Кейбір ұлт жазушыларының романдары туралы

4 Желтоқсан 2012, 08:14

  Кейбір ұлт жазушыларының романдары туралы Социалистік мазмұндағы ұлттық түр - көп ұлтты сан алуан әдебиеттерге байланысты аса кең көлемді мәселе. Әрбір ұлт жағдайында бұл мәселе сан қилы көп жүйелерге бөлініп, әрқайсысы бүтін бір социалистік мәдениет ұғымын береді (мәселен, әдебиет, музыка, театр искусствосы). Біз бұл мақаламызда, шығармаларын түпнұсқаларынан оқуымызға мүмкіншілік болған ұлт жазушыларының бірнеше романдары жөнінде ішінара пікір айтпақпыз. Осы шығармаларды түпнұсқаларына сүйене отырып, нақтылы, дәл және дұрыс қорытынды шығаруға болады деп білеміз. Неге десеңіз, тіпті поэзияны былай қоя тұрып, кілең прозаны алып қарайтын болсақ та, олардың аудармалары, көбінесе, сол шығармалардың түпнұсқасындағы ерекшеліктерді, құнды жақтары мен елеулі кемшіліктерін дәлме-дәл жеткізіп бере алмай жүр. Бұл мақаламызда еліміздегі бес халықтың тілінде жазылған романдарды, дәлірек айтқанда, татар жазушысы Башировтің "Намыс" романын, өзбек жазушысы Айбектің "Алтын атыраптан ескен желдер" романын, қазақ жазушысы Мұстафиннің "Миллионер" романын, қырғыз жазушысы Сыдықбековтың "Біздің заманның адамдары" романын әдейі тандап алдық. Осы романдарға байланысты С. Бабаевскийдің "Алтын жұлдызды жігіт", "Жер бетіндегі жарық" романдарын да қысқаша шолмақпыз. Бұл романдар мезгіл жөнінен бір кезде шыққандықтан, тақырыптары бір болғандықтан өзара бірлестік тапқан, бірыңғай шығармалар. Бұл шығармалар социалистік деревняның Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ("Намыс", "Біздің заманның адамдары"), немесе соғыстан кейінгі алғашқы жылдардағы хал-жайларын ("Алтын жұлдызды жігіт", "Жер бетіндегі жарық", "Миллионер", "Алтын атыраптан ескен желдер") көркем әдебиетте көрсетуге арналған. Бұл шығармалардың барлығы да соңғы жылдарда жазылды. "Миллионер", "Біздің заманның адамдары", "Алтын жұлдызды жігіт" 1948 жылы жазылды. "Жер бетіндегі жарық" және "Алтын атыраптан ескен желдер" 1949 жылы жазылды. Республикаларымызда болсын, бүкіл Одақта болсын жоғарыда аталған шығармаларды әдебиет оқушылары жоғары бағалап, құп көріп, қабыл алды. "Миллионер", "Намыс" және "Біздің заманның адамдары" романдары орыс тіліне аударылды. "Алтын атыраптан ескен желдер" романы аударылып жатыр. Бір елеулі мәселені сөз арасында атап айтқымыз келеді: ұлт жазушысының романын орыс тіліне аударудың тарихи маңызы ерекше зор. Өйткені шығарманың авторы, сонымен қатар, қазіргі дәуірде өркендеп отырған ұлт республикасының бүкіл әдебиеті сол аударма арқылы бүкіл Одақтың сынына түседі, шеберлікке жетілгені жөнінде емтиханнан өтеді. Солай бола тұрса да, осы романдардың көпшілігінің көлемі шағындалып, көркемдік стильдері түгел сақталмай, одақтық әдебиет оқушыларына шала-жансар күйде ұсынылып жүр. Мәселен, Сыдықбековтың "Біздің заманның адамдары" романы түпнұсқасында 21,5 баспа табақ болса, аудармасы небары 15 баспа табақ болып шықты. Романның алты баспа табағы қысқарып қалған. Ірі шығармаларды журналдардың лажсыздан қысқартатын бір жағдайы бар. Мұны да еске алуымыз керек. Ірі шығармаларды қысқартып, шағындауға келгенде әсіресе жылына 6 рет шығатын "Дружба народов" альманахының қаламы тым ұшқыр. Туысқан халықтар әдебиетінің жетістіктерін жұртшылыққа жариялап отырған альманахтың бұл әдетіне қынжылмасқа болмайды. Алайда бұл альманах ірі шығарманы екі санына бөліп баса алмайтын болғандықтан, біржола сыйғызуды көздейді де, шығарманы шағындап, қысқартып басады. Б.Кербебаевтың "Шешуші қадам" романының түпнұсқасы 40 баспа табақ еді, ал альманахта небары 10 баспа табақ көлемінде басылды. Башировтің"Намыс" романының көлемі 31 баспа табақ еді, альманахта 10 баспа табақ көлемінде қысқарып шықты. Оқтын - оқтын шығып тұратын журналдар мен альманахтардың ерекше жағдайларымен санасып, ұлт авторларының шығармаларын өз бойларына шақтап басқанына лажсыз көнейікші; тіпті балаларға арналып шығарылатын ерекше нұсқаларын өзгеше өңдеп, көркем аударманың құнын сақтай отырып қысқартып, балаларға лайықтап басуды да заңды, орынды іс делік. Ал енді, "Мемлекеттік көркем әдебиет" баспасы, "Совет жазушысы" және басқа беделді баспа орындары кейбір ұлт жазушыларының шығармаларын құлдырата қысқартып, автордың да, оның шығармасының да шынайы сипатын одақтық әдебиет оқушыларына жете таныта алмауы жағымсыз, жаман әдет. Мәселен, С.Мұқановтың 45 баспа табақ "Жұмбақ жалау" романы орысша аудармасында "Ботагөз" деген атпен 25 баспа табақ көлемде басылып шықты. Бұдан шығатын қорытынды қандай болмақ? Ең алдымен, әлгі жал-құйрығы күзеліп, құнарлы қыртысынан жұрдай болып басылған сыла шығармамен бірден танысқан совет оқушысы сол кітапты оқығанда да, тіпті сын мақалалары мен рецензиялар арқылы да ойдағыдай таныса алмайды. Немесе 6, 10, 20 баспа табағы қысқарған роман өзінің мазмұны мен көркемдік құны жөнінен қыруар шығынға ұшырайды; оның бер жағында, бір романға, яки бір повеске бодау боларлық көлемін жормай, немесе лажсыздан сылып тастаған шығарманы оқушы, бас-аяғы толық және түпнұсқасында шала-жансар жазылған әлсіз шығарма екен деп білетін болады. Демек, бұрынғы заманда проза жанры болмай келген өз ұлтының әдебиетінде көбінесе жаңашыл болып көзге түсіп, оза шауып, жүлде алып жүрген ұлт авторы - прозаик, көркем сөздің шебері болу мәселесіне жеткілікті көңіл бөлмейді екен, өз шығармасының мазмұны мен идеясын сомдап соғатын түр жөніндегі жауапкершілігін онша елемейді екен деген жаңсақ ұғым туады. "Адам жанының инженері" болу дегеніміз, - дейді Жданов жолдас, тілдің мәдениетті болуы үшін, шығармалардың сапасы үшін белсене күресу болып табылады... Бізге аса шебер жазылған көркем шығармалар керек... Аса шебер жазылған, жоғары идеялы, көркем мазмұнды шығармалар жасаңыздар!" Москвадағы баспа орындары ұлт авторлары шығармаларының жолма-жол аудармасымен жете танысып, кітаптың көркемдік жөнінен кемшін соғатын жерлері болса, түпнұсқасы бойынша автордың өзіне желдіртуге тиіс. Өйткені аудармашының міндеті қосалқы автор болу емес, аудару ғана ғой! Орыс тілінде басылуға ұйғарылған ірі шығармалардың романға, яки повеске бодау болғандай көлемін қысқартқанда, әр жерін сызып, бөліп алып тастамай, сол шығарманың тексін қалай болса солай игеріп, өз беттерімен кетеді, тіпті дәлме-дәл аудару дегенді естен шығарып, ондаған беттерін сықпалап әкеліп, аядай жерге сыйғызып жібереді... Ендігі бір міндет - шеберлік мәселесіне, социалистік реализм шарттарына сай келетін қатаң түр мәселесіне ұлт республикаларының жазушылар одақтары, олардың баспа орындары және шығармалардың редакторлары талапты күшейтуге тиіс. Өйткені бұл талаптар аса шеберлікпен ғана орындалмақ. Алайда жаңағы айтылған азды-көпті пікіріміз ұлттық түр проблемасының өзекті саласы емес екенін ескерте кеткіміз келеді, өйткені шығарманың жосықсыз ұзақ болуы, сюжетінің ойлы-қырлы, кедір-бұдыр болуы, немесе шығарманың көркемдігі ойдағыдай болып шықпауы жеке бір әдебиеттің өзіне ғана тән ерекшелігі де емес, болмаса ұлттық сипаты да емес. Бұл секілді кемшіліктер қай тілде жазылған шығармалардан болса да кездесуі ықтимал. Мұндай кемшіліктер әлгі өзіміз атап өткен шығармалардың бәрінде де бар. Шығарманың шұбалаңқылығы тұрғысынан алып қарайтын болсақ, ондай кемшіліктерден С.Бабаевскийдің романдары да құралақан емес. Оның бұл кемшілігін сыншылар да кезінде атап көрсеткен болатын. Біз өз пікірімізді жоғарыда көрсетілген кемшіліктерден бастадық, өйткені осы жағымсыз әдеттің өзі әдебиетіміздің сапа жағынан өсуіне зиян тигізеді. Бұл кемшілік бізде үлкен орын алып келді, сондықтан да оған күнбе-күнгі жұмысымызда, творчестволық аудармалық ісімізде және баспа орындарының қызметінде жұртшылық сынының назарын аударудың маңызы аса зор. Жоғарыда аталған кемшіліктер ұлттық түрдің айрықша проблемасы болмағанымен, әрбір жеке ұлт әдебиетінің жағдайында елеулі олқылықты аңғартып, осы әдебиеттердің проза жанры тиісті сатыға көтеріле алмағанын, шеберлікке әлі де жетіле алмағанын көрсетеді. Сондықтан да осы кемшіліктерді жоюдың өзі - әрбір ұлт әдебиетінде социалистік реализм әдісін толық меңгеру жолындағы басты міндеттің бірі болып табылады. Аттары аталған романдарды талдауға кіріселік. Ең алдымен, осы романдарды жұртшылығымыздың жоғары бағалап, сүйіспеншілікпен қарсы алуына себепші болған негізгі, шешуші "ортақ" жағдайлар қандай? Оның жауабы мынадай болуға керек: біздің совет жазушыларының таңдаулы романдарының, оның ішінде біз сөз етіп отырған романдардың құнды шығарма болуына көмектескен — бүкіл совет әдебиетінің өресін бүкіл әлем әдебиетінен биік дәрежеге көтерген социалистік мазмұн деп білуіміз керек. Бұл романдардың әрқайсысы бір-біріне тәуелді болмай, жеке-жеке жазылған шығармалар. Бұларда біріне-бірі еліктеу де кездеспейді. Алайда олардың әрқайсысы өзінің ұлттық әдебиеті арнасында соны және күшті шығарма болып шықты. Дегенмен оларда идеялық тұтастық, іштей байланыс бар, олардағы кейіпкерлердің сана-сезімі, ой-пікірі, күресі мен тағдыры бір-біріне ұқсастық тауып отырады. Лениндік достық күннің нұр шұғыласына бөленіп, еркін, бақытты өмірде жарастықты ынтымақпен дәурен сүрген халықтарымыздың өмірі, жетістіктері мен жеңістері, бүгінгісі мен болашағы өзара бекем бірлікте болғандығынан туады бұл жағдай. Бұл романдарды оқып отырғанда орыс, өзбек, қазақ, татар және қырғыз тілінде құдіретті үнмен шырқалған бақытты Отан гимнін, совет заманының гимнін тыңдағандай әсер аламыз; топталып, бір жерден шырқалған гимн хорының алуан дауыстарын Кубанға, Еділге, Қарағанды даласына, Ферғанаға және Орталық Тянь - Шанға әдейі бөліп қойғандай болады. Алты айшылық алыс жолдар қысқарып, талай ғасырлар бойы орын тепкен мешеулік, басқа ұлтты жатырқау, шеттету қамалдары ойран болды; адам, семья және мемлекет дейтін ұғымдар өзгеріп, ұлғайып кетті. Кубань жігіттері Сергей Тутаринов пен Кондратьевтің татардың "Шолпан" колхозында Мансұров, Хайдар, Нафиса, өзбектің "Қаһарман", "Элабад" колхоздарында Уктай, Мирхайдар, Камила, қазақтың "Амангелді" колхозында Жомарт, Жанат, қырғыздың ;'Б" колхозында Шарғын, Ақия сияқты аға-інілері, апа-қарындастары бар. Олар - коммунистік тәрбие, Отанға деген шексіз сүйіспеншілік жөнінен, жанқиярлық еңбек жөнінен, құрылыстың барлық салаларында және өздерінің ортақ Отанының жауларына қарсы майдандарда жеңіске жету жолындағы күресте бір мақсат, бір тілекте болуларымен, бір атадан, бір анадан өрбігендей туыстар екенін сипаттайды. Олардың досты риясыз сүюі де, дұшпанды мейлінше жек көруі де бірінен-бірі айнымайтын ұқсастықта болып отырады. Тіпті, олардың еңбек жорықтары және өз қолдарымен жасап алған материалдық-техникалық бағалы мүліктері де ортақ дүние сияқты. Сондықтан да олар - бір тілек, бір мақсатта өзара ұйымдасып, болашақ коммунизм қоғамын орнату жолында үдере жол тартып бара жатқан елімізде сан алуан жаңалықтар ашып, Отан игілігі үшін жан аямай еңбек етіп жүрген озат адамдар. Сондықтан да мақта даласындағы жүз процентші Таңсықтың кетпені Еділ қызы Нафиса орағының қасында жалтылдап тұрғандай әсер аласыз. Кубань станицаларында Тутаринов тартқан электр тогы Аргрэс арқылы "Амангелді" колхозының фермалары мен ұсталық дүкендеріне жарық беріп тұрғандай болады. Бұл романдардағы жеңістер жайы әрқилы, яғни біреулердің "бүгін" қолы жеткен, кемеліне келіп, халықты кенелткен жаңалықтары енді бір романдарда "ертең" қол жететін алдағы іс болып отырады. Алайда осы табыстар бәріне де ортақ, өйткені Отан дәулетіне бәріміз де ортақпыз, еншілеспіз деп біледі олар. Бұл романдардың кейіпкерлері өзінің жерін, оның көркем табиғатын сүйе отырып, бүкіл Отанын, барша совет халықтарын шексіз сүйеді, адамзаттың асқан кемеңгері Ленинді ардақтайды, өз халықтарының ұлы адамдары - Горький, Маяковский, Науаи, Абай, Ғабдолла Тоқай, Вильямс, Мичуриндерді мақтаныш етіп, қадір тұтады. Бойға біткен ізгі сипаттар, зор арман, жеңіске жетуге ұмтылған өршіл адамдарға тән қажымас жігер-қайрат және болашаққа зор сеніммен қарайтын игі мінез - олардың алуан түрде суреттелген жарқын, тамаша образдарының басты қасиеттері. Мұндай қасиетті оларға біздің заманымыз берді, бұл - совет адамының бойына біткен ізгі қасиет. Ленин партиясының данышпандық басшылығы арқасында жүргізілген барлық істерінде, болып өткен, қазіргі күндерде болып жатқан таңғажайып ұлы істерінде, өздерінің ой-армандарында совет адамдары осы артықша қасиетін бар тұлғасымен көрсетуде. Идеялық көркемдігі жөнінен аса құнды, тәлім-тәрбие жөнінен оқушыларымызға үлгі боларлық осындай шығармалар жазуға біздің жазушыларымызды шабыттандырып, дем берген марксизм-ленинизм ілімі. Сонымен қатар сәтті шығарма жазып, жұртшылығымыздың ойлаған жерінен шыққан жазушыларымыз совет адамына да қарыздар, өйткені олар мұндай адамды ойдан шығарып, қиял дүниесінен алып суреттей салған жоқ, олар совет адамының образын біртұтас коммунистік биік моральдің иен ортасынан даяр күйінде алып, оның жан дүниесін, артықша асыл қасиеттерін көркем сөзбен суреттеп берді. Жазушылар өз шығармасын құп көріп қабыл алып, олқы жері болса, ойша толықтырған совет оқушыларына да қарыздар. Өйткені оқушылар сол кітаптардағы адамдарды суреттеуде жетіңкіремей жатқан, олқы соғып тұрған жерлерін лезде тауып алып, жазушыларымызға ылғи пайдалы кеңес беріп отырады. "Алмақтың да салмағы бар" деп халық бекер айтпаған. Жұртшылық құп көріп қабылдаса, аса зор баға беріп жазушыны қадірлесе, жазушының оған қайтарар есесі де сай болмақ керек. Әсіресе бұл талап жазушыға социалистік реализм әдісін ойдағыдай меңгеру, ұлттық түрді социалистік мазмұнмен тығыз ұштастыру тұрғысынан қойылады. Социалистік шындығымыздың соны, тың, құнды материалдары мен әрбір ұлт әдебиетін байытуға тиісті болған көркемдік сапа жөнінен алып қарағанда аталған романдар не күйде? Адамдарды, олардың еңбегі мен жетістіктерін суреттеу жөнінде ұлт жазушысының шығармасы толық бағалы болып шықты ма? Совет адамы және оның қаһармандық керемет істері биік дәрежелі көркем шығармаларда орындалатын басқа міндеттердің бәрінен де жоғары тұрады. Ұлттық түр дегеніміз - бұлжымай, өзгермей, бір орында тұрып қалатын бір нәрсе емес екенін естен шығаруға болмайды. Ұлттық түр дегеніміз - өткен заманалар бойына тарихи жағдайда қалыптасып, халықтың жаңа дәуірде мәдени-тарихи дамуымен байланысты үнемі соны қасиеттер, жетістіктер тауып, өркендеп, байып отырады. Біздің социалистік творчествомыздағы ұлттық түр - өз шеңберінен шыға алмай, өзімен-өзі ғана болатын нәрсе емес, халықтың қажетін өтейтін, керегіне жарайтын күшті құрал. Оған уақытша, өткінші категориялар арқылы шек қойылуына қарап, дамымайтын, өзгермейтін нәрсе деп қарау дұрыс болмайды. Сондықтан ұлттық түр әр алуан искусствоның ерекшеліктеріне қарай, мәдени өмірімізге әрдайым қатынасып отырады. Бір халықтың дәстүріне жатпайтын, ал жаңадан дамып өркендеген халықтардың гүлденіп өскен тың, жаңа қасиеті ретінде пайдаланылған нәрсенің өзі кейде, тіпті көп жағдайларда ұлттық түрге айналады. Роман жанры, жалпы алғанда көркем проза дегеніміз - революцияға шейін өзбек, қазақ, қырғыз халықтарында атымен болған емес. Татар әдебиетінің тарихында ғана аз да болса жеміс берген шамалы мезгілде (небары он бес жыл) проза жанры өркендей бастап еді. Октябрь революциясынан кейін осы халықтардың социалистік мәдениетінің кең арнасында роман жанры пайда болды. Проза жанры - бұл күнде классикалық шығармалардың және орыс совет жазушылары аудармаларымен қатар, өзбек, қазақ, т.б. халықтар әдебиетінің нағыз сүйікті, қадірлі саласы болып отыр. Алайда бұл жаңа түрдің өзі, әрбір шығармада көп ұлттық қасиеттерді, тіпті шешуші қасиеттерді өз бойына мол сіңіруде. Роман әр халықтың өз тілінде жазылады, демек, сөз - суреттеу құралы ретінде өз халқының әдебиет тілінің қазынасын барынша пайдаланады; фольклорда, поэзияда қалыптасқан көркем сөз мәдениетінің жақсы үлгілерін - әр халықтың ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің үлгілі нұсқаларын іске жаратады. Сонымен қатар, ұлт жазушыларының қай романы болса да, орыс және дүние жүзі классиктерінің, алдыңғы қатарлы орыс совет жазушыларының жақсы дәстүрлерінен алған үлгінің жемісі деп білуіміз керек. Дәлірек талдап, аудара қарап, ақтара тексерсеңіз, ұлттық түр проблемасы - әрбір ұлт әдебиетінде, оның бер жағында, төрт аяғынан тең басқан әрбір жақсы шығармада жан-жақты және әр алуан тарауларға бөлінетін ұшан-теңіз зор мәселе. Біз осы шағын мақаламыздағы шолуымызда талданатын романдардың материалдарына сүйеніп, әлгі айтылған проблеманы ішінара қарастырып өтпекпіз. Сөйтіп, осы романдардың жетістіктерін айтумен бірге, ұлттық түрді шеберлікпен орынды қолданбағандықтан, - оның өзі ұлт жазушыларының социалистік реализмді меңгеру жолындағы игі талабына тұсау, кедергі болып кетуінен туатын елеулі кемшіліктерге де тоқталмақпыз. Біздің жазушыларымыз совет адамдарын қалай көрсетуі керек деген тұрғыдан қойылатын талаптардың орындалуын анықтау үшін, романның кейіпкерлерін және олардың коллективтік ортасын, сол сияқты, осы адамдардың жігер-қайраты мен талап - мақсаттарын суреттеудегі жазушының қолданған әдіс-тәсілі мен құралын әдейі талдамақпыз. Әр жазушы аса мән беріп, дұрыс көтерген бір тақырыпқа - әлем әдебиетінің ішінде біздің совет әдебиетінде ғана қолға алынып, ойдағыдай дәрежеге көтерілген халықтар достығы тақырыбына осы шолуымызда аз да болса көңіл бөлуді орынды деп білеміз. Халықтар достығы тақырыбы қалай суреттелгенін көру үшін жеке романдарды қарастырып өтейік. Халықтар достығы идеясы бұл шығармаларда орыс адамының образы арқылы беріледі ("Біздің заманның адамдары", "Алтын атыраптан ескен желдер", "Намыс" романдарында). Бұл жөнде ұлы орыс мәдениетін, ұлы орыс халқын, оның өткен замандағы, осы күнгі атақты адамдарын сыйлап, қадірлеу сүйсінерлік жағдай. Осы идеялық - творчестволық тұрғыдан қарап, жазушылардың барлығы да орыс адамын жағымды кейіпте суреттейді. Орыс адамдарының образын жасауда екі түрлі жол, екі жүйелі тәсіл - әдіс бар екені байқалады. Біріншісі - көпшілікке кең таралғанымен, талас туғызатын даулы әдіс. Бұл әдіс бойынша суреттелген орыс адамы - өзінің ұлттық сипаттарынан жұрдай болып, басқа ұлттың адамына айналады. Орыс адамының бұлай суреттелуін - осы халықтың арасында көп жылдан бері қарай өмір сүруі, тілін, әдет-ғұрпын мүлтіксіз білуі сияқты себептермен дәлелдейді. Осындай ерекшеліктің салдарынан орыс адамы өзінің жүріс-тұрысында, мінез - құлқында, ой-санасында және сөйлеген сөзінде өзінің ежелгі ұлттық сипаттарынан мүлде айырылып қалады. Сыдықбековтың "Біздің заманның адамдары" романындағы Дмитрий ұста, оның әйелі Надежда Сергеевна, балалары Сергей мен Мария айна-қатесіз қырғыз болып шыққан. Мұны өрескел кемшілік деуге болмайды, бірақ осы сияқты жеңіл-желпі тәсілмен суреттеп, жазушы орыс адамын көрсетудің қиын әдісінен, біздің ойымызша, игі міндеттен - орыс адамын орыс қалпында, ішкі дүниесіндегі, мінез - құлқындағы өзіне тән мол қасиеттерімен, орыс халқының бойына біткен ерекше асыл сипаттарымен суреттеп беру міндетінен қашқақтап, бой тартқан. Анығырақ айтқанда, жазушы орыс адамын өз халқының адамдарымен аралас суреттеп, өзінің жаңа кейіпкерлерін шартты түрде оңай бейнелейді, сөйтіп, романдағы қырғыздың санын көбейтумен тынады. Халықтарымыздың арасындағы орыс адамы - жоғары дәрежелі озық мәдениет пен үлгі-өнеге боларлық алдыңғы қатарлы дәстүрлерді халыққа тарататын бейне екенін естен шығаруға болмайды. Орыс адамын "өңін айналдырып" суреттеу Садықбековтен басқа жазушыларда да жоқ емес. Өзінің "Сырдария" романының алғашқы нұсқасында Сәбит Мұқанов Анатолийді дәл солай суреттейді. Бұл романда Анатолий ұлт айырмашылығынан жым-жылас айырылып, бүтіндей өзгеріп кетеді, өзбек қызына үйленіп, қызы Гүлнарды қазақ салтымен өсіреді. Бұл образдың бір жағымды жері - Анатолий қазаққа айналып кеткенімен, орыс халқының ұлы мәдениетін таратушы, уағыздаушы адам қалпында қалады, егістік жерді суландырушы маман ретінде шөл далада суды молайтуға бастаушы болады. "Шығанақ Берсиев" романының (қазақ тіліндегі нұсқасы) кейіпкері Иванды Мұстафин де дәл осылай суреттеген. Роман орысша аударылғанда Мұстафин бұл кейіпкеріне қазақша ат қойып, оп-оңай қазаққа айналдырды. Басқа ұлтпен бірге өсіп, біте қайнаған орыс адамын суреттеуде Айбек өзінің "Алтын атыраптан ескен желдер" романында дұрыс әдіс тапқан. "Намыс" романында Баширов та біраз дұрыс суреттелген. Орыс агротехнигі Акаскинді, суландырушы - инженер Астаховты, оның әйелі Галяны, олардың жүз процентші - мақташы өзбек қыздарымен қарым-қатынасын шынайы суреттеумен Айбек ысылған, мәдениетті шебер жазушы екенін танытты. Акаскин де өзбек арасында он төрт жыл тұрып, өзбек тіліне әбден жетілген адам. Алайда жүз процентші өзбек қыздарына тәжірибелі, ақылгөй аға, жанашыр дос болып жүріп-ақ, мінез-құлқын да болсын, адамдармен сөйлескенде болсын, ол өзінің орыстық қасиетін сақтайды. Саксон ата сықылды өзбек шалдары, бүкіл өзбек жастары Акаскинді де, Астаховты да осындай тамаша қасиеттері үшін аса ардақтап, қатты сыйлайды. Творчестволық жолда ізденбей, даяр тұрған шала-жансар кейіпкерді қалқита қоятын ұлт жазушыларына Айбектің творчестволық жетістігі өнеге болуға тиісті. Басқа совет халықтарының адамдарын көрсетуде орыс романдары мен пьесаларында да істің жайы онша емес екенін атап айтуға тиістіміз. Халық арасына көп таралған, совет оқушылары жақсы қарсы алып жүрген типтер бар екені де рас. Әңгіме өзіне лайықты өзгеше сөз ырғағы, орыс сөзін өзінше мәнерлеп сөйлейтін ерекшелігі бар, оңтүстік халықтарына тән қызу қанды мінезі бар, кавказдық дербес типтер жайында болып отыр. Бірақ, амал қанша, Адаевтың "Москвадан алыста" атты талантты романының өзінде де инженер Беридзе (аты-жөніне қарағанда грузин болуға тиіс) жағымды мінезді совет маманы болғанымен, оның ой-пікірінде, сезім дүниесінде, тіпті әр кезде сөйлеген еске алу сөздерінде өз ұлтының бір сырлы, сегіз қырлы рухани байлығы мен асыл мінезінің ұшығы да жоқ. Ал қазақ образын беру жөніндегі мысалға Корнейчуктің "Майдан" пьесасы мен Казакевичтің "Жапандағы екі жігіт" повесін алсақ та жеткілікті. Пьесадағы Шаяхметов пен повестегі Жорабай ақыл-парасатқа жарлы, жеңіл қолды адамдар. Жоғарыда аталған кейіпкерлердің екеуі де, өздерінің атқаратын қызметі бойынша, әлгі айтылған екі шығарманың алдына қойылған міндетіне сай, сөз жоқ, жағымды типтер болуға лайықталған. Бірақ, әсіресе Казакевич повесіндегі қазақ құр сүлдер, қуыс қурай, немесе темірден жасалған қуыршақ адам болып шыққан. Шығармаларындағы басқа халықтар кейіпкерлерін өз қалпында, яғни ұлттық қасиетін сақтай отырып, өңін айналдырмай, қолдан орысқа айналдырып жібермей, дұрыс көрсетуге тырысушылық бар екені де рас. Мұны игі талап деп білуіміз керек. Осы шолу мақаламызда айта кетуге тиісті негізгі бір мәселе - совет халықтарының өкілдерін - басты кейіпкерлерді және олардың төңірегіндегі адамдарды көрсету жайы еді. Сөз болып отырған романдардағы бір ерекше қасиет - оларда совет адамдары социалистік деревняның таңдаулы өкілдері ретінде, коммунизмнің биік саналы құрылысшысы ретінде суреттеледі. Олардың өзгеріп, жаңарған психологиясы, мінез-құлықтары, партия ісі үшін күресу жолындағы отаншылдық керемет істері, көздеген игі мақсаттары бұл романдарда жақсы көрсетілгенін атап айтуға тиіспіз. Бұл романдарда Ұлы Отан соғысы кезіндегі оқиғалар бірсыпыра мол суреттелген, социалистік дәуірде советтік шығыс әйелдерінің атқаратын қызметі мен алатын орны төрден орын алған. Бұл романдарда отаншыл әйелдер ерлермен тең праволы болып, бірдей қызмет атқарады. Олар еңбекте де ерлермен тең жүреді. Еңбек әйелдерінің игі мінездерін, ішкі дүниесінің керемет жақсы қасиеттерін ашады. Татар қызы Нафиса, өзбек қызы Камила, қырғыз қызы Ақия, қазақ қызы Жанат, тағы басқалар осындай әйелдер. Бұл романдарда олар өздерінің жеке басы мәселелеріне байланысты іштей толғану, сүйген жарға және еңбек пен коғамдық ерлік істердегі жолдас-жораларына деген кіршіксіз таза махаббаттары арқылы көрінеді. Әйелдерді жаңаша суреттеп көрсету - ұлт әдебиетінің дәстүрін социалистік мазмұнмен, совет әдебиетінің биік идеясымен, көркемдік мәдениетімен байыту, молықтыру болып табылады. "Алтын атыраптан ескен желдер", "Намыс" романдарындағы кейіпкер әйелдер білімдерін молайтуға талаптанады. Олар колхоз жерінде істей жүріп, бір жағынан, ұдайы кітап оқып, өздерінің білімдерін көтереді, мәдениеттіліктерін арттырады. Сөз болып отырған романдардың бәрінде де мосқал әйелдер - аналар образы шынайы түрде жақсы көрсетілген. Өзбек, татар романдарында да, қырғыз, қазақ романдарында да мейірбанды ананың асыл мінезі, жасы кішілерге деген сүйіспеншілігі мен қамқорлығы жақсы көрсетіледі. Сонымен қатар олардың санасындағы ескі ұғымдар жайы да әр романда түрліше суреттеледі. Басты кейіпкерлерді іс үстінде көрсету жөнінде Мұстафиннің "Миллионер" романында, Айбектің "Алтын атыраптан ескен желдер" романында қолданылған тәсілдер, біздің ойымызша, талас туғызады. Осы романдардың басынан - ақ талапкер, жаңашыл адамдар болып көрініп, колхозға келген Жомарт та, Уктай да шығарманың өн бойында еңбекке қолма-қол араласпайды. Олардың істері мен жігер-қайраттары өздері басшылық еткен ұшан-теңіз көп істердің арасында бытырап кетіп, көрінбей қалады. Олар талай істерді қолға алады, бірақ айта қаларлықтай берекелі ештеңе істей алмайды. Мұстафин романында бай колхоздың жаңа бастығы Жомарт небары он ай уақыттың ішінде түрлі кереметтер жасайды. Автордың көрсетуі бойынша, агроном Жомарт колхозды өркендетіп, мәдениетін өсіру жөнінде жоспар жасап, оны аудандық партия комитеті мен колхозшылар мақұлдайды. Осындай жағдайларға сүйеніп, автор бұдан былайғы жердегі істердің бәрін тез, оп-оңай шешеді. Тұрмыста кездесетін табиғи қиыншылықтар, кедергі - кеселдер, оларды жеңу жолындағы Жомарттың жұмсаған жігер-қайраты мен білгірлігін романнан көре алмаймыз. Басталған игі талап бар да, оның орындалуы тым оңай көрсетіледі. От дарияларынан, ит тұмсығы өтпейтін ғажайып қалың ормандардан оп-оңай өте шығатын, самұрық құстың қанатына мініп, бүкіл жер жүзін аралайтын ескі фольклор дәстүрінің әсері бұл. Мұның өзі - қарқынды еңбектің күші мен поэзиясын жалықпай, нақтылы процесс есебінде терең суреттеу қажеттігі осы әдебиеттің салтына әлі кірмегенін дәлелдейді. Еңбек процесін көрсету жөнінде, колхоз деревнясы жайында жазылған жақсы романдардың бірі - "Алтын жұлдызды жігіт" романында және оның жалғасы - "Жер бетіндегі жарық" романында жақсы үлгі көрсетілген. Бабаевский романынан біз қажымай-талмай, белгілі мақсатпен үдетілген еңбекті көреміз. Осы қарқынды еңбек романның бір кітабынан екінші кітабына ұштасып, басты кейіпкерлердің қажырлы күресіне айналады. Романның басты кейіпкері Сергей Тутаринов колхозшыларды, аудан басшыларын, бүкіл аудан халқын таяныш етіп, өз төңірегіне еңбек қауымын топтастырады да, оны бірте-бірте ұлғайта береді. Басты кейіпкер Тутаринов еңбек қауымымен қоян-қолтық араласып, бірте - бірте өсіп, үнемі ілгері басумен болады. Романдағы басты кейіпкерлердің бірі - аудандық партия комитетінің секретары Кондратьев бір игі іс жайын ойлағанда да, біреудің кемшілігіне сын айтқанда да, барлық істерде де, жаза баспайтын, асқан ақыл иесі, таңдаулы партия қызметкері. Кондратьев, көбінесе, бүгінгі күннің фактілері мен міндеттерінен озып, болашаққа көз жібереді. Колхоздың мал шаруашылығын қайта ұйымдастырып, жақсарту жөнінде маңызды, соны пікірлер айтқызады автор оған. Жазушы өзінің романы арқылы партия мен халыққа көмектеседі, өз шығармасын қоғамдық көрініс дәрежесінде ғана қалдырмай, сол арқылы өз халқының тұрмысын қайта құру ісіне белсене қатынасады. Мысалы, Кондратьев таудағы малшыларға барып қайтқаннан кейін, өзіне ешкім арыз-өтініш айтпаса да, малшылардың тұрмысы жөнінде терең ойға кетеді. Бір жағдай оған ұнамады - малшылар станциядан қашықта жатыр. Оларға газет сирек келеді, кино да, радио да жоқ, еліміздің өміріндегі аса маңызды жаңалық хабарлардың өзі малшыларға екі апта, тіпті үш апта кешігіп жетеді. "Газетті күн сайын жеткізіп тұру керек, - деп ойлады ол, ат үстінде шайқалып, бар денесі ауырып келе жатып. - Ертең поштамен сөйлесемін... Ең болмағанда, салт атпен адам бөлерміз. Радиоторап орнатсақ... Оларға лектор жіберу керек. Кімді жіберсек екен? Куницын мен Сагайдачныйдың қайсысын жібереміз? Пысық, жас жігіт қой, Куницынды - ақ жіберейікші, оларға керегі сондай жігіт". Бұдан кейін Кондратьев малшыларға жылжымалы киноаппарат жіберуді, көшпелі кітапхана ұйымдастыру жайын ойлады. Кілең мал шаруашылығымен шұғылданатын аудан жайын суреттейтін жазушы болмаса да, Бабаевский совет прозасында бірінші болып, бүкіл елімізде мал шаруашылығымен шұғылданатын, оған қолма-қол басшылық ететін адамдардың алдына үлкен проблемалы мәселе қойды. Ал "Миллионер", "Біздің заманның адамдары" романдарының авторлары - жуықта ғана кілең мал шаруашылығымен кәсіп еткен, бұл күнде де халқының басым көпшілігі мал шаруашылығымен шұғылданып отырған қазақ, қырғыз колхозшыларының өмірін көрсетіп отырып, өз кітаптарында осы маңызды мәселені ескермейді. Сыдықбековтың совхоздағы кейіпкері семіз жылқыларды көріп, сүйінумен болады да, адамдарға, олардың тұрмыс күйіне назар аудармайды. Мұстафиннің Жомарты құмда бағылып жатқан он мыңнан астам колхоз малы бар екенін есіне түсіріп, малшылардың тұрмыс - күйін жақсарту керек деп, сөз арасында айтады да, іс жүзінде ештеңе істемейді. Бұдан біз өзі суреттеп отырған өмір мен ортаны сипаттаудағы жауапкершілігін әр жазушы әрқилы ұғынатынын көреміз. Ұлт жазушысы профессионалдық шеберлікке жетілумен бірге, өмірге белсене араласып, оны тезірек қайта құру жолында күресуге тиісті. Кейіпкер бүкіл халықтық еңбек майданына араласу үшін, еңбектің әр саласын бес саусағындай жақсы білуге тиіс. Демек, роман кейіпкерлері де оқып, өз білімдерін молайтуы керек. Сондықтан да жасалған жаңа жоспарлар бойынша іске асырылатын жаңалықтарға күн бұрын жетілдіру үшін, кадрларды даярлау мәселесін авторлар мықтап ойланғаны жөн. Бұл мәселеге өз романдарында Бабаевский мықтап көңіл бөлгенін және бұл мәселе оның романдарының ұзына бойына жүріп отыратынын көреміз. Ал Мұстафин мен Садықбеков өз кейіпкерлеріне жаңалық тапқызуды ойлағанымен, сол жаңалықты табуға оларды күн бұрын даярлауды, яғни кейіпкерлердің білімін, мәдениетін көтеруді ескермейді. Осы тұрғыдан қарағанда, Айбек, Баширов романдарында істің жайы басқаша екенін көреміз. Бұл романдардың кейіпкерлері агробиология, агротехника және басқа мамандықтар жөніндегі кітаптарды ұдайы оқып, білімдерін толықтырады. Бұдан ұлттық түр мәдениетін байытуға тиісті болған авторлар да өз білімін көтеру керек деген заңды талап келіп шығады, өйткені орыс әдебиетінің жақсы үлгілерін үйрену - ұлт әдебиеттерінің бұдан былай да өркендей беруінің негізгі бір шарты болып табылады. Бабаевский романдарындағы басты кейіпкерлердің әлгі біз атап өткен табанды, үздіксіз күресін Баширов романының кейіпкері Нафиса жөнінде де айту керек болады. Нафиса образы қаһармандық еңбек арқылы барлық жағынан толық берілген. Мұстафин мен Айбектің кейіпкерлері Жомарт пен Уктай оған керісінше көрсетілген. Олар творчестволық нақтылы еңбек арқылы бірте-бірте үсігі жетілмей, романның бастапқы кезіндегі қалпында қалып қойған. Олар, көбінесе, үй ішінде, яғни өздерінің қарабасына байланысты сүйіспеншілікте ғана басым көрсетілген. Сонымен қатар Уктай колхоз өмірінен, колхозшылар тұрмысынан, ауыл шаруашылығы коллективті еңбегінің сан алуан мәселелерінен және аздап болса да қала өмірінен толып жатқан мәселелермен шұғылданады. Бірақ осы мәселелерден оның жеріне жеткізе тындырғаны өте аз болып шығады. Мысалға, оның Ташкентке бару сапарын алайық. Ташкентке бара жатып, Уктай университетті, Ташкенттегі жаңа салынған Науаи көшесін еске түсіреді, одан әрі комсомол көлі орнатылған Беш - Ағашты еске алады. Бұл қала күн сымбатты Өзбекстанның социалистік мәдениетінің ордасы ғой. Сондықтан да оның Уктарға берері көп еді. Романның басқа кейіпкерлерімен араласып, қарым-қатынас жасағанда Уктай Горькийді, Маяковскийді, Толстойды жиі-жиі айтып, еске түсіреді, әртүрлі адамдар орыс романдарын, оның ішінде "Жас гвардия" романын оқиды. Бірақ бұл жайттардың бәрі де әншейін сөз, еске түсіру арқылы ғана беріледі. Мұндай фактілерді авторға өмірдің өзі айтып отыр ғой. Өмір фактілерін романда көрсету теріс емес. Алайда өзі көрген - білген, ойлаған, сезген фактілерді кейіпкер немесе автор қалай іске асырды? Бұл сауалдың жауабын романнан таба алмаймыз. Демек, ол фактілер тек атүсті ойланып айтылған күйінде қала берген. Аудандық партия комитетінің секретары Сайранов образының тым сайыз болып шығуы да осы кемшіліктің салдары. Автор Сайрамовты іс үстінде, нақтылы өмір шындығы арқылы көрсетпей, сөз арасында, адамдармен әр кезде кездескенде азды-көпті сөйлестірумен ғана жұқалап суреттеп өте шығады. Бұл арада Белинскийдің бір сөзі еске түседі: "Қайнар бұлақтың астында жатқан тарихи факті тас пен кірпіш сияқты". Бұл материалдан суретші ғана әдемі үй жасай алады. Амал қанша, Мұстафин мен Айбек өз кейіпкерлері Жомарт пен Ук тамның еңбектегі қызметтерін суреттегенде, романдағы шикі материалдарды өңдеп, әдемі үй жасамай, көбінесе, шикі күйінде берген. Бұл жағдай Баширов романында біраз жақсы көрсетілген. "Намыс" романындағы аудандық партия комитетінің секретары Мансұров - аса білімді партия қызметкері. Мансұровтың дәрігер әйелі майданда болады, қызы сурет өнері академиясында оқып жүреді. Мансұров үйінің қабырғасында Еділдің табиғаты бейнеленген әдемі сурет ілулі тұрады. Романның кейіпкерлері ғылым мен искусствоның міндеттері жайында қатты ойланады. Әдебиет пен искусствоның атқаратын қызметі жайында, Нафисаның еңбегін бұдан да жемісті ету мәселесі жайында олар келелі пікірлер айтады. Нафисаның өмір жолындағы күресі романда шынайы күйде қиындатылып суреттелген. Нафиса төңірегінде, оның мінез-құлқын да және қызметінде не түрлі қиын тартыстар болып жатады. Нафисаның ерінің өлімі, әуел баста сүйген жігіті Зинатқа деген махаббаты, оның бер жағында, Хайдарды сүйсе де, қоғамдағы өз жауапкершілігін ұғынып, Хайдардан бой тартуы - романның реалистік әдіспен суреттелген, шынайы қалыпта берілген өзекті желісі болып табылады. Қайтыс болған ерінің үйіндегі қиыншылықтарға байланысты, жеке - меншіктілік психологиясынан әлі арылмаған, өзімшіл қатал әкенің Нафисадан безуіне байланысты - Нафисаның тіршілік жағдайы романда өте шиеленістіріліп беріледі. Сонымен қатар Нафиса басқарған еңбек қосының күресі де тарихи шындық. Бұ да Сталинград қаласын жаудан қорғау күресі. Колхозшылардың еңбек майданындағы күресі сол қаланы жаудан қорғау жолындағы қаһармандық айқас кезінде - сол жазда, сол күзде, сол Еділ өзенінің жағасында жүргізіледі. Роман композициясын тартқан сымдай тұтас құру жөнінде Баширов жақсы үлгі көрсетті. Башировтің кейіпкерлері алуан түрлі күреске бірден назар аударып, өздерінің жігер-қайратын жан-жаққа бытыратып жібермейді. Бұл романда жеке адамның өз істері мен қоғамдық істер бірімен - бірі мықтап ұштасып, роман бөлімдерінің ұзына бойына аралас жүріп отырады. Сондықтан да романдағы тартыстар шынайы түрде суреттелген. Сөз болып отырған романдарда негізгі тақырыптармен қатар, қосалқы тақырып, яғни талас-тартыссыз интрига тақырыбы бар. Алайда осы талас-тартыссыз интрига деп шартты түрде атаған тақырыбымыз жоғарыда аталған романдардың бәріне де өзекті, негізгі мәселелердің бірі ретінде келіп отырады. Әңгіме басты кейіпкерлер - Сергей мен Ирина арасындағы, Уктай мен Камила арасындағы, Нафиса мен Хайдар арасындағы, ІІІарғын мен Бәтіш арасындағы сүйіспеншілік жайында болып отыр. Бұларға Мұстафин романындағы Жомарт, Жанат, Алмалардың сүйіспеншілік мәселелері келіп ұштасады. Романдардың авторлары сүйіспеншілік мәселесін кітаптарының басынан аяғына шейін созады. Тегінде, сүйіспеншілік романдардағы ең қызықты, лирикалы оқиға болып кеткенге ұқсайды. Айта кетуіміз керек, Бабаевский мен Айбек, біздің ойымызша, сүйіспеншілік мәселесін біраз жасанды қалыпта суреттейді. Бабаевский романының олқы жері де осы сүйіспеншілік мәселесінде деп білеміз. Сергей мен Ирина арасындағы қарым-қатынасты автор қай-қайдағы бір ұғыныспаушылықтың айналасынан, жақсылап сөйлескен сәтте-ақ жойылып кетуге тиісті шатақтардың айналасынан шығарады. Ұғыныспаушылықтан пайда болған жеңіл-желпі шатақтарды автор жасанды қалыпта ұзаққа созады. Бұл тартыссыз интриганы автор кейіпкерлердің тартысы арқылы, оларды қиындыққа ұшырататын шым-шытырық жағдайлар арқылы шешпейді. Ал Айбектің

 

Кейбір ұлт жазушыларының

романдары туралы

Социалистік мазмұндағы ұлттық түр - көп ұлтты сан алуан әдебиеттерге байланысты аса кең көлемді мәселе. Әрбір ұлт жағдайында бұл мәселе сан қилы көп жүйелерге бөлініп, әрқайсысы бүтін бір социалистік мәдениет ұғымын береді (мәселен, әдебиет, музыка, театр искусствосы).

Біз бұл мақаламызда, шығармаларын түпнұсқаларынан оқуымызға мүмкіншілік болған ұлт жазушыларының бірнеше романдары жөнінде ішінара пікір айтпақпыз. Осы шығармаларды түпнұсқаларына сүйене отырып, нақтылы, дәл және дұрыс қорытынды шығаруға болады деп білеміз. Неге десеңіз, тіпті поэзияны былай қоя тұрып, кілең прозаны алып қарайтын болсақ та, олардың аудармалары, көбінесе, сол шығармалардың түпнұсқасындағы ерекшеліктерді, құнды жақтары мен елеулі кемшіліктерін дәлме-дәл жеткізіп бере алмай жүр.

Бұл мақаламызда еліміздегі бес халықтың тілінде жазылған романдарды, дәлірек айтқанда, татар жазушысы Башировтің "Намыс" романын, өзбек жазушысы Айбектің "Алтын атыраптан ескен желдер" романын, қазақ жазушысы Мұстафиннің "Миллионер" романын, қырғыз жазушысы Сыдықбековтың "Біздің заманның адамдары" романын әдейі тандап алдық. Осы романдарға байланысты С. Бабаевскийдің "Алтын жұлдызды жігіт", "Жер бетіндегі жарық" романдарын да қысқаша шолмақпыз.

Бұл романдар мезгіл жөнінен бір кезде шыққандықтан, тақырыптары бір болғандықтан өзара бірлестік тапқан, бірыңғай шығармалар. Бұл шығармалар социалистік деревняның Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ("Намыс", "Біздің заманның адамдары"), немесе соғыстан кейінгі алғашқы жылдардағы хал-жайларын ("Алтын жұлдызды жігіт", "Жер бетіндегі жарық", "Миллионер", "Алтын атыраптан ескен желдер") көркем әдебиетте көрсетуге арналған. Бұл шығармалардың барлығы да соңғы жылдарда жазылды. "Миллионер", "Біздің заманның адамдары", "Алтын жұлдызды жігіт" 1948 жылы жазылды. "Жер бетіндегі жарық" және "Алтын атыраптан ескен желдер" 1949 жылы жазылды. Республикаларымызда болсын, бүкіл Одақта болсын жоғарыда аталған шығармаларды әдебиет оқушылары жоғары бағалап, құп көріп, қабыл алды. "Миллионер", "Намыс" және "Біздің заманның адамдары" романдары орыс тіліне аударылды. "Алтын атыраптан ескен желдер" романы аударылып жатыр.

Бір елеулі мәселені сөз арасында атап айтқымыз келеді: ұлт жазушысының романын орыс тіліне аударудың тарихи маңызы ерекше зор. Өйткені шығарманың авторы, сонымен қатар, қазіргі дәуірде өркендеп отырған ұлт республикасының бүкіл әдебиеті сол аударма арқылы бүкіл Одақтың сынына түседі, шеберлікке жетілгені жөнінде емтиханнан өтеді. Солай бола тұрса да, осы романдардың көпшілігінің көлемі шағындалып, көркемдік стильдері түгел сақталмай, одақтық әдебиет оқушыларына шала-жансар күйде ұсынылып жүр. Мәселен, Сыдықбековтың "Біздің заманның адамдары" романы түпнұсқасында 21,5 баспа табақ болса, аудармасы небары 15 баспа табақ болып шықты. Романның алты баспа табағы қысқарып қалған.

Ірі шығармаларды журналдардың лажсыздан қысқартатын бір жағдайы бар. Мұны да еске алуымыз керек. Ірі шығармаларды қысқартып, шағындауға келгенде әсіресе жылына 6 рет шығатын "Дружба народов" альманахының қаламы тым ұшқыр. Туысқан халықтар әдебиетінің жетістіктерін жұртшылыққа жариялап отырған альманахтың бұл әдетіне қынжылмасқа болмайды. Алайда бұл альманах ірі шығарманы екі санына бөліп баса алмайтын болғандықтан, біржола сыйғызуды көздейді де, шығарманы шағындап, қысқартып басады. Б.Кербебаевтың "Шешуші қадам" романының түпнұсқасы 40 баспа табақ еді, ал альманахта небары 10 баспа табақ көлемінде басылды. Башировтің"Намыс" романының көлемі 31 баспа табақ еді, альманахта 10 баспа табақ көлемінде қысқарып шықты.

Оқтын - оқтын шығып тұратын журналдар мен альманахтардың ерекше жағдайларымен санасып, ұлт авторларының шығармаларын өз бойларына шақтап басқанына лажсыз көнейікші; тіпті балаларға арналып шығарылатын ерекше нұсқаларын өзгеше өңдеп, көркем аударманың құнын сақтай отырып қысқартып, балаларға лайықтап басуды да заңды, орынды іс делік. Ал енді, "Мемлекеттік көркем әдебиет" баспасы, "Совет жазушысы" және басқа беделді баспа орындары кейбір ұлт жазушыларының шығармаларын құлдырата қысқартып, автордың да, оның шығармасының да шынайы сипатын одақтық әдебиет оқушыларына жете таныта алмауы жағымсыз, жаман әдет. Мәселен, С.Мұқановтың 45 баспа табақ "Жұмбақ жалау" романы орысша аудармасында "Ботагөз" деген атпен 25 баспа табақ көлемде басылып шықты.

Бұдан шығатын қорытынды қандай болмақ? Ең алдымен, әлгі жал-құйрығы күзеліп, құнарлы қыртысынан жұрдай болып басылған сыла шығармамен бірден танысқан совет оқушысы сол кітапты оқығанда да, тіпті сын мақалалары мен рецензиялар арқылы да ойдағыдай таныса алмайды. Немесе 6, 10, 20 баспа табағы қысқарған роман өзінің мазмұны мен көркемдік құны жөнінен қыруар шығынға ұшырайды; оның бер жағында, бір романға, яки бір повеске бодау боларлық көлемін жормай, немесе лажсыздан сылып тастаған шығарманы оқушы, бас-аяғы толық және түпнұсқасында шала-жансар жазылған әлсіз шығарма екен деп білетін болады. Демек, бұрынғы заманда проза жанры болмай келген өз ұлтының әдебиетінде көбінесе жаңашыл болып көзге түсіп, оза шауып, жүлде алып жүрген ұлт авторы - прозаик, көркем сөздің шебері болу мәселесіне жеткілікті көңіл бөлмейді екен, өз шығармасының мазмұны мен идеясын сомдап соғатын түр жөніндегі жауапкершілігін онша елемейді екен деген жаңсақ ұғым туады.

"Адам жанының инженері" болу дегеніміз, - дейді Жданов жолдас, тілдің мәдениетті болуы үшін, шығармалардың сапасы үшін белсене күресу болып табылады... Бізге аса шебер жазылған көркем шығармалар керек... Аса шебер жазылған, жоғары идеялы, көркем мазмұнды шығармалар жасаңыздар!"

Москвадағы баспа орындары ұлт авторлары шығармаларының жолма-жол аудармасымен жете танысып, кітаптың көркемдік жөнінен кемшін соғатын жерлері болса, түпнұсқасы бойынша автордың өзіне желдіртуге тиіс. Өйткені аудармашының міндеті қосалқы автор болу емес, аудару ғана ғой! Орыс тілінде басылуға ұйғарылған ірі шығармалардың романға, яки повеске бодау болғандай көлемін қысқартқанда, әр жерін сызып, бөліп алып тастамай, сол шығарманың тексін қалай болса солай игеріп, өз беттерімен кетеді, тіпті дәлме-дәл аудару дегенді естен шығарып, ондаған беттерін сықпалап әкеліп, аядай жерге сыйғызып жібереді...

Ендігі бір міндет - шеберлік мәселесіне, социалистік реализм шарттарына сай келетін қатаң түр мәселесіне ұлт республикаларының жазушылар одақтары, олардың баспа орындары және шығармалардың редакторлары талапты күшейтуге тиіс. Өйткені бұл талаптар аса шеберлікпен ғана орындалмақ.

Алайда жаңағы айтылған азды-көпті пікіріміз ұлттық түр проблемасының өзекті саласы емес екенін ескерте кеткіміз келеді, өйткені шығарманың жосықсыз ұзақ болуы, сюжетінің ойлы-қырлы, кедір-бұдыр болуы, немесе шығарманың көркемдігі ойдағыдай болып шықпауы жеке бір әдебиеттің өзіне ғана тән ерекшелігі де емес, болмаса ұлттық сипаты да емес. Бұл секілді кемшіліктер қай тілде жазылған шығармалардан болса да кездесуі ықтимал. Мұндай кемшіліктер әлгі өзіміз атап өткен шығармалардың бәрінде де бар. Шығарманың шұбалаңқылығы тұрғысынан алып қарайтын болсақ, ондай кемшіліктерден С.Бабаевскийдің романдары да құралақан емес. Оның бұл кемшілігін сыншылар да кезінде атап көрсеткен болатын.

Біз өз пікірімізді жоғарыда көрсетілген кемшіліктерден бастадық, өйткені осы жағымсыз әдеттің өзі әдебиетіміздің сапа жағынан өсуіне зиян тигізеді. Бұл кемшілік бізде үлкен орын алып келді, сондықтан да оған күнбе-күнгі жұмысымызда, творчестволық аудармалық ісімізде және баспа орындарының қызметінде жұртшылық сынының назарын аударудың маңызы аса зор.

Жоғарыда аталған кемшіліктер ұлттық түрдің айрықша проблемасы болмағанымен, әрбір жеке ұлт әдебиетінің жағдайында елеулі олқылықты аңғартып, осы әдебиеттердің проза жанры тиісті сатыға көтеріле алмағанын, шеберлікке әлі де жетіле алмағанын көрсетеді. Сондықтан да осы кемшіліктерді жоюдың өзі - әрбір ұлт әдебиетінде социалистік реализм әдісін толық меңгеру жолындағы басты міндеттің бірі болып табылады.

Аттары аталған романдарды талдауға кіріселік.

Ең алдымен, осы романдарды жұртшылығымыздың жоғары бағалап, сүйіспеншілікпен қарсы алуына себепші болған негізгі, шешуші "ортақ" жағдайлар қандай? Оның жауабы мынадай болуға керек: біздің совет жазушыларының таңдаулы романдарының, оның ішінде біз сөз етіп отырған романдардың құнды шығарма болуына көмектескен — бүкіл совет әдебиетінің өресін бүкіл әлем әдебиетінен биік дәрежеге көтерген социалистік мазмұн деп білуіміз керек.

Бұл романдардың әрқайсысы бір-біріне тәуелді болмай, жеке-жеке жазылған шығармалар. Бұларда біріне-бірі еліктеу де кездеспейді. Алайда олардың әрқайсысы өзінің ұлттық әдебиеті арнасында соны және күшті шығарма болып шықты. Дегенмен оларда идеялық тұтастық, іштей байланыс бар, олардағы кейіпкерлердің сана-сезімі, ой-пікірі, күресі мен тағдыры бір-біріне ұқсастық тауып отырады. Лениндік достық күннің нұр шұғыласына бөленіп, еркін, бақытты өмірде жарастықты ынтымақпен дәурен сүрген халықтарымыздың өмірі, жетістіктері мен жеңістері, бүгінгісі мен болаша

Бөлісу: