Ең дана заңды ең жас мемлекет

5 Желтоқсан 2012, 03:46

Ең дана заңды ең жас мемлекет Еңбекші ел мемлекетінің қазіргі күндері бүкіл жер жүзі, бүкіл адам баласының баяғы заманнан бергі ұзақ тарихында ең алғаш рет бір ұлы көктем кезіне жеткен дәуір сияқты сезіледі. Әр минут, әр сағат, әр күніміз бұрынғы шөл ғасырларда тіршілік еткен еңбекші адамның ерні кезеріп, қиял етіп, аңсап өткен қиял, арман-тілектерін үсті-үстіне орындап беріп отыр. Сондай жер шарының тарихында осы ұлы көктем күндерінде ең тұңғыш рет гүл атып шығып жатқан зор туыстардың бірі — осы бүгінгі күнде барлық еңбекші мемлекетін шарт қылып отырған негізгі заңның туысы. Осы соңғы екі-үш күн ішінде бүкіл дүние жүзіндегі еңбекші атаулыны қуанта сергітіп отырған қалпының өзін алғанда да, бұл жаңа заңның қаншалық асыл, ұлы мағыналы заң екенін ұғу қиын емес. Мұны оқып, ұғынып отырған еңбекші жұртшылық осындай дана заңды туғызып беріп отырған партияға өзінің қуанышын, ырзалығын білдіре алмай отыра алмайды. Қазір барлық мемлекетіміздегі неше алуан қауымның жаңа заңды құттықтай қарсы алып жатқан үндері жер жүзіне естіліп отыр. "Заң туса осылай тусын, халық тілегіне қабысқан ереже орнаса осылай орнасын" деп, екінің бірі айтарлық күн болды. Бұрынғы Ресей патшалығының езгісінде келген бұқара, оның ішінде қазақ тарихының ауыр, қараңғы күндерінің ішінде күңіреніп, қабағы қатып келген еңбекші ел ол дәуірлердің лағынат заңын мың да бір дұшпаны деп ұғынып еді. Үйтпеске шарасы да жоқ еді. "Әр ханның тұсында бір сұрқылтай" дегені — әр ханның тұсында да түрі әр түрлі болғанмен, қалпы, қорлығы бір сұмырай, нәрсіз күннің сұмырай заңдары болғанын айтып еді. Ол күндердің заңдары ел мен ел арасын да алыстатып ашып, адам мен адамдай емес, аң мен аң арасының шәргездігін нығайтқандай болушы еді. "Ел-елдің заңы басқа да, иттері қара қасқаның" түбінде де бір елге бір ел дұшпан, жат дегеннің сызы жатушы еді. Бүгінгі біздің заң туыс, табыс, бұрынғы біріңді-біріңе қайрап салған, жарғыластырған жыртқыштық тарихының қара күндерін ұмыт дейді. Осылардың бәрімен қатар адам баласының, азамат басының баға салмағын қастерлеп, биік дәрежеге көтеруде де бұл заңдай кең өріс, үлкен тұрғылы заңды адам тарихы көрген емес. Біздің Қазақстан жұртшылығын алсақ, әсіресе, ерекше қуантатын жайымыз тағы бар. Біз Одақ ішіндегі орны сай үлкен республика болғалы отырмыз. Бұрын езілген, есесіз ел тарихының шынымен қуанышты, бақытты, күн шуақты дәуіріне енді құлаш ұрып, қанат қағып кеп кіретін болдық. Партияға қазақ еңбекшілерінің бүгінгі күнгі қуанышты ырзалығы, әсіресе ерекше. Бұл сияқты ұлы дәуір тудырған ұлы шаралар, ұлы жаңалықтар көп жұртшылықпен қатар әдебиет, көркемөнер жолында істеп жүрген біз сияқты қызметшілерден әсіресе, көп, көрнекті нәтиже шығатын еңбекті талап етеді. Заманымызға, бақытты күнімізге сай шығармалар беру — біздің міндет. Мұхтар Әуезов

Ең дана заңды ең жас мемлекет

Еңбекші ел мемлекетінің қазіргі күндері бүкіл жер жүзі, бүкіл адам баласының баяғы заманнан бергі ұзақ тарихында ең алғаш рет бір ұлы көктем кезіне жеткен дәуір сияқты сезіледі. Әр минут, әр сағат, әр күніміз бұрынғы шөл ғасырларда тіршілік еткен еңбекші адамның ерні кезеріп, қиял етіп, аңсап өткен қиял, арман-тілектерін үсті-үстіне орындап беріп отыр. Сондай жер шарының тарихында осы ұлы көктем күндерінде ең тұңғыш рет гүл атып шығып жатқан зор туыстардың бірі — осы бүгінгі күнде барлық еңбекші мемлекетін шарт қылып отырған негізгі заңның туысы. Осы соңғы екі-үш күн ішінде бүкіл дүние жүзіндегі еңбекші атаулыны қуанта сергітіп отырған қалпының өзін алғанда да, бұл жаңа заңның қаншалық асыл, ұлы мағыналы заң екенін ұғу қиын емес.

Мұны оқып, ұғынып отырған еңбекші жұртшылық осындай дана заңды туғызып беріп отырған партияға өзінің қуанышын, ырзалығын білдіре алмай отыра алмайды. Қазір барлық мемлекетіміздегі неше алуан қауымның жаңа заңды құттықтай қарсы алып жатқан үндері жер жүзіне естіліп отыр. "Заң туса осылай тусын, халық тілегіне қабысқан ереже орнаса осылай орнасын" деп, екінің бірі айтарлық күн болды.

Бұрынғы Ресей патшалығының езгісінде келген бұқара, оның ішінде қазақ тарихының ауыр, қараңғы күндерінің ішінде күңіреніп, қабағы қатып келген еңбекші ел ол дәуірлердің лағынат заңын мың да бір дұшпаны деп ұғынып еді. Үйтпеске шарасы да жоқ еді. "Әр ханның тұсында бір сұрқылтай" дегені — әр ханның тұсында да түрі әр түрлі болғанмен, қалпы, қорлығы бір сұмырай, нәрсіз күннің сұмырай заңдары болғанын айтып еді. Ол күндердің заңдары ел мен ел арасын да алыстатып ашып, адам мен адамдай емес, аң мен аң арасының шәргездігін нығайтқандай болушы еді. "Ел-елдің заңы басқа да, иттері қара қасқаның" түбінде де бір елге бір ел дұшпан, жат дегеннің сызы жатушы еді. Бүгінгі біздің заң туыс, табыс, бұрынғы біріңді-біріңе қайрап салған, жарғыластырған жыртқыштық тарихының қара күндерін ұмыт дейді. Осылардың бәрімен қатар адам баласының, азамат басының баға салмағын қастерлеп, биік дәрежеге көтеруде де бұл заңдай кең өріс, үлкен тұрғылы заңды адам тарихы көрген емес. Біздің Қазақстан жұртшылығын алсақ, әсіресе, ерекше қуантатын жайымыз тағы бар. Біз Одақ ішіндегі орны сай үлкен республика болғалы отырмыз. Бұрын езілген, есесіз ел тарихының шынымен қуанышты, бақытты, күн шуақты дәуіріне енді құлаш ұрып, қанат қағып кеп кіретін болдық. Партияға қазақ еңбекшілерінің бүгінгі күнгі қуанышты ырзалығы, әсіресе ерекше.

Бұл сияқты ұлы дәуір тудырған ұлы шаралар, ұлы жаңалықтар көп жұртшылықпен қатар әдебиет, көркемөнер жолында істеп жүрген біз сияқты қызметшілерден әсіресе, көп, көрнекті нәтиже шығатын еңбекті талап етеді. Заманымызға, бақытты күнімізге сай шығармалар беру — біздің міндет.

Мұхтар Әуезов

Бөлісу: