Металлургиялық кешен

4 Желтоқсан 2012, 06:14

Металлургиялық кешен 1. Дәстүрлі және жаңа конструкциялық материалдар. Дайын өнім шығару мен құрылыста қолданылатын материалдарды конструкциялық материалдар деп атайды қазіргі заманғы техника берік өрі өр алуан конструкциялық материалдарды қажет етеді. Сондықтан олардың түрлері үнемі көбейіп отырады. Металл пластиктердің, металл керамиканың, темір бетонның, яғни аралас материалдардың маңызы артуда. Олар казіргі технологиялық процестерге төн жоғарғы қысымға, үлкен жылдамдықтар мен температуралық ауытқуларға төзімді келеді. Сапалы құрыш (металл қоспалары - хром, марганец қосылған),металдар (титан, алюминий), полимерлер (пластмасса, химиялық талшықтар) өндірісіне ерекше көңіл бөлінеді. Конструкциялық материалдар салалары өндірістің барлық сатыларын - шикізатты өндіруді, өңдеуді, дайын өнім алуды тұтастай қамтиды. Олар - табиғи ресурстардың ірі тұтынушылары әрі қоршаған ортаны ластаушылар болып табылады.Елдің бір тұрғынына есептегенде жылына 20 т пайдалы қазба өндіріледі. Ал оларды өңдеуде шығатын қалдықтар 17 млрд т-дан асады, яғни әр қазақстандыққа 1200 т-дан келеді.Сондықтан бұл салалардың дамуы табиғатты қорғау және оның байлықтарын тиімді пайдалану шараларымен ұштастыра жүргізілуі керек. Сен білесің бе? 1. Қазақстанның темір кенінің құрамында 35-тен 53%-ға дейін металл бар (Аустралия, Үндістан жөне Бразилияда 58%-дан 64%-ға дейін). Оның концентраттағы мөлшері Қаражал КБК-да 56%-дан, Соколов-Сарыбай КБК-да 66%-ға дейін жетеді. 2. Соколов-Сарыбай және Қашар кен орындарындағы темір кенінің құрамында көптеген қоспалар - мыс, мырыш, қорғасын, кадмий, никель, кобальт, ванадий, күкірт, фосфор бар. Соколов-Сарыбай КБК тек бір ғана металл - темір алады. Барлық қалған пайдалы заттар қалдыққа кетеді. Ондай қалдықтар қазір 400 млн тоннадай жиналды, жыл сайын оған 15 млн т. қосылып отырады. Оларды тиімді пайдаланған жағдайда қосымша 1 млн т бағалы концентрат алуға болады.Ондай концентраттардағы мыстың мөлшері арнаулы мыс КБК-дан аз болмауы мүмкін. 3. Ірі марганец КБК-ы - Жөйрем комбинаты (қуаты жөнінен әлемде 5-ші). Кенді ашып әдіспен Үшқатын ІІІ жөне Жәйрем кен орындарында ендіреді. Концентратты пайдаланушылар - ферроқорытпалар (ферромарганец, ферросилиций, ферро-силикомарганец) өндіретін Теміртаудағы, Ақсудағы, Ресей мен Украинадағы зауыттар. 4. Қазақстанда хромды Дөң КБК өндіреді (қуаты жөнінен әлемде 2-ші орында). КБК тек Қазақстандағы ферроқорытпа зауыттарын ғана емес, хром мүлде жоққа тән Ресейдің химиялық зауыттарын да шикізатпен қамтамасыз етеді. 5. Қазақ металлургия (кайта балқыту) зауытының құрылысы 1943 жылы басталды. 1944 жылдың 31 желтоқсан күні, сағат 12-де болат құюшы В.П.Набоко болат шығатын тесікті көзегеннен кейін балқыған металл ожауға саулай жөнелді. Алғашқы Қазақстан болаты осылай дүниеге келді! Ал 1946 жылдың 25 мамырында «400» орнағанда алғашқы болат құймасы прокатталды.

Металлургиялық кешен
1. Дәстүрлі және жаңа конструкциялық материалдар. Дайын өнім шығару мен құрылыста қолданылатын материалдарды конструкциялық материалдар деп атайды қазіргі заманғы техника берік өрі өр алуан конструкциялық материалдарды қажет етеді. Сондықтан олардың түрлері үнемі көбейіп отырады. Металл пластиктердің, металл керамиканың, темір бетонның, яғни аралас материалдардың маңызы артуда. Олар казіргі технологиялық процестерге төн жоғарғы қысымға, үлкен жылдамдықтар мен температуралық ауытқуларға төзімді келеді. Сапалы құрыш (металл қоспалары - хром, марганец қосылған),металдар (титан, алюминий), полимерлер (пластмасса, химиялық талшықтар) өндірісіне ерекше көңіл бөлінеді. Конструкциялық материалдар салалары өндірістің барлық сатыларын - шикізатты өндіруді, өңдеуді, дайын өнім алуды тұтастай қамтиды. Олар - табиғи ресурстардың ірі тұтынушылары әрі қоршаған ортаны ластаушылар болып табылады.Елдің бір тұрғынына есептегенде жылына 20 т пайдалы қазба өндіріледі. Ал оларды өңдеуде шығатын қалдықтар 17 млрд т-дан асады, яғни әр қазақстандыққа 1200 т-дан келеді.Сондықтан бұл салалардың дамуы табиғатты қорғау және оның байлықтарын тиімді пайдалану шараларымен ұштастыра жүргізілуі керек.
Сен білесің бе?
1. Қазақстанның темір кенінің құрамында 35-тен 53%-ға дейін металл бар (Аустралия, Үндістан жөне Бразилияда 58%-дан 64%-ға дейін). Оның концентраттағы мөлшері Қаражал КБК-да 56%-дан, Соколов-Сарыбай КБК-да 66%-ға дейін жетеді.
2. Соколов-Сарыбай және Қашар кен орындарындағы темір кенінің құрамында көптеген қоспалар - мыс, мырыш, қорғасын, кадмий, никель, кобальт, ванадий, күкірт, фосфор бар. Соколов-Сарыбай КБК тек бір ғана металл - темір алады. Барлық қалған пайдалы заттар қалдыққа кетеді. Ондай қалдықтар қазір 400 млн тоннадай жиналды, жыл сайын оған 15 млн т. қосылып отырады. Оларды тиімді пайдаланған жағдайда қосымша 1 млн т бағалы концентрат алуға болады.Ондай концентраттардағы мыстың мөлшері арнаулы мыс КБК-дан аз болмауы мүмкін.
3. Ірі марганец КБК-ы - Жөйрем комбинаты (қуаты жөнінен әлемде 5-ші). Кенді ашып әдіспен Үшқатын ІІІ жөне Жәйрем кен орындарында ендіреді. Концентратты пайдаланушылар - ферроқорытпалар (ферромарганец, ферросилиций, ферро-силикомарганец) өндіретін Теміртаудағы, Ақсудағы, Ресей мен Украинадағы зауыттар.
4. Қазақстанда хромды Дөң КБК өндіреді (қуаты жөнінен әлемде 2-ші орында). КБК тек Қазақстандағы ферроқорытпа зауыттарын ғана емес, хром мүлде жоққа тән Ресейдің химиялық зауыттарын да шикізатпен қамтамасыз етеді.
5. Қазақ металлургия (кайта балқыту) зауытының құрылысы 1943 жылы басталды. 1944 жылдың 31 желтоқсан күні, сағат 12-де болат құюшы В.П.Набоко болат шығатын тесікті көзегеннен кейін балқыған металл ожауға саулай жөнелді. Алғашқы Қазақстан болаты осылай дүниеге келді! Ал 1946 жылдың 25 мамырында «400» орнағанда алғашқы болат құймасы прокатталды.

Бөлісу: