Тікұшақ

5 Желтоқсан 2012, 02:44

Тікұшақ (орыс. Вертолет) — ауадан ауыр ұшу аппараты. Тікұшақ ұшуы физиканың қысым заңына негізделген. Қалақтары өте жылдам айналғанда ауаны бұрғылайды. Қалақтары бұрқылау тифінде жасалған. Ауа бұрғыланғанда тікұшақтың үстіндегі ауа қысымы астындағы ауа қысымынан азаяды, сол кезде жоғары ауа қысымы төмен ауа қысымына қарай ағады сол мезетте ұшақ жоғары көтеріледі. Оның көтерілгіш күші мен алға жылжу қозғалысы бір немесе бірнеше көтергіш қалақтармен атқарылады (кейде ол үшін кішкене қанаттарды пайдаланады). Тікұшақ тік ұшып қона алады, әр түрлі бағытта ұшады, сондай-ақ бір жерде әуеде тоқтап қалықтап тұра алады. Тікұшақтардың рульдік (артқы) қалағы бар бір қалақты, бір білікте екі көтергіш қалағы бар қос қалақты, ұзына бой және көлденеңінен орналаскан көтергіш қалақтары бар қос қалақты түрлері болады. Тікұшақтың жылдамдығы 350 км/сағ. дейін (500-600 км/сағқа дейін ұлғайтуға болады). Жүк көтергіштіп 40 тоннаға дейін. Әскери тікұшақтар қолдану мақсаттарына байланысты ұрыстық тікұшақтарға (әскерді атыспен қолдаушы, сүңгуір қайыққа қарсы, танкіге қарсы, көліктік-десанттық), әскери жабдықтаушы тікұшақтарға (барлаушы байланыстық, артиллерия атысын дәлдеуші, мина қоюшы, жанармай құюшы және басқалар) көмекшілікке арналған тікұшақтарға (тікұшақ-крандар, санитариялық, медициналық жедел жәрдем, оқулық, оқу-жаттығулык және басқалар) бөлінеді. Атыспен қолдаушы тікұшақ қарсыластың ашық орналасқан адам күшін, әскери техникасын және атыс құралдарын әуеден жоюға арналады. Қаружарағы: пулеметтер, гранататқыштар, басқарылатын және басқарылмайтын ракеталар, бомбалар, жандырғыш бактар және т.б. Жартылай сауыттандырылады. Сүңгуір қайыққа қарсы қолданылатын тікұшақ қарсыластың сүңгуір қайықтарын іздеуге және оны жоюға арналған. Сүңгуір қайықты іздеп табу (суға түсірілетін және тіркелетін гидроакустикалық станциялар, радиогидроакустикалык буйлар, РЛС және басқалар) және жою (сүңгуір қайыққа қарсы өзі бағытталатын торпедалар, ракеталар және терендік бомбалар және басқа) құралдарымен жабдықталады. Танкіге қарсы қолданылатын тікұшақ қарсыластың танкілері мен басқа сауытты объектілерін жояды. Танкіге қарсы тікұшақ басқарылмалы ракеталармен, сонымен қатар басқарылмайтын ракеталармен, пулеметтермен, бомбалармен және басқалармен жабдықталуы мүмкін. Нысаналарды іздеп-табу және басқарылмалы бағыттау ракеталарымен жабдықталады; жартылай сауытталады. Көліктік десанттық тікұшақ ұрыс қимылдарынын аудандарына әскери техниканы, әскер бөлімшелерін және жүктерді жеткізуге, десант түсіруге, жаралыларды тасымалдауға және басқа мақсаттарға арналған. Фюзеляждің ішінде 5-7 тоннаға дейін, ал сыртына іліп 10-12 тоннаға дейін жүк таси алады. Қару-жарағы: пулеметтер, гранататқыштар, басқарылмайтын ракеталар. Тікұшақ жасауға •    КСРО-да (Н.И.Камов пен М.Л.Мильдің басқаруындағы ғылми-конструкторлық коллективтер), •    АҚШ-та («Сикорский», «Боинг» «Белл» «Каман» фирмалары), •    Францияда («Сюд-авиасъон»), •    Англияда («Уэстленд») және •    Италияда («Агуста») айтарлықтай көңіл бөлінді. Тікұшақ ауыл шаруашылығында бау-бақша, техникалық бағалы дақылдар зиянкестерімен күресу, тыңайтқыш шашу (Ка-15, Ка-26, Ми-1, Ми-2); жүк (Ми-4, Ми-6) және жолаушы тасу (Ми-8), геологиялық жұмысында (Ка-26) гравиметриялық [[суретке түсіру (Ка-18); мұз жағдайын барлауда (Ми-1, Ка-15) жоғары кернеу линияларын, газ және мұнай құбырларын бақылау (Ка-18, Ка-26) көлемі үлкен жабдықтар тасымалдау және құрастыру, мұнара орнату (Ми-10) санитарлық және құтқатру жұмыстарында (Ми-18) пайдалынады. Вертолет қарулы күштер құрамына кіреді. Ол тактикалық әуе десантын түсіру, әскер және жүк тасу, майдан шебінен жаралыларды және бұзылған техниканы көшіру (әскери-транзиттік-спорттық) жаудың атыс құралдарын жою, сүңгуір қайықтарды іздеу және оларды құрту (корабльдік, базалық вертолет) радиациялық , химиялық, инженерлік барлау жүргізуге, майдан шебін бақылау, артилерияның атыс бағытын түзеу, мина тазарту, командалық байланыс орнату және әуе командалық пункт ретінде жүзбе көпір салу, су бөгеттерден өту тағы басқа мақсаттар үшін пайдалынады. КСРО-да вертолетты жаппай шығару 1951 жылы үш орынды Ми-1 вертолетын жасаудан басталады. 1958 жылы жүк көтергіштігі 6 тоннадан астам, 70-80 кісі сиятын қос моторлы турбовинтті Ми-6, 1965 жылы Ми-10 вертолетті жасады. 1953 - 1968 жылдары ортақ осьті, қос винтті Ка-10, Ка-15, Ка-18, Ка-25, Ка-26 вертолеттер шығарылды. 1968 жылы винттері көлденең орналасқан, өте ауыр жүк көтеретін В-12 (М.Л. Мильдің конструкциясы) вертолеты жасалды. Ол 1969 жылдың наурыз айында 2950 метр биіктікке 31130 кг жүк көтеріп ұшты.  

Тікұшақ (орыс. Вертолет) — ауадан ауыр ұшу аппараты. Тікұшақ ұшуы физиканың қысым заңына негізделген. Қалақтары өте жылдам айналғанда ауаны бұрғылайды. Қалақтары бұрқылау тифінде жасалған. Ауа бұрғыланғанда тікұшақтың үстіндегі ауа қысымы астындағы ауа қысымынан азаяды, сол кезде жоғары ауа қысымы төмен ауа қысымына қарай ағады сол мезетте ұшақ жоғары көтеріледі. Оның көтерілгіш күші мен алға жылжу қозғалысы бір немесе бірнеше көтергіш қалақтармен атқарылады (кейде ол үшін кішкене қанаттарды пайдаланады). Тікұшақ тік ұшып қона алады, әр түрлі бағытта ұшады, сондай-ақ бір жерде әуеде тоқтап қалықтап тұра алады. Тікұшақтардың рульдік (артқы) қалағы бар бір қалақты, бір білікте екі көтергіш қалағы бар қос қалақты, ұзына бой және көлденеңінен орналаскан көтергіш қалақтары бар қос қалақты түрлері болады. Тікұшақтың жылдамдығы 350 км/сағ. дейін (500-600 км/сағқа дейін ұлғайтуға болады). Жүк көтергіштіп 40 тоннаға дейін. Әскери тікұшақтар қолдану мақсаттарына байланысты ұрыстық тікұшақтарға (әскерді атыспен қолдаушы, сүңгуір қайыққа қарсы, танкіге қарсы, көліктік-десанттық), әскери жабдықтаушы тікұшақтарға (барлаушы байланыстық, артиллерия атысын дәлдеуші, мина қоюшы, жанармай құюшы және басқалар) көмекшілікке арналған тікұшақтарға (тікұшақ-крандар, санитариялық, медициналық жедел жәрдем, оқулық, оқу-жаттығулык және басқалар) бөлінеді. Атыспен қолдаушы тікұшақ қарсыластың ашық орналасқан адам күшін, әскери техникасын және атыс құралдарын әуеден жоюға арналады. Қаружарағы: пулеметтер, гранататқыштар, басқарылатын және басқарылмайтын ракеталар, бомбалар, жандырғыш бактар және т.б. Жартылай сауыттандырылады. Сүңгуір қайыққа қарсы қолданылатын тікұшақ қарсыластың сүңгуір қайықтарын іздеуге және оны жоюға арналған. Сүңгуір қайықты іздеп табу (суға түсірілетін және тіркелетін гидроакустикалық станциялар, радиогидроакустикалык буйлар, РЛС және басқалар) және жою (сүңгуір қайыққа қарсы өзі бағытталатын торпедалар, ракеталар және терендік бомбалар және басқа) құралдарымен жабдықталады. Танкіге қарсы қолданылатын тікұшақ қарсыластың танкілері мен басқа сауытты объектілерін жояды. Танкіге қарсы тікұшақ басқарылмалы ракеталармен, сонымен қатар басқарылмайтын ракеталармен, пулеметтермен, бомбалармен және басқалармен жабдықталуы мүмкін. Нысаналарды іздеп-табу және басқарылмалы бағыттау ракеталарымен жабдықталады; жартылай сауытталады. Көліктік десанттық тікұшақ ұрыс қимылдарынын аудандарына әскери техниканы, әскер бөлімшелерін және жүктерді жеткізуге, десант түсіруге, жаралыларды тасымалдауға және басқа мақсаттарға арналған. Фюзеляждің ішінде 5-7 тоннаға дейін, ал сыртына іліп 10-12 тоннаға дейін жүк таси алады. Қару-жарағы: пулеметтер, гранататқыштар, басқарылмайтын ракеталар.

Тікұшақ жасауға

•    КСРО-да (Н.И.Камов пен М.Л.Мильдің басқаруындағы ғылми-конструкторлық коллективтер),
•    АҚШ-та («Сикорский», «Боинг» «Белл» «Каман» фирмалары),
•    Францияда («Сюд-авиасъон»),
•    Англияда («Уэстленд») және
•    Италияда («Агуста») айтарлықтай көңіл бөлінді.

Тікұшақ ауыл шаруашылығында бау-бақша, техникалық бағалы дақылдар зиянкестерімен күресу, тыңайтқыш шашу (Ка-15, Ка-26, Ми-1, Ми-2); жүк (Ми-4, Ми-6) және жолаушы тасу (Ми-8), геологиялық жұмысында (Ка-26) гравиметриялық [[суретке түсіру (Ка-18); мұз жағдайын барлауда (Ми-1, Ка-15) жоғары кернеу линияларын, газ және мұнай құбырларын бақылау (Ка-18, Ка-26) көлемі үлкен жабдықтар тасымалдау және құрастыру, мұнара орнату (Ми-10) санитарлық және құтқатру жұмыстарында (Ми-18) пайдалынады. Вертолет қарулы күштер құрамына кіреді.

Ол тактикалық әуе десантын түсіру, әскер және жүк тасу, майдан шебінен жаралыларды және бұзылған техниканы көшіру (әскери-транзиттік-спорттық) жаудың атыс құралдарын жою, сүңгуір қайықтарды іздеу және оларды құрту (корабльдік, базалық вертолет) радиациялық , химиялық, инженерлік барлау жүргізуге, майдан шебін бақылау, артилерияның атыс бағытын түзеу, мина тазарту, командалық байланыс орнату және әуе командалық пункт ретінде жүзбе көпір салу, су бөгеттерден өту тағы басқа мақсаттар үшін пайдалынады. КСРО-да вертолетты жаппай шығару 1951 жылы үш орынды Ми-1 вертолетын жасаудан басталады. 1958 жылы жүк көтергіштігі 6 тоннадан астам, 70-80 кісі сиятын қос моторлы турбовинтті Ми-6, 1965 жылы Ми-10 вертолетті жасады. 1953 - 1968 жылдары ортақ осьті, қос винтті Ка-10, Ка-15, Ка-18, Ка-25, Ка-26 вертолеттер шығарылды. 1968 жылы винттері көлденең орналасқан, өте ауыр жүк көтеретін В-12 (М.Л. Мильдің конструкциясы) вертолеты жасалды. Ол 1969 жылдың наурыз айында 2950 метр биіктікке 31130 кг жүк көтеріп ұшты.
 

Бөлісу: