Метаморфоз

4 Желтоқсан 2012, 07:15

Метаморфоз (грек. Metamorphosіs – өзгеру, айналу), метаболия – жануарлар мен өсімдіктер тіршілігінде болатын құбылыс; организм құрылысының түбегейлі өзгеруі, соның барысында дернәсілдің ересек дарасына айналуы. М. Омыртқасыздар тобының көпшілігіне, кейбір омыртқалыларға (миногаға), бірқатар балықтарға, қосмекенділерге тән. М. Әдетте жануарлардың жеке дамуындағы тіршілік қалпының шұғыл өзгеруінен байқалады. Мыс., жануарлар еркін жүзуден – бекінуге, суда тіршілік етуден – құрлықтағы тіршілікке, т.б. Ауысады. М-бен дамитын жануарларда кем дегенде бір рет ересек жануардан айтарлықтай ерекшеленетін – дернәсілдік сатысы болады. М-бен даму кезінде жануар кез келген онтогенез сатысында түрдің сақталуына және тіршілігін жалғастыруына септігін тигізетін сан алуан қызметтерді жүзеге асырады. М. Төмен сатыдағы бекініп тіршілік ететін омыртқасыздарға да (губка, ішекқуыстылар) тән. Бұл кезде әр түрлі еркін жүзетін дернәсілдердің (паренхимула, амфи-бластула, планула) түрлері таралады. Көп жағдайда мұндай М. Жыныссыз және жынысты түрде көбейіп, ұрпақтардың алмасуымен (даму фазасы) күрделене түседі. Өрпақ алмасуынсыз болатын М. Жұмыртқадан түрдің таралуын жүзеге асыратын дернәсіл (мыс., теңіз көп қылтанды құрттарының трохофорасы, теңіз моллюскілерінің велигері) шығады. Немертиндерде болатын некрозды (өлі) М. Кезінде болашақ ересек дернәсілдің ішінде дамиды да, дернәсіл денесінің негізгі массасы тіршілігін жояды. Теңізде тіршілік ететін организмдердің тұщы судағы немесе құрылықтағы тіршілікке ауысуынан дернәсілдік саты дами алмай қалады. Жүзім ұлуында өтетін М-да дернәсілдік саты – ұлудың жұмыртқасында өтеді. Мұны “криптометаболия” (жасырын метаболия) деп атайды. Көптеген көпаяқтылар мен мұртсыз алтыаяқтылардағы өзгеріс денедегі сегменттер санының, мұрт буылтықтарының артуына, яғни анаморфозға байланысты болып келеді. Көптеген аптериготтар (қанатсыздар) мен бірқатар көпаяқтыларға өзгеріссіз даму протометаболия (эпиморфоз) тән. Алтыаяқтыларда қанаттың дамуы онтогенездің өзгеруіне әкеледі. Егер жәндіктердің дамуының алғашқы сатысы мен имаго ұқсас болса, дернәсіл (нимфа) ересек жәндікке ұқсас болады да дене құрылымы біртіндеп қанаттың пайда болуына қарай өзгереді. Мұны шала түрлену немесе гемиметаболия деп атайды. Мыс., оларға біркүндік инелік, турақанаттылар, теңқанаттылар, т.б. Жатады. Егер онтогенезде негізгі атқаратын қызметі (дернәсіл сатысында қоректенуі, ересек сатысында таралуы, көбеюі) шұғыл өзгерсе, толық түрлену немесе голометаболия деп аталады (қоңыздар, көбелектер, жарғақ қанаттылар, қос қанаттылар, т.б. Жатады). Мұндай жағдайда құрттәрізді дернәсіл әдетте ересек жәндікке ұқсамай, дернәсілдің ересек формаға ауысуы – қуыршақ сатысында жүзеге асады. Омыртқалыларда М. Миногада айқын көрінеді, олардың дернәсілі (құмтесер) грунтте тіршілік етеді, ал ересек даралары балықтардың жартылай паразиттері; қосмекенділерде жұмыртқадан дернәсіл – итшабақ шығады. М. Барысында дернәсілдік мүшелер жойылады да, ересек жануардың мүшелері қалыптасады. М-дың реттелуі гормондар арқылы жүзеге асады. Өсімдіктер М-ы – негізгі мүшелерінің түрін өзгертуі, бұл онтогенезде өтеді және олардың атқаратын қызметіне немесе қызмет атқару жағдайларына байланысты болады. Нағыз М. Бір органның пішіні мен атқаратын қызметін өзгертіп, басқа органға түрленуі; бұл көптеген шөптесін өсімдіктерде байқалады, мыс., қолайсыз кезең жағдайында жер үсті өркенінің біртіндеп тіршілігін жойып, тамырсабаққа, түйнекпиязшыққа айналуы. Қ. Қайым  

Метаморфоз (грек. Metamorphosіs – өзгеру, айналу), метаболия – жануарлар мен өсімдіктер тіршілігінде болатын құбылыс; организм құрылысының түбегейлі өзгеруі, соның барысында дернәсілдің ересек дарасына айналуы. М. Омыртқасыздар тобының көпшілігіне, кейбір омыртқалыларға (миногаға), бірқатар балықтарға, қосмекенділерге тән. М. Әдетте жануарлардың жеке дамуындағы тіршілік қалпының шұғыл өзгеруінен байқалады. Мыс., жануарлар еркін жүзуден – бекінуге, суда тіршілік етуден – құрлықтағы тіршілікке, т.б. Ауысады. М-бен дамитын жануарларда кем дегенде бір рет ересек жануардан айтарлықтай ерекшеленетін – дернәсілдік сатысы болады. М-бен даму кезінде жануар кез келген онтогенез сатысында түрдің сақталуына және тіршілігін жалғастыруына септігін тигізетін сан алуан қызметтерді жүзеге асырады. М. Төмен сатыдағы бекініп тіршілік ететін омыртқасыздарға да (губка, ішекқуыстылар) тән. Бұл кезде әр түрлі еркін жүзетін дернәсілдердің (паренхимула, амфи-бластула, планула) түрлері таралады. Көп жағдайда мұндай М. Жыныссыз және жынысты түрде көбейіп, ұрпақтардың алмасуымен (даму фазасы) күрделене түседі. Өрпақ алмасуынсыз болатын М. Жұмыртқадан түрдің таралуын жүзеге асыратын дернәсіл (мыс., теңіз көп қылтанды құрттарының трохофорасы, теңіз моллюскілерінің велигері) шығады. Немертиндерде болатын некрозды (өлі) М. Кезінде болашақ ересек дернәсілдің ішінде дамиды да, дернәсіл денесінің негізгі массасы тіршілігін жояды. Теңізде тіршілік ететін организмдердің тұщы судағы немесе құрылықтағы тіршілікке ауысуынан дернәсілдік саты дами алмай қалады. Жүзім ұлуында өтетін М-да дернәсілдік саты – ұлудың жұмыртқасында өтеді. Мұны “криптометаболия” (жасырын метаболия) деп атайды. Көптеген көпаяқтылар мен мұртсыз алтыаяқтылардағы өзгеріс денедегі сегменттер санының, мұрт буылтықтарының артуына, яғни анаморфозға байланысты болып келеді. Көптеген аптериготтар (қанатсыздар) мен бірқатар көпаяқтыларға өзгеріссіз даму протометаболия (эпиморфоз) тән. Алтыаяқтыларда қанаттың дамуы онтогенездің өзгеруіне әкеледі. Егер жәндіктердің дамуының алғашқы сатысы мен имаго ұқсас болса, дернәсіл (нимфа) ересек жәндікке ұқсас болады да дене құрылымы біртіндеп қанаттың пайда болуына қарай өзгереді. Мұны шала түрлену немесе гемиметаболия деп атайды. Мыс., оларға біркүндік инелік, турақанаттылар, теңқанаттылар, т.б. Жатады. Егер онтогенезде негізгі атқаратын қызметі (дернәсіл сатысында қоректенуі, ересек сатысында таралуы, көбеюі) шұғыл өзгерсе, толық түрлену немесе голометаболия деп аталады (қоңыздар, көбелектер, жарғақ қанаттылар, қос қанаттылар, т.б. Жатады). Мұндай жағдайда құрттәрізді дернәсіл әдетте ересек жәндікке ұқсамай, дернәсілдің ересек формаға ауысуы – қуыршақ сатысында жүзеге асады. Омыртқалыларда М. Миногада айқын көрінеді, олардың дернәсілі (құмтесер) грунтте тіршілік етеді, ал ересек даралары балықтардың жартылай паразиттері; қосмекенділерде жұмыртқадан дернәсіл – итшабақ шығады. М. Барысында дернәсілдік мүшелер жойылады да, ересек жануардың мүшелері қалыптасады. М-дың реттелуі гормондар арқылы жүзеге асады. Өсімдіктер М-ы – негізгі мүшелерінің түрін өзгертуі, бұл онтогенезде өтеді және олардың атқаратын қызметіне немесе қызмет атқару жағдайларына байланысты болады. Нағыз М. Бір органның пішіні мен атқаратын қызметін өзгертіп, басқа органға түрленуі; бұл көптеген шөптесін өсімдіктерде байқалады, мыс., қолайсыз кезең жағдайында жер үсті өркенінің біртіндеп тіршілігін жойып, тамырсабаққа, түйнекпиязшыққа айналуы.
Қ. Қайым
 

Бөлісу: