Томас Кеннерли

5 Желтоқсан 2012, 03:12

Томас Кеннерли (англ. Thomas Kennerly «Tom» Wolfe, Jr.; 2 наурыз 1931 жылы дүниеге келген (кейбір деректерде 1930 жыл деп көрсетіледі), Ричмонд, Виргиния, АҚШ) — журналист және жазушы, әдебиеттегі "жаңа журналистика" бағытының пионері. Том Вулф 1931 жылы 2 наурызда АҚШ, Виргиния штаты, Ричмондта дүниеге келген. Вулфтің әкесі, Томас Кеннерли (ағылшынша Thomas Kennerly Wolfe), ауылшаруашылық саласын зерттеген ғалым болған. Ол Southern Planter журналына мақала жазатын. Анасы, Хелена (ағылшынша Helen (Hughes) Wolfe), ұлын босанатын уақытта медицина факультетінің 1-курс студенті болатын. Том бала кезінен жазушы болуды армандайтын. Тоғыз жасында I Наполеонның өмірбаяның жазуға тырысады, бірақ ақырында Вольфганг Амадей Моцартқа арналған жұмысты жазып, иллюстрациялайды. Ричмондтағы ер балаларға арналған Әулие Кристофердің атындағы епископтық мектепте білім алады. Кейін осы мектептің жергілікті газетінде редактор болып қызмет атқарады. Сонымен қатар бейсболдан жартылай кәсіби ойыншы болған. 1951 жылы Вашингтон және Ли университетін тәмәмдаған. Сол жердегі Shenandoah журналының құрылтайшысы. 1957 жылы Йельск университетінде «Американистика» (ағылшынша American studies) мамандығы бойынша докторлық дәреже алады. Вулфтің 1956 жылы штат Массачусетс, Спрингфилд қаласындағы The Republican газетімен бірлесіп жасаған жұмысы, журналист ретінде алған алғашқы тәжірибесі болатын. Бес жылдан кейін, The Washington Post газетінде жұмыс жасап жүрен кезінде көпшілік оны алғаш рет жазуы ретінде мойындайды. Кубадағы төңкеріс жайында жазғаны үшін баспасөз баспагерлерінің Гильдия (ағылшынша – The Newspaper Guild) сыйлығын иемденеді. Сонымен қатар Гельдия баспасының өкілдері Вулф өз репортаждарындағы эсселерде беллетристика элементтерін қолданғанды дұрыс көріп, оған әзіл-ысқаққа арналған сыйлықты берді. 1962 жылы Вулф Нью-Йоркке көшіп келіп, New York Herald Tribune газетінде жұмыс істей бастайды. Дегенмен 1962 жылы болған Нью-йорктік газет ереуілі, мансабы жақсы дамып келе жатқан жас журналист үшін ауыр соққы болады. Esquire жуналының бас редакторы Байрон Доубелл (ағылшынша Byron Dobell) оған жәрдемдесіп, Вулфты Калифорнияға жылдамдатылған автомобилдер жайында бірнеше репортаж жасауға жіберуге келіседі. Жаңа журналистика Доубеллдің жасауға жіберген репортажының мәліметтері көп болып, жазушы оларды қалай біріктірерін білмей, бұл жайында редакторға хабарлайды. Доубелл Вулфтан қолында бар материалды беріп жіберуін сұрайды. Келген қолжазбадан «Құрметті Байрон» сөзін алып тастап, қалған эссені өзгеріссіз басып шығарады. Вулфтің ұсынған атаудың нұсқасын – «Ур-ра! Ур-ра! Вот она — та самая Конфетно-раскрашенная апельсинно-лепестковая обтекаемая малютка!» қалдырады. Басылым шыққан соң Вулф Калифорнияда алған әсерлерін эссе қылып жазады. Олар Esquire, New York Herald Tribune-де және Harper’s Bazaar журналында басылатын болады. Жұмыстарының танымалдығы ретінде 1965 жылы оның алғашқы кітабы шығады. Ол Farrar, Straus and Giroux баспасында шығарылады. Жазушы аталмыш бағыттың негізгі идеясынан реалист жазушылардың қайта құрастырылған драмалық жанрлармен араласқан әдеби тәсілдері мен әдістерін қолдану арқылы жасалған қарқынды бақылау мен терең сұхбаттан кейінгі адамның немесе топтың деректі сипатын құрастыруын байқайды. Вулфтың жинақ болып табылатын «Конфетно-раскрашенная апельсинно-лепестковая обтекаемая малютка» эссе атауымен аталады. Жинақтың шыққан күні «жаңа журналистиканың» туған күні болып есептелінеді. Кітап бестселлер болып, Вулфты әдебиеттен деректі проза жанырының басты тәжірибиешісі ретінде бекітті. Жаңа үлгідегі ағымда ол «шебер» ретінде қабылданды.  

Томас Кеннерли (англ. Thomas Kennerly «Tom» Wolfe, Jr.; 2 наурыз 1931 жылы дүниеге келген (кейбір деректерде 1930 жыл деп көрсетіледі), Ричмонд, Виргиния, АҚШ) — журналист және жазушы, әдебиеттегі "жаңа журналистика" бағытының пионері.

Том Вулф 1931 жылы 2 наурызда АҚШ, Виргиния штаты, Ричмондта дүниеге келген. Вулфтің әкесі, Томас Кеннерли (ағылшынша Thomas Kennerly Wolfe), ауылшаруашылық саласын зерттеген ғалым болған. Ол Southern Planter журналына мақала жазатын. Анасы, Хелена (ағылшынша Helen (Hughes) Wolfe), ұлын босанатын уақытта медицина факультетінің 1-курс студенті болатын. Том бала кезінен жазушы болуды армандайтын. Тоғыз жасында I Наполеонның өмірбаяның жазуға тырысады, бірақ ақырында Вольфганг Амадей Моцартқа арналған жұмысты жазып, иллюстрациялайды.

Ричмондтағы ер балаларға арналған Әулие Кристофердің атындағы епископтық мектепте білім алады. Кейін осы мектептің жергілікті газетінде редактор болып қызмет атқарады. Сонымен қатар бейсболдан жартылай кәсіби ойыншы болған. 1951 жылы Вашингтон және Ли университетін тәмәмдаған. Сол жердегі Shenandoah журналының құрылтайшысы. 1957 жылы Йельск университетінде «Американистика» (ағылшынша American studies) мамандығы бойынша докторлық дәреже алады.

Вулфтің 1956 жылы штат Массачусетс, Спрингфилд қаласындағы The Republican газетімен бірлесіп жасаған жұмысы, журналист ретінде алған алғашқы тәжірибесі болатын. Бес жылдан кейін, The Washington Post газетінде жұмыс жасап жүрен кезінде көпшілік оны алғаш рет жазуы ретінде мойындайды. Кубадағы төңкеріс жайында жазғаны үшін баспасөз баспагерлерінің Гильдия (ағылшынша – The Newspaper Guild) сыйлығын иемденеді. Сонымен қатар Гельдия баспасының өкілдері Вулф өз репортаждарындағы эсселерде беллетристика элементтерін қолданғанды дұрыс көріп, оған әзіл-ысқаққа арналған сыйлықты берді.

1962 жылы Вулф Нью-Йоркке көшіп келіп, New York Herald Tribune газетінде жұмыс істей бастайды. Дегенмен 1962 жылы болған Нью-йорктік газет ереуілі, мансабы жақсы дамып келе жатқан жас журналист үшін ауыр соққы болады. Esquire жуналының бас редакторы Байрон Доубелл (ағылшынша Byron Dobell) оған жәрдемдесіп, Вулфты Калифорнияға жылдамдатылған автомобилдер жайында бірнеше репортаж жасауға жіберуге келіседі.

Жаңа журналистика

Доубеллдің жасауға жіберген репортажының мәліметтері көп болып, жазушы оларды қалай біріктірерін білмей, бұл жайында редакторға хабарлайды. Доубелл Вулфтан қолында бар материалды беріп жіберуін сұрайды. Келген қолжазбадан «Құрметті Байрон» сөзін алып тастап, қалған эссені өзгеріссіз басып шығарады. Вулфтің ұсынған атаудың нұсқасын – «Ур-ра! Ур-ра! Вот она — та самая Конфетно-раскрашенная апельсинно-лепестковая обтекаемая малютка!» қалдырады. Басылым шыққан соң Вулф Калифорнияда алған әсерлерін эссе қылып жазады. Олар Esquire, New York Herald Tribune-де және Harper’s Bazaar журналында басылатын болады. Жұмыстарының танымалдығы ретінде 1965 жылы оның алғашқы кітабы шығады. Ол Farrar, Straus and Giroux баспасында шығарылады. Жазушы аталмыш бағыттың негізгі идеясынан реалист жазушылардың қайта құрастырылған драмалық жанрлармен араласқан әдеби тәсілдері мен әдістерін қолдану арқылы жасалған қарқынды бақылау мен терең сұхбаттан кейінгі адамның немесе топтың деректі сипатын құрастыруын байқайды. Вулфтың жинақ болып табылатын «Конфетно-раскрашенная апельсинно-лепестковая обтекаемая малютка» эссе атауымен аталады. Жинақтың шыққан күні «жаңа журналистиканың» туған күні болып есептелінеді. Кітап бестселлер болып, Вулфты әдебиеттен деректі проза жанырының басты тәжірибиешісі ретінде бекітті. Жаңа үлгідегі ағымда ол «шебер» ретінде қабылданды.
 

Бөлісу: