Карл Маркс

4 Желтоқсан 2012, 12:04

Маркс Карл Генрих (1818, Германия, Трир қаласы — 1883 Англия, Лондон) —19-шы ғасыр немістің экономист ғалымы, саяси экономисі, революционері, философ, саясаттанушы, әлеуметтанушы, тарихшы, ғылыми коммунизм теориясының іргетасын қалаушы. Британдық "The Penguin Dictionary of Sociology" сөздігі Mаркстің еңбегі әлеуметтанудың дамуы үшін маңызды болып табылатын бес саланы көрсетеді: өзінің алғашқы еңбектершде Маркс иеліктен айыру ұғымына ден қойды; бұл тақырып оның кейінгі көптеген еңбектерінде кездеседі; ол өзінің экономикалық өмір мен басқа да әлеуметтік институттар байланысты деген көзқарастарымен кеңінен танымал; ол ең алдымен әлеуметтік таптарға ұйымдасқан қоғам тіршілігіне талдау жасауға мүдделі болды; әлеуметтік өзгеріс теориясы Маркстің еңбектерінде таптық күрес теориясынан соншалықты көрініс табады. Таптық күрес, оның тұжырымдауынша, "тарихтың қозғаушы күші" болып табылады; бұл идея Маркстің шығармашылығын терең баурап алғаны сонша, батыс әлеуметтануында маркстік теорияны кейде "жанжалдар теориясы" (conflict theory) деп атайды; Маркс негізінен капиталистік қоғамның теоретигі болды. Жалпы мәліметтер Ф. Энгельспен бірге бірқатар еңбектер, алғашқы коммунистік ұйымдардың бағдарламалық құжаттарын жасаған. Маркс пен Энгельс тәрбие мен білімді фундаментальді қоғамдық саяси проблема ретінде қараған. Халықаралық жұмысшылар ұйымдарының басты саяси талаптары катарында Маркс балалардың барлығының қоғамдық және тегін білім алуын қойды, балалар мен жасөепірімдердің еңбегіне, егер ол біліммен байланысты болмаса, заңды түрде тыйым салыну талабын құрастырды.  Маркс дүниетанымының қалыптасуына француз және неміс ағартушыларының, сондай-ақ 18 ғ-дың аяғы мен 19 ғ-дың басындағы қиялшыл социалистердің идеялары ықпал етті. 1835 — 1841 ж. Бонн, кейіннен Берлин университетінің заң ф-тінде білім алды. 1842 ж. “Рейн газетінде” редактор болды. 1843 Парижге кетіп, соц. қозғалыс өкілдерімен танысты. 1844 ж. Ф.Энгельспен кездесті, ол Маркстың ең жақын серігіне айналды. 1845 ж. Брюссельге көшіп келіп, 1848 — 1849 ж. Еуропада өткен төңкерісшіл қозғалысқа белсене араласты. “Коммунистер одағы” халықар. ұйымына мүше болып, 1848 Энгельс екеуі осы ұйымның “Коммунистік партияның манифесі” атты бағдарламасын жазып шықты. 1848 ж. маусым — 1849 ж. мамыр айларында Кельн қ-нда (Германия) Энгельс екеуі “Жаңа Рейн газетін” шығарды (М. бас редактор болды). Еуропадағы төңкерісшілдер талқандалған соң, 1849 ж. Парижге, кейіннен Лондонға көшіп барып, өмірінің соңына дейін сонда тұрды. Маркс 1864 — 76 ж. 1-Интернационал халықар. ұйымының негізін қалап, жетекшілік етті. Лондонда тұрған жылдарында ол ғыл.-қоғамдық жұмыстарының барлығын дерлік Энгельстің материалдық көмегі арқасында жасады. 1867 ж. Маркстің ең басты еңбегі “Капиталдың” 1-томы жарыққа шықты. Бірақ ол бұл еңбегін аяқтай алмады. 2, 3-томдары Энгельстің, ал 4-томы К.Каутскийдің редакциялауымен жарияланды. Өмірінің соңғы жылдарында жұмысшы партияларын қалыптастыру бағытында еңбек етті. 40-жылдардың орта тұсынан бастап Маркс капиталистік қоғамды зерттей келе жаңа идеяның негізін қалады (қ. Марксизм). Ол тарихты материалистік тұрғыдан түсіндірді (тарихи материализм), қосымша құн теориясын жасады, пролетариат төңкерістері нәтижесінде капитализмнің сөзсіз құлайтындығы туралы түсінікті қалыптастырды. М-тың идеялары 19 — 20 ғ-ларда қоғамдағы әлеум. өзгерістерге айтарлықтай әсерін тигізді.  

Маркс Карл Генрих (1818, Германия, Трир қаласы — 1883 Англия, Лондон) —19-шы ғасыр немістің экономист ғалымы, саяси экономисі, революционері, философ, саясаттанушы, әлеуметтанушы, тарихшы, ғылыми коммунизм теориясының іргетасын қалаушы.

Британдық "The Penguin Dictionary of Sociology" сөздігі Mаркстің еңбегі әлеуметтанудың дамуы үшін маңызды болып табылатын бес саланы көрсетеді:
өзінің алғашқы еңбектершде Маркс иеліктен айыру ұғымына ден қойды; бұл тақырып оның кейінгі көптеген еңбектерінде кездеседі;
ол өзінің экономикалық өмір мен басқа да әлеуметтік институттар байланысты деген көзқарастарымен кеңінен танымал;
ол ең алдымен әлеуметтік таптарға ұйымдасқан қоғам тіршілігіне талдау жасауға мүдделі болды;
әлеуметтік өзгеріс теориясы Маркстің еңбектерінде таптық күрес теориясынан соншалықты көрініс табады. Таптық күрес, оның тұжырымдауынша, "тарихтың қозғаушы күші" болып табылады; бұл идея Маркстің шығармашылығын терең баурап алғаны сонша, батыс әлеуметтануында маркстік теорияны кейде "жанжалдар теориясы" (conflict theory) деп атайды;
Маркс негізінен капиталистік қоғамның теоретигі болды.
Жалпы мәліметтер
Ф. Энгельспен бірге бірқатар еңбектер, алғашқы коммунистік ұйымдардың бағдарламалық құжаттарын жасаған. Маркс пен Энгельс тәрбие мен білімді фундаментальді қоғамдық саяси проблема ретінде қараған. Халықаралық жұмысшылар ұйымдарының басты саяси талаптары катарында Маркс балалардың барлығының қоғамдық және тегін білім алуын қойды, балалар мен жасөепірімдердің еңбегіне, егер ол біліммен байланысты болмаса, заңды түрде тыйым салыну талабын құрастырды. 
Маркс дүниетанымының қалыптасуына француз және неміс ағартушыларының, сондай-ақ 18 ғ-дың аяғы мен 19 ғ-дың басындағы қиялшыл социалистердің идеялары ықпал етті. 1835 — 1841 ж. Бонн, кейіннен Берлин университетінің заң ф-тінде білім алды. 1842 ж. “Рейн газетінде” редактор болды. 1843 Парижге кетіп, соц. қозғалыс өкілдерімен танысты. 1844 ж. Ф.Энгельспен кездесті, ол Маркстың ең жақын серігіне айналды. 1845 ж. Брюссельге көшіп келіп, 1848 — 1849 ж. Еуропада өткен төңкерісшіл қозғалысқа белсене араласты.
“Коммунистер одағы” халықар. ұйымына мүше болып, 1848 Энгельс екеуі осы ұйымның “Коммунистік партияның манифесі” атты бағдарламасын жазып шықты. 1848 ж. маусым — 1849 ж. мамыр айларында Кельн қ-нда (Германия) Энгельс екеуі “Жаңа Рейн газетін” шығарды (М. бас редактор болды). Еуропадағы төңкерісшілдер талқандалған соң, 1849 ж. Парижге, кейіннен Лондонға көшіп барып, өмірінің соңына дейін сонда тұрды.
Маркс 1864 — 76 ж. 1-Интернационал халықар. ұйымының негізін қалап, жетекшілік етті. Лондонда тұрған жылдарында ол ғыл.-қоғамдық жұмыстарының барлығын дерлік Энгельстің материалдық көмегі арқасында жасады. 1867 ж. Маркстің ең басты еңбегі “Капиталдың” 1-томы жарыққа шықты. Бірақ ол бұл еңбегін аяқтай алмады. 2, 3-томдары Энгельстің, ал 4-томы К.Каутскийдің редакциялауымен жарияланды.
Өмірінің соңғы жылдарында жұмысшы партияларын қалыптастыру бағытында еңбек етті. 40-жылдардың орта тұсынан бастап Маркс капиталистік қоғамды зерттей келе жаңа идеяның негізін қалады (қ. Марксизм). Ол тарихты материалистік тұрғыдан түсіндірді (тарихи материализм), қосымша құн теориясын жасады, пролетариат төңкерістері нәтижесінде капитализмнің сөзсіз құлайтындығы туралы түсінікті қалыптастырды. М-тың идеялары 19 — 20 ғ-ларда қоғамдағы әлеум. өзгерістерге айтарлықтай әсерін тигізді.
 
Бөлісу: