Техас

4 Желтоқсан 2012, 12:17

Техас (ағылш. Texas) — АҚШ-тың оңтүстігіндегі, халық саны және жер көлемі бойынша екінші орындағы штат; құрлық штаттарының арасында ең үлкен жер аумағына ие. Атауы Каддо тіліндегі «Tejas» — “достар” яки “одақтастар” деген сөзге негізделген. Техас Америка Құрама Штаттарының оңтүстік-орталығында орналасқан, оңтүстігінен Мексикамен, батысынан Жаңа Мексикамен, солтүстігінде Оклахомамен, солтүстік-шығысында Арканзаспен, шығысынан Луизиана штаттарымен шектеседі. Техастың жер көлемі 268,820 шаршы миль (696,200 шаршы километр), халқының саны 25,1 миллион адамды құрайды. Испанияның отаршылдық саясаты кезінде штат Nuevo Reino de Filipinas : La Provincia de Texas атауымен белгілі болды. Бұл атауды бірінші қолданған адам Antonio Margil de Jesús болып, ол 1716 жылы 20-шілдеде Мексика вице-короліне хат жазғанда осы атауды қолданады. Бұл атау күнделікті өмірде көп қолданыста болмағанымен, 1800 жылдардың аяқтарына дейінгі ресми құжаттарда көп кездесіп тұрады. Хьюстон Техастағы ең үлкен және АҚШ-тағы төртінші үлкен қала болып есептеледі. Ал Сан-Антонио болса, штаттағы екінші және мемлекеттегі жетінші үлкен қала. Сол сияқты Даллас-Форт Уэрт және Үлкен Хьюстон АҚШ метрополитендік аймақтардағы төртінші және алтыншы орындарда тұрады. Одан басқа ірі қалалар Эл Пасо және Остин сияқты үлкен қалалар болса, штат орталық қалалары болып есептеледі. Техастың тәуелсіз Республика екендігінің және Мексикамен азаттық үшін күресуінің белгісі ретінде штатты “Жалғыз жұлдызды штат” деп атайды. Сондықтан "Жалғыз жұлдыз" бейнесін Техастың туында және штат таңбасында да кездестіруге болады. Балконас Фолт сияқты аймақтық және геологиялық ерекшеліктеріне қарай Техаста мемлекеттің оңтүстігіндегі және батыс-оңтүстігіндегі жерлерге ұқсас әр түрлі ландшафттар кездеседі. Техас көбінесе оңтүстік-батыс құмды шөлдермен байланысып, штат жалпы аймағының 10%-дан азырақ бөлігін құмдықтар иелейді. Халық көп шоғырланған орталықтардың көбісі бұрынғы жайылма, шалғын, орман, жиектердің аймақтарында орналасқан. Штат бойлап шығыстан батысқа қарай саяхат қылсақ, жағалық батпақтармен қарағайлы ормандардан, жазықтармен биіктерден және соңында Биг Бэнд шөлдерімен тауларынан тұратын ландшафттарды байқауымызға болады. Техас 268,820 шаршы миль (696,200 километр) аумағымен АҚШ-та Аляскадан соң, екінші орында тұрады. Ол аймағы бойынша Франциядан 10% үлкенірек болса, ал Германия немесе Жапония сияқты елдерден дерлік екі есе артық. Егер Техас ел болғанында, Чили және Замбиядан соң 40-орында тұрар еді. Техас АҚШ-тың оңтүстік орталығында орналасқан. Штаттың үш шекарасы өзендермен тұтасқан. Рио-Гранд оңтүстікте Мексиканың Чиуауа, Коауила, Нуэво-Леон и Тамаулипас штаттарымен шекара жасайды. Қызыл өзен болса солтүстікте Оклахома және Арканзаспен шекара жасайды. Сабин өзені болса шығыста Луизиана штатымен шекара жасайды. 10 климаттық аймағы, 14 қыртыс аймағы және 11 ерекше экологиялық аймақтарымен регионалдық классификациялау әр түрлі қыртыс, топография, геология, шөгулер, өсімдік және жануарлар қауымдастығымен проблемаға айналады. Техаста 3700 атаулы тасқындар және 15 ірі өзендер бар. Осы өзендердің ең ірісі Рио-Гранд. Басқа да Пекос, Брезос, Колорадо және Ред-Ривер сияқты өзендер болса Оклахомамен шекарада орналасқан. Әйтседе Техаста табиғи көлдер болғанымен Техастықтар 100-ден аса жасанды су сақтағыштар орнатты. Техастың аумағы және бірегей тарихы оның аймақтық жабдықтарын даулы етіп тұр. Құқық бойынша ол Оңтүстік немесе Оңтүстік-Батыс мемлекеттік болуы керек не екеуі де бірден болуы мүмкін. Тарихы. «Техастағы алты ту» атауы штат аумағындағы басшылық еткен халықтарды білдіреді. Испания Техас аймағында басшылық еткен алғашқы Еуропалық ел. Франция Техаста қысқа мерзімді отаршылдық саясатын жүргізеді. Мексика болса бұл өңірді 1836 жылға дейін, яғни Техас Республика ретінде тәуелсіздік алғанша өз бақылауында ұстайды. 1845 жылы штат АҚШ-қа 28-штат ретінде қосылады. Мемлекет аннексиясы 1846 жылы Мексика-Америка соғысының басталуына себепші болды. 1861 жылы Техас АҚШ құрамынан шығып, Америкадағы Азаматтық соғыс кезінде Америка штаттары Конфедерациясына кіруін жариялады. Соғыстан соң Одақ аяқ тұруына дейінгі ұзақ мерзімде штат экономикалық құлдырау кезеңін бастан кешірді. Азаматтық соғыстан соң Техаста дамыған бірден-бір өндіріс мал шаруашылығы еді. Штат көп жылдар бойы шаруашылықтың орталығы болған соң, Техасты көбінесе ковбоймен байланыстырады.

Техас (ағылш. Texas) — АҚШ-тың оңтүстігіндегі, халық саны және жер көлемі бойынша екінші орындағы штат; құрлық штаттарының арасында ең үлкен жер аумағына ие. Атауы Каддо тіліндегі «Tejas» — “достар” яки “одақтастар” деген сөзге негізделген. Техас Америка Құрама Штаттарының оңтүстік-орталығында орналасқан, оңтүстігінен Мексикамен, батысынан Жаңа Мексикамен, солтүстігінде Оклахомамен, солтүстік-шығысында Арканзаспен, шығысынан Луизиана штаттарымен шектеседі. Техастың жер көлемі 268,820 шаршы миль (696,200 шаршы километр), халқының саны 25,1 миллион адамды құрайды.

Испанияның отаршылдық саясаты кезінде штат Nuevo Reino de Filipinas : La Provincia de Texas атауымен белгілі болды. Бұл атауды бірінші қолданған адам Antonio Margil de Jesús болып, ол 1716 жылы 20-шілдеде Мексика вице-короліне хат жазғанда осы атауды қолданады. Бұл атау күнделікті өмірде көп қолданыста болмағанымен, 1800 жылдардың аяқтарына дейінгі ресми құжаттарда көп кездесіп тұрады.

Хьюстон Техастағы ең үлкен және АҚШ-тағы төртінші үлкен қала болып есептеледі. Ал Сан-Антонио болса, штаттағы екінші және мемлекеттегі жетінші үлкен қала. Сол сияқты Даллас-Форт Уэрт және Үлкен Хьюстон АҚШ метрополитендік аймақтардағы төртінші және алтыншы орындарда тұрады. Одан басқа ірі қалалар Эл Пасо және Остин сияқты үлкен қалалар болса, штат орталық қалалары болып есептеледі. Техастың тәуелсіз Республика екендігінің және Мексикамен азаттық үшін күресуінің белгісі ретінде штатты “Жалғыз жұлдызды штат” деп атайды. Сондықтан "Жалғыз жұлдыз" бейнесін Техастың туында және штат таңбасында да кездестіруге болады.

Балконас Фолт сияқты аймақтық және геологиялық ерекшеліктеріне қарай Техаста мемлекеттің оңтүстігіндегі және батыс-оңтүстігіндегі жерлерге ұқсас әр түрлі ландшафттар кездеседі. Техас көбінесе оңтүстік-батыс құмды шөлдермен байланысып, штат жалпы аймағының 10%-дан азырақ бөлігін құмдықтар иелейді. Халық көп шоғырланған орталықтардың көбісі бұрынғы жайылма, шалғын, орман, жиектердің аймақтарында орналасқан. Штат бойлап шығыстан батысқа қарай саяхат қылсақ, жағалық батпақтармен қарағайлы ормандардан, жазықтармен биіктерден және соңында Биг Бэнд шөлдерімен тауларынан тұратын ландшафттарды байқауымызға болады.

Техас 268,820 шаршы миль (696,200 километр) аумағымен АҚШ-та Аляскадан соң, екінші орында тұрады. Ол аймағы бойынша Франциядан 10% үлкенірек болса, ал Германия немесе Жапония сияқты елдерден дерлік екі есе артық. Егер Техас ел болғанында, Чили және Замбиядан соң 40-орында тұрар еді.

Техас АҚШ-тың оңтүстік орталығында орналасқан. Штаттың үш шекарасы өзендермен тұтасқан. Рио-Гранд оңтүстікте Мексиканың Чиуауа, Коауила, Нуэво-Леон и Тамаулипас штаттарымен шекара жасайды. Қызыл өзен болса солтүстікте Оклахома және Арканзаспен шекара жасайды. Сабин өзені болса шығыста Луизиана штатымен шекара жасайды. 10 климаттық аймағы, 14 қыртыс аймағы және 11 ерекше экологиялық аймақтарымен регионалдық классификациялау әр түрлі қыртыс, топография, геология, шөгулер, өсімдік және жануарлар қауымдастығымен проблемаға айналады.

Техаста 3700 атаулы тасқындар және 15 ірі өзендер бар. Осы өзендердің ең ірісі Рио-Гранд. Басқа да Пекос, Брезос, Колорадо және Ред-Ривер сияқты өзендер болса Оклахомамен шекарада орналасқан. Әйтседе Техаста табиғи көлдер болғанымен Техастықтар 100-ден аса жасанды су сақтағыштар орнатты. Техастың аумағы және бірегей тарихы оның аймақтық жабдықтарын даулы етіп тұр. Құқық бойынша ол Оңтүстік немесе Оңтүстік-Батыс мемлекеттік болуы керек не екеуі де бірден болуы мүмкін.

Тарихы. «Техастағы алты ту» атауы штат аумағындағы басшылық еткен халықтарды білдіреді. Испания Техас аймағында басшылық еткен алғашқы Еуропалық ел. Франция Техаста қысқа мерзімді отаршылдық саясатын жүргізеді. Мексика болса бұл өңірді 1836 жылға дейін, яғни Техас Республика ретінде тәуелсіздік алғанша өз бақылауында ұстайды. 1845 жылы штат АҚШ-қа 28-штат ретінде қосылады. Мемлекет аннексиясы 1846 жылы Мексика-Америка соғысының басталуына себепші болды. 1861 жылы Техас АҚШ құрамынан шығып, Америкадағы Азаматтық соғыс кезінде Америка штаттары Конфедерациясына кіруін жариялады. Соғыстан соң Одақ аяқ тұруына дейінгі ұзақ мерзімде штат экономикалық құлдырау кезеңін бастан кешірді.

Азаматтық соғыстан соң Техаста дамыған бірден-бір өндіріс мал шаруашылығы еді. Штат көп жылдар бойы шаруашылықтың орталығы болған соң, Техасты көбінесе ковбоймен байланыстырады.

Бөлісу: