Монако

5 Желтоқсан 2012, 02:00

  МОНАКО (Monaco), Монако князьдігі – Оңт. Еуропада, Жерорта т-нің жағалауына орналасқан шағын мемлекет. Жер аум. 1950 км2. Халқы 33 мың (2001). Этн. құрамының 47%-ын француздар, 16%-ын италия-лықтар, 16%-ын монаколықтар (байырғы тұрғындары), т.б. құрайды. М. 4 шағын қала-округтерден: Монако-Виль (астана), Ля Кондамин, Монте-Карло мен Фонтвьелльден құралады. Ресми тілі – француз тілі. Халқының 96%-ы христиан-католиктер. өлттық мейрамы – өлт күні – 19 қараша. М. – конституц. монархия. Конституциясы бойынша мемлекет басшысы – князь. Жоғ. заң шығарушы органы бір палаталы парламент – өлттық Кеңес. Жоғ. атқарушы орган – Үкімет кеңесін мемл. министр басқарады. М. 1993 жылдан Бөө-ға мүше. Ақша бірлігі – еуро. Климаты – жерортатеңіздік, субтропиктік.  Тарихы. Ежелгі заманда М. аумағын кельт тайпалары мекендеген. Б.з.б. 10 – 1 ғ-ларда бастапқыда финикиялық, соңынан грек иеліктерінің құрамында болды. Б.з.б. 1 ғ-да М. Римнің қол астына өтсе, 8 – 10 ғ-ларда арабтардың билігі орнады. 11 ғ-дың 2-жартысында М-ны генуялықтар басып алды. 1215 ж. олар қазіргі М. жеріне қамал салды. 1419 ж. Гримальдилер әулеті түпкілікті орнығып, Генуяның қамқорлығындағы жеке князьдікке айналды. М. 1524 жылдан бастап қағаз жүзінде өз дербестігін сақтаған, іс жүзінде испан билігіне тәуелді ел болды. 1641 ж. Францияның қамқорлығына өтті. 1814 ж. Вена Конгресінің шешімімен Сардиния корольдігіне қарады. 1848 жылғы төңкеріс М-дағы князь өкіметін жойғанымен, келесі жылы қайта қалпына келтірілді. 1865 ж. Франциямен кедендік одақ жасалды. 1868 ж. Франция мен М. арасындағы т. ж. құрылысы аяқталған соң, Монте-Карлодағы кешен даңқы дүние жүзіне жайылып, М-ның негізгі табыс көзіне айналды. 1899 ж. М-да мұхиттық зерттеулердің халықар. орталығына айналған мұражай ашылды. 1911 ж. М-ның бірінші Конституциясы өз күшіне енді. 1951 ж. М. мен Франция арасында кедендік алым-салық, пошта, телекоммуникация, т.б. салаларда өзара қарым-қатынас орнату жөніндегі конвенцияға қол қойылды. 1962 ж. 17 желтоқсанда Конституциясы қабылданды. М-да Еуропадағы орта толқынды ең қуатты радиостансалардың бірі – “Монте-Карло” орналасқан. М. көптеген халықар. ұйымдардың орт. саналады. Экономикасы. М. – Еуропадағы туризмнің негізгі орттарының бірі. Елде халықар. деңгейде танымал курорттар орналасқан. Мемл. кірістің негізгі көздері – шетелдік туристерге қызмет көрсету мен ойын-сауық үйлері. Тамақ, жеңіл өнеркәсіп орындары бар. Сыртқа дәл өлшегіш аспаптар, дәрі-дәрмектер шығарады. өлттық жалпы өнімнің жан басына шаққандағы мөлш. 26170 АҚШ долл-на тең (1995). Әдеб.: Страны мира, краткий политико-экономический справочник, Минск, 1999; Страны мира, Полный универсальный информационный справочник, М., 2004. Н. Әшіров  

 

МОНАКО (Monaco), Монако князьдігі – Оңт. Еуропада, Жерорта т-нің жағалауына орналасқан шағын мемлекет. Жер аум. 1950 км2. Халқы 33 мың (2001). Этн. құрамының 47%-ын француздар, 16%-ын италия-лықтар, 16%-ын монаколықтар (байырғы тұрғындары), т.б. құрайды. М. 4 шағын қала-округтерден: Монако-Виль (астана), Ля Кондамин, Монте-Карло мен Фонтвьелльден құралады. Ресми тілі – француз тілі. Халқының 96%-ы христиан-католиктер. өлттық мейрамы – өлт күні – 19 қараша. М. – конституц. монархия. Конституциясы бойынша мемлекет басшысы – князь. Жоғ. заң шығарушы органы бір палаталы парламент – өлттық Кеңес. Жоғ. атқарушы орган – Үкімет кеңесін мемл. министр басқарады. М. 1993 жылдан Бөө-ға мүше. Ақша бірлігі – еуро. Климаты – жерортатеңіздік, субтропиктік. 
Тарихы. Ежелгі заманда М. аумағын кельт тайпалары мекендеген. Б.з.б. 10 – 1 ғ-ларда бастапқыда финикиялық, соңынан грек иеліктерінің құрамында болды. Б.з.б. 1 ғ-да М. Римнің қол астына өтсе, 8 – 10 ғ-ларда арабтардың билігі орнады. 11 ғ-дың 2-жартысында М-ны генуялықтар басып алды. 1215 ж. олар қазіргі М. жеріне қамал салды. 1419 ж. Гримальдилер әулеті түпкілікті орнығып, Генуяның қамқорлығындағы жеке князьдікке айналды. М. 1524 жылдан бастап қағаз жүзінде өз дербестігін сақтаған, іс жүзінде испан билігіне тәуелді ел болды. 1641 ж. Францияның қамқорлығына өтті. 1814 ж. Вена Конгресінің шешімімен Сардиния корольдігіне қарады. 1848 жылғы төңкеріс М-дағы князь өкіметін жойғанымен, келесі жылы қайта қалпына келтірілді. 1865 ж. Франциямен кедендік одақ жасалды. 1868 ж. Франция мен М. арасындағы т. ж. құрылысы аяқталған соң, Монте-Карлодағы кешен даңқы дүние жүзіне жайылып, М-ның негізгі табыс көзіне айналды. 1899 ж. М-да мұхиттық зерттеулердің халықар. орталығына айналған мұражай ашылды. 1911 ж. М-ның бірінші Конституциясы өз күшіне енді. 1951 ж. М. мен Франция арасында кедендік алым-салық, пошта, телекоммуникация, т.б. салаларда өзара қарым-қатынас орнату жөніндегі конвенцияға қол қойылды. 1962 ж. 17 желтоқсанда Конституциясы қабылданды. М-да Еуропадағы орта толқынды ең қуатты радиостансалардың бірі – “Монте-Карло” орналасқан. М. көптеген халықар. ұйымдардың орт. саналады.
Экономикасы. М. – Еуропадағы туризмнің негізгі орттарының бірі. Елде халықар. деңгейде танымал курорттар орналасқан. Мемл. кірістің негізгі көздері – шетелдік туристерге қызмет көрсету мен ойын-сауық үйлері. Тамақ, жеңіл өнеркәсіп орындары бар. Сыртқа дәл өлшегіш аспаптар, дәрі-дәрмектер шығарады. өлттық жалпы өнімнің жан басына шаққандағы мөлш. 26170 АҚШ долл-на тең (1995).
Әдеб.: Страны мира, краткий политико-экономический справочник, Минск, 1999; Страны мира, Полный универсальный информационный справочник, М., 2004.
Н. Әшіров
 
Бөлісу: