Ерлік еткен коллектив

5 Желтоқсан 2012, 03:58

Ерлік еткен коллектив   Қазақ пьесасын орыс актерлерінің орыс театрында ойнауы — ірі жаңалық, сүйсінерлік уақиға.   Бұл жалғыз Қазақстан емес, басқа бірқатар республикаларда да әлі басталмаған тәжірибе еді.   Алматыдағы орыс драма театрының басшысы жолдас Рутковский мен барлық актер коллективі бұл істің қаншалық соны жұмыс, қаншалық жауапты іс екенін ұғынып кіріскен еді.   Өздері шала білетін өмірдің, тарихтың жұмбақ түйіндерін жанды образдар арқылы бұлжытпай ойнап беру оңай іс емес болатын. Батылдық пен ізденгіштікті барынша мол жұмсайтын жер еді. Мынау коллектив бұл жөнде көп еңбек, ауыр еңбек етіп кеп, ақырында көрнекті іс істеп шықты.   Еткен ерліктері жемісті нәтижемен ақталғандай болды. Кешегі бірінші ойынды көрген орыс, қазақ артелі бұл коллективтің еңбегіне ырза болып, сүйсіне қарсы алды.   Қазақ мәдениеті, қазақ әдебиетінің кеңірек өріске шығып, көпке мәлім болуы жөнінде мынандай іс үлкен бір өнімді жол екенін көрдік. Бұл сияқты алғашқы тәжірибе енді айдан ай, жылдан жыл өткен сайын молайып өрістей беруге лайық.   Біздің Қазақстан жұртшылығы, әсіресе, оның ішінде Алматы жұртшылығы мұндай тәжірибеге өзінің лайықты бағасын беруге тиіс.   Алматыдағы оқушы жастарымыз болсын, партия мен совет жұртшылығының қайраткерлері болсын, әсіресе, жұмысшы жұртшылығы болсын, барлығы да мына коллективтен еңбегімен танысуы қажет.   Орыс драма театры бұл спектакльді қоярда "құр ғана қазақ өмірінің, қазақ адамының фотографиясын беріп қоймаймыз. Бір жағынан қазаққа ұқсап (киім, грим, қозғалыс, отырыс-тұрыс жағынан), жақындап ойнасақ, екінші жағынан сол образдарды сезім мен сана жағынан көрікті образ ете, көтере ойнаймыз" дескен еді.   Мынау қалпына қарағанда, әсіресе, осы жағын тереңдетіп көрсеткен сияқты. Орыс сахнасында көп сезім (эмоциялар) мағыналанып, дәлденіп, қатты әсерлі боп көріне алды. Екіншіден, қазақты қазақ етіп, барынша ұқсатып, иландыра ойнады.   Декорация, музыка, киімдер де бір-біріне үйлесіп, спектакльді Рутковский жолдастың үлкен творчестволық оймен әдемі меңгергендігін көрсетті.   Актерлер ішінде басты рольдің адамының барлығы да жаман ойнаған жоқ. Әсіресе, әсерлі ойын: Қыдыш (Падзолкин), Жантас (Михайлов), мұғалім (Иртенеев), Жүзтайлақ (Кручинина), Нұрқан, Жүніс, Тәнеке, Маржан рөліндегі артистердің ойындары болды. Кішілеу рольде Ана мен Жұмажан аса жақсы шықты.   Қыскасы, бұл тәжірибеден қуантарлық әсер алдық. Біздің жазушылардың өте зор көңіл бөлетін бір міндеті мына сахнаның да қамын ойлау деп білдім.   Тарихтың тыңын айырып отырған ұлы дәуір шексіз кең, сансыз мол өзгерістер кіргізді. Бүгінгі күн сол жайқын жаңалықтар ішінде әсіресе басымдап, асқындап үн салып тұрған ұлы ұран — "Отан" деген ұран.   Сана-сезімдегі ғасырлар ауыртпалығын қабыршақтай жыртып айығып, жарық дүниеге шыққан еңбек елі, әсіресе "социалистік Отаным" деген ұранын жарқын жүзбен, жалынды жүрекпен айтады.   Осы халмен салыстыра қарасақ, кеше ғана қара күндер айықпай тұрған шақта барлық еңбекші елдің, барлық "бұратана" елдің сана-сезімінде "Отан" деген ұғымның өзі бар ма еді?   Көзімізбен көріп ек — жоқ еді. Панасыз ел, өгей-жетім ел отандық сана дегеннің не екенін білген де, сезген де емес еді. Сондықтан, "кімсің?" десе "Берішпін", "Атығаймын", "Дулатпын" деп ата тегін санаудан әрі аспаушы еді. Одан арғы дүние "нендей дүние?", "кім дүниесі?" екенін білместен, бүгіліп, буылып өскен бір ел бар еді. "Кімсің?" десе "ходжентлікпін", "бұқаралықпын" деп, елінің одан арғы атын — мазақ атын атай алмай өскен ел тағы бар еді.   Патшалық Ресейінде "морава", "жойқын", "қырғыз", "сарт" демектің барлығы да сол елдің тең аты емес, қорлау, мазақтау, ұрсудың сөздері еді.   Осы күнде "Советтер союзы" немесе "Өзбекстан", "Қазақстан", "Татарстан", "Қырғызстан" деген аттарды айтуда еңбекші санасында қандай үлкен ерлік пен мақтан, жалын мен наным бар. Бүгін ұлы нұрдай боп, өткен тарих күніндей болып, әлемге даңқы шығып, жарқырай туып Сталин Конституциясы келді. Жалпы союз ішінде сүбелі II одақтың бірі болып социалистік Қазақстан шықты. Енді бұл республика елінің санасында анау "сіргелі едім", "теріс таңбалы едім" дейтін күндер алты қырдың астында қалды!   Еңбектің қалың елі ғасырлар бойында түсіне кірместік бақытын тапты. Ол елдің санасы да асқар асты.   Сондықтан да, Балқаш, Қарағанды, Риддерлердің стахановшылары өздерінің нормасы мен табысын Орал, Донбасс стахановшысымен салыстыра өлшейді. Жалпы Одағының, жалпақ ұлы Отанының масштабы, құлашымен өлшейді.   Колхоз егіндігінің екпіндісі, совхоз саналы бақташысы, шекараның ер сақшысы барлығы да қуанышты, ынталы еңбегім "Отаным үшін" деп істейді. "Ұлы Отанымның күшіне күшім, серпініне серпінім үн қоссын" деп істейді. "Бұл еңбегім - Отанымның беріктігі үшін, амандығы үшін қуана еткен еңбегім" деп істейді.   "Жас Отанымның табысы — менің де табысым, оның тыныштығы менің де тыныштығым" деп істейді.   Сондықтан да я терең забойдан, я шекаралық қарлы жотадан, я егіндік пен жайылыстың далаларынан болсын, барлығынан аспан жара шығып жатқан қаһарман қайрат үндерінің бәрі де бір-ақ ұран үні. Ол ұран — ұлы ұран, "Отан" деген ұран.   Кешегі құлдай қор еткен отардан бүгін күндей жылытып қуантқан Отан тауып отырған Қазақстан еңбекшісі қазірде өз республикасының тағы бір ұлы биікке шыққан күніне жетті.   Бүкіл дүниеге нұрын жайған Ленин жолы Ұлы көсеміміз Сталин жолымен, Сталин Конституциясымен Қазақстанды тарихтың ірі төріне шығарды. Бүгінгі күн жалпы Одақ атты Отанымызды алғыс айта, қуана сүюімізге бұл да бір үлкен кепіл.   Тарихтың тыңын айырып отырған ұлы дәуір шексіз кең, сансыз мол өзгерістер кіргізді. Бүгінгі күн сол жайқын жаңалықтар ішінде әсіресе басымдап, асқындап үн салып тұрған ұлы ұран — "Отан" деген ұран.   Сана-сезімдегі ғасырлар ауыртпалығын қабыршақтай жыртып айығып, жарық дүниеге шыққан еңбек елі, әсіресе "социалистік Отаным" деген ұранын жарқын жүзбен, жалынды жүрекпен айтады.   Осы халмен салыстыра қарасақ, кеше ғана қара күндер айықпай тұрған шақта барлық еңбекші елдің, барлық "бұратана" елдің сана-сезімінде "Отан" деген ұғымның өзі бар ма еді?   Көзімізбен көріп ек — жоқ еді. Панасыз ел, өгей-жетім ел отандық сана дегеннің не екенін білген де, сезген де емес еді. Сондықтан, "кімсің?" десе "Берішпін", "Атығаймын", "Дулатпын" деп ата тегін санаудан өрі аспаушы еді. Одан арғы дүние "нендей дүние?", "кім дүниесі?" екенін білместен, бүгіліп, буылып өскен бір ел бар еді. "Кімсің?" десе "ходжентлікпін", "бұқаралықпын" деп, елінің одан арғы атын — мазақ атын атай алмай ескен ел тағы бар еді.   Патшалық Ресейінде "морава", "жойқын", "қырғыз", "сарт" демектің барлығы да сол елдің тең аты емес, қорлау, мазақтау, ұрсудың сөздері еді.   Осы күнде "Советтер союзы" немесе "Өзбекстан", "Қазақстан", "Татарстан", "Қырғызстан" деген аттарды айтуда еңбекші санасында қандай үлкен ерлік пен мақтан, жалын мен наным бар. Бүгін ұлы нұрдай боп, өткен тарих күніндей болып, әлемге даңқы шығып, жарқырай туып Сталин Конституциясы келді. Жалпы союз ішінде сүбелі II одақтың бірі болып социалистік Қазақстан шықты. Енді бұл республика елінің санасында анау "сіргелі едім", "теріс таңбалы едім" дейтін күндер алты қырдың астында қалды!   Еңбектің қалың елі ғасырлар бойында түсіне кірместік бақытын тапты. Ол елдің санасы да асқар асты.   Сондықтан да, Балқаш, Қарағанды, Риддерлердің стахановшылары өздерінің нормасы мен табысын Орал, Донбасс стахановшысымен салыстыра өлшейді. Жалпы Одағының, жалпақ ұлы Отанының масштабы, құлашымен өлшейді.   Колхоз егіндігінің екпіндісі, совхоз саналы бақташысы, шекараның ер сақшысы барлығы да қуанышты, ынталы еңбегім "Отаным үшін" деп істейді. "Ұлы Отанымның күшіне күшім, серпініне серпінім үн қоссын" деп істейді. "Бұл еңбегім — Отанымның беріктігі үшін, амандығы үшін қуана еткен еңбегім" деп істейді.   "Жас Отанымның табысы — менің де табысым, оның тыныштығы менің де тыныштығым" деп істейді.   Сондықтан да я терең забойдан, я шекаралық қарлы жотадан, я егіндік пен жайылыстың далаларынан болсын, барлығынан аспан жара шығып жатқан қаһарман қайрат үндерінің бәрі де бір-ақ ұран үні. Ол ұран — ұлы ұран, "Отан" деген ұран.   Кешегі құлдай қор еткен отардан бүгін күндей жылытып қуантқан Отан тауып отырған Қазақстан еңбекшісі қазірде өз республикасының тағы бір ұлы биікке шыққан күніне жетті.   Бүкіл дүниеге нұрын жайған Ленин жолы ұлы көсеміміз Сталин жолымен, Сталин Конституциясымен Қазақстанды тарихтың ірі төріне шығарды. Бүгінгі күн жалпы Одақ атты Отанымызды алғыс айта,қуана сүюімізге бұл да бір үлкен кепіл.     Мұхтар Әуезов

Ерлік еткен коллектив

 

Қазақ пьесасын орыс актерлерінің орыс театрында ойнауы — ірі жаңалық, сүйсінерлік уақиға.

 

Бұл жалғыз Қазақстан емес, басқа бірқатар республикаларда да әлі басталмаған тәжірибе еді.

 

Алматыдағы орыс драма театрының басшысы жолдас Рутковский мен барлық актер коллективі бұл істің қаншалық соны жұмыс, қаншалық жауапты іс екенін ұғынып кіріскен еді.

 

Өздері шала білетін өмірдің, тарихтың жұмбақ түйіндерін жанды образдар арқылы бұлжытпай ойнап беру оңай іс емес болатын. Батылдық пен ізденгіштікті барынша мол жұмсайтын жер еді. Мынау коллектив бұл жөнде көп еңбек, ауыр еңбек етіп кеп, ақырында көрнекті іс істеп шықты.

 

Еткен ерліктері жемісті нәтижемен ақталғандай болды. Кешегі бірінші ойынды көрген орыс, қазақ артелі бұл коллективтің еңбегіне ырза болып, сүйсіне қарсы алды.

 

Қазақ мәдениеті, қазақ әдебиетінің кеңірек өріске шығып, көпке мәлім болуы жөнінде мынандай іс үлкен бір өнімді жол екенін көрдік. Бұл сияқты алғашқы тәжірибе енді айдан ай, жылдан жыл өткен сайын молайып өрістей беруге лайық.

 

Біздің Қазақстан жұртшылығы, әсіресе, оның ішінде Алматы жұртшылығы мұндай тәжірибеге өзінің лайықты бағасын беруге тиіс.

 

Алматыдағы оқушы жастарымыз болсын, партия мен совет жұртшылығының қайраткерлері болсын, әсіресе, жұмысшы жұртшылығы болсын, барлығы да мына коллективтен еңбегімен танысуы қажет.

 

Орыс драма театры бұл спектакльді қоярда "құр ғана қазақ өмірінің, қазақ адамының фотографиясын беріп қоймаймыз. Бір жағынан қазаққа ұқсап (киім, грим, қозғалыс, отырыс-тұрыс жағынан), жақындап ойнасақ, екінші жағынан сол образдарды сезім мен сана жағынан көрікті образ ете, көтере ойнаймыз" дескен еді.

 

Мынау қалпына қарағанда, әсіресе, осы жағын тереңдетіп көрсеткен сияқты. Орыс сахнасында көп сезім (эмоциялар) мағыналанып, дәлденіп, қатты әсерлі боп көріне алды. Екіншіден, қазақты қазақ етіп, барынша ұқсатып, иландыра ойнады.

 

Декорация, музыка, киімдер де бір-біріне үйлесіп, спектакльді Рутковский жолдастың үлкен творчестволық оймен әдемі меңгергендігін көрсетті.

 

Актерлер ішінде басты рольдің адамының барлығы да жаман ойнаған жоқ. Әсіресе, әсерлі ойын: Қыдыш (Падзолкин), Жантас (Михайлов), мұғалім (Иртенеев), Жүзтайлақ (Кручинина), Нұрқан, Жүніс, Тәнеке, Маржан рөліндегі артистердің ойындары болды. Кішілеу рольде Ана мен Жұмажан аса жақсы шықты.

 

Қыскасы, бұл тәжірибеден қуантарлық әсер алдық. Біздің жазушылардың өте зор көңіл бөлетін бір міндеті мына сахнаның да қамын ойлау деп білдім.

 

Тарихтың тыңын айырып отырған ұлы дәуір шексіз кең, сансыз мол өзгерістер кіргізді. Бүгінгі күн сол жайқын жаңалықтар ішінде әсіресе басымдап, асқындап үн салып тұрған ұлы ұран — "Отан" деген ұран.

 

Сана-сезімдегі ғасырлар ауыртпалығын қабыршақтай жыртып айығып, жарық дүниеге шыққан еңбек елі, әсіресе "социалистік Отаным" деген ұранын жарқын жүзбен, жалынды жүрекпен айтады.

 

Осы халмен салыстыра қарасақ, кеше ғана қара күндер айықпай тұрған шақта барлық еңбекші елдің, барлық "бұратана" елдің сана-сезімінде "Отан" деген ұғымның өзі бар ма еді?

 

Көзімізбен көріп ек — жоқ еді. Панасыз ел, өгей-жетім ел отандық сана дегеннің не екенін білген де, сезген де емес еді. Сондықтан, "кімсің?" десе "Берішпін", "Атығаймын", "Дулатпын" деп ата тегін санаудан әрі аспаушы еді. Одан арғы дүние "нендей дүние?", "кім дүниесі?" екенін білместен, бүгіліп, буылып өскен бір ел бар еді. "Кімсің?" десе "ходжентлікпін", "бұқаралықпын" деп, елінің одан арғы атын — мазақ атын атай алмай өскен ел тағы бар еді.

 

Патшалық Ресейінде "морава", "жойқын", "қырғыз", "сарт" демектің барлығы да сол елдің тең аты емес, қорлау, мазақтау, ұрсудың сөздері еді.

 

Осы күнде "Советтер союзы" немесе "Өзбекстан", "Қазақстан", "Татарстан", "Қырғызстан" деген аттарды айтуда еңбекші санасында қандай үлкен ерлік пен мақтан, жалын мен наным бар. Бүгін ұлы нұрдай боп, өткен тарих күніндей болып, әлемге даңқы шығып, жарқырай туып Сталин Конституциясы келді. Жалпы союз ішінде сүбелі II одақтың бірі болып социалистік Қазақстан шықты. Енді бұл республика елінің санасында анау "сіргелі едім", "теріс таңбалы едім" дейтін күндер алты қырдың астында қалды!

 

Еңбектің қалың елі ғасырлар бойында түсіне кірместік бақытын тапты. Ол елдің санасы да асқар асты.

 

Сондықтан да, Балқаш, Қарағанды, Риддерлердің стахановшылары өздерінің нормасы мен табысын Орал, Донбасс стахановшысымен салыстыра өлшейді. Жалпы Одағының, жалпақ ұлы Отанының масштабы, құлашымен өлшейді.

 

Колхоз егіндігінің екпіндісі, совхоз саналы бақташысы, шекараның ер сақшысы барлығы да қуанышты, ынталы еңбегім "Отаным үшін" деп істейді. "Ұлы Отанымның күшіне күшім, серпініне серпінім үн қоссын" деп істейді. "Бұл еңбегім - Отанымның беріктігі үшін, амандығы үшін қуана еткен еңбегім" деп істейді.

 

"Жас Отанымның табысы — менің де табысым, оның тыныштығы менің де тыныштығым" деп істейді.

 

Сондықтан да я терең забойдан, я шекаралық қарлы жотадан, я егіндік пен жайылыстың далаларынан болсын, барлығынан аспан жара шығып жатқан қаһарман қайрат үндерінің бәрі де бір-ақ ұран үні. Ол ұран — ұлы ұран, "Отан" деген ұран.

 

Кешегі құлдай қор еткен отардан бүгін күндей жылытып қуантқан Отан тауып отырған Қазақстан еңбекшісі қазірде өз республикасының тағы бір ұлы биікке шыққан күніне жетті.

 

Бүкіл дүниеге нұрын жайған Ленин жолы Ұлы көсеміміз Сталин жолымен, Сталин Конституциясымен Қазақстанды тарихтың ірі төріне шығарды. Бүгінгі күн жалпы Одақ атты Отанымызды алғыс айта, қуана сүюімізге бұл да бір үлкен кепіл.

 

Тарихтың тыңын айырып отырған ұлы дәуір шексіз кең, сансыз мол өзгерістер кіргізді. Бүгінгі күн сол жайқын жаңалықтар ішінде әсіресе басымдап, асқындап үн салып тұрған ұлы ұран — "Отан" деген ұран.

 

Сана-сезімдегі ғасырлар ауыртпалығын қабыршақтай жыртып айығып, жарық дүниеге шыққан еңбек елі, әсіресе "социалистік Отаным" деген ұранын жарқын жүзбен, жалынды жүрекпен айтады.

 

Осы халмен салыстыра қарасақ, кеше ғана қара күндер айықпай тұрған шақта барлық еңбекші елдің, барлық "бұратана" елдің сана-сезімінде "Отан" деген ұғымның өзі бар ма еді?

 

Көзімізбен көріп ек — жоқ еді. Панасыз ел, өгей-жетім ел отандық сана дегеннің не екенін білген де, сезген де емес еді. Сондықтан, "кімсің?" десе "Берішпін", "Атығаймын", "Дулатпын" деп ата тегін санаудан өрі аспаушы еді. Одан арғы дүние "нендей дүние?", "кім дүниесі?" екенін білместен, бүгіліп, буылып өскен бір ел бар еді. "Кімсің?" десе "ходжентлікпін", "бұқаралықпын" деп, елінің одан арғы атын — мазақ атын атай алмай ескен ел тағы бар еді.

 

Патшалық Ресейінде "морава", "жойқын", "қырғыз", "сарт" демектің барлығы да сол елдің тең аты емес, қорлау, мазақтау, ұрсудың сөздері еді.

 

Осы күнде "Советтер союзы" немесе "Өзбекстан", "Қазақстан", "Татарстан", "Қырғызстан" деген аттарды айтуда еңбекші санасында қандай үлкен ерлік пен мақтан, жалын мен наным бар. Бүгін ұлы нұрдай боп, өткен тарих күніндей болып, әлемге даңқы шығып, жарқырай туып Сталин Конституциясы келді. Жалпы союз ішінде сүбелі II одақтың бірі болып социалистік Қазақстан шықты. Енді бұл республика елінің санасында анау "сіргелі едім", "теріс таңбалы едім" дейтін күндер алты қырдың астында қалды!

 

Еңбектің қалың елі ғасырлар бойында түсіне кірместік бақытын тапты. Ол елдің санасы да асқар асты.

 

Сондықтан да, Балқаш, Қарағанды, Риддерлердің стахановшылары өздерінің нормасы мен табысын Орал, Донбасс стахановшысымен салыстыра өлшейді. Жалпы Одағының, жалпақ ұлы Отанының масштабы, құлашымен өлшейді.

 

Колхоз егіндігінің екпіндісі, совхоз саналы бақташысы, шекараның ер сақшысы барлығы да қуанышты, ынталы еңбегім "Отаным үшін" деп істейді. "Ұлы Отанымның күшіне күшім, серпініне серпінім үн қоссын" деп істейді. "Бұл еңбегім — Отанымның беріктігі үшін, амандығы үшін қуана еткен еңбегім" деп істейді.

 

"Жас Отанымның табысы — менің де табысым, оның тыныштығы менің де тыныштығым" деп істейді.

 

Сондықтан да я терең забойдан, я шекаралық қарлы жотадан, я егіндік пен жайылыстың далаларынан болсын, барлығынан аспан жара шығып жатқан қаһарман қайрат үндерінің бәрі де бір-ақ ұран үні. Ол ұран — ұлы ұран, "Отан" деген ұран.

 

Кешегі құлдай қор еткен отардан бүгін күндей жылытып қуантқан Отан тауып отырған Қазақстан еңбекшісі қазірде өз республикасының тағы бір ұлы биікке шыққан күніне жетті.

 

Бүкіл дүниеге нұрын жайған Ленин жолы ұлы көсеміміз Сталин жолымен, Сталин Конституциясымен Қазақстанды тарихтың ірі төріне шығарды. Бүгінгі күн жалпы Одақ атты Отанымызды алғыс айта,қуана сүюімізге бұл да бір үлкен кепіл.

 

 

Мұхтар Әуезов

Бөлісу: