіріледі. Агава жүз жылда бір рет гүлдейді деген ұғым дұрыс емес. Отанында 13-15-ші жылынан бастап гүлдей береді, гүлсидамы 10 метрге дейін жетеді. Гүлдеп болғаннан кейін жапырақтары біртіндеп өмір сүруін тоқтата бастайды. Бірақ, өмір сүруін тоқтатқанға дейін көптеген жанама өскіндерін шығарып кетеді. Бөлме гүлі ретінде өсіргендіктен, үй жағдайында гүлдемейді және біз ергежейлі түрлерін өсіреміз. Американдық агаваны бізде көктемнен күзге дейін, гүлзарларда өсіреді. Қыста жылыжайларға апарып қояды. Бойы 1-1,5 метрге дейін жетеді. Жарығы: барлық суккуленттер сияқты жарықты, тіке түскен күн сәулесін қажет етеді. Жылуы: қыс кезінде 10-12ºC салқын жерде ұстаған дұрыс. Ол температураның 4ºC-қа дейін төмендеуіне төзе алады. Қалған уақытта температураны талғамайды. Суғарылуы: агаваны топырағы құрғаған кезде ғана суғару керек. Қыста салқын жерде өсірсеңіз, оны айына бір рет суғарған дұрыс. Түбегіне қалың суағар жасауды ұмытпаған жөн. Топырағының құрамына шайылған өзен құмын салу керек. Ылғалдылығы: құрғақ ауаға төзімді. Су бүркуді қажет етпейді. Дегенмен де тазарту мақсатында су бүркіп жапырақтарын жуып немесе дымқыл матамен сүртіп тұру қажет. Қоректендірілуі: көктем мен жаз аралығында екі аптада бір рет кірпігүлдерге немесе суккуленттерге арналған тыңайтқышпен қоректендіреді. Аурулары: жарық жетіспеуінен жапырақтары жіңішкеріп, созылып бір-бірінен алшақтап, әдемі пішінін жоғалтады. Артық суғарғаннан тамыры мен сабақтары шірік ауруына шалдығады. Көбейтілуі: агаваларды тұқым және жанама өскіндері арқылы көбейтеді. Тұқымдарын ақпан, наурыз айларында жәшіктерге топырақ салып, 1 см тереңдікте себу керек. Себілгеннен кейін тамырлануы үшін 20-25ºC температурада ұстау қажет. Жанама өскіндерін бөліп алып, жеке отырғызып көбейтеді. Өскен агаваны 2-3 жылда бір рет, ал жас өсімдіктерін жыл сайын топырағын ауыстырып қайта отырғызу керек.  

 

Агава (AGAVA) – агавалар тұқымдасына жатады. Таралған аймақтары Мексика, Орталық және Оңтүстік Америка. 450-ге жуық тікенді және тікенсіз сукуленттер тобы бар. Оның біреулері тақыр жерлерде, теңіз жағалауында өссе, енді біреулері биік тауларда да өседі. Жапырақтары жуан, шырынды, бір-біріне тығыз жанаса, тамыр үсті сабағын айнала орналасқан. Жапырақтарының түстері жасыл, сұр, көкшіл жасыл немесе ала болады. Агаваны ерте заманнан бастап, түрлі мақсатта қолданып келеді. Мысалға, жапырағынан мата жасап, тікенін ине орнына қолданған. Тіпті, оның жұмсақ жапырақтарынан сабын алып, арқан, жіп иірсе, тамырынан жиһазға қажетті заттарды да жасаған. Шырынынан эфир, спирт майын, сонымен қатар атақты текиланы да алады. Бірақ, мұндай өнімдерді Қазақстанда ала алмайсың, бізде ол тек әдемілік үшін өсіріледі. Агава жүз жылда бір рет гүлдейді деген ұғым дұрыс емес. Отанында 13-15-ші жылынан бастап гүлдей береді, гүлсидамы 10 метрге дейін жетеді. Гүлдеп болғаннан кейін жапырақтары біртіндеп өмір сүруін тоқтата бастайды. Бірақ, өмір сүруін тоқтатқанға дейін көптеген жанама өскіндерін шығарып кетеді. Бөлме гүлі ретінде өсіргендіктен, үй жағдайында гүлдемейді және біз ергежейлі түрлерін өсіреміз. Американдық агаваны бізде көктемнен күзге дейін, гүлзарларда өсіреді. Қыста жылыжайларға апарып қояды. Бойы 1-1,5 метрге дейін жетеді.
Жарығы:
барлық суккуленттер сияқты жарықты, тіке түскен күн сәулесін қажет етеді.
Жылуы:
қыс кезінде 10-12ºC салқын жерде ұстаған дұрыс. Ол температураның 4ºC-қа дейін төмендеуіне төзе алады. Қалған уақытта температураны талғамайды.
Суғарылуы:
агаваны топырағы құрғаған кезде ғана суғару керек. Қыста салқын жерде өсірсеңіз, оны айына бір рет суғарған дұрыс. Түбегіне қалың суағар жасауды ұмытпаған жөн. Топырағының құрамына шайылған өзен құмын салу керек.
Ылғалдылығы:
құрғақ ауаға төзімді. Су бүркуді қажет етпейді. Дегенмен де тазарту мақсатында су бүркіп жапырақтарын жуып немесе дымқыл матамен сүртіп тұру қажет.
Қоректендірілуі:
көктем мен жаз аралығында екі аптада бір рет кірпігүлдерге немесе суккуленттерге арналған тыңайтқышпен қоректендіреді.
Аурулары:
жарық жетіспеуінен жапырақтары жіңішкеріп, созылып бір-бірінен алшақтап, әдемі пішінін жоғалтады. Артық суғарғаннан тамыры мен сабақтары шірік ауруына шалдығады.
Көбейтілуі:
агаваларды тұқым және жанама өскіндері арқылы көбейтеді. Тұқымдарын ақпан, наурыз айларында жәшіктерге топырақ салып, 1 см тереңдікте себу керек. Себілгеннен кейін тамырлануы үшін 20-25ºC температурада ұстау қажет. Жанама өскіндерін бөліп алып, жеке отырғызып көбейтеді. Өскен агаваны 2-3 жылда бір рет, ал жас өсімдіктерін жыл сайын топырағын ауыстырып қайта отырғызу керек.
 
Бөлісу: