Каротаж

4 Желтоқсан 2012, 12:11

Каротаж (франц. сarottage – бұрғылау керні, лат. carota – сәбіз) – бұрғылау ұңғымаларында жүргізілетін арнаулы геофизикалық зерттеулер кешені. Бұл зерттеулер: 1) ұңғыма оқпанының қимасындағы тау жынысы қабаттарын жіктеу және оларды өз шендестерімен сәйкестіру; 2) ұңғыма оқпанының қимасына тән мұнай, газ, көмір қабаттарын, радиоактивті, полиметалды, т.б. кендердің қабаттарын анықтау және барлау; 3) жер қыртысындағы әр түрлі қабаттардың орналасу тереңдігін, қалыңдығын, құрылыс ерекшеліктерін анықтау үшін жүргізіледі. Тау жыныстары мен кен байлықтардың сарапталатын физ. қасиеттеріне қарай К-дың: электрлік, радиоактивтік, сейсмик., акустикалық, магниттік, мех., газдық, т.б. түрлері бар. Электрлік К. бұрғылау ұңғымасында өздігінен туатын немесе жасанды электр өрісін өлшеуге негізделген. Электр өрісінің сипатына (табиғи немесе жасанды, электрлік немесе электрмагниттік) және өлшенетін физ. көрсеткіштеріне қарай, электрлік К. бірнеше әдістерге жіктеледі: табиғи электр өрісі әдісі К-ы, кедергі К-ы, өздігінен полюстену потенциалдарының К-ы, индукциялық және диэлектрлік К.  Радиоактивтік К. тау жыныстарының табиғи немесе жасанды радиоактивтік қарқындылығын өлшеуге негізделген. Оның түрлері – гамма-каротаж, гамма-гамма-каротаж және нейтрондық К. Гамма-К. ұңғыма оқпаны бойындағы тау жыныстары құрамындағы радиоактивтік элементтердің өздігінен ыдырауы нәтижесінде туындаған табиғи гамма-сәулелер қарқындылығын өлшеу шараларына негізделген. Гамма-гамма-К. ұңғыма оқпаны тесіп өткен таужыныстарындағы гамма-кванттар тудырушы заттармен сәулелену нәтижесінде қалыптасқан шашыранды гамма-сәулелер қарқындылығын зерттейді. Нейтрондық К. шапшаң нейтрондардың тау жынысы құрамындағы заттармен әрекеттесу көрінісін зерттеуге негізделген. Радиоактивтік К-дың басты ерекшеліктері: зерттеу тереңдігінің шағындығы, сол сияқты зерттеудің ашық және шегенделген ұңғымалар оқпанында жүргізілу мүмкіндігі. Сейсмикалық К. сейсмик. толқындардың таралу жылдамдықтарын анықтау, сейсмик. шекараларды стратиграф. тұрғыдан нақтылау, сейсмик. толқын түрлерін зерттеу шараларын жүзеге асыру мақсатында жүргізіледі. Акустикалық К. тау жыныстары арқылы өтетін ультрадыбыс және дыбыс диапазонындағы серпімді толқын сипаттарын зерттеуге негізделген. Магниттік К. тау жыныстары мен кентастардың магниттік сезгіштік көрсеткіштерінің әртүрлілігіне негізделген. Механикалық К. ұңғыма оқпанының нақтылы ұзындық бірлігін бұрғылауға кететін уақытты анықтауға арналған. Газдық К. ұңғыма бұрғылау барысында тау жыныстардан сазды ерітіндіге өтетін көмірсутекті газ мөлшерін өлшеуге негізделген. К-дық зерттеулер нәтижесінде “каротаждық қисық сызық” деп аталатын бұрғылау ұңғымасының оқпаны бойында жүргізілген каротаждық өлшем көрсеткіштерінің өзгеруін кескіндейтін сызба дайындалады. Ұңғымада жүргізілетін К. кен орындарын барлауда кеңінен қолданылады. Н. Сейітов  

Каротаж (франц. сarottage – бұрғылау керні, лат. carota – сәбіз) – бұрғылау ұңғымаларында жүргізілетін арнаулы геофизикалық зерттеулер кешені. Бұл зерттеулер: 1) ұңғыма оқпанының қимасындағы тау жынысы қабаттарын жіктеу және оларды өз шендестерімен сәйкестіру; 2) ұңғыма оқпанының қимасына тән мұнай, газ, көмір қабаттарын, радиоактивті, полиметалды, т.б. кендердің қабаттарын анықтау және барлау; 3) жер қыртысындағы әр түрлі қабаттардың орналасу тереңдігін, қалыңдығын, құрылыс ерекшеліктерін анықтау үшін жүргізіледі. Тау жыныстары мен кен байлықтардың сарапталатын физ. қасиеттеріне қарай К-дың: электрлік, радиоактивтік, сейсмик., акустикалық, магниттік, мех., газдық, т.б. түрлері бар. Электрлік К. бұрғылау ұңғымасында өздігінен туатын немесе жасанды электр өрісін өлшеуге негізделген. Электр өрісінің сипатына (табиғи немесе жасанды, электрлік немесе электрмагниттік) және өлшенетін физ. көрсеткіштеріне қарай, электрлік К. бірнеше әдістерге жіктеледі: табиғи электр өрісі әдісі К-ы, кедергі К-ы, өздігінен полюстену потенциалдарының К-ы, индукциялық және диэлектрлік К. 

Радиоактивтік К. тау жыныстарының табиғи немесе жасанды радиоактивтік қарқындылығын өлшеуге негізделген. Оның түрлері – гамма-каротаж, гамма-гамма-каротаж және нейтрондық К. Гамма-К. ұңғыма оқпаны бойындағы тау жыныстары құрамындағы радиоактивтік элементтердің өздігінен ыдырауы нәтижесінде туындаған табиғи гамма-сәулелер қарқындылығын өлшеу шараларына негізделген. Гамма-гамма-К. ұңғыма оқпаны тесіп өткен таужыныстарындағы гамма-кванттар тудырушы заттармен сәулелену нәтижесінде қалыптасқан шашыранды гамма-сәулелер қарқындылығын зерттейді. Нейтрондық К. шапшаң нейтрондардың тау жынысы құрамындағы заттармен әрекеттесу көрінісін зерттеуге негізделген. Радиоактивтік К-дың басты ерекшеліктері: зерттеу тереңдігінің шағындығы, сол сияқты зерттеудің ашық және шегенделген ұңғымалар оқпанында жүргізілу мүмкіндігі. Сейсмикалық К. сейсмик. толқындардың таралу жылдамдықтарын анықтау, сейсмик. шекараларды стратиграф. тұрғыдан нақтылау, сейсмик. толқын түрлерін зерттеу шараларын жүзеге асыру мақсатында жүргізіледі. Акустикалық К. тау жыныстары арқылы өтетін ультрадыбыс және дыбыс диапазонындағы серпімді толқын сипаттарын зерттеуге негізделген. Магниттік К. тау жыныстары мен кентастардың магниттік сезгіштік көрсеткіштерінің әртүрлілігіне негізделген. Механикалық К. ұңғыма оқпанының нақтылы ұзындық бірлігін бұрғылауға кететін уақытты анықтауға арналған. Газдық К. ұңғыма бұрғылау барысында тау жыныстардан сазды ерітіндіге өтетін көмірсутекті газ мөлшерін өлшеуге негізделген. К-дық зерттеулер нәтижесінде “каротаждық қисық сызық” деп аталатын бұрғылау ұңғымасының оқпаны бойында жүргізілген каротаждық өлшем көрсеткіштерінің өзгеруін кескіндейтін сызба дайындалады. Ұңғымада жүргізілетін К. кен орындарын барлауда кеңінен қолданылады.
Н. Сейітов
 
Бөлісу: